Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:20, лекция

Краткое описание

Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтасжеке бөлшегі. Организм – күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен үздіксіз затпен және энергиямен алмасып отырады.Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады.

Оглавление

Жоспары:
1. Организм жайында жалпы түсінік
2. Физологияның басқа ғылымдармен байланысы
3. Физиологияның эволюциясы

Файлы: 1 файл

197449.doc

— 692.00 Кб (Скачать)

Дәріс № 1,2

Жануаралар  физиологиясы пәнінің міндеттері мен  мақсаттары және даму тарихы

Жоспары:

1. Организм  жайында жалпы түсінік

2. Физологияның  басқа ғылымдармен байланысы

3. Физиологияның  эволюциясы

   Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтасжеке бөлшегі. Организм – күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен үздіксіз затпен және энергиямен алмасып отырады.Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады.

   Қоректену ерекшеліктеріне қарай организм автотрофты және гетеротрофты болып екі топқ бөлінеді. Автотрофты организмдерге жасыл өсімдіктер мен бактериялардың кейбір түрлері жатады. Олар қоректік заттардың көзі ретінде негізінен бейорганикалық қосылыстарды пайдаланады. Автотрофты организмдер өзінің тіршілік әрекеттеріне қажет энергияны күн сәулнсінен алады.

   Гетеротрофты организмдерге жануарлар, саңырауқұлақтар және әртүрлі микрооганизмдер жатады. Олар белоктар, майлар, углеводтар, дәрмендәрілер (витаминдер) сияқты органикалық қосылыстармен қоректенеді. Сонымен қатар бұл организмдер түрлі минералдық заттарға да мұқтаж. Гетеротрофты организмдер энергияны органикалық заттардың биологиялық тотығуының арқасында алады.

   Кез келген организм өзінің құрылым ерекшеліктерімен сипатталады. Организм бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. Вирус сияқты қарапайым тірі организмге тек оның молекулаларын құратын белоктар мен нуклеин қышқылдарының бірлесу дәрежесі ғана тән. Бұлжағдайда тек молекулалық дәрежеде қалыптасқан организм жөнінде ғана сөз болады.Ал бұдан гөрі жоғарырақ сатыдағы бір клеткалы организмдер күрделірек құрылысы мен сипатталады. Оларда ядро, цитоплазма, вакуольер, клетка қабығы пайда болады. Бұл құрылымдардың әрқайсысына тән функциялар туындайды.

   Көп клеткалы организмдерде эволюциялық даму процесі үстінде клеткалар тереңірек дифференциацияланады, олардың көлемінде, пішінінде, құрылысында, қызметінде өзіндік ерекшеліктер пайда болады. Бір деңгейде дифференциацияланған клеткалардан құрылысы мен қызметі біркелкі, тектес клеткалар жиынтығы – тканьдер пайда болады (эпителий, дәнекер және нерв тканьдері). Тканьдер организмде белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген бірлестік. Мысалы, ет тканы әр түрлі биологиялық активті химиялық қосылыстарды (гормондар, ферменттер) түзуге машқтанған.

   Организм дамуының белгілі сатысында әртүрлі тканьдер жиынтығынан мүшелер пайда болады. Мүше деп өзіндік құрылыс және қызмет ерекшелеріне қарай топтасқан түрлі тканьдердің анатомиялық бірлестігін айтады. Мүше – организмнің күрделі қызмет атқаруға маманданған жұмыс аппараты.Мәселен, жүрек қанды вена тамырларынан артеияларға қуалайтын насостың ролін, бүйрек – организмнен зат алмасуда түзілген әр түрлі ыдырау өнімдерін бөлу аппаратының ролін атқарады.

   Оргнизмде белгілі бір тіршілік әрекетін атқаратын мүшелер жиынтығынан құралған анатомиялық немесе функциялық бірлестік – мүшелер жүйесі деп аталады. Олардың қатарына организмдегі барлық органдардың қызметін реттеп отыратын нерв және ішкі секреция бездері жүйесі, тыныс алу, қан айналыс, ас қорыту, бөлу, көбею, т.б. жүйелері жатады.

   Жоғарыда аталған бірлестік деңгейлерінің әрақйсысының өзіне ғана тән физиологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктері болады. Сондықтан жоғары сатыдағы организмге тән функцияларды ұғыну үшін молекулалық, клеткалық, тканьдік, органдық және жүйелік деңгейде қалыптасқан организмдердің тіршілік әрекеттерінің негізгі заңдылықтарын игерген жөн. Оған себеп, құрылысының күрделігіне қарамай тірі организм өзінің клеткалары, ткандері,органдары мен жүйелері әрекеттерінің біртұтастығымен сипатталады.

  Физиологиялық процесс дегеніміз тірі организмде жаңа сапалы мазмұнға ие болған физикалық және химиялық өзгерістердің күрделі түрлерінің жиынтығы. Ол зат алмасу процесінде өте айқын байқалады.

   Зат алмасу процесі организмнің өмір сүруінің негізгі шарттарының бірі. Зат алмасу арқасында тірі материя жаңа сапалы мазмұнға ие болады. Зат алмасу процесінің нәтижесінде организм сыртқы ортадан қабылданған органикалық заттарды ыдыратып, олардан өзіне қажет материалдар түзеді де, қажетсіз ыдырау өнімдерін бөліп шығарады. Зат алмасу процесінің әсерінен азық құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар энергиясы организмде химиялық, жылу, механикалық және электр энергиясына айналады. Организмде жинақталған бос энергия әр түрлі жұмыс атқару, клеткалардың құрылысы мен қызметін, дене температурасының тұрақтылығын сақтау, өсу және даму процестері үшін жұмсалады.

   Зат алмасу бірімен бірі тығыз байланысты ассимиляция және диссимиляция процестерінен тұрады. Ассимиляция немесе аноболизм деп клеткалардың сыртқы ортадан түскен заттарды сіңіруін қарапайым қосылыстардан күрделі химиялық қосылыстардың түзілуін айтады. Диссимиляция немесе катоболизм деп тірі материяның бұзылуын, клеткалардың құрамындағы заттардың ыдырауын, организмге қажетсіз ыдырау өнімдерінің түзілуін айтады. Бұл екі процесс біріне-бірі қарамақайшы және бірімен-бірі тығыз байланысты. Диссимиляция процесі ассимиляция негізін құрайды, ал ассимиляция диссимиляцияны күшейтеді.

   Зат алмасумен организмнің өсу, даму, көбею, қоректену, ас қорыту, тыныс алу, бөлу, қимыл-әрекет сияқты функциялары және тітіркенгіштік, қозғыштық, рефлекс сияқты реакциялары тығыз байланысты.

   Барлық тірі материяға ортақ қасиеттердің ең негізгілерінің бірі – тітіркенгіштік. Тітіркенгіштік дегеніміз тірі материяның сыртқы ортаның әсеріне зат алмасу процесін күшейтумен беретін жауабы. Тітіркенгіштік өсімдік клеткаларына да тән – ол қозғыштық.

   Қозғыштық деп тірі жүйенің (клетка, ткань, орган, тұтас организм) сыртқы, не ішкі орта тітіркендіргіштерінің әсерінен өзінің физиологиялық белсенділігін өзгертуін айтады. Қозғыштық тек жануарлар клеткаларына тән қасиет. Қозғыштық толқын тәрізді ерекше процесс – қозудың негізінде жатады. Барлық тірі ткань қозады, бірақ қозуға жауап әр тканьде әр түрлі болады...  Мысалы, қозудың әсерінен ет талшықтары жиырылады, нерв тканінде – нерв импульсі пайда болады, ал бездерде – сөл бөлінеді.

   Нерв жүйесі жетілген жануарларда физиологиялық реакциялардың ерекше түрі – рефлекс болады. Рефлекс деп организмнің сыртқы, не ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне нерв жүйесінің қатысуымен беретін жауабын айтады. Рефлекске мысал ретінде ауыз қуысындағы сезімтал нерв ұштарын тітіркендіргенде сілекейдің бөлінуін, көздің қасаң қабығына әсер еткенде кірпіктің қозғалуын, т.б. атауға болады. Рефлекс орындалғандағы қозу толқыны жүріп өтетін жолды рефлекс доғасы деп атайды. Ол бес буыннан құралған: 1) рецепторлар, немесе сезімтал нерв ұштары, 2) афференттік, немесе сезгіш нерв талшықтары, 3) нерв орталығы (ми немесе жұлын), 4) эфференттік, немесе қозғағыш нерв талшықтары, 5) эффектор, немесе жұмыс органы. Рефлекс болу үшін осы аталған буындардың тұтастығы шарт.

   Рефлекс табиғатына қарай шартты және шартсыз болып екіге бөлінеді. Шартсыз рефлекстер туа пайда болады, тұқым қуалайды. Шартты рефлекстер жүре пайда болады, тұқым қуаламайды. Шартсыз рефлекстің тұрақты рецептивті (қабылдау) алаңы болады да, рефлекс доғасы орталық нерв жүйесінің төменгі бөліктерінде (сопақша ми, жұлын) түйіседі. Ал шартты рефлекстерде тұрақты рецептивті алаң болмайды және ондай рефлексті бағыттайтын нерв орталығы үлкен ми жартышарларында орналасады. Мәселен, шартты рефлекс түрінде сілекей бөлу процесін жарық сәуле, алуан қоңырау, немесе электр тоғының әсерімен туғызуға болады.

   Организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау үшін қоршаған ортамен

затпен және энергиямен алмасып отырады. Ол сыртқы ортадан  қажетті энергияны, пластикалық  заттарды қабылдап, энергияға бай  күрделі химиялық қосындыларды жинайды, өседі, дамиды және басқа да тіршілік әрекеттерін атқарады.

   Қоашаған ортаның алуан түрлі жағдайлры – ауа райы, судың, азықтың құрамы, жыл мезгілі, температура ауытқулары, т.б. себептер организмге үздіксіз әсер ете отырып, оның әр түрлі физиологиялық процестерін – зат алмас, тыныс алу, қан айналу, ас қорыту, т.с.с. не күшейтеді, не әлсіретеді. Демек, тіршілік ортасының әсерлеріне организм өзінің физиологиялық функцияларын өзгерту негізінде бейімделеді. Бейімделу процесінің арқасында организмде ортаның экологиялық жағдайларына – ауа райының ауытқуларына, оттегнің, судың, жарықтың тапшылығына, азық түрлерінің өзгерістеріне, т.б. жағдайларға төзімділік қасиеті қалыптасады.

   Сыртқы әсерлерге организм біртұтас жүйе ретінде жауап қайтарғанымен, оның әр түрлі органдарының қызмет әрекеттері әр дәрежеде өзгереді.

   Тіршілік ортасының қолайсыз әсерінен организмнің әлсіз клеткалары жойылып, күштілері өніп-өсіп, олардың тіршілік әрекетттері өзгереді де, қолайсыз жағдайға төзімділігі артады. Орталық нерв жүйесінің күрделі қызметінің арқасында әр түрлі жануардың жалпы құрылысы мен органдарының қызметі тіршілік ортасының жағдайларына бейімделіп, организм мен қоршаған орта арасында үйлесімділік қалыптасады. Бұл – тіршілікті сақтаудың негізгі шарты.

   Организм бір тіршілік аймағынан экологиялық жағдайлары өзгеше екінші аймаққа ауысса, оның көптеген физиологиялық процестерінде өзгерістер туып, жаңа жағдайға бейімделу процесі жүреді. Егер жаңа тіршілік ортасының жғдайларына организм бейімделе алмаса, оның негізгі физиологиялық процестері әлсірей бастайды да, тіршілік әрекеті тоқтайды. Сондықтан сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерін азайту, организмнің физиологиялық процестерінің қалыпты жағдайда дамуына мүмкіндік туғызу малдың саулығын сақтаудың, оның өнімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі.

Көп  клеткалы организмге гомеостаз тән. Гомеостаз дегеніміз организмнің сұйық ортасының (қан, лимфа, ткань аралық сұйық) салыстырмалы тұрақтылығы. Бұл терминді америка физиологы В.К.Кэнон ұсынған.

   Жоғары сатыдағы жануарлар организмінде клеткаларға қажет салыстыралы тұрақтылықты сақтайтын тетіктер пайда болған. Мысалы, жануарлар организмінің клеткалары белгілі бір температура шегінде ғана тіршілік әрекетін сақтайды, ал организмнің өзі сыртқы орта температурасының айтарлықтай көп ауытқуларына шыдай алады. Бұл организм мен сыртқы орта арасындағы жылу алмасу процесін реттеудің арқасында ғана пайда болған қасиет. Сыртқы ортаның температурасы төмендесе, органиөмде жылу көбірек түзіліп, жылу бөлу азаяды, ал сыртқы ортаның температурасы жоғарыласа – онда керісінше организмде жылу түзу азайып, сыртқы ортаға жылу көбрек бөлінеді.

   Организм клеткаларының функциясы осмос қысымының салыстырмалы тұрақтылығына байланысты. Өз кезегінде осмостық қысымның деңгейі су мен онда еріген электролиттердің мөлшеріне байланысты. Осмостық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, клетка құрамы мен функциясының өзгеруіне әкеп соғады. Сондықтан организмдегі артық су мен электролиттер сыртқа бүйрек, өкпе, тері, тер бездері арқылы шығарылады да, осмостық қысымның деңгейі реттеліп отырады.

   Гомеостаз организмнің қалыпты жағдайын сипаттайтын әр түрлі тұрақты көрсеткіштермен бейнеленеді. Мысалы, дене температурасы, қанның осмостық қысымы және оның химиялық құрамы, сутегі иондарының концентрациясы (рН) т.б. көрсеткіштер. Гомеостаз көптеген тканьдер мен органдардың тұрақты қызметінің ақасында ғана сақталады.

   Жоғары сатыдағы организмге тән қасиеттің бірі – гомеокинез, немесе өмірге қажет функциялардың тұрақтылығы. Мысалы, қимыл әрекеті мен энергия бөлу арқылы организм сыртқы орта өзгерістеріне бейімделіп отырады.

     Жоғарыда тірі организмнің өзін өзі реттейтін, сыртқы ортаның әр түрлі әсеріне өз бетімен жауап беретін біртұтас жүйе екенін айтып өттік. Организмнің біртұтастығы оның клеткалары, тканьдері, органдары мен жүйелерінің арақатынасына, ондағы барлық процестердің өзара тәуелділігіне байланысты. Бір органның функциясының өзгеруі әркез басқа органдарға әсерін тигізеді, олардың қызметін өзгертеді. Организм функциялары мен әрекеттері гуморальды немесе нервтік реттеу арқылы қалыптасады.

   Реттеудің гуморальды, немесе химиялық механизмі, филогенез тұрғысында ертерек қалыптасқан. Оның негізінде әр түрлі клеткалар мен мүшелерде түзілетін биологиялық белсенді заттардың (мысалы, медиаторлардың, гормондардың) бүкіл мүшелер жүйесі мен организмнің функциясына әсер ететін мүмкіндігі жатады. Химиялық заттардың әсері организм клеткаларына жалпы бағытталған және олар функциялардыбаяу өзгертеді.

   Эволюциялық даму кезінде реттеудің гуморальды механизмі негізінде жаңа – нервтік реттеу механизмі қалыптасады. Нерв жүйесі әр түрлі клеткалар, тканьдер мен мүшелердің қызметін біріктіріп, үйлестіріп, реттеп, организм функциясын сыртқы ортаның жағдайына бейімдейді. Бұл механизм гуморальды механизммен салыстырғанда әлдеқайда жақсы жетілген, сондықтан нерв жүйесінің әсерімен органдардың қызметі тезірек өзгеріп, бейімделу процесі жылдамырақ жүреді.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Несiпбаев Т. Адам және жануарлар физиологиясы  Оқулық / Т. Несiпбаев. - Алматы : Ы.Алтынсарин атын. Қазақтың білім акад. Респ. баспа каб, 2000. - 348 с

2. Несiпбаев Т.Жануарлар  физиологиясы : Оқулық / Т.  Несiпбаев. - Алматы : Ќайнар. - 1995

 

 

Дәріс № 2,3

Қан жүйесі. Қан  ұлпа. Әртүрлік мал қанының мөлшері  мен денеде таралуы, қанның жасушалары қасиеттері.

Жоспары:

1. Қан, қанның  қызметі

2. Плазма және оның құрамы

3. Қан табақшалары  және олардың қызметтері

4. Қан мөлшерін  анықтау тәсілдері

5. Қаннның осмостық, онкостық қысымы

 

         Қан салыстырмалы  тұрақты құрамымен  және физика – химиялық  қасиеттермен сипатталатын  сұйық зат. Қан, лимфа және ткань аралық сұйық бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатқандықтан организмнің ішкі сұйық ортасы деп аталады. Бір клеткалы  қарапайым организмдер сыртқы ортадан қажетті заттарды бүкіл  денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы  бөліп отырады.  Сондықтан жануарлар организмінің клеткалары сыртқы ортамен  қан арқылы байланысады.

Информация о работе Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы