Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:20, лекция

Краткое описание

Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтасжеке бөлшегі. Организм – күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен үздіксіз затпен және энергиямен алмасып отырады.Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады.

Оглавление

Жоспары:
1. Организм жайында жалпы түсінік
2. Физологияның басқа ғылымдармен байланысы
3. Физиологияның эволюциясы

Файлы: 1 файл

197449.doc

— 692.00 Кб (Скачать)

   Жүрек еттерiнiң жиырылуы- систола, босаңсуы- диастола, одан соң жалпы ұзiлiс- пауза деп аталады. Систола диастола, пауза жүрек циклiн құрайды. Жүректiң бiр толық айналымында төрт кезең байқалады. Олардың екеуi систолалық, екеуi- диастолалық кезең.

Ширығу кезеңi, ұзақтығы- 0,08сек.

А) асинхронды жиырылу  сатысы- 0,05с.

Б) изометриялық жиырылу  сатысы- 0,03с.

Қанды қуу кезеңi- 0,25сек.

А) Қан қуудың пәрмендi сатысы- 0,12сек

Б) Қан қуудың баяу сатысы- 0,13сек

         Диастолалық кезең

Босаңсу кезеңi- 0,12сек

А) протодиастола сатысы- 0,08сек

Б) баяу стаысы- 0,27сек

В) пресистола.

  Сонымен, жүрекше еттер жүректiң бiр толық айналымында(0,8сек), жүрекше  еттерi- 0,1сек, ал қарынша еттерi-0,3сек жұмыс iстейдi, басқа кезде дем алады. Осының арқасында ғана жүрек ұзақ уақыт тынымсыз, шаршамай қызмет жасайды.

   Жүрек қағуы- адам мен итте кеуденi жүрек ұш жағымен қақса, малда- бұйiр бетiмен қағады. Адамда минутына-70-80рет, ал жылқыда-32-42рет, сиырда-60-80, түйеде-32-56рет қағады.

   Жүрек жұмысы кезiнде дүбiр(тоны сердца) пайда болады. Оларды тыңдау (аускультация) әдiсiмен стетоскон, не фонендоскоп арқылы зертейдi. Бұл дыбыстың пайда болуы жүрек қақпақшаларының қызметiне байланысты.

   Жүрек еттерi жиырылған кезде қолқа мен өкпе артериясына белгiлi мөлшерде қан қуылады. Қарыншалардан систола кезiнде өтетiн қанның мөлшерiн систолалық сиымдылық деп атайды. Оның мөлшерi адамда 70-80мл, ал жылқы мен iрi қарада 500-600мл, қой ешкiде-70мл тең.

   Жүректен бiр минутта өтетiн қанның мөлшерiн жүректiң минуттық сиымдылығы деп атайды. Мысалы, адамда 5-6л, жылқыда –20-30л, iрi қарада-40-50л тең.

    Жүректiң минуттық сиымдылығы адамның жасына, шынығуына байланысты болады.

     ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТlНlҢ РЕТТЕЛУl

    Жүрек қызметiн реттейтiн механизмдердi үш топқа бөледi.

Клеткалық немесе интерацеллюлярлық  реттеу механизмi. Бұл механизмдi жүрек еттерiнiң әрбiр клеткаларының генетикалық аппараттары, органелдерi, иондық- мембраналық тетiктерi, ферменттiк жүйелерi тұзедi. Миокард клеткаларындағы қозу мен жиырылу процестерiнiң пайда болуын, олардың ара байланыстарын, энергия және пластикалық алмасуларды қамтамасыз етедi.

Интеракардиалдық (ағзалық) реттелу. Жүректегi интерамуральды нерв тұйiндерi жүрекшелер мен жүрекше аралық пердеде, қарынша еттерiнiң жоғарғы бөлiктерiнде орналасқан. Жүректiң нейрондары Ұшiнда орналасқан рецепторлар жүрек етiндегi механикалық және жүрек қуысындағы гидродинамикалық өзгерiстердi қабылдап аралық нейрондарға, қозғалтқыш нейрондарға жеткiзiп отырады, содан рефлекс арқылы жүрек қызметiнде өзгерiстер тудырады.

3. Жүректен тыс (экстракардиалық) реттелуi. Нервтi- рефлекторлы және гуморальды механизмдер арқылы iске асады.

   Жүрек қызметiн реттейтiн орталық сопақша мида орналасқан арнаулы рефлекторлы жолмен симпатикалық және кезеген нервтер арқылы реттейдi.

   Кезеген нерв жүрек жұмысына терiс әсер етедi: ырғағы баяулайды(терiс хронотроптық әсер), жүрек еттерiнiң жиырылу күшi әлсiрейдi(терiс инотропты), қозғыштығы төмендейдi(терiс батмотропты әсер), өткiзу жылдамдығы азаяды(терiс дромотропты әсер), жүрек етiнiң тонусы төмендейдi(терiс тонотропты әсер).

   Симпатикалық  нервтiң жүрекке әсерiн орыс ғалымы Цион (1865), кейiнiрек И.П.Павлов (1887) ашты. Жоғарыда аталған терiс әсерлер, симпатикалық нерв оң әсер етедi: ырғағы, күшi, өткiзгiштiгi, қозғыштығы, тонусы жоғарылайды.

   Қалыпты жағдайда  парасимпатикалық және симпатикалық  нерв орталықтарының арасында  тығыз байланыс қалыптасқан. Брадикардия- жүрек жұмысының баяулауы, бұл кезеген нервтiң тонусы Ұзақ уақыт күшейсе, ал кезеген нервтiң тонусы әлсiресе жүрек жұмысы жиiлейдi, мұны тахикардия деп атайды.

     Жүрек қызметiнiң гуморальды реттелуi қан мен лимфа құрамындағы түрлi биологиялық белсендi заттардың әсерiмен жүредi.

    Медиаторлар-  ацетилхолин баяулатады, симпатин- жүрек жұмысын ұдетедi.

  Гормондар- адреналин,  тироксин, глюкогон жүрек жұмысын жақсартады. Калий, калций, натрий иондары жүрек жұмысына әсер етедi. Кальций жүрек еттерiнiң қозғыштығын жоғарылатып,  жүрек жұмысын күшейтедi, ал калий иондары керiсiнше төмендетедi.

Дәріс  тақырыбына сәйкес бақылау сұрақтары;

Қан айналым шеңберлерiн  атаңыз.

Жүректiң құрылысы,жүрек қақпақшалары.

Жүрек етiнiң құрылым ерекшелiктерi және физиологиялық қасиеттерiне сипаттама берiңiз.

Жүрек биотогы

Жүрек циклi ,кезеңдерiн атаңыз.

Жүрек жұмысын реттейтiн механизмдердi атаңыз.Интеракардиалдық және экстракардиалдық реттеу механизмдерi.

Жүректiң систолалық ,минуттық көлемi дегенiмiз не.

Жүрек жұмысына гармондардың әсерi.

 

 

Дәріс тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі.

  1. Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы. Оқулық, 1-том.Алматы, «Қайнар», 1995 ж.,2-том, Алматы, «Қайнар», 1996 ж.
  2. Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы. Оқулық, Алматы, «Ғылым», 2005 ж.

 

 

Дәріс Қан айналым желісі және оның ағзадағы маңызы.

 

Жоспары:

 

1.Қанның ағу себептерi.

2.Қан қысымы  және оған әсер ететiн факторлар.

3.Артерия мен веналардың соғуы.

4.Қан ағысының  жылдамдығы.

5.Қан айналуын реттеу.

6. Лимфа сұйықтығы  және оның маңызы.

 

 

Қанның қан  тамырларымен ағуының себептерiн, заңдылықтарын және механизмiн зерттейтiн iлiмдi гемодинамика деп атайды.

  Гемодинамика  заңдылықтары бойынша тамырдан  өтетiн қанның мөлшерi мен жылдамдығы  екi себепке- тамырдың басы мен соңындағы қысым айырмасына және гидродинамикалық кедергiге, қан тамырлары арнасының мөлшерiне, қанның тұтқырлығына және ағу сипатына қарай өзгерiп отырады.

 

Q=P1-P2/R

Қан тамырлары  атқаратын қызметiне қарай амортизациялық, кедергiлiк ,сфинктерлiк алмасу, сиымдылық және шунттық болып бөлiнедi.

Амортизациялық  тамырлар деп-қанның бiр қалыпты тоқтаусыз жылжуын қамтамасыз ететiн ең iрi магистралдiк артерияларды айтады.

Кедергiлiк (резистивтiк) тамырлар, прекапиллярлық және посткапиллярлық болып бөлiнедi. Осы пре- және посткапилярлық тамырлардағы тонустық мөлшерiне қарай капиллярлардағы гидростатикалық және фильтрациялық қысым деңгейi және тамыр ұлпа арасындағы алмасу қарқыны қалыптасады. Шеткi кедергiлер осы тамырларға байланысты.

Сфинктерлiк тамырлар- (қысқыш) тамырларға прекапилярлық артериолдардың соңғы бөлiмдерi жатады. Олардың жиырылуы не босаңсуы нәтижесiнде қызметке қосылатын капиллярлар саны, алмасу кеңiстiгiнiң мөлшерi өзгерiп отырады.

Алмасу  тамырлары  деп- нағыз капиллярларды айтады. Капиллярлар қабырғасы арқылы қан мен Ұлпа арасындағы зат алмасу процесi жүредi.

   Сиымдылық тамырларына –вена бөлiмi жатады. Олар бүкiл денедегi қанның 2/3 бөлiгiн сидыра алады.

Шунттық тамырларға- капиллярларға жетпей артерия мен вена тамырларын жалғастыратын анастомоздар жатады. Бұл тамырлар жұмысқа қосылғанда капиллярлар арқылы өтетiн қанның мөлшерi күрт төмендейдi не тоқтайды.

Денедегi капиллярлардың жалпы  саны жүздеген миллион, сондықтан жеке капиллярлар ұзындығы 0,3-0,7 мм, диаметрi 5-20 мкм болғанымен, олардың жалпы ұзындығы 100 мың км-ге жетедi, бұл дегенiмiз жер экваторының ұзындығынан 2,5 есе көп.

Жүректiң   қанға  беретiн  потенциалдық энергиясы, қан қысымы. Жүректен тамыр алыстаған сайын қысым төмендейдi.

       Мысалы, Қолқа тамырында – 150-180мм с.б.

                     Артерияда-110-120мм с.б.

                     Артериалдарға-50

                     Капиллярларға-20-40

                     Веналарға-10-15ммс.б.

                     lрi веналарға-0 тең.

  Жүрек жиырылғанда пайда  болатын қысым систолалық немесе максимальдық қысым, ал диастола кезiндегi қысым- диастолалық немесе төменгi қысым дейдi. Екеуiнiң айырмашылығын пульстық қысым деп атайды.

   Қан қысымының  деңгейi көптеген факторларға байланысты(адам  жасына, салмағына, малдың өнiмдiлiгiне, физиологиялық күйiне) өзгередi.

   Қанның  ағуына қан қысымы мен қатар  тамыр қабырғаларының серпiмдiлiгi, капиллярлар қабырғасында жиырылғыш  Руже клеткаларының болуы, вена қабырғаларында қақпақшалардың болуы, қаңқа бұлшық еттерiнiң жиырылуы, кеуде қуысындағы терiс қысым әсер етедi. Артералдық пульс- артерия қабырғаларының тербелiсi. Сфигмограмма- артериялардың соғуын бейнелейтiн қисық сызық, ол екi бөлiктен тұрады:

Анокрота- көтерiлген бөлiгi

Катакрота-төмендеген бөлi

 

Веналық пульс- жүрекке жақын орналасқан вена қабырғаларының соғуы. Алынған қисық флебограмма дейдi, онда үш толқын байқалады

А- толқыны-жүрекшелер жиырылған кезде,

С-толқыны- қарыншалар жиырылғанда

V- толқыны- веналарды қанның iркiлiп, олардың қабырғасының керiлуiмен байланысты.

 

 

   Қан ағысының  екi түрлi жылдамдығын ажыратады: көлемдiк және сызықтық.

   Көлемдiк жылдамдық деп белгiлi бiр уақыт iшiнде қан тамырлары арқылы өткен жолын айтады(ол мл/с мөлшерiмен өлшенедi)

    Сызықтық  жылдамдық деп қанның белгiлi бiр бiр уақыт iшiнде өткен жолын айтады.(мм/с).

    Қан  ағысының сызықтық  жылдамдығы  тамырлардың көлденең қиындысына  керi пропорционалды.

    Қанның  толық айналым мерзiмi деп қанның  белгiлi бiр мөлшерiнiң ұлкен және кiшi қан айналу шеңберлерiнен өтуiне қажет уақыты айтады( 22-24с).

     Қанның  бiр бағытта ағуына әсер ететiн  себептер:

Жүрек жұмысы.

Қан қысымының  айырмашылығы

Қан тамырларының қабырғасының серпiмдiлiгi.

Капиллярлар қабырғасында жиырылғыш Руже клеткаларының болуы.

Вена қабырғаларында қақпақшаларының болуы.

Қаңқа еттерiнiң  жиырылуы.

Көкiрек қуысындағы терiс қысымның ықпалы.

Тамырлар арнасының  реттелуi.   Тамырлар арнасын реттейтiн  орталық сопақша мидың IV

қарыншасының  түбiнде орналасатынын 1871жылы В.Ф.Овсянников дәлелдедi. Орталық прессорлық және депрессорлық бөлiктерден тұрады. Прессорлық бөлiктi тiтiркендiргенде артериялар арнасы тарылып, қан қысымы жоғарылайды.

    Симпатикалық  нерв (Вольтер, 1842ж) талшықтары қан  тамырларын тарлытады, вазоконстриктерлер, ал парасимпатикалық нервтер қан тамырларын кеңейтiп, вазоилаторларға жатады.

     Сонымен  қатар қан тамырлары арнасын  реттейтiн екiншi дәрежелi орталық  жұлының кеуде бөлiгiнде орналасады.

      Ми қыртысындағы орталықтар қан айналу жүйесi қызметiнiң сыртқы орта жағдайларына қарай өзгеруiн қамтамасыз етедi.

      Қан тамырларының арнасын реттеуге  қан құрамындағы түрлi химиялық  заттарда әсер етедi. Мысалы: адреналин,  вазопрессин гормондары тамырларды  тарылтып, қан қысымын көтередi. Тамырларды кеңейтетiн заттарға- ацетилхолин, гистамин, брадикинин, АУФ т.б. жатады.

     Қан  айналымы рефлекторлы түрдеде  реттеледi. Бұған әсер ететiн рефлексогендiк  аймақтар. Рефлексогендiк аймақтар- қан тамырларының сезiмтал нерв  Ұштары жинақталған аймақтарды атайды. Олар қолқа, синокаротид және Бейнбридж аймақтары.

    Қолқаның  рецепторлық аймағы депрессор  нервнiң сезiмтал ұштарынан құралған. Егер қолқа тамырында қысым  жоғарыласа онда жүрек жұмысы  баяулап, тамыр қабырғасы керiлiп  қысым төмендейдi.

     Синкаротид  аймағының барорецепторлы қысымының  жоғарылауына байланысты тiтiркенсе, жүрек жұмысы баяулап, қан тамырлары  кеңидi де, қысым төмендейдi.

    Бейнбридж  аймағы- қуыс веналар сағасында  орналасқан сезiмтал нерв ұштары  құрайды. Егерде жүрекке қан көбiрек араласа, жүрекшелермен қуыс веналар керiлiп, олардың қабырғасында орналасқан барорецепторлар тiтiркенедi де, рефлекторлы тұрде жүрек жұмысы жиiлеп, қан тезiрек артерияларға қуылады.

Лимфа жүйесi- ұлпа аралық сұйықтық құрамындағы су, тұз, белок, липид алмасу кезiнде пайда болған әртүрлi заттардың микроб, т.б. заттардың вена жүйесiне өтуiн қамтамасыз етуi. Лимфа организмнiң iшкi ортасын қанмен байланыстырады.

   Лимфаның  негiзгi қасиетi- белоктарды ұлпа  аралық қуыстан қанға қайтару.  Ол организмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорыту, зат алмасу процестерiнде маңызды роль атқарады.

   Лимфа  жүйесi лимфа тамырларынан, лимфа  түйiндерiнен, көкiрек және мойын  өзектерiнен тұрады.

   Лимфа  тамырларының қабырғасы 3 қабықтан  тұрады, қақпақшалары болады.

   

   Химиялық  құрамы жағынан қан плазмасына  ұқсас. Құрамындағы минерал тұздар  мен органикалық қосылыстардың  мөлшерiде қан плазмасындағыдай, бiрақ белок мөлшерi аз-0,3-0,5 %.

    Лимфа  құрамында фибриноген аздау, тромбоциттер  мүлдем жоқ. Сондықтан лимфа,  өте баяу ұйиды(10-15мин). Лимфада өте ұсақ (хиломикрондар) липидтер, гормондар(адреналин, тироксин), ферменттер(амилаза, мальтоза, липаза, протеаза) және лимфоциттер мен лейкоциттердiң басқа тұрлерi болады.

   Адам  денесiнде қанша лимфа бар екенi белгiсiз. И.Русньяковтың мәлiметi бойынша лимфа тамырларында 1-2литр лимфа бар, ал кейбiреулер лимфаны қан көлемiнен бiрдей деп санайды.

Информация о работе Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы