Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:20, лекция

Краткое описание

Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтасжеке бөлшегі. Организм – күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен үздіксіз затпен және энергиямен алмасып отырады.Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады.

Оглавление

Жоспары:
1. Организм жайында жалпы түсінік
2. Физологияның басқа ғылымдармен байланысы
3. Физиологияның эволюциясы

Файлы: 1 файл

197449.doc

— 692.00 Кб (Скачать)

  Сүт бездерінің дамуыа аналық без гормондары – эстрогендер зор ықпал етеді. Олар без өзектерінің өсуін, альвеолалар мен без бөліктерінің дамуын шапшаңдатады. Сары дене гормоны – прогестерон – без өзектерінің өсуін күшейтіп, пролактин гормонының түзілуін бөгейді (бұл гормонсыз сүт түзу процесі жүрмейді). Желіннің өзектік жүйелері жыныстық жетілумен байланысты дамиды, ал безді ұлпалары – буаздықпен байланысты, сары дененің қызметіне сәйкес дамиды. Мал төлдеп, шу түскен соң қан құрамында жолдастан (плацентадан) бөлінетін эстроген және прогестерон мөлшері күрт төмендейді де, олардың гипофизге гипофизге тежеуші әсері тиылып, гипофиз пролактин гормонын бөле бастайды. Осы гормонның әсерімен желінде уыздану процесі жүреді. Пролактинмен қатар желіннің дамуын қамтамасыз етуде самототропин гормоны да қатынасады. Бұл гормон пролактинсіз-ақ сүттену процесін тудыра алады және де эстрогендер мен пролактиннің желінге әсерін күшейтеді. Жыныс гормондары сүт безіне екі түрлі жолмен – аденогипофиз гормондарының (СТГ, АКТГ, ПРЛ) бөлінуін күшкйту арқылы, немесе бұл гормондар жеткілікті болған жағдайда, без ұлпаларына тікелей әсер етеді.   

 Желіннің безді ұлпасы альвеолалар  жиынтығынан құралған. Пішіні бетінде орналасқан безді эпителийдің бір қабат торшаларынан құрылған. Олардың іші қуыс, сыртынан дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған. Альвеолалар топтаса келіп бөлімдер, ал оларөз ретінде бірге отырып, бөліктер құрайды. Аталған құрылымдар нәзік дәнекер ұлпамен қапталады. Альвеолалардан жалпақ эпителиймен астарланған жіңішке бірінші реттік өзекшелер басталады. Бұл өзекшелер тоғыса келе желін бөліктерінің өзектерін, олар – желін бөліктерінің арнасын (сүт арнасын) құрайды. Бұл түтікшелердің диаметрі бірте-бірте кеңейе береді. Сүт арналарының бірігуі нәтижесінде сүт жолдары пайда болады. 5-20 сүт жолдары желіннің төменгі жағында орналасқанқуысқа – желін цистернасына ашылады. Желіннің әр бөлігінің қуысы екі бөлімнен тұрады – желін қуысы және ем қуысы. Сиыр желіні қуысының сиымдылығы 2 литрге дейін жетеді, ал ем қуысының сиымдылығы емнің мөлшерімен байланысты, сиырда 50мл жетеді. Ем қуысы желін қуысынан ем табанында көлденең қатпармен бөлінеді. Сүт жолдары мен қуыстар екі қабат цилиндрлік эпителийден құралған кілегей қабықпен астарланған. Қуыстың кілегей қабығында көптеген қатпарлар болады.

Ем қуысы көп қабат жалпақ эпитеиймен старланған ем арнасымен  жалғасады. Оның ұзындығы сиырда 0,5 – 1,4 см шамасында. Бұл арнаның ем ұшында ашылған жерін үрпі деп аталады. Ем арнасы кілегей қабық қаптарымен жабылып жатады.

   Ем бойында көлденең, сәулелене және аралас бағытта орналасқан бірыңғай салалы ет қабаттары болады. Көлденең бағытта орналасқан ет талшықтары ем арнасфы тұсында жақсы дамиды да, сфинктер құрады.

   Вена қаны желіннен екі жолмен сыртқы жыныстық және құрсақтың тері астылық венасы арқылы ағады. Желін ұлпасынан сөл ішкі лимфа тамырлары, ал желін терісі мен емдерден беткейлік лимфа тамырлары арқылы ағады. Сүтті сиырларда вена жүйесі өте жақсы дамиды.

  Сүттің құрамы өте күрделі. Онда 100-ден астам әр түрлі заттар болады. Сүт құрамында белоктар мен 20 амин қышқылдарынан, липидтер мен30-лан астам май қышқылдарынан, әртүрлі углеводтардан басқа 17 дәрмендері, ондаған ферменттер 40-қа жуық әртүрлі минеральды т.б. заттар болады. Бұл заттардың бір бөлігі қаннан сүтке еш өзгеріссіз, сүзілу процесі нәтижесінде өтеді. Негізінен сүтке сүзілу нәтижесінде ферменттер (лактопероксизада, каталаза, липаза, протеаза, лактаза, амилаза, фосфатаза т.б.), мин қышқылдары, жекелеген май қышқылдары, глюкоза, минералды заттар, дәрмендәрілер, су т.б. өтеді.

   Желінде синтездеу және сүзілу процестерімен қатар реабсорбция – кейбір заттардың қайта сорылуы, жүреді. Атап айтқанда реабсорбция процесіне амин қышқылдарының, глюкозаның, лактозаның, ферменттердің, дәрмендәрілердің минералды заттардың біраз мөлшері ұшырайды.

   Сүттің түзілу қарқынына көптеген факторлар – малдың тұқымы, азықтану деңгейі, ас қорыту және зат алмасу қарқыны, сүттену кезеңі , тәулік мерзімі (күндіз сүт көп түзіледі), сауу жиілігі, бұзаулау саны т.б. әсер етеді.

СҮТТІҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСЕТТЕРІ. Сүт плпазмадан (дисперциялық ортадан) және әртүлі заттар бөлшектерінен (дисперциялық фазадан) тұратын дисперциялық жүйе. Сүт құрамында қант пен минералды тұздар ерітіндітүрінде, белоктар мен органикалық тұздар коллоид жағдайында, ал май – ірі дисперциялық түйіршік түрінле болады.  

  Қалыпты жағдайда  сүт ақ немесе сарғыш түсті,  дәмі тәтті биологиялық сұйық.  Сүттің түсінің ақ болуы оның  құрамында липидтер эмульсиясы  және қазеиннің кальцийлі тұзы болуымен байланысты.Сүт құрамында кротиноид бояғыштары көбейсе, онда ол сарғыш түске боялады.

   СҮТТІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ. Сүттің химиялық құрамы өте күрделі және де ол биологиялық құндылығы жағынан басқа азықтардан әлдеқайда артығырақ. Сүт құрамындағы казеин және лактоза сияқты заттар басқа өнімдерде кездеспейді. Сүт құрамына белоктар, липидтер, углеводтар, минералды заттар және көп мөлшерде су енеді.

   Иммуноглублиндер (JgG, JgM, JgA) желіннің плазматикалық торшаларында түзіледі. Сүт құрамында олар аз, ал уыз құрамында өте көп мөлшерде кездеседі. Уыз иммуноглублиндері жас төлдерде пассивті иммунитет қалыптастыруда маңызды роль атқарады.

   Альфа – лактоальбумин құрамында күкірті бар белок. Ол лактоза түзу үшін қажет екі белоктың бірі. Желіннің секреторлық торшаларында глактозилтрансферазамен әрекеттесіп ол лактоза түзу процесін катализдейтін лактатсинтетазаны түзеді. Сүт құрамында бұл белоктың мөлшері 0,62%, ал уызда – 10-12%.

   Бета – лактоглобулин – қорғаныстық қызмет атқарады. Оның А және В түрлері болады және құрамында еркін сульфгидрильді топ кездеседі. Бұл белок күйіс малдары сүтінде кездеседі, алмастырылмайтын амин қышқылдарының көзі болып табылады. Сүт құрамында бұл белок мөлшері 0,1-0,2%, ал уызда – 8-15% шамасында.

   Лактоза – сүттегі негізгі энергия көзі. Сүттің энергиялық құндылығының 30 проценті лактозамен байланысты. Сонымен қатар лактоза сүтке тәтті дәм береді, сүт қышқылының негізгі көзі болып тадылады.

   УЫЗДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ. Желінде туар алдында пайда болып, мал төлдегеннен соң алғашқы 5-7 күн бойына бөлінетін сұйықты уыз деп атайды.

   Сүт құрамындағы МИНЕРАЛДЫ ЗАТТАР оның жұғымдылығын көтеріп, дәмін жақсартады, сүт белоктарының физикалық қасиеттерін, тұрақтылығын нығайтады. Сүттте кальций, фосфор, калий, натрий, күкірт, магний, темір, мыс, мырыш т.б. элементтер болады.

   Уыз құрамындғы антиденелер ас қорыту жолынан еш өзгеріссіз сорылады. Мыасалы, төл организміне алғашқы емген уыз құрамындағы антиденелердің 50%, 20 сағаттан соң – 15%, ал 1,5 тәуліктен соң аз ғана мөлшарі сіңеді. Әрбір келесі сауында антиденелер мөлшері азая түседі, сондықтан төлдің алғашқы уызды тоя емгені дұрыс.

   СҮТТІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ. Сүт құрамында әртүрлі химиялық заттармен қатар, түрлі торшалар жиынтығы және торша жарқыншақтары кездеседі. Олардың арасында көп кездесетіні майда, орташа және ірі эпителиалдықторшалар.

  Сүт түйіршіктерінің  екінші үлкен тобын лейкоциттерге  ұқсас торшалар құрайды. Оларға  мөлшері 7-15 мкм сүттің нейтрофильдік лейкоциттері жатады.

  Сүттену кезеңінің  1-айының соңында 1млн сүт құрамындағы  торшалр саны 50 мың шамасында  сақталады. Осыдан сүттің торшалық  құрамына қарай сүттену кезеңін  3 сатыға бөледі: УЫЗ БӨЛУ САТЫСЫ, АРАЛЫҚ САТЫ, Уыз бөлу кезеңінде жағындыда көп мөлшерде нейтрофильдер болады да, эптелиальдық торшалар кездеспейді. Сүттің торшалық құрамын зерттеудің желін аурулаын, секроторлық процесс деңгейін анықтауда маңызы зор.

   Сүттің күрделі биологиялық процестер нәтижесінде пайда болатын биологиялық сұйық. Бұл процесс бірнеше сатыда өтеді:

  1. Сүттің өзіне тән компоненттерін түзу: 2. Сүт құрамындағы біраз компоненттерді қаннан сүзу: 3. Түзілген компоненттердің біраз мөлшеоін қайта сору.

  Сүттің өзіне тән  компоненттері – белоктар, май, қант, төрт сатылы процесс нәтижесінде түзіледі: а) желін альвеолаларының безді торшаларының сүт компоненттерін құрайтын қан құрамындағы алғы заттарды сіңіру; б) альвеолалардың секреторлық торшаларында сүттің өзіне тән компоненттерінің түзілуі; в) түзілген компоненттердің сол торшаның апикальдық бөліктеріне ығысып, жинақталуы; г) түзілген компоненттердің без торшаларынан желін альвеолалары қуысына бөлінуі:

   Альвеолалар эпителийі торшаларының синтездк қабілеті өте жоғары. Мысалы, сиыр әр минутта 0,6 г. Белок, 0,82 г. Қант және 0,7 г май түзе алады. Сүт түзу үстінде без торшалары қан құрамындағы кейбір заттар сіңіріп, жинақтайды да, біраз заттарды өзіне өткізбейді, демек оларғ талғамдылық қасиет тән.

  СҮТ БЕЛОКТАРЫНЫҢ ТҮЗІЛУІ. Желінде альфа және бета – казеин, альфа және бета – лактоглобулин түзіледі. Белоктарды түзу үшін қан құрамындағы еркін амин қышқылдар, пептидтер, плазма белоктары қолданылады. Сүт құрамындағы белоктардың негізгі бөлігі (76-86%) казеиннен тұрады. Белоктар рибасомдарда, ядрода, митохондрияларда және басқа субторшалық құрылымдарда көптеген ферменттердің қатынасуымен түзіледі. Сүт белогы құрамында барлық алмастырылмайтын және алмастырылмаған амин қышқылдары болады. Амин қышқылдарының біраз мөлшері трансаминдеу реакциясы арқылы түзіледі.

  СҮТ ЛИПИДТЕРІН (МАЙЫН) ТҮЗУ. Сүт майларының түзілуі желіннің альвеола аралық ұлпасында май қышқылдары мен глицериннің пайда болумен тығыз байланысты. Май түзу үшін қан құрамындағы май қышқылдары, липопротеидтер, үшглецеридтер, сірке қышқылы және бета – оксибутарат пайдаланылады.

  СҮТ УГЛЕВОДТАРЫНЫҢ СИНТЕЗДЕЛУІ. Сүт құрамындағы негізгі углевод – лактоза деп аталады. Ол глюкоза мен глактозадан тұратын дисахарид. Лактоза альвеолалардың без торшаларында желінге қанмен келген глюкозадан, пропион және сірке қышқылдарынан, глицериннен түзіледі.

  ЖЕЛІННІҢ СИЫМДЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІ. Толассыз түзілген сүт алдымен альвеолалар мен майда сүт өзектеріне, содан екйін орташа және үлкен өзектерге, ең соңында қуыстарға жиналады. Жоғарыда аталған құрылымдарды желінің сиымдылық жүйесі деп атайды. Ол тола келе желіндегі қысым с.б. 50-70 мм-ге дейін көтеріледі де, бірыңғай салалы еттердің тонусы төмендейді. Төл емген, немесе малсауылған кезде рефлекторлы түрде бірыңғай салалы ет талшықтары жиырылып, желіннің ішіндегі қысым жоғарылайды. 

   Желін сиымдылығы желін қуыстарының көлемін, альвеолалар мен сүт жолдарының, өзектерінің даму деңгейіне байланысты. Желіннің сиымдық жүйесі күрделі тонустық рефлекс нәтижесінде белгілі ретпен толады. Альвеола қуысында жиналған сүт желіннің интеро – және барорецепторларын тітіркендіреді де, тітіркеніс сезімтал (сыртқы ұрықтық, мықын-шаптық) нервтер арқылы ОНЖ бағытталады. Осы тітіркеніске жауап ретінде сүт өзктерінің бірыңғай салалы еттері жиыылып, қышқыш ет ашылады да, сүт желін қуысына өтеді. Бұл процесті желіндегі сезімтал нерв ұштарының (уқалау, желінді жуу) тітіркенуі шапшаңдатады. Сақа малда сүттің желіннің сиымдылық жүйесіне өтуі шартты рефлекс түрінде (сауыншының келуіне, сауу процесімен қабаттасатын тітіркендіргіштерге т.б.) де атқарылады. 

  Буаздықтың соңында мал желіндеп, сүт түзуге дайын жағдайға келеді. Бірақ бұл кезде сүт бездерінде сектеторлық процесс әлі қалыптаса қоймайды. Тек мал төлдегеннен соң желінде секреторлық процесс басталып, ол бүкіл сүттену кезеңінде сақталады.

   Сүттену процесін қамтамасыз ететін жүйені іске қосатын афференттік (орталыққа тепкіш) буынды ем мен желіннің жанасуды, қысымды, жылылықты қабылдайтын рецепторлары, ем қуысы, сүт жолдары мен өзектерінің, альвеолалардың барорецепторлары, есту, көру, иіс және дәм анализаторлары құрайды.

   Уыздану процесі деп буаздықтың соңғы күндері мен мал төлдегеннен соң алғашқы күндерде сүт бездерінде секреторлық процестің басталуын айтады. Осы процестің бүкіл сүттену кезеңінде өршіп, жалғасуын сүттену дейді.

   Уыздану және сүттену процестерін реттеуде пролактин, соматотроптық, тиреотроптық, адренокортикотроптық гормондар, окситоцин, тироксин, трийодтиронин, тиреокальцитонин, глюкокортикоидтар, минералокортикоидтар, адреналин, норадреналин, паратгормон, инсулин, глюкагон, эстрогендер, прогестерон маңызды роль атқарады. Демек, аталған гормондарды бөлетін ішкі секреция бездері де эфференттік буынға жатады.

  Пролактин – тек сүт түзу процесін күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар желіннің секреторлық торшаларының өсуіне ықпал жасайды. Ол белоктардың, майлардың, углеводтардың синтезін жандандырады.

   Самототропин – күйіс малдары үшін негізгі гормон болып табылады. Бұл гормон желіннің секреторлық бездеріне жанама жолмен – белоктардың, углеводтардың, майлардың алмасуын күшейту, олардың қан құрамындағы өнімдерін арттыру арқылы әсер етеді.

   Сүт түзу процесіне бүйрек үсті бездері мен ұйқы безі де әсер етеді. Бүйрек үсті безі гормондары (кортизол) оргнизмде гомеостазды сақтау арқылы сүт түзуді жақсартады. Бұл бездер гормондары  РНҚ транскрипциясын шапшаңдатып, желіннің секреторлық эпителийіне тікелей әсер етеді. Безді сылып тастағанда желіннің қызметі бұзылып, сүт түзу процесі тоқтайды. Инсулин гормоны кортизолмен бірлесе отырып, РНҚ транскрипциясына және альвеолалар эпителийінде белоктардың түзілуіне ықпал етеді. Сүттену кезеңінде инсулин желіннің глюкозаны сіңіруін жақсартып, сүт алғы затарының желін мен басқа органдар арасында таралуын, бөлінуін реттейді. 

  

Дәріс № 26,27

Анализаторлар (талдағыштар)

Жоспары:

1. Анализаторлар құрылымы, принципті жіктеуі, жалпы қасиеттері

2. Көру   анализаторы

3. Есту анализаторы

Сезім мүшелері, немесе сенсорлық органдар (латын тілінде sensus — қабылдау, сезу, түйсіну деген мағына береді ішкі және сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштерінің әсерін қабылдауға бейімделген өте жоғарғы маманданған органдар. Сезім мүшелері күрделі құрылым болып табылатын сезім (сенсорлық) жүйесінің тек қана шеткі, қабылдаушы аппараты. Сезім мүшелері сыртқы ортаның әр түрлі әсерлерін қабылдайды да, организм мен қоршаған орта арасында қажетті байланыстың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сезім мүшелері тек сыртқы орта әсерлерін ғана қабылдап қоймай, сонымен қатар ОНЖ-не ішкі органдардың, бұлшық ет пен буынның физиологиялық күйі дененің кеңістіктегі жағдайы жайлы да хабарлайды. Осымен байланысты И.П. Павлов сезім мүшесі деген сөзді анализатор (талдағыш) деген атаумен алмастыруды ұсынған. И.П. Павловтың пікіріне сәйкес сезім мүшесі тек қабылдаушы аппарат. Ал сезімдік талдау мидың арнаулы өзіндік, арнаусыз — жалпылама және аралық — жалғастырушы (ассоциативтік) құрылымдарының қатынасуымен атқарылады. Сезім жүйесінің ең жоғарғы бөлімі ми қыртысының ассосциативтік өрісі болып табылады.

Информация о работе Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы