Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:20, лекция

Краткое описание

Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтасжеке бөлшегі. Организм – күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен үздіксіз затпен және энергиямен алмасып отырады.Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады.

Оглавление

Жоспары:
1. Организм жайында жалпы түсінік
2. Физологияның басқа ғылымдармен байланысы
3. Физиологияның эволюциясы

Файлы: 1 файл

197449.doc

— 692.00 Кб (Скачать)

 

Сонымен, қазіргі кезде физиология ғылымы қатал шоғырлану про-цесін де, ми қыртысының эртүрлі аймақтарының бір маңыздылыгын да жоққа шығарады. Ми қыртысында нерв орталықтары шоғырланган, бірақ оған жылжымалық, динамикалық сипат тән.

Жоғары дәрежелі нерв қызметін зерттеуде жануарлардың мінез-қылығын бақылау әдісі кең қолданылады. Бірақ бұл әдістің айтарлықтай кемшіліктері болғандықтан, оны басқа әдістермен қатар пайдаланғанда ғана маңызды, дәйекті деректер жинақтауға болады.

Зерттеулерде ми қыртысын тітіркендіру әдісі де кеңінен қолданылады. Ол үшін наркоз берілген малдың миын ашады да, ми қыртысының белгілі аймағына электр тогымен немесе химиялық заттармен әсер етіп, туындаған реакцияларды зерттейді. Осы әдісті қолдану нәтижесінде 1870 жылы Г. Фритч пен Э. Гитциг иттің ми қыртысында қозғағыш аймақтың шоғырланған жерін анықтаған. Кейінірек тітіркендіру әдісін қолдану нәтижесінде басқа жануарлардың ми қыртысындағы қозғағыш аймақтың орналасу ерекшеліктері де анықталған.

Ми қыртысының жеке бөлімдері  мен аймақтарының қызметі жайлы  мағлүматтарды ми қыртысын немесе оның жеке аймақтарын сылып тастау тәсілі арқылы да жинақтауға болады. Операциядан кейін ми қыртысының алынып тасталған аймағымен байланысты қызметтер не жойылады, не бұзылады. Осы тәсілмен ми қыртысының шүйде бөлімімен көру, самай бөлімімен есту қызметтерінің байланысты екені анықталды. Эволюциялық даму сатысында жануар неғүрлым жоғары орналасса, соғүрлым ми қыртысын сылып тастаудың салдары ауырырақ болады.

Тыныштық жағдайда малдың көзін  жауып қойса сирек, биік амплитудалы  тербелістер  байқалады  (альфа-ырғақ).  Малдың  көзі  ашық, сергек  тұрғанда  альфа-ырғақ  жойылып,   жиі,   кіші   амплитудалы  тер-белістер пайда болады (бета-ырғақ).Мал қалғып, ұйқыға көшсе өте

И. М. Сеченовке дейінгі  физиолог ғалымдар рефлексті тек  нерв жүйесінің төменгі бөлімдері қызметімен ғана байланысты деп есептеп келген. Тек И. М. Сеченов қана психикалық әрекеттерді мидың жоғары бәлімдерінің қызметімен байланысты деп санап, оған физиологиялық талдау жасауға алғаш қадам жасады. Ол өзінің 1863 жылы жарық көрген «Ми рефлекстері» атты еңбегімен одан кейінгі жұмыстарында психикалық әрекеттердің негізінде рефлекс жататынын дәлелдеді. Орталық нерв жүйесінде тежелу процесінің орын тәбетінін ашып, мидың рефлекстік күшейіп және әлсіреп отыратын кездерін физиологаялық тұрғыдан негіздеді.

И. М. Сеченов еңбектерін басшылыққа ала отырып, ми физиоло-гиясы жайлы ілімнің негізін И. П. Павлов жасады. Үлкен жарты шарлар қыртысының қызметін зерттеуді И. П. Павлов сілекейдің бөлінуін бақылаудан бастаған. Ол сілекейдің тек мал азық қабылдаған кезде ғана

 

емес, ол азықты көрген, оның иісш сезген, ыдыс-аяқ салдыраған кезде  де бөлінетініне көңіл аударған. Бұл құбылысты ол «психикалық секреция» деп атап, оған рефлекстік сипат тән екенін дәлелдеген. И. П. Павлов психикалық секрецияның тым өзғергіштігін бір жағдайда байқалып, басқа жағдайда жойылып кететінін бақылаған. Сол себепті мүндай рефлекстерді И. П. Павлов шартты рефлекс деп атаған. Шартты рефлекстерді зерттей келе И. П. Павлов оларды үлкен ми жарты шарлары әрекетінің нәтижесі деп санаған. И. П. Павлов пен оның шәкірттерінің еңбектері нәтижесінде шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстер негізінде қалыптасатыны дәлелденді.

Шартты  рефлекстің ең қарапайым түрі-бірінші реттік шартты ре-флекс болып табылады. Шартты рефлекстің бұл түрі шартсыз рефлекс негізінде пайда болады. Бұл жағдайда шартты тітіркендіргіш сигналдан кейін (мысалы, қоңырау даусы) бірден шартсыз тітіркендіргіш (азық т.б.) әсер етеді.

Бірінші реттік рефлекстер табиғатта ете кең тараған. Олар жануарлардың табиги шартты рефлекторлық әрекетін сипаттайды. Мұндай жағдайда шартты сигаалдан кейін организмге тікелей шартсыз тітіркендіргіш әсер етіп отырады. Көп жағдайда шартты сигналдар шартсыз тітіркендіргіштің болашақ тікелей әсерін хабарламай, тітіркендіргіштер жиынтығының алғашқы буыны болып шығады да, тек соңғы сигналдан кейін ғана организмге шартсыз тітіркендіргіш әсер етеді. Мүндай рефлекстер жоғары реттік шартты рефлекстер деп аталады.

Жоғары сатыда дамыған  жануарларда үшінші реттік, маймылда төртінші реттік, адамдарда — жетінші-тоғызыншы реттік шарттырефлекстер қалыптастыруға болады. Шартты рефлекс реті жоғарылаған сайын оның жасырын кезеңі ұзара түседі де, күші азаяды.

Шартты жэне шартсыз  тітіркендіргіштер арасындағы уақытша  байланыс сипатына қарай шартты рефлекстер қапталдасқан ж»не үздік болып бөлінеді. Қапталдасқан шартты рефлекстер қарапайым келеді де, оңайырақ қалыптасады. Бұл рефлекстерді қалыптастырғанда шартсыз тітіркендіргішке шартты тітіркендіргіш қапталдаса қатар әсер етеді. Бұл жағдайда уақытша байланыс орталық нерв жүйесінде қатар қозған екі орталық арасында пайда болады.

Жоғары дәрежелі нерв қызметінің типтері деп нерв жүйесінің жеке малдарға тән қасиеттерінің жиынтығын айтады. И.П. Павлов ілімі жоғары дэрежелі нерв қызметінің жекеше сипаттары қозу мен тежелу процестерінің пайда болып, даму ерекшеліктеріне байланысты. Бір текті тітіркендіргіштер тіркесіне бір түлік мал өкілдері негізінен бірдей реакциямен жауап қайтарады. Дегенмен мұқият бақылағанда әрбір малдың тек өзіне ғана тән ерекшеліктері болатынын байқауға болады. Мысалы, бір атқорада бағылатын жылқылардың жылқышының жем үлестірер кезіндегі

 

әрекеттеріне реакциялары әртүрлі келеді: бір жылқы тыныш тұрса, екіншісі жерді тарпып, осқырады, үшіншісі бір орында тұра алмай, әрлі-берлі қозғала бастайды. т.с.с. Мал реакциясындағы бұл ерекшеліктер оның нерв жүйесінің қасиеттерімен байланысты. Өз кезегінде нерв жүйесінің қасиеттері ОНЖ-де пайда болатын қозу жэне тежелу процестерінің ара қатынасына сәйкес қалыптасады. Әр малда қозу жэне тежелу процестері бір деңгейде қалыптаспайды. Олар күшімен, теңдестігімен және жылжымалылығымен ерекшеленеді. Аталған нервтік процестердің ара қатынасындағы өзгешеліктер жоғары дәрежелі нерв қызметінің типтік ерекшеліктерінің негізіне алынады.

Нервтік процестердің жылжымалылығы қозу мен тежелудің бірін-бірі алмастыру жылдамдығымен сипатталады. Бұл қасиетпен сыртқы орта жағдайына байланысты жануардың мінез-қылығының өзгеру шап-шаңдығы байланысты. Нервтік процестер жылжымалы (лабильді) немесе инертті (тоқыраңқы) болуы мүмкін. Нервтік процестердің жылжымалылығы жоғары болса, жануар сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына шапшаң бейімделеді.

Нервтік процестердің жылжымалылығы  тек нерв торшаларының құрылым ерекшеліктері мен қасиеттеріне ғана емес, вегетативтік нерв жүйесінің тонусына, гуморальдық реттеу механизмдерінің деңгейіне байланысты.

Этология — жануарларының  мінез-қылығының биологиялық зандылықтарын  зерттейтін ғылым саласы «Этология» деген атау грек тілінен алынған, мінез-қылық деген мағына береді. Ал м і н е з -қылық деп  жануардың тіршілік ортасымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін атқаратын қимыл-әрекетінің жиынтығын айтады.

Этологая ғылым саласы ретінде 1930—1950 жылдар аралығында австрия  ғалымы К. Лоренц, голландия ғалымы Н. Тинберген, т.б. ғалымдардың зерттеулері нэтижесінде қалыптаса бастады. Классикалық этологияның негізін инстинктер мен олардың эволюциясын, жеке түрлердің мінез-қылығының қалыптасуындағы тұқым қуалаушылық пен орта жағдайының өзара әрекеттестігін зерттеуге арналған зоологтар еңбектері құраған. Этология зоология мен эволюциялық ілім негізінде пайда болып, физиология, экология, генетика және мінез-қылық ге-нетикасымен тығыз байланыс түзген. Этология негізінен табиғи, туа біткен мінез-қылықтар мен инстинктерді, олардың дамуын (эволюциясын) зерттейді.

Этологая  мінез-қылықты жануарлардың сыртқы ортамен көп қырлы әрекеттесуінің бейнесі деп санайды. Этология мінез-қылықтың туа біткен құрамаларын зерттейді, организмнің түрлі реакцияларының сыртқы көрінісін анықтайды. Ал физиология жануарлардың мінез-қылығын қамтамасыз ететін ми қызметінің нервтік механизмін зерттейді. Осымен

 

байланысты  бұл екі пән бірін-бірі толықтырып, мінез-қылықтың туа біткен және жүре пайда болған түрлерінің нақты нервтік механизмін ашады.

Мінез-қылық түрлері. Мінез-қылыққа жеке дарақ көрсететін кез келген белсенділік жатады. Мінез-қылықты сипаттау мақсатында Л.В. Крушинский (1960) «Унитарлық (түтас) реакция» және мінез-қылықтың биологиялық түрлері секілді екі түсінік ұсынды.

Унитарлық (тұтас) реакция шартты жэне шартсыз рефлекстердің бірігуі негізінде қалыптасатын мінез-қылықтың біртұтас актысы. Бұл акт жеке бейімделу әрекетін қамтамасыз етуге бағытталады, мінез-қылықтың қарапайым бөлшегі болып табылады. Ол белгілі бір үлгімен орындалады. Унитарлық реакция үш компоненттен тұрады: 1. инстинкт, немесе әр түрлі күрделіктегі шартсыз рефлекстер жиынтығы; 2. үйрену; 3. пайымдау әрекеті. Әрекетті атқаруда аталған компоненттердің үлестік ара қатынастары әртүрлі болуы мүмкін. Олардың ішінде шартсыз рефлекстер ұрпақтар жинақтаған тәжірибені пайдалануды, ал үйрену (шартты рефлекстер) және пайымдау әрекеті организмнің нақты жағдайдағы ең тиімді реакциясын қамтамасыз етеді, икемділіктің негізі болып табылады.

Жеке унитарлық реакцияларды біріктіру нәтижесінде мінез-қылықтың биологаялық түрлері: қоректік, бағдарлау, жыныстық, ата-аналық жүзеге асады. Аталған көп актылы мінез-қылық организмнің биологиялық қажеттілігін, мұқтаждығын қамтамасыз етеді.

Туа біткен бейімделу әрекетін таксис, рефлекс және инстинкт сияқты реакциялар құрайды. Жүре қалыптасқан әрекеттерге үйрену мен ойлау жатады.

Таксис — төменгі сатыдағы жануарларға тән организм мен сыртқы орта қатынасын қамтамасыз ететін әрекеттің қарапайым түрі. Эволю-цияның келесі сатысында таксистің маңызы төмендеп, оны бейімделу механизмінің әлдеқайда жетілген түрлері алмастырады. Таксистер ор-таның кейбір факторларына бағытталу, бағдарлану болып табылады. Бір жағдайда таксис әсерге автоматты жауап ретінде қайырылған жәй қозғалыс — қимыл түрінде бейнеленеді, ал басқа бір жағдайда ол күрделі әрекеттің бір элементі болып табылады.

Рефлекс те бейімделу әрекетінің бір түрі болып таблады. Бұл жерде шартсыз рефлекторлық реакция жануарлар дүниесіндегі бейімделудің негізгі түрі болып қаралады.

Инстинкт — туа  біткен мінез-қылықтың жоғары, күрделі  түрі. Ол организмдердің сыртқы жэне ішкі тітіркендіргіштер өзгерістеріне жауап ретінде, тарихи даму барысында туа пайда болған күрделі мінез-қылықтық әрекеті, ол сол түрдің нақты тіршілік жағдайларына бейімделу формасы. Сондықтан инстинкт ортаның белгілі жағдайларында түрдің сақталуын және дамуын қамтамасыз етеді. Айта кетер жайт, тек тіршіліктің алғашқы сатыларында ғана шартсыз рефлекторлық реакциялар таза күйінде кездеседі, кейінірек оларға көптеген шартты рефлекстер қабаттасып кетеді.

 

 

Дәріс № 24,25

Суттену (лактация) физиологиясы. Сүттену туралы түсінік. Желіннің өсуі мен дамып жетілуі.

 Жоспары:

1. Сүттену кезеңдері

2. Желіннің  өсіп-дамуы

3. Желіннің жалпы құрылысы

4. Сүттің құрамы  мен қасиеттері

   Сүттену (лактация) деп сүттің түзілуін, жиналуын және желіннен мезгіл-мезгіл бөлінуін айтады. Лактация деген латын сөзі, қазақ тіліне ударғанда сүт бөлу, емізу деген мағына береді. Бұл процесс желіннің күрделі қызметінің арқасында атқарылады, сондықтан желін сүт қоректі жануарлардың негізгі белгілерінің бірі.Онда жаңа туған төлдің жалғыз ғана қорегі болып табылатын сұйық зат – сүт түзіледі. Сүттің құрамында организмнің өсіп-дамуына қажетті қоректік заттардың барлығы болады, сондықтан ол адам үшін де таптырмайтын азық болып саналады.

   Сүттену – күрделі физиологиялық процесс. Ол бүкіл организмнің көптеген функциональдық жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тынысалу т.б.) үйлесімді әрекетінің арқасында атқарылады. Осымен байланысты малдың сүттілігітек желінмен ғана емес, басқа да функциональдық жүйелердің даму деңгейімен байланысты. Мәселен, 1 л сүт түзілу үшін желін тамырларынан 500 л қан өту керек.

   Малдың сүттеніп, сүт бөлу мерзімін сүттену кезеңі деп атайды. Жабайы аңдарда сүттнеу кезеңі ұзаққа созылмай, төлді емізу мерзімімен шектеледі. Әртүрлі жануарларда оның ауытқулары әртүрлі.Мысалы, майда кемірушілерде бұл кезең 10-20 күнге созылса, кашолоттарда 25 айға  жетеді. Малда сүттену кезеңінің ұзақтығы тек қана төлді өсірумен байланысты емес, ол шаруашылық талаптарына сәйкес өзгереді. Мәселен, сиырда сүттену кезеңінің оптимальды ұзақтығы жылына 3058, ешкіде – 2401-300, түйеде -300, қойда -120-150, биеде -180-210, мегежінде – 60 күн. Қолдан сұрыптау, мақсаттық селекциялық жұмыстар арқылы малдың сүттілігін арттырып, мол өнімді мал тұқымдарын өсіруге мүмкіндік бар.

  елін –денеде симметриялы орналасқан орган. Ол тері туындысы болып саналады.Мегежінде, итте, мысық пен қоянда сүт бездері үйектің екі жағында, құрсақтың астыңғы бетінде орналасады. Сиырда, биеде, қой-ешкіде, қодаста желін құрсақтың астыңғы жағында, шаптың арасында орналасады.

   Сүт безінің алғашқы белгілері эмбриональдық даму кезеңінде байқалады. Без екі жыныс өкілдерінде де эктодермадан (ұрпықтың сыртқы қатпаршағынан) дамиды. 

ПОСТНАТАЛЬДЫҚ МАММОГЕНЕЗ. Туар алдында ұрғашы бұзаулардың сүт бездерінде өзектер мен цистерналар анық байқалады. Болашақ паренхима орынында май ұлпасы пайда болады. Бұл кезде байлам аппараттары мен бөлім аралық перделер анық біліне бастайды. Жыныстық жетілуге дейін без айтарлықтай дамымайды, тек қана оның мөлшері май мен борпылдақ дәнекер ұлпалардың жинақталуы нәтижесінде аз ғана үлкейеді. Бұл кезде өзектері көп тармақталмаған .

Информация о работе Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы