Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:20, лекция
Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтасжеке бөлшегі. Организм – күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен үздіксіз затпен және энергиямен алмасып отырады.Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады.
Жоспары:
1. Организм жайында жалпы түсінік
2. Физологияның басқа ғылымдармен байланысы
3. Физиологияның эволюциясы
Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Дененің білгілі бір рефлекс тудыратын аймағын рефлексогенді аймақ немесе рецептивтік өріс деп атайды.
Рефлекс доғасы қарапайым, екі нейронды жалғыз синапсты және күрделі көп нейронды, көп синапсты болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санымен байланысты. Ең қарапайым доға бес буыннан тұрады. Олар — рецепторлар, орталыққа тепкіш нерв, нерв орталығы, орталықтан тепкіш нерв және атқарушы орган — эффектор.
Дәріс № 18,19
Көбею (ұрпақтану) физиологиясы. Малдың жыныстық және физиоогиялық жетілуі
Жоспары:
1. Көбеюдің мәні
2. Малдың жыныстық, физиологиялық жетілуі
3.Еркек және
ұрғашы малдың жыныс мүшелеріні
4. Ұрықтану процесі
Көбею- жануарлардың өніп-өсуін, белгілі түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс. Жоғары сатыда дамыған жануарлар жыныстық жолмен көбейеді. Жаңа индивидум (дарақ) аталық және аналық жыныс торшаларының қосылуынан пайда болғанұрықтан дамиды. Сүт қоректілерде, оның ішінде үй жануарларында, бұл процесті арнаулы көбею ағзалары қамтамасыз етеді. Көбею ағзалары эволюция процесінде дамып- жетіле келе, әр түлік малда өзіне тән ерекшеліктерге ие болады. Үй жануарларының өнімталдық, көбейгіштік қабілеті олардың шаруашылыққа тиімді көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Жоғары сатыда дамыған жануарлар төлдері толық дамып- жетілмеген жыныс ағзаларымен туады, сондықтан олардың өніп-өсуге, көбею процесіне қабілеті белгілі даму кезеңінен өткеннен кейін ғана, басқаша айтқанда жыныстық жетілуден кейін, қалыптасады. Жыныстық жетілу кезінде жыныс ағзалары толық өсіп-жетіледі де, жыныс бездерінде жыныс торшалары өндіріліп, әр жыныс өкілдеріне тән жыныстық мінездер (жыныстық қозу, басқа жыныс өкілдеріне құштарлық, жыныс рефлекстері т.б.)( қалыптасады, жыныс бездерінің ішкі секрециялық бөліктерінде аталық және аналық жыныс айналымы (цикл) байқалады. Демек, жыныстық жетілу деп жыныс ағзаларының құрылыс ағзаларының құрылыс және қызмет (морфологиялық және функциональдық тұрғыдан) жағынан толығымен жетіліп, организмнің ұрпақты жалғастыруға деген қабілетінің қалыптасқан мерзімін айтады.
Жыныстық жетілу мерзімі түлік түріне, малдың тұқымдық ерекшеліктеріне, күтіп-бағылу, азықтандыру деңгейіне, климат жағдайларына байланысты. Ұрғашы жануарларда, аймен санағанда, ол мына жаспен сипатталады:
Ірі қара – 6-10 бұғы-17
Қой-ешкі-7,0
Шошқа-6,0 ит-7
Жылқы-18
Түйе-24-36
Шамамен осындай мерзім ішінде еркек малда да жыныстық жетілу байқалады.
Әртүрлі жануарларда физиологиялық жетілу мерзімі, аймен санағанда, мына төмендегі көрсеткішпен бейнеленеді:
Ірі қара – 16-18
Қой-ешкі-12-15
Шошқа-10
Жылқы-36 мысық-10
Түйе-48-60
Ұрғашы мал еркек малмен салыстырғанда ертерек жетіледі. Шапшаң өсетін мал тұқымдары баяу өсетін малға қарағанда ертерек жетіледі. Малдың қопектену деңгейінің, күтімінің жақсы болуы оның жетілу мерзімін шапшаңдатады.
Малдың шаруашылықта пайдалану мерзімі оның тұқымдық құндылығына, жасына байланысты. Жылқы көбею қабілетін 18-20, ірі-қара-12-14, қой-7-8, шошқа-7-10 жасқа дейін сақтайды.
Еркек малдың көбею ағзаларына аталық жыныс безі (ен), шәуеттік жол, қосалқы жыныс бездері (көпіршік тәрізді без, қуық безі, баданалық бездер), жыныс мүшесі жатады.
Ен – жыныс торшалары мен жыныс гормондарын бөліп шығаратын жұп жыныс безі.
Сперматогенез төрт кезеңде өтеді: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу. Көбею сатысындағы ең жас аталық жыныс торшаларын сперматогоний деп атайды. Олар ірі ядролы майда торшалар, ирек түтікшелер қабырғасының шетін ала орналасады. Бұл торшалар митоздық бөліну нәтижесінде көбейіп, бірінші реттік спермацит деп аталатын торшалар түзеді. Өсу үстінде олар үлкейіп, редукциялық бөлінуге қажетті жағдайлар тудырады да гаплоидтық толық хромосомдар жиынтығымен сипатталатын екінші реттік спермациттер түзіледі. Осыдан кейін торшалар жетіліп, екі мәрте бөлінеді.
Белгілі бір түлік өкілдерінде спермидің жетілу мерзімі (сперматогонияның жетілген жыныс торшасына айналу мерзімі) шамамен бірдей, ал әр түлік малда ол әртүрлі. Мысалы, сперматогенез мерзімі бұқада-54, қошқарда-49, қабанда-34, айғырда-42, бурада-56, қоянда-41, төбетте-56, қоразда-25 күнге созылады.
Ен қосалқысы үш бөлікке- қосалқы басына, тұлғасына және құйрығына, бөлінеді. Қосалқы өзегі көп иірімді түтікше. Оның ұзындығы 50 метрден (қошқарда) 85 метрге дейін (айғырда) жетеді. Қосалқы басының өзегі өте жіңішке (0,1-0,2 мм) келеді де, ол бірте-бірте кеңейіп, құйрық бөлігінде оның диаметрі 1-2 мм дейін жетеді. Іш жағынан өзек әлсіз қышқыл реакциялы секрет бөлетін биік цилиндрлік эпителиймен көмкерілген.
Шәуеттік жолдың қызметі- шәуетті ен қосалқысынан есеп-жыныс өзегіне жеткізу. Оның қабырғасы үш қабаттан: кілегей, етті және сірлі қабықтардан тұрады. Жолдың кілегей қабығы жыбырлағыш эпителиймен қапталған. Етті қабат бойлама және сақина ет талшықтарынан құралған, олардың жиырылуы нәтижесінде шәует шәуеттік жолмен жылжиды.
Несеп – жыныс өзегінің жамбастық бөлігінде қосалқы жыныс бездерінің (көпіршік тәрізді, қуық алды, баданалық (купер) және уретралық) өзектері ашылады. Айғырда көпіршік тәрізді бездер қою, шұбалыңқы, ал бұқа мен қошқар бездері – сұйық секрет бөледі. Қуық безі айғыр мен қабанда жақсы дамыған, олар сұйық секрет бөледі. Бұл без бұқа мен қошқарда нашар дамыған. Баданалық без қабандарда жақсы дамыған, ол жабысқақ секрет бөледі.
Қосалқы без секреттері шәуетті сұйылтады, сперматозоидтартардың қозғалысын үдетеді, несеп-жыныс өзегін шайып, зәр қалдығынан тазартады.
Несеп-жыныс өзегі
жамбас қуысының төменгі
Жыныстық мүше – ұзынша пішінді, қос кеуекті (кавернозды) денеден және несеп-жыныс өзегінен тұратын орган. Несеп-жыныс өзегі жыныстық мүшенің астыңғы жағында, каверноздық денелер арасындағы сайда орналасады. Жыныстық мүше арқылы шәует аналық жынысмүшесіне ендіріліп, зәр бөлінеді.
Кеуекті денелер сырт жағынан тығыз дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған. Одан кеуекті денені көптеген үңгір-қуыстарға (каверна) бөлетін перделер тарайды. Бұл перделер ет талшықтарыменжабдықталған және олар қиылыса келе кеукті тор құрайды. Үңгір қуыстар іш жағынан эндотелиймен көмкеріліп, түрленген тамыр арнасын құрайды. Жыныстық қозу кезінде үңгір қуыстар қанға толып, шонданай-кеуектік еттің жиырылуы нәтижесінде вена қанының ағысы бөгеледі де, жыныстық мүшенің көлемі үлкейеді де, жыныстық мүшенің көлемі үлкейеді, ол қатаяды. Бұлқұбылысты эрекция (қобу)деп атайды.
Жыныс мүшенің бас бөлімі екі қатпарлы тері бүкпесі-күпек ішінде орналасады. Күпек сырт жағынан терімен қапталған, ал оның ішкі беті жұқа көп қабатты эпителиймен көмкерілген.
Шәует деп шағылысу кезінде еркек мал жыныс ағзасынан бөлінетін сұйықты айтады. Ол екі бөліктен – жыныс торшаларынан және ен қосалқысы жыныс бездері секретінің қоспасынан – плазмадан, тұрады. Бір жыныстық қатынас үстінде (коитус) еркек малдан бөлінген шәует мөлшерін ЭЯКУЛЯТ деп атайды. Әр түрлі малда эякулят мөлшері мен ондағы жыныс торшаларының саны әр түрлі болады.
Спермийлер қуатты екі жолмен алады: тыныс алу нәтижесінде және гликолиз бен фруктолиз процесі арқылы. Бұқа мен қошқар шәуетінде бұл екі жол да байқалады. Ал, айғыр мен қабан шәуетінде қанттар жоқтың қасы, сондықтан олардың спермийлері қуатты тыныстық жолмен алады.
Сүт қоректі жануарлар еркек дарақтарының көбею ағзаларының қызметі күрделі рефлекстер жиынтығы түрінде атарылады. Жыныс құштарлығы еркек мал анализаторларының (көру, есту, иіс, жанасу) ұрғашы малмен байланысты тітіркендіргіштерді қабылдауынан және де жыныс гормондарының жыныс құштарлығын тудыратын әсерінің салдарынан қалыптасады.
Жыныс рефлекстері дара даму кезінде шартсыз рефлекстер негізінде қалыптасқан шартты рефлекстер жиынтығы түрінде атқарылады. Жыныстық шартты рефлекстер өте шапшаң қалыптасады. Шағылысуға немесе жасанды қынаппен шәует беруге бір реттен соң ақ шартты рефлекстер пайда болады. Шағылысу манежінің бейнесі, шағылысуға дайындалған ұрғшы мал жыныстық қоздырғыш болып табылады.
ЭРЕКЦИЯ деп аталық жыныс мүшесінің үлкейіп, қатайып, ұрғашы мал жыныс ағзаларына ене алатындай жағдайға келуін айтады. Бұл құбылыс жыныс мүшесіне артерия қанының келуінің күшейіп, кеуек денелердің қанмен келуімен байланысты. Эрекция кезінде шонданай-кеуектік және ьадана-кеуектік еттер жиырылып, жыныстық мүше түбірін шонданай сүйегінің доғасына қысады да, қанның кері ағып кетуін толастатады.
ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС деп ұрғашы мал қынабына еркек мал жыныс мүшесінің енуін және шәуеттің бөлінуін қамтамасыз ететін қимылдар жиынтығын айтады. Бұқа мен қошқарда жыныстық қатынас жылдам аяқталады да, айғыр мен қабанда ұзағырақ созылады.
ЭЯКУЛЯЦИЯ деп шәуеттің несеп-жыныс өзегіне бөлінуін айтады. Бұл күрделі рефлекторлық процесс аталық жыныс мүшесі рецепторларының қынаптың температуралық және механикалық әсерлерінен тітіркенуімен басталады. Одан әрі тітіркеніс орталыққа тепкіш жыныстық нерв талшықтары арқылы жұлынның құйымшақ бөлігіндегі эякуляция орталығына беріледі. Шәует қынапқа бөлінетін жануарлар (қоян, ірі қара, қой, ешкі) ұрықтанудың қынаптық типіне, ал шәует тікелей жатырға құйылатын жануарлар (жылқы, шошқа, ит, кемірушілер класы) – ұрықтанудың жатырлық типіне жатады. \
Эякуляция процесі бұқа мен қошқарда жылдам өтеді, себебі ол шәуеттік өзектің ампула тәрізді кеңіген жеріне жинақталған спермийлерді бөлумен аяқталады. Қабанда бұл процесс ұзаққа (20 минутқа дейін) созылады және де шәуеттің негізгі бөлігі эякуляцияның соңғы кезінде бөлінеді. Бұл физиологиялық ерекшеліктерді малдан жасанды тәсілмен ұрықтандыру мақсатында шәует аларда ескерген жөн.
Ұрғашы малдың жыыс ағзаларына аналық жыныс безі, жұмыртқа жолы, жатыр, қынап және сыртқы жыныс мүшелері жатады.
АНАЛЫҚ ЖҰМЫРТҚАЛЫҚ БЕЗ – овал пішіндес жұп ағза. Онда аналық жыныс торшалары – жұмыртқа, барлық даму сатыларынан өтеді және гормондар түзіледі. Бездің мөлшері оның функционалдық жзағдайына және түлік түріне байланысты өзгеріп отырады.
ЖҰМЫРТҚАЛЫҚ ЖОЛ жұмыртқаның аналық безден жатыр мүйзіне түсуін қамтамасыз ететін иірімді жұп түтікше. Олардың әрқайсысының ұзындығы сиырда 25-28 см, мегежінде30, қой мен ешкіде-6 см, жылқыда-30см жетеді. Жұмыртқалық жол қабырғасында бұл түтікшенің қимылын тудыратын екі бағытта – көлденең (сақина) және бойлай орналасқан, ет қабаттары болады. Осы еттердің жиырылуынан түтікшеге түскен жұмыртқа жатырға қарай жылжиды. Симпатикалық нерв көлденең орналасқан ет талшықтарының жиырылуын күшейтіп, бойлай орналасқан еттердің жиырылуын бәсендетеді. Ал парасимпатикалық нерв керісінше әсер етеді.
ЖАТЫР ұрықтың өсіп-дамитын ағзасы. Ол үш бөлікке бөлінеді: жатыр мүйізі, денесі және мойыны. Бұл бөліктердің ара қатынасы, мөлшері түлік түріне, малдың жасына қарай өзгеріп отырады. Жатыр мүйізінің ұзындығы сиырда 25см, қойда 12см, мегежінде 2м, биеде 25см. Жатыр денесінің ұзындығы сиыр мен қойда – 3-5 см, мегежінде-5-12см, биеде-15см. Жатыр мойынының ұзындығы сиырда-10см, қойда-6см, мегежінде-20см, биеде -8 см. Қынап ұзындығы сиырда 38см, саулықта-12см, мегежінде-18см, жылқыда-30см шамасында.
ОВОГЕНЕЗ. Аналық жыныс торшаларының дамып, жетілуін овогенез (оогенез) деп атайды. Бұл процесс аналық аналық жыныс безінде – жұмыртқалықта жүреді. Генетикалық тұрғыдан ұқсастығына қарамай овогенез сперматогенезден көп ерекшеленеді. Овогенез үш сатыда – көбею, өсу және жетілу жүреді.
Овуляция (фолликула қабығының жарылуы) кезінде ооцит жұмыртқа жолының воронкасына түседі де, түтікше бойымен жылжи бастайды. Жұмыртқа овогенездің үшінші сатысы – жетілу сатысы жүреді. Жұмыртқаға спермийлер ене бастағанда 2- реттік ооцит екінші мейоздық бөлінуге ұшырап, ұрықтануға дайын жетілген жұмыртқаға айналады және екінші бағыттаушы денешік бөледі.
Фолликулдердің өсуі, жетілуі кезінде, овуляция алдында және одан кейін ұрғашы мал организмінде, әсіресе оның жыныс ағзаларында айтарлықтай өзгерістер байқалады. Аналық жыныс бездерінде әркез көпіршіктену сатысындағы фолликулдер (грааф көпіршігі) кездеседі. Олар эстрогендер түзеді және де фолликулдердің өсуімен байланысты гормондардың түзілуі күшейе түседі. Эстрогендер қан арқылы денеге тарап, ұрғашы малдың жыныстық айналымын реттейді.
ЖЫНЫСТЫҚ АЙНАЛЫМ (ЦИКЛ) деп жыныстық жағынан жетілген ұрғашы малдың бойында белгілі бір реттен екі овуляция аралығында қайталанып отыратын жыныстық күрделі физиологиялық процестер жиынтығын айтады. Жыныстық айналым кезінде әртүрлі физиологиялық жүйелерде, әсіресе көбею ағзаларында, күрделі морфологиялық жәнебиологиялық өзгерістер байқалып, оның әр кезеңіне тән жыныстық реакциялар қалыптасады.
ШЫЛЫМДАНУ (ЭСТРУС) кезінде жыныс ағзаларының кілегей бездері қызарып, ісінеді, жатыр бездерінің қызметі күшейіп, жатыр еттерінің қимылы жиіленеді, жатыр мойыны ашылады да, жыныс ағзаларынан (ірі қарада) шылым (созылыңқы кілегей сұйық) бөліне бастайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы әр түлік малда әр түрлі.
Информация о работе Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы