Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:20, лекция
Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтасжеке бөлшегі. Организм – күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен үздіксіз затпен және энергиямен алмасып отырады.Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады.
Жоспары:
1. Организм жайында жалпы түсінік
2. Физологияның басқа ғылымдармен байланысы
3. Физиологияның эволюциясы
2. аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.
Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайымен табиғатына қарай 5 топқа бөлуге болады .
1.Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады.
2. Бронхиогенді бездер
тобын а табиғаты жағынан
3. Хромафинді бездер
тобына бүйрек үсті безі
4. ұйқы безінің аралық бөлігі жатады.
5.жыныс бездерірінің эндокрендік бөлігі жатады.
Ішкі секреция бездеріне секреторлық құрылым тән
« ішкі секреция » деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген ол ішкі секреция бездеріне дененің барлық органдарын жатқызған. Бұл тұжырымды ол барлық органдардан алмасу өнімдерінің қанға бөлінетімен негіздеген. Ал дәл мағанасында бұл жүйеге ол қалқанша, айыршық (тимус), бүйрек үсті бездерін, көк бауырды, лимфа түйіндерін жатқызған.
Ішкі секрециялық қызметке көп жағдайда тым кең мағына беріледі кейбір зерттеушілер бұл түсінікке ішкі секрециялық бездерге жатпайтын органдардағы биологиялық белсенді заттардың түзілу процессін де жатқызады. Шынында көптеген органдар мен ұлпалар организімнің әртүрлі тіршілік әрекетін ретттеуге қатысатын биологиялық белсенді заттар ( көмір қышқыл газы, дистамин, ренен, гепарин жатады)
Эволюциялық даму кезінде ішкі секреция бездері нерв жүйесінен әлдеқайда кеш пайда болады. Ішкі секрециялық қызмет жоғары маманданған арнаулы эндокриндік бездерге тән қасиет ретінде омыртқалы жануарларда қалыптасады. Олар алғаш рет жұмыр ауыздылар мен балықтарда дамиды. Жеке торшаларда түзіліп , солардың өзіне ғана әсер ететін биологиялық белсенді заттарды « торшалық » гормонднар деп атайды. Ал торшаларда түзіліп ұлпаларға жайылып , олардың қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттарды « ұлпалық » гормондар немесе гистогормондар дейді . Ұлпаларда зат алмасу өнімі ретінде бөлініп , биологиялық белсенділік көрсететін заттарды ( мысалы , көмір қышқыл газы , мочевина ) Парагормондар деп атайды . Гормондық реттеу тетігі ішкі секретция бездері дамыған жануарларға тән, гармон деген терминді 1902 жылы ағылшын ғалымдары В. Бейлис пен Э. Старлинг ұйқы безі сөлінің бөлуін реттейтін секретин деген заттқа байланысты енгізген.
Табиғатына қарай гармондарды 4 топқа бөледі: стеройдты гормондар, полипептитік гормондар, амин қышқылдарының туындылары, белок тектес гормондар.
Стеройттық гормондар холестриннің туындыларына жатады. Бұл топты бүйрек үсті безінің қыртыс бөлігінің гормондары мен жыныс бездері гармондары құрайды Полипептидтік гормондарға окцитоцин бездері гормондары құрайды. Организмге ететін әсерлеріне сипатына қарай гормондар үш топқа бөлінеді: метоболиттік, морфогенездік және үйлесімдік гормондары.
Атқаратын қызметіне қарай гормондар үш топқа бөлінеді:
1.Нысана органдарға әсер ететін эфекторлық гормондар.
2.Эфектірлік гормондарды түзілуі мен бөлінуін жандандыратын троптық гормондар.
3.Гипофиздің троптық гормондарының бөлінуін және гипоталамус нейросекрециялық қызметін реттейтін релизениг гормондар.
Организмде орталық нерв жүйесімен ішкі секреция бездері тығыз байланысты әрекет етіп, әртүрлі функциялардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Ішкі секреция бездері рефлекстердің эффекторлық бөлігі болып табылады. Әр без вегетативтік нерв жүйесінің рецепторлық және эфекторлық талшықтарымен жабдықталады нерв талшықтарымен таралған тітіркеніш гормондардың түзілуі мен олардың белсенділігін өзгертеді, ішкі секреция бездеріне тікелей әсер етеді.
Гормондар нерв жүйесімен салыстырғанда баяу әсер етіп, олардың әрекетінен туындайтын өзгерістер ақырын дамиды сондықтан гормондар ұлпалардың жіктелу процесін, мүшелердің қалыптасуын реттеуге маңызды рол атқарады.
Гипоталаус ядроларының нейросекрециялық торшаларында нейросекреттер түзіледі олар гипофиздің артқы бөлігіне нерв талшықтары арқылы, ал алдыңғы бөлігінен-гипофиздің қақпалық жүйесі деп аталатын арнаулы қан тамырлары арқылы әсер етеді.
Ішкі секреция бездерінің қызметін төменде баяндалған әдістермен зерттейді:
Клиникалық бақылау. Бұл қарапайым және ертеде қалыптасқан әдіс. Жеке бездердің қызметтерінде ауытқулар бездер байқалса онда осы жануарды бақылауға алып организімде сезіген өзгерістерді тіркеп отырады.Жеке бездердің физологиялық маңызы жайлы алғашқы деректер осы әдіспен жинақталған.
Экстипация, немесе бездерді сылап тастау қазіргі кезде операция жасамай ақ бездерді арнаулы химиялық заттар егу арқылы қалқанша безінің, аллоксанегу арқылы – ұйқы безінің аралшықтарын уақытша істен шығарады.
Трнспланттация, немесе бездерді алмастырын отыру. Бұл әдіс үш түрде қолданылады: Алто-, гомо- және гетротрансплантация аутотранспантацияда без өзінің қалыпты орнынан сол организімні басқа бөлігіне аудары отырғызады.
Энтокриндік бездер.сығындысын және гармондар егу сығынды дайындау үшін без ұлпасы майдаланып, езіледі де, әртүрлі ертінділермен шаймаланады.
Паробиоз.немесе екі организімді қосарлау арнаулы операция жасап, бір түрге жататын екі организімнің қан тамырын жалғастыра тігу арқылы ортақ қан айналу жүйесін қалыптастырады. Ішкі секреция бездерін зерттеуде іштен жабысып туған егіздерді бақылау нәтижесінде көптеген мағлұматтар жинақталған.
Ішкі секреция бездеріне келген және олардан ағып шыққан қан құрамындағы гормондарды химиялық және биологиялық әдістерін анықтау. Гормондардың белсенділігін биологиялық әсер бірлігімен есептейді гормон белсенділігі анықталған жануар түрімен байланысты тышқан, егеу құйрық, қоян т.б. бірліктер болады.
Гормондарды химиялық жолмен синтездеу. Бұл әдіс жеке гормондар әсерінің сырын, олардың ықпал ететін нысаны-органдары мен реттейтін процестерін анықтауға мүмкіндік береді қазіргі кезде синтездік жолмен вазопрессин, окситоцин, кортизол, адреналин жыныстық гормондар инсулин алынады.
Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы гормондардың биологиялық синтездеудің құпиясын, олардың оргаизімінде таралуын, өзгерістерін болінер жолдарын анықтайды.
Радиоавтографя әдісі. Малға молекуласында радиоактивті атомы бар гормон егіп, белгілі мерзім өткен соң оның ұлпасынан кесінді алады да одан жұқа қиынды дайындайды, бұл қйындыны радиоактивті сәулеге сезімтал фотографиялық Эмульцияға салады өңделген пленкада гормон шоғырланған жерлерде қара дақ байқалады. Осы әдісті қолдану арқылы гипопиздің артқы бөлігінен бөлінетін вазопрессин және окситоцин гормондарының гипоталамустың неросекрециялық торшаларында түзіліп аксондар арқылы гипопизге өтетіні анықталған.
Гипофиз, немесе мидың төменгі
қосындысы, ми сыңарларының
Гипофиз барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Құрылысы жағынан ол төрт бөліктен құралған. Олар: 1. туберальдық, 2. алдыңғы, 3. аралық (ортаңғы), 4. нервті , немесе артқы бөліктер.
Туберальдық, алдыңғы және аралық бөліктерді біріктіріп жалпы аденогипофиз деп атайды. Ал нервті бөлік, гипофиз воронкасы және сұр төмпешіктің ортаңғы дөңесін нерогипфиз деген атпен біріктіреді. Құстарда, киттерде, дельфиндерде , пілдерде аралық бөлік болмайды.
Гипофиздің алдыңғы безді бөлігінде үш түрлі торшалар кездеседі. 1) Хромофобтар немесе негізгі торшалар ( нашар бойалады). 2) Базофильдер (сілтілік бояулармен боялады). 3. Ацидофильдер немесе оксифильдер (қышқыл бояулармен боялады). Хромофобтар торшалар қоры болып табылады, гормондар түзбейді, организм жағдайына қарай олар базофилдерге не ацидофильдерге айналып отырады.
Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орын алады, оған әртүрлі функциялар тән. Гипофиз басқа эндокриндік бездердің қызметін реттеуге қатысады, сондықтан оны орталық без деп есептейді. Гипофиз гормондары организмнің негізгі биологиялық процестерін, денедегі зат алмасуды – судың, минералды тұздардың, белогтың, майдың алмасуын реттейді.,
Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөлінеді. Олар екі топқа бөлінеді: Глюкопрогендер және қарапайым протейіндер- полипептитедтер.
Соматотроптық немесе өсу гормоны (СТГ) Бұл гормон таза күйінде 1945 ж Ли, Эванс, Симпсон зерттеулері нәтижесінде бөлінген. Гормонға түліктік өзінділік қасиеті тән. Ірі қара гормонының құрамында 369 макака, маймылы гормонында – 241, адам гормонының құрамында 240 амин қышқылдық қалдық болады. Адам гормоны жалғыз полипептидік тізбектен құралса ірі қара гормоны қос полиптидтік тізбектен құралады.
Адренокортикотроптық гормон (
АКТГ бүйрек түтікшелерінде натрий, хлор және судың қайта сорылуына ықпал етеді, май мен амин қышқылдарынан қанттың түзілуін күшейтіп қандағы қанттың денгейін жоғарылатады. Бұл катаболизмдік әсері бар гормон, организинен азоттың бөлінуін күшейтеді, капилляр қабырғасының өтімділігін төмендетіп, қабынуға қарсы әсер етеді, организмнің әртүрлі қолайсыз әсерлерге бейімделуінде маңызды роль атқарады.
Тиреотроптық гормон (ТТГ) – молекулалық массасы 23-32 мыңға тең гликопротеид тобына жатады, оның құрамында гексоздармен глюкозаның болады. Ол қалқанша бездің қызметін жандандырады. Тиреотроптық гормонның әсерімен қалқанша без фолликулаларының торшалары цилиндр кипіне келіп, фоликулалар ішіндегі коллоидтар сұйылады, олардың мөлшері азайады.
Гонадотроптық гормондар (ГТГ) жұмыс бездерінің өсіп, дамуына әсер етіп, олардың қызметін реттейді, жыныс гормондарының секрециясын күшейтеді, бүкіл организм жағдайына әсер етеді.
Конодотроптық гормондар үш
Фолликуланы жандандырғыш гормон (ФЖГ) аналық бездің дамуын және қызметін реттейді. Оның әсерімен фолликулдер дамып, фоликулалық сұйықтық тузіледі, түйіршікті торшалар көбейіп, оларда аналық гормондар бөлінеді. Еркек малда ФЖГ аталық бездің интерстициальдық ұлпасына, оның аталық жыныс гормонын түзетін Лейдиг торшаларына әсерін тейгізбей, тек аталық жыныс торшаларының көбеюен реттейді
Лютиендеуші гормон (ЛГ) овуляцияны
- жетілген фолликулалардың
жарылуын, жыныс торшасының
аналық безден бөлінуін реттейді.
Бұл гормонның асерімен овуляция
жүрген фолликулде уақытша
ішкі секретцялық қызмет атқаратын
сары денешік түзіледі.
Лютеотроптық гормон (ЛТГ) сары денеде прогестерон гормоннының бөліуінін күшейтіп, желіндеу және суттену процестерін реттейді. Осымен байланысты кейбір зертеушілер бұл гормонды пролактинмен шатастырады.
Пролактин – молекулалық салмағы 24200 полипептид, оған түліктік - түрлік өзінділік қасиет тән. Бұл гормон желіннің қызметіне әсер етеді. Профессор Г.И.Азимов (1935) зерттеулеріне сәйкес, пролактин өздігінен сүттену процесін сүйемелдей алмайды , ол тек басқа гормондармен топтаса асер етеді.
Стресс деген сөз ағылшын тілінен аударғанда организімнің булығу, ширығу жағдайы деген мағна береді. Стресс жайлы ілімді Канада патофизиологы және эндокринологы, Нобель силығының лауреаты Ганс Селье ұсынған бұл ілім ХХ ғасырдағы ең үлкен жаңалық болып табылады.
Дәріс № 14,15
Бұлшық ет пен жүйке физиологиясы. Қозғыш ұлпалардың жалпы сипаттаммасы.
Жоспары:
1. Бұлшық ет физиологиясы
2. Қозу процесінің даму сатылары
3. Ет талшықтарының құрылымы
Жануарлардың қимыл - әрекеті, оның ішкі ағзаларының жұмысы, тыныс алу, ас қорыту, қан айналым, бөлу процестері әр түрлі ет топтарының үйлесімді қызметінің арқасында атқарылады. Жануарлар ағзасында 3 түрлі ет кездеседі, олар: көлденең жолақты еттері, жүректің көлденең жолақты еттері жэне ішкі ағзалардың, қан тамырларының терінің бірыңғай салалы еттері.Қаңка еттері әрқайсысының құрамында 20-60 ет талшықтары бар жеке-жеке ет шоғырларынан құралады. Олар сырт жағынан - перимизиумен, ал әр талшык эндомизиумен қапталады. Пермизий — бұлшык етті не ет талшықтары шоғырын сыртынан жауып коршайтын дәнекер ұлпалы қабык. Сонымен қатар, сырт жағынан тор қабығымен - сарколеммамен қапталған, оның ішінде саркоплазма, еттің жиырылғыш жіпшелері — миофибрилдер және торша қосындылары - саркосомдар мен митохондриялар орналасады.
Информация о работе Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы