Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:20, лекция

Краткое описание

Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтасжеке бөлшегі. Организм – күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен үздіксіз затпен және энергиямен алмасып отырады.Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады.

Оглавление

Жоспары:
1. Организм жайында жалпы түсінік
2. Физологияның басқа ғылымдармен байланысы
3. Физиологияның эволюциясы

Файлы: 1 файл

197449.doc

— 692.00 Кб (Скачать)

Ас қорыту жолына сіңіру қызыметі кілегей қабықтың  құрылым және қызмет  ерекшеліктекріне байланысты. Кілегей қабық биологиялық мембрана қызметін атқарып, ішек-қарын қуысынан қан мен лимфаға судың, минералды тұздардың, дәрмендәрілердің және белоктардың, углевоттардың, майлардың ыдырау өнімдердің өтуін реттеп отырады.

Дәріс  № 8,9

Бөлу мүшелері. Бүйректің физиологиясы, нейронда зәрдің түзілуі. Қуықтың қызметі.

Жоспары:

1. Бөлу (экскреция)  процесінің  маңызы

2. Бүйректің   құрылысы  және  қанмен  жабдықтау   ерекшеліктері

3. Зәрдің  түзілу  механизмі

4. Терінің   экскрециялық  қызметі  

 

Зат алмасу  процесі  барысында  бір  жағынан  организмге  қажетті  жаңа  қосылыстар  түзілсе,  екінші  жағынан  организм  пайдалана  алмайтын  түрлі  ыдырау  өнімдері  бөлінеді.  Олардың  ішінде  белок пен нуклейн қышқылдарының ыдырау  өнімдері – мочевина,  несеп қышқылы,  креатини,  аммияк  организмде  көп жиналса организмнің тіршілік  әрекетіне үлкен зиян  келтіреді организм  уланады.  Осы уытты заттар  коцентрациясы қанда,  лимфа мен ткань аралық  сұйықтықта  шамадан тыс артып кетсе организмнің   тіршілік   әрекетін  тоқтатып ,  өлімге  әкеп  соғады.  Қалыпты жағдайда  бөлу  жүйесіне  жататын органдар  қызметінің   нәтижесінде уытты ыдырату өнімдерінің   мөлшері  бір  деңгейде  сақталады.  Организмнің  зат  алмасу   процесінің  уытты  ыдырау   өнімдерінен,  түрлі  бөгде  заттардан,  су, тұз   және  органикалық  заттардың  шамадан  тыс  артық  мөлшерінің  босануын  қамтамасыз  ететін  процесті  бөліну  немесе  экскреция  деп  атайды.

Малдарды  бөлу  қызметін  бүйрек,  өкпе,  тері,  ас  қорыту  жолы  атқарады.  Өкпе  арқылы  организмнен  көмір  қышқыл  газы,  су  наркоздан  кейін  эфир  мен  хлороформ,  алкоголь  буы  бөлінеді.    Ішекпен   ауыр  метал  тұздары, өт  бояауларының  өнімдері  бөлінеді. 

Негізгі  бөлу  органына  бүйрек  жатады.  Бүйректе  түзілетін  зәр  (несеп)  құрамында   зат  алмасу   процесінің   ақырғы  ыдырау  өнімдері,  негізнен  азотты   заттар  ( мочевина,  несеп  қышқылы  аммияк  креатинины,   креатин )  бөлінеді.

Бүйрек  көптеген  қызмет  атқаратын  орган.    Организмнен  азотты  заттардың  ыдырау  өнімдерімен   әр  түрлі  бөгде  заттарды  шығару   мен  қатар,  ол  денедегі   сұйықтық   мөлшерін,  осмостық  қысым   деңгейін,  қанның  иондық  құрамы  мен  қышқыл   тепе-теңдігін,  белоктардың,  углеводтардың ,  липидтердің,  дәрімен   дәрілердің  алмасуын  реттеуде  маңызды   роль  атқарады. 

Жоғары  сатылы  омыртқалы  жануарлардың  зәр  бөлу  жүйесі  қос  бүректен  және  олардан  шығатын  несеп  ағардан,  қуықтан  несеп  шығаратын  каналдан  тұрады. 

Мал  бүйрегінің  құрылысы  өте  күрделі.  Ол  екі  қабаттан – сыртқы  қыртыстық  және  ішкі  бозғылт  заттан   тұрады.

Қыртыстық  қабат  бір  типті  құрылымдағы  нефрондардан  құралады.  Нефрон  ішінде  капилляр  шумағы  бар  корпустан  (Шумлянский – Боумен  капсуласы)  басталады.  Капсула  пішіні  жағынан  тостағанша  тәрізді  қос  қабырғалы  бір  қабат  эпителий  клеткаларынан  тұрады  да  қабырғалар  арасында  саңылау  кеңістік  жатады.  Капсуланың  ішкі   қабырғасы капиллярлар шумағымен тығыз сүзгіш  жарғақ  құрайды.  Капсулаға капилляр  қабырғалары арқылы  қаннан  сүзіліп шыққан  сұйықтық  ( алғашқы )  зәр жиналады.

Капсуланың  қысқа  мойны  бірінші  қатарлы  ирек  түтікшелермен  жалғасады.  Бүйректің   бозғылт  қабатына  жеткенде бұл  түтікше  түзеліп,  жіңішкереді  де,  төмен  қарай  созыла  келіп  Генле  ілгегінің  төмен  кететін  иініні  түзеді.  Қалың  бозғылт  қабаттың  бітер  жерінде  бұл  түтікше  ілгек  тәрізді  бұралып  қайта  кеңейеді  де,  қыртыстық  қабатқа  қарай  жоғары   көтереді. 

Түтікшенің  бұл  бөлігін  Генле  ілгегінің   жоғарғы  иіні  деп  атайды.  Жоғары  өрлеген  осы  түтікше  қыртыстық  қабатты  екінші  қатардағы  ирек   түтікшелерге  айналады да,  жинағыш   түтікшелермен  жалғасып  келіп,  еміздікшелер  түзеді.  Ал  еміздікше  түтікшелері  зәрді   бүрек  астауына  құйады.  Өз  ретінде  ол  бүйрек  қақпасынан  басталатын  несеп  ағармен  жалғасады. 

Бүйректе  морфологиялық  құрылысы  баяндалып  өткен  зәр түзу  процесін  қамтамасыз  ететін  нефрондардан  басқа негізінен бозғылт затта орналасқан  басқа да  нефрондар бар.  Олардың шумақтары қыртысытық  және  бозғылт қабаттардың шекарасында ( Кортинко-медулярлық  аймақта)  жатады,  ал  Генле ілгегі  бүйрек  астаушасына іргелес орналасады.  Мұндай  нефрондарды юкстамедулярлық нефрон  деп атайды.   Юкстамедулярлық аймақтағы мальфилий шумағы  ірірек  болады да  оларды  қанды әкелуші және  әкетуші тамырларының  арасы бірдей  келіп,  түтікшелер  маңында  капилляр  торын  құрмай,  шумақтардан  еміздікшелерге  баратын  қатар-қатар  майда  артерия   тамырларына  айналады.  Бұл  тамырлар  бозғылт  қабатқа  дейін  төмендеп,  қыртыстық  қабатқа  қайта оралады.  Осы  майда  артериялар  капиллярларға  тарамданбай  тікелей  ұсақ  веналармен  байланысы,  доғалақ  веналарға  құяды.  Бүйрекке  түсетін  қанның  80 проценті  қыртыстық  шумақтар  ал ,  20 проценті  юкста  медулярлық  шумақтар  арқылы  өтеді.

Бүйректің   негізгі  қызметі – зәр  ( несеп )  түзу.  Зәр түзу  екі кезеңнен – сүзу  және  қайта сору,  тұратын күрделі физиологиялық процесс. 

Зәр  түзу  процесі  Шумлянский – Боумен  капсуласына  қанның  сұйық  бөлігінің   сүзіліп  өтуінен  басталады.  Оның  нәтижесінде  капсула  қуысында  коллойд заттардан тазартылған,  құрамы  жағынан қант  плазмасына  ұқсас сұйық – алғашқы зәр пайда болады.  Капсула қабырғасынан  қанның  түзілуіне шумақ тамырларының  жоғарғы қысым тудыратын ( 70-90 мм )  құрылыс ерекшеліктері мен ондағы ерекше  саңылаулар  ықпал жасайды.  Бұл тесіктер  арқылы  мальпигий шумағынан малекулалық    салмағы 70000 – нан артық заттар  өтпейді,  сондықтан алғашқы зәр құрамында   белок болмайды  оны белоксыз  ультрафильтрат  деп атайды  ( соңғы кезде   ультрафильтрат  құрамында  аз  мөлшерде  белоктар да  болады  деген  ұғым  қалыптаса  бастады). Плазма құрамындағы коллоидтар (негізінен белоктар) тудыратын онкостық қысым  (с.б. 30мм) алғашқы зәрдің сүзілуін қиындатқанымен, мальпигий шумағындағы қан қысымы ( 70-90 мм) плазма коллоидтарының суды ұстау қабілетінен жоғары болады. Осы екі қысымның айырмасын ( 40-60 мм) сүзілу қысымы деп атайды. Шумлянский-Боумен капсуласына сұйық шумақ копиллярлары мен копсула ішіндегі қысым теңескенге дейін сүзіледі.

Тәулігіне өте көп мөлшерде алғашқы зәр түзіледі. Мысалы сиырда 540-1800 л. Бұл бүйректің қанмен өте мол жабдықталғанында ғана мүмкін  болатын жағдай. Сиыр тәулігіне 15 литр зәр бөлсе, онда оның бүйрегінен 18000 литр қан өтуі керек. Демек, әр бір 6-10 л қаннан 1л алғашқы зәр түзіледі.

Зәр-құрамында 96 процент  су және 4 процент құрғақ  қалдық  бар сұйық зат. Дегнмен де зәрдің құрамы мен қасиеті қабылданған  азықтық құрамына, мөлшеріне, сипатына, ішілген су мөлшеріне, малдың физологиялық  күйіне қарай ауа-райы мен жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады.

Зәрдің түрі сарғыш келеді. Ол оның құрамындағы урохром және уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Тақ тұяқты жануарлар  зәрі ылайлы, шырышты, қоймалжың, шұбалыңқы келеді, себебі оның құрамында көмір қышқылды кальсий тұзы және муцин тектес зат болады. Зәрдің иісі мал түлігіне қарай өзгереді. Жылқы зәрінің иісі өткір, шіріген шөп иісіне ұқсас, сиыр зәрі әлсіз шірік иісті, ал ит пен шошқа зәрінің иісі ащы, жағымсыз келеді.

Нефрондар қызметі  рефлекторлық  жолыменде,  гуморалдық  жолыменде  реттеледі.  Бүйрек  жұмыс  органының  өзінде  орналасқан  сезімтал  нерфұштарын  немесе  басқа  рецеепторларды  ( көру,  есту,  тері,  проприо,  т.б.)  тітіркендіргенде  өзгеретінің  дәлелдеген.  Бүрек  қызметін  рефлекторлық  жолмен  реттеуде  осморецепторлар  мен  волюмрецефторлардың  ( қан  тамырларының  толық  деңгейін  қабылдайтын  сезімтал  нерф  ұштары)  да  маңызы  өте  зор. 

Бүйрек  симпатикалық  нерфтерменде ,  парасимпатикалық  нерфтерменде  неріфтенеді.  Симпатикалық  нерфті  тітіркендіргенде  мальпигий  шумақтарының  қанмен  жабдықталуы  өзгеріп  зәрмен  судың  шығуы  кемиді  де,  хлорлы  натрийдің  бөлінуі  артады.  Кальцийдің  кері  созылуы  мен  секрециясын  да  симпатикалық  нерф  талшықтарының  реттейтіні  жайлы  деректер  бар.  Кезеген  нерфті  тітіркендіргенде  зәр мен  судың  бөлінуі  күшейіп,  азотты  заттардың  шығуы  кемиді.  Бүйрекке  келетін  симпатикалық  және  кезеген  нерфтерді  қиып  тастағанда  организмнен  хлорлы  натрийдің   бөлінуі  күшейеді,  ал  кезеген  нерфті  тітіркендіргенде  ол  азаяды.  Вегетатифтік  нервтер  бүрйек  жұмысына  оның  қанымен  жабдықталу   деңгейін  өзгерту  арқылы   әсер  етеді.  Зәр  түзу  бүрек  тамырлары  таралған  қан  қысымы  төмендеген  кезде  әлсірейді де,  керісінше  бүрек  тамырлары  кеңейгенде ,  жалпы  қан  қысымы  жоғарлағанда  күшейеді.

Зәр  түзу  орталығы  сопақша  мида  орналасқан,  ол  аралық  мидағы  сумен  тұздың  алмасуын  реттейтін  орталықпен  тығыз  байланысты.  Зәр  түзу  процесіне  үлкен  ми саңылаулары да  әсер  етеді.  Үлкен ми  сыңарларының  алдыңғы бөлігінде зәр түзуге  ықпал ететін  орталықтың  болатындығын  1879  жылы  В. М. Бехтерев  ашқан.  Қазіргі кезде бұл орталықтың  зәр түзу  процесінің  қарқынын,  зәрдің  құрамын реттеуге  қатысы  бар  екенін  дәлелдеді.  Аталған  орталық  эфферентік   жолдарымен  аралық  мида,  ортаңғы  мида,  сүт  төмпешікте,  гипоталамус  аймағындағы  нерв  орталықтармен  байланысады.  Бұл  орталық  зақымданса  зәр  түзу  процесі  бұзылмаған мен,  бүрек  қызметінің  организм  күйіне  бейімделу  қабілетін   төмендетеді.

Зәр  үздіксіз  түзіледі.  Нағыз  ( ақырғы )  зәр  жинағыш  түтікшелермен  бүрек астаушасына  құйылады  да,  ол  жиырылғанда  несепағарға  өтеді.  Несеп  ағар  бойымен   жиырылу  толқыны  сикунтына  2-3  см  жылдамдықпен  тарап,   зәр   қуыққа  жиналады.  Жиырылу  толқынының  жылдамдығы  зәр  түзу  қарқынына  қарай  өзгеріп  10-20 секунд  сайын  қайталанып  отырады.

Қуық – зәр  уақытша  жиналатын  қуыс  орган.  Оның  етті  қабаты  сақина тәрізді   оралып  ет  талшықтардан  тұрады.  Ортаңғы  қабат  сақина  тәрізді  оралып,  көлденең  орналасады да,  ішкі  және  сыртқы  қабаттары  қуық  өсіне  параллель  оның  ұзына  бойымен  жатады.  Қуық  бос  кезде  оның  қабырғасының  қалыңдығы  1,5  см - ге   дейін  барса ,  ол  толған  кезде  2-3 мм - ге  дейін  жұқарып  созылады. 

Біріңғай  салалы  ет  талшықтарының  кернеуді  өзгерпей  жиырылатын  қасиеті  тән,  сондықтан  зәр  көп  жиналып,  қуықтың  қабырғасы  қатты  келсе  де,  оның  ішіндегі қысымда аса көтермейді.  Сол себепті зәр қуықтан несепағарға көтерілмейді ,  кері  ақпайды,  бүйрек  астаушасында    қысым бір деңгейде  сақталады.  Қуықтан несеп каналы   басталар  жерде сақиналы  ет  талшықтары  жинақтала келіп,  ішкі  қысқыш  құрайды  да,  ол  несеп  каналын  жауып  жатады.  Несеп  каналының  ұзына  бойына  көлденең  жолақ   ет  талшықтары  орлналасады, ол  сырқы  қысықыш   қызметін  атқарады. 

Тері  денені  сырқы  ортадан  шектеп  тұратын  қабық  оған  қорғағыштық  анализаторлық,  секреторлық ,  экскреторлық ,  жылу  реттеу  сияқты   физиологиялық  қызметтер  тән.  Аталған  функциялар  жайлы  оқулықтың  тиісті   тарауларында  мағлұматтар  беріледі  және  баяндалады.  Бұл тарауда  терінің   эксрециялық  қызметін   талдаймыз. 

Терінің  бөлу  қызметі   тері  және  май  бездерінің  әрекетіне  байланысты.  Тер  құрамында  су ,  тұз,  мочевина  т.б.  зат  алмасу  өнімдері   бөлінеді. 

Тері  бездері  көп  кілеткалы  қарапайым  түтікше  бездерде  жатады.  Олар  нағыз  теріге  ( терінің дерма қабатында)  орналасқан.  Тер блу ерекшелікитеріне  қарай бездер  екі түрге бөлінеді.  Эккриндік   бездер   олар  сұйық секрет  бөледі  және  әрекет  үстінде бұзылмайды,  құрылым ерекшеліктерін   сақтайды.  Бұл бездер  жылқыда болады.  Тер  бездерінің  екінші – эпокриндік  бездер,  олар  құрамында   май  тектес  заттары  көп   шайырлы  тер  бөледі.  Ол  бездердің  әрекеті  үстінде  біраз  клеткалары  бұзылады,  олардың  секретінің  құрамында  су  аз,  құрғақ  зат  көп  болады.  Тер  бездерінің  секреторлық  бөлігі  сиырларда  аздап  иірін  құраса ,  жылқы  мен  шошқада   шумақ  түзеді.  Секреторлық  бөліктің  сыртқы  қабаты  миоэпителиальдық  клеткалардан,   ал  ішкі  қабаты – безді  текше  клеткалардан  құралады.   Бездің   өзектері   иректере  келіп  түк  қапшықтарына  немесе  түк  воронкаларына,  ал  дененің  түксіз  жерінде  тері  бетінде   тер  тесіктерімен  ашылады.                      

 

 

 

Дәріс № 10,11

Ішкі секреция  бездерінің  жалпы сипаттамасы. Гормондар  және олардың организмдегі рөлі

Жоспары:

1. Ішкі секреция  бездері туралы жалпы түсінік

2. Ішкі секреция  бездерінің жіктелуі

3. Гормондардың  организмдегі қызметі мен рөлі

4. Гипофиз

 

Ішкі секреция,  немесе эндокриндік  бездер  деп өздері  түзген  биологиялық  белсенді  заттарды  тікелей  қанға  немесе  сөлге (лимфаға) бөлетін,  бездік  құрылымы  бар  оргондарды  айтады. Грек  тілінен  аударғанда  « эндон » деген сөз – ішкі, « крино » - бөлемін деген мағына  береді. Ішкі  секреция  бездерінің  шығару  өзектері  болмайды, оларда  пайда  болған  заттарды  гормондар ( грек  тілінен  аударғанда гормон  қозғаймын деген  сөз) деп  атайды .

     Эндокриндік   бездер  қызмет  ерекшеліктеріне   қарай  екі  топқа  бөлінеді:

1. тек  эндокриндік   қызмет  атқаратын  бездер . Оларға  қалқанша, қалқанша  серік  бездері, гипофиз, бүйрек  үсті  бездері , серік , эпифиз  және  тимус  жатады.

Информация о работе Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы