Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:20, лекция

Краткое описание

Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтасжеке бөлшегі. Организм – күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен үздіксіз затпен және энергиямен алмасып отырады.Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады.

Оглавление

Жоспары:
1. Организм жайында жалпы түсінік
2. Физологияның басқа ғылымдармен байланысы
3. Физиологияның эволюциясы

Файлы: 1 файл

197449.doc

— 692.00 Кб (Скачать)

Анализатор (грек тілінде analisis — жіктеу, талдау деген мағына береді) деп сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштерін қабылдап, талдау жүргізетін нервтік құрылымдардың күрделі жүйесін айтады. Анализаторлар қабылдаушы құрылымнан — рецептордан, өткізгіш бөліктен (нервтік жолдан) және мидың үлкен жарты шарларының қыртысында орналасқан орталық белімнен тұрады. Демек, кез келген анализатор сезімтал құрылымнан — рецептордан басталады.

Анализаторлардың құрылым принципінің схемасы:

1  —  афференттік   талшықтар   А)   торысатан   жулын  мен   сопақша  ми   аумағы;   II   —  таламус   аймағы;   III     ми қырсыты  аймақтары;  

1-7   —   рецепторлар.

Ішкі анализаторлардың қабылдаушы аппаратын интеро (ішкі) — және проприорецепторлор (бұлшық ет, рецепторлары) құрайды. ішкі анализаторлар организмнің ішкі ортасы мен ішкі органдарынан сигналдарды қабылдап, талдауға арналган. Олар текк түйісу рецепциясына негізделген.

Эволюциялық даму процесіндс әрбір анализаторлар тітіркендіргіштің белгілі бір түрін қабылдауға бейімделген. Дегенмен, барлық анализаторларға тән ортақ касиеттер де болады. Олар мына төмендегі қасиеттер.

Анализаторлардың рецепторлық аппараты үйреншікті тітіркендіргіштер әсеріне өте сезімтал келеді, олардың қозу табалдырығы төмен болады. Демек, анализаторларға жоғары сезімталдық қасиеті тән. Көру анализаторы үшін адекватты тітіркендіргіш — сәуле, есту анализаторы үшін — дыбыс толқыны, т.с.с. болып табылады. Бірақ анализаторларда қозу өте күшті инадекваттық тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды. Мұндай жағдайда түйсік әлсіз, солғын, көмескі болады. Мысалы, көздің торлы кабығын, немесе көру нервін механикалық тітіркендіру арқылы жарық  сезімін туындатуға болады.

Анализаторлардың келесі қасиеті арнаулылық, талғамдылық, тек белгілі бір тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейімділік. Әрбір анализатор рецепторы белгілі бір энергия түрінде ғана жауап береді.

Анализагорларға реактивтік (әсерлілік) қасиет тән. Қозу процесі туындап үлгермей түрыпақ анализатор тітіркендіргішке өзінің функцкональдық күйін өзгертумен жауап береді, 

Көздің құрылысы. Көру анализаторының негізгі мүшесі — кез алмасы — бас сүйктің алдыңғы жағындағы арнаулы екі ойықта көз шарасында орналасқан. Көз шарасы көз алмасын әртүрлі сыртқы зақымдаушы әсерден қорғап тұрады.

Көз алмасы шар пішінді. Оның алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдыңғы полюсі, ал артқы жағын — артқы полюс  деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған: ең сыртқы қалың фибриозды қабық — ақ қабық, ортаңғы тамырлы қабық және ішкі — торлы қабық .

Сыртқы қабықтың алдыңғы  бөлігін «қасаң қабық» деп атайды. Ол түссіз, мөлдір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне ұқсас келеді. Ол арқылы көз алмасының ішіне жарық сәулесі сындырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыртын қаптап, нерв қабығын түзеді.

Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасқан. Бұл қабатта көзді қоректендіретін қан тамырлары орналасады. Тамырлы қабықтың қасаң қабықтық артқы жағында орналасқан алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты болады. Ірі қарада ол қара қоңыр, жылқыда қара немесс ақшыл қоңыр, қойда — сарғыш қоңыр, ешкіде — кекшіл немесе сарғыш, итте — қара қоңырдан сарыға дейін, мысықта сары не жасыл түсті болады. Альбиностарда (пигментсіз ақ түсті жануарларда) нұрлы қабық боялмайды, одан қан тамырлары көрініп тұрады, сондықтан ол қызыл болып көрінеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп аталатын тесік болады, ол арқылы жарық сәулесі көз алмасының ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Қарашықтың пішіні приматтарда дөңгелек, жылқы меп күйіс малдарында сопақша, мысықта сызықша саңылау тәрізді.

Нұрлы қабықта екі бағытта орналаскан ет талшықтары болады. Сақиналы (дөңгелек) бағытта орналасқан ет талшықтары жиырылғанда көз қарашығы тарылады, ал сәулелі (радиальды) бағытта орналасқан ет талшықтары жиырылғанда — кеңейеді. Осының нәтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры көбейіп, не азайып отырады. Демек, нұрлы қабықтың ет талшықтарының қызметі арқасында нұрлы қабық арқылы өтетін жарық сәулесі реттеліп, адаптация (көздін, жарық күшіне бейімделуі) процесі атқарылады. Сақиналы бағыттағы ет талшығы парасимпатикалық көз қимылдатқыш нерв тармағымен, ал сәулелі бағыттағы талшықтар — мойынның алдыңғы түйінінен басталатын симпатикалық нервпен жүйкеленеді.

Қарашықтың артында  екі жағы дөңес линза пішінді  мелдір дене — көз    бұршағы  орналасады.

Құлақтың қызметі. Сыртқы құлақ — құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдап, оны дыбыс жолына бағыттайды. Құлақ қалқаны дыбыстың шыққан бағытын анықтауға көмектеседі. Арнаулы еттердің көмегімен ол өз жағдайын өзгертіп, қимылдап, дыбыс шыққан жаққа бағытталынып тұрады. Құлақ қалқаны жылқыда, есекте, иттің кейбір  тұқымдарында,   мысықта   өте  қимылдағыш   келеді.

Дыбыс жолы жіңішке, аздап  имек түтікше. Ол сыртқы шеміршек және ішкі сүйекті бөлімінен түрады да, дыбыс толқынын құлақтың ішіне өткізеді. Дыбыс жолын кемкеріп жататын тері мен құлақ қалқанының түбінде бұлақ деп аталатын зат белетін майда бездер мен түктер  болады.

Дабыл қуысы тұйықталған  қуыс емес. Ол дыбыс немесе евстахиев түгі арқылы аңқамен байланысады. Қалыпты жағдайда бұл түтік жабық болады. Ол сыртқы орта мен дабыл қуысм арасындағы қысым айырмасы артқан кезде дабыл жарғағын зақымдалудан, жарылып кетуден сақтайды. Сыртқы ортадағы қысым жоғарласа дабыл жарғағы қүлақтың ішіне қарай ойысады. Мұндай жағдайда евтахиев түтігі арқылы дабыл қуысына ауа кіреді де, жарғақтың екі жағындағы қысым теңгеріледі, жарғақ жарылып кетуден сақталынады. Егер сыртқы ортадағы қысым төмендесе, онда ортаңғы құлақтағы қысымның әсерінен жарғақ сыртқа қарай ойысады. Мұндай жағдайда евстахиев түтігі ашылып, дабыл қуысындағы ауа сыртқа шығады да, қысым теңгеріліп, жарғақтағы да жарылып кетуден сақталынады.

Дабыл қуысының ішкі беті, есту сүйекшелері, евстахиев түтігі жыбырлағыш эпителиймен көмкерілген  кілегей қабықпен жабылады. Тақ тұяқты жануарларда евстахиев түтігі ауданында бұл қабық сиымдылығы 450см3  Шамасында ауа қуысын  түзеді.

Ортаңғы қүлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын сүйекті қалқанда екі тесік болады. Олар жұқа дәнекер ұлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек және сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті иірім түтіктер (ұлу) терезесі дейді. Одан сәл төменірек орналасқан сопақша тесікті саға (кіреберіс) терезесі деп атайды.

Ішкі құлақ, немесе шытырмақ (лабиринт) самайдың қайыршық сүйегінің ішіяде жатады. Ол бірінің ішінде бірі орналасқан сүйекті және жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл екі құрылымның арасында перилимфа, ал жарғақты лабиринттің ішінде — эндолимфа — ішкі сұйықтық болады.

Сүйекті лабиринт үш құрылымнан тұрады. Олар саға (кіре беріс), иірімді түтік және жартылай деңгелек түтіктер. Саға мен иірімді түтік есіту мүшесін құрайды. Ал сағада орналасқан қапшықтар мен жартылай дөңгелек түтіктер тепе-теңдік (вестибулярлық) аппараты болып табылады. Демек, ішкі құлақта функциональдық тұрғыдан әртүрлі органдар — есіту және тепе-теңдік мүшелері орналасқан.

Дәріс 28,29

 Жүрек пен қан тамырлар физиологиясы.

 

Жоспары:

  1. Қан айналымының жалпы желiсi.
  2. Жүректiң құрылысы және қызметi.
  3. Жүрек етiнiң физиологиялық қасиеттерi.
  4. Жүрек қызметiнiң реттелуi.

 

Қан организмде үнемi тоқтаусыз айналыста болады да, өзiне тән физиологиялық қасиеттердi атқарады. Канның тоқтаусыз ағуы қан айналу жүйесi мүшелерiнің қызметiне байланысты.

      Қан  айналу жүйесi барлық омыртқалыларда тұйық болады. Бұл жүйенiң орталық мүшесi жүрек. Қан айналысының үлкен және кiшi шеңберi бар. Қан айналымының үлкен шеңберi сол қарыншадан қолқа тамыры, артертиялар,капилярлар мен вена арқылы оң жүрекшеге құяды.

      Қан  айналымының кiшi шенберi оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы өкпеден өтiп, оттегiне қанығып, өкпе венасы аркылы сол жүрекшеге келедi. Қан айналымының үлкен шеңберi организмде зат алмасу қызметiн  атқарса, кiшi қан айналым шеңберi газдар алмасу ролiн атқарады.

     Қан айналу  жүйесiнiң ең қарапайым түрi балықтарда  (екi камералы- қарынша,жүрекше), қосмекендiлер жүрегi (үш камералы – екi жүрекше ,бiр қарынша) , ал құстар мен сүт қоректiлердiң жүрегi төрт камералы- екi жүрекше, екi қарынша.

      Жүрек көкiрек қуысында екi өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасып, iрi қан тамырларға iлiнiп тұрады. Оның Ұзындығы 12-15, енi 8-11 см, ал массасы адамдарда 250-300 грам, жануарларда дене салмағының 0,6-1% алады.

  Жүрекшелер мен  қарыншалар арнаулы тесiк арқылы  қосылады.Сол жақта қос жармалы,  оң жақта үш жармалы атриовентрикулярлық  қақпақшалар орналасқан.Ал қолқа тамыры мен өкепе венасы жүректен басталған жерiнде айшық қақпақшалар бар.Бұл қақпақшалар қанды бiр бағытта өткiзедi.

   Жүректiң қабырғасы  үш қабаттан тұрады. lшкi қабаты- эндокард, ортаңғысы- миокард, сыртқысы- эпикард.  Эпикардтың сыртқы қабаты- перикард – жүрек қабы. Эпикард пен перикард арасындағы қуыста ұлпершек сұйығы болады.

   Эпикард жүректiң  iшкi бетiн жауып жатқан жұқа  қабықша. Ол бiрыңғай салалы  ет Ұлпасы мен серпiмдi талшықтардан  тұрады.

    Миокард- ет  қабаты. Ет талшықтары ерекше  тарамдалып, бiр- бiрiмен ендiрме табақша- нексус арқылы қосылады да, бiр тұтас тор, синцитий құрайды. Нексустар арқылы миокардта қозу өте жылдам жайылады(кедергiсi аз) ет талшықтары топтасып жиырылады. Сондықтан жүрек етi функциялық синцитий ретiнде қызмет етедi. Сонымен қатар жүректiң атиптiк Ұлпасы болады(өткiзгiш талшықтар) Бұл ұлпа жүректiң кейбiр бөлiктерiнде түйiнмен шоқтар құрып, жүректiң өткiзгiш жүйесiн тұзедi.

  Жүрек еттерiне  басқа тiрi ұлпалар сияқты қозғыштық,  қозуды өткiзгiштiк, жиырылғыштық, автоматизм, биоэлектрлiк құбылыс тән.

   Қозғыштық. әр  түрлi тiтiркендiргiштердiң (электрлiк,  химиялық, т.с.с.) жүрек еттерi қоза  алады. Тiтiркендiрудiң әсерiнен  натрий иондары мембрана арқылы iшiне өтiп деформацияланады да, қозған бөлiгiнде терiс заряд  пайда болады. Қозған және қозбаған бөлiктерiнiң арасында потенциалдар айырмасы пайда болады. Әрекет потенциалдары жүрек еттерiнiң клеткаларында қаңқа еттерiмен салыстырғанда ұзағырақ созылады(200-400мс), -100есе ұзақ.

    Қозуды өткiзгiштiк.  Қозу толқыны Кис-Флек түйiнiнде ерекше ет клеткалары- пейсмекерлерде пайда болады. Одан әрекет потенциалы жүрекше еттерiне электрлiк жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйiнiне өтедi. Одан қозу Гис шоғыры арқылы бүкiл қарыншаға тарайды.

     Қозуды  өткiзу жылдамдығы жүрекшеде-0,8-7м,  қарыншалар еттерiнде 0,8-0,9м, ал өткiзгiш жүйесiнде 2-4,2м/секундына. Ашофф- Тавар түйiнiнде қозу 0,02-0,05м/с бәсеңдейдi, осының арқасында қарынша еттерi кешiрек қозады. Бұл жүрек бөлiктерiнiң үйлесiмдi жұмыс iстеуiне қамтамасыз етедi. Егер жүректiң өткiзгiштiк жүйесiнiң қызметi бұзылса жүрек блокадасы байқалады.

   Жүрек автоматиясы.  Жүрекке сырттан тiтiркенiс әсер  етпесе де, организмнен бөлiп алынса  да жүрек жұмысы тоқталмай,жалғаса  бередi. Жүрек еттерiнiң мұндай  қасиетiн автоматизм деп атайды. Автоматизм өткiзгiш жүйенiң қызметiне байланысты. Қозу процесi алдымен Кис-Фляк түйiнiнде пайда болады, сондықтан оны бiрiншi дәрежелi автоматизм орталығы деп атайды.

   Ашофф-Тавар түйiнiнде  автоматизм қасиетi төменiрек, сондықтан  екiншi дәрежелi автоматизм орталағы, ал Пуркинье талшықтары үшiнiшi дәрежелi автоматизм орталығы.

   Жетекшi Кис-Фляк  түйiнiнен Ашофф-Тавар Пуркинье талшықтарына қарай автоматизм төмендейдi, бұл заңдылықты автоматизмнiң кему градиентi (Гаскелл заңы) деп атайды.

       Жиырылғыштық. жүрек еттерi қозу толқынына жиырылумен жауап бередi. Бұл кезде ет талшықтарының ұзындығы қысқарады, немесе кернеуi өзгередi. Жүрек еттерiнiң өзiне тән жиырылу ерекшелiктерi болады.

Жүрек еттерi ұзақ уақыт жиырыла алмайды (тетанус). Жиырылудан соң босаңсып отырады.

Жүрек еттерiнiң жиырылу күшi  тiтiркендiргiш күшiне тәуелдi емес. Табалдырықтан төмен тiтiркендiргiш күшiне жауап бермейдi, ал егер табалдырықты күш әсер етсе, онда ол бар күшiмен жауап бередi. Бұны Боудич заңы “барынша немесе ешнәрсе жоқ” деп атайды.

Жүрек еттерiнiң жиырылу күшi, ет талшықтарының алғашқы созылуына байланысты. Бұны Э. Старлинг “Жүрек заңы” деп атайды.

  Сондықтан жүректе қан неғұрлым көп жиналса, ол соғұрлым қанды көп айдайды.

   Рефрактерлiк. Қозу үстiндегi жүрек еттерi тiтiркендiргiшке жауап бермеуiн рефрактерлiк қасиетi дейдi. Рефрактерлiк кезең абсолюттiк, салыстырмалы және экзальтация сатыларына бөлiнедi.

Абсолюттiк кезең- жүрек жиырылуының басынан бастап, қозғыштық қасиетi жойылады.

Салыстырмалы кезең-жүрек еттерiнiң босаңсуы басталған кезде әсер етсе қозу туады, қосымша кезектен тыс жиырылады, Бұны экстросистола деп атайды, одан соң Ұзақ компенсаторлық үзiлiс байқалады.

Экзальтациялық кезең-жүрек еттерiнiң қозу қабiлетi жоғары болады.

  Рефрактерлiк қасиеттiң болуына байланысты жүрек ұзақ тiтiркендiрулерге ырғақты жиырылумен жауап бередi, жүрек жұмысында ырғақтылық байқалады.

    Жүректің қызметі.

  Жүректiң негiзгi қызметi қанды қан тамырлары мен қуалау. Бұл жұмыс жүрек еттерiнiң жиырылуымен және босаңсуымен iске асады.

Информация о работе Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы