Тауартану және тауар айналымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 08:29, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономикада өндірістің пайдалылығы және рентабельділігі көбінесе шығарылған тауарлардың бәсеке қабілеттілігіне және дайын өнімнің өткізілуіне, бөлемдер мен қызметкерлердің, жұмысшыларының біліктілігіне байланысты. «Тауартанудың теориялық негіздері» курсы тауарлардың өндірісін, жіктелуін, қасиеттері мен сапасын, маркілеуін, сақтау және тасымалдау шарттарын қарастырады. Бұл білімдер маркетологтарға тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз ету және осындай қажет тауарларды шығару үрдістерімен байланысты білікті түрде қарастыруға көмектеседі.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
I-тарау Тауартанудың пәні, мақсаты мен міндеттері..................................4
1.1 Тауартанудың пәні және мазмұны...........................4
1.2 Тауартанудың принциптері...................................................................5
1.3 Тауартанудың даму эволюциясы................................6

ІІ-тарау Тауартану іс-әрекетінің объектілері мен субъектілері..............7
2.1 Тауартану іс-әрекетінің объектілері................................................................7
2.2 Тауартану іс-әрекетінің субъектілері...........................................8
2.3 Тауартануда қолданылатын әдістер жіктелімі........................................9

ІІІ-тарау Сауда кәсіпорынның тауар айналымы....................................................11
3.1 Кәсіпорынның тауар қорлары.............................................................................14
3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру.....................................................................32
Қорытынды......................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................40

Файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ Тымбаева Д.Т. Тауар айналамы.doc

— 325.00 Кб (Скачать)

жоспарланады және есепке алынады. Абсолютті көрсеткіштер құндық (ақшалай) және

натуралды бірліктерде көрініс табады. Олар түгендеу жүргізу кезінде қолданылады.

Абсолютті көрсеткіштердің басты кемшілігі бұл тауар айналымының қалыптасуына

қажетті тауар қорларының мөлшерін анықтау мүмкіндігінің болмауы. Сол себепті

салыстырмалы көрсеткіштер кең тараған. Олар қорларының мөлшерін кәсіпорынның

тауар айналымымен жақындастыруға мүмкіндік береді.

Тауар айналымының уақыт пен жылдамдығы арасында тұрақты кері пропорционалды

тәуелділік  бар. Уақыттың азаюуы мен тауар айналымы жылдамдығының өсуі тауар

қорларының  аз мөлшерінде тауар айналымының  мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл, өз кезегінде, тауар шығындарының төмендеуіне  және т.с.с. ықпал етеді.

Тауар қорларының деңгейі, мөлшері және тауар айналымдылығы өзара байланысты

көрсеткіштер  болып табылады және кәсіпорынның сыртқы жәнне ішкі орта факторлардан тәуелді:

- өнеркәсіптік  және ауылшаруашылық кәсіпорындарының  өндіріс көлемі мен өнім

сапасы;

- өндірістің  маусымдылығы;

- импорт көлемі;

- ассортименттің  жаңаруы;

- сұранымның  өзгеруі;

- көтерме және  бөлшек сауда арасындағы қорлардың  бөлінуі;

- жеткізу жиілігін  және сақталу мерзімін анықтайтытын  тауардың физико-химиялық

қасиеттері;

- нақты тауар  мен тауар топптарына сұраным  мен ұсынымның арақатынасы және баға

деңгейі;

- нақты кәсіпорынның  тауар айналымының көлемі мен  құрылымы және т.с.с.

Аталған факторлардың өзгерісі тауар қорлары мен тауар  айналымдылығының

мөлшеріне әсер ету мүмкін.

 

3. Тауар қорларын есепке алу  және сараптау әдістері

Сауда кәсіпорындарында тауар қорларын есепке алу және тауардың, әдетте, үш әдісі

қолданылады:

  • түгендеу, яғни барлық тауарларды түгел есептеу. Натуралды көріністе алынған

мәлііметтер ағымдық  бағамен бағаланып, тауар топтары  бойынша жалпы сомасы

шығарылады. Алайда, бұл әдістің кемшілігі еңбексыйымды және тиімсіз болып

келеді, өйткені  түгендеу жүргізу кезінде, әдетте, кәсіпорын  өз қызметін уақытша

тоқтатады;

  • оперативті есеп, яғни жауапты адамдар тауар есебінің мәліметтері бойынша нақты тауарлардың бар екендігін тексереді. Алайда,мұнда тауарлардың орнына олардың орындары (жәшік, рулон, қапшық және т.б.) есептелінеді. Содан кейін тиісті нормаларға сәйкес қайта есептеу жүргізіледі, тауарлар саны анықталады және ағымдағы баға бойынша бағаланады. Аталмыш әдістің кемішілігі бұл түгендеуге қарағанда нақтылығы шамалы;

 

Тақырып 6. Дүкендегі оперативті процестер

 

1. Оперативті процестің мәні

  Дүкендегі оперативті процестер бұл өзара тығыз байанысты сауда және

технологиялық процестердің жиынтығы. Олардың мақсаты уақыт пен шығындарды аз

жұмсай отырып, тұтынушыларға кең ассортиментте  және тиісті сапада тауарларды

жеткізу болып  табылады.

  Сауда процесі құн формасының өзгеруін қамтамасыз етеді. Еңбек заты боп тек тауар

ғана емес, сондай-ақ сатып алушы да болып саналады. Ол тұтынушыға дейін тауарды

жеткізумен  қатар, халықтың сұранысын зерттеу, ассортиментті қалыптастыру және тауар

жарнамасын  жасауын да қамтиды. Сауда процесінің құрылымы бұл әр түрлі

операцияларды жүзеге асыру тізбектілігі. Сауда  процесінің құрылымы дүкенннің

шаруашылық  дербестігінің деңгейінен, сату формасынан, дүкеннің түрі мен типінен

тәуелді.

   Технологиялық процесті деп тауарлар ағымын қалыптасуын қамтамасыз етілуін

айтады. Бұл  процесс дүкенге тауардың келіп  түсуінен бастап, оны сатуға толық  дайын

болуына дейін  қамтиды. Оның құрамына тауарларды саны мен сапасы бойынша

қабылдау, сақтау, буып түю, орама, орын ауыстыру, орынлдарына  орналастыру сияқты операциялар кіреді. Әдетте, олар сатып алушының қатысуынсыз - ақ жүзеге асырылады.

 

2. Процестерді ұйымдастыру принциптері

Оперативті  процестерді ұйымдастыру принциптеріне  мыналар жатқызылады:

- тауарларды  сатудың оптималды варианттарын  жасауда кешенді амалдармен

қамтамасыз  ету;

- тауарларды  таңдау жағдайларын жақсарту, сатып  алушылардың уақытын үнемдеу,

қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

- қазіргі заманғы  ғылыми-техникалық деңгейге сай  технологияларды, озық техниканы

және прогрессивті еңбек процестерін қолдану;

- тауар айналымдылығын  жеделдету, еңбекті үнемдеу, айналым  шығындарын азайту

арқылы технологиялық процестің оптимальды экономикалық тиімділікке қол жеткізу;

- тауарлардың  физико-химиялық қасиеттерін сақтау.

 

3. Технологиялық процестің сатылары

Саны мен  сапасы бойынша тауарларды қабылдау «Сапа бойынша өндірістік-

техникалық  сипаттағы өнімдерді және халықтың тұтыну тауарларды қабылдау тәртібі

  • Тауарлардың келіп түсуі
  • Тауарларды түсіру
  • Тауарларды саны және сапасы бойынша қабылдау
  • Қоймаларға Тауарлардың орын ауыстыруыорналастыру, сақтау және бөлу
  • Сауда залындағы сатушының өзіне - өзі қызмет жұмыс орны көрсету бөлімі
  • Қоймаларға орналастыру, сақтау және бөлу
  • Тауармен танысуы
  • Төлем жүргізу
  • Сатушыға чекті ұсыну
  • Тауарды алу

туралы» және «Сапа  бойынша өндірістік-техникалық сипаттағы өнідерді және халықтың тұтыну тауарларды қабылдау тәртібі уралы» заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Саны бойынша  тауарларды қабылдау бұл құжаттарда (шот - фактура) көрсетілген

мәліметтерге  сәйкес келіп түскен тауарларды салмағын, орын сандарын, бірліктерін

салыстыру. Салыстырулар инструкцияда көрсетілген белгілі  бір уақытта жүргізіледі.

Жетіспеушілік орын алған жағдайда коммерциялық акт  толтырылады.

Сапа бойынша  тауарларды қабылдау – белгіленген  талаптарға және ілеспе

құжаттарға (сапа сертификаты, санитарлық сертификат, ветеринарлық сертификат) сай

тауардың сапасын, толықтығын, орамасын, маркасын тексеру. Бұл инструкцияда

көрсетілген уаққытта жүргізіледі. Сапасы талаптарға сай  емес не толық болмаған

жағдайда тауарларды қабылдануы тоқтатылады және коммерциялық аки толтырылады.

Технологиялық карта бұл процестерді іске асыру  үшін операцияларды және оған

кеткен техникалық құралдарды, уақыт және еңбек шығындарынкөрсететін құжаттың

формасы. Тауарларды қабылдаудың технологиялық картада бір күнде түскен тауарлардың графигі, орындалған операциялардың сатылары, тауарларды түсіру және қабылдау жұмыстарын орындауғаған жұмысшылардың саны болуы керек.

Тауарларды  сатудың келесідей формалары  бар:

  • өзіне - өзі қызмет көрсетілуі – сатып алушылар өздері қарап, таңдап және

таңдалған тауарларды есеп айырысу орындарына әкеліп, төлемді  жүргізеді;

  • алдын – ала тапсырыстары бойынша тауарлардың сатылуы – сатып алушылар

алдын ала өздеріне қажетті тауарларға тапсырыс беріп, келісілген уақытта дүкенде,

үйде не жұмыс  орында ала алады;

  • жеке дара сатылуы – сатушы әрбір нақты сатып алушыға қызмет көрсетіп, оған

тауарды таңдауға көмектеседі, тауарларды қолдану аясында  кеңес береді, орап,

тауарды жөнелтеді. Сатып алушымен есеп айырысудың барлық формалары

пайдаланылады, сатудан кейінгі қызмет көретіледі, сатып алушыға тегін

жеткізіледі, тауарды  қайтаруы қарастырылады;

  • сату орынадарынан сатылуы – сатып алушылар өздері тауар ассортиентімен

танысады, ал сатушы сапасын тексеріп,кеңес беріп  орап және тауарды жөнелтеді;

  • үлгілермен танысу арқылы тауарларды сату – сатып алушылар өздері не

сатушының көмегімен  сауда залында тауарлардың үлгерімен танысады. Таңдап

алғаннан кейін  және есеп айырысқаннан кейін тауар  сатушының үйіне жеткізілуі

мүмкін не дүкен  қоймасынан тікелей берілуі мүмкін.

  • телефон арқылы сатылуы – тауарларды еркін түрде сатылуы. Сауда агенттері

арқылы жүзеге асырылады;

  • кеңес берушілік сатылуы – кеңес беруші болып табылатын сатушы сатып

алушыларға  қызмет көрсетеді. Инжинирингтік қызметтер  көрсету, құрылыста

қолданылады;

  • топтық (парадоксальды) сатылуы – сатудың бұл формасы тыңдау, жалпы

көзқарастарды бөлуге негізделген. Сатушы иесі ролін атқарады.

Сатудың келесідей  сатыларын ажыратады:

  • контакт орнату;
  • қажеттіліктерін анықтау және тыңдау;
  • аргументация және тауар көрсетілімі;
  • сатуды жүзеге асыру.

 Дүкендегі тауар қозғалысы

  • Орамадағы тауардың келіп түсуі
  • Тауарды қабылдау
  • Тауардың орын ауыстыруы
  • Сатуға дайындау үшін қоймаға жіберілуі
  • Сауда залына
  • Сауда залында орналастыру
  • Қойма
  • Көлікке тиеу
  • Тауар орамаларын сатып алушыларға қайтарып берілуі
  • Сақтау үшін қоймаға жіберілуі

      Сауда қызметтері деп тауарларды сатужәне тұтыну процесінде сатып алушыларға

сауда кәсіпорындардың  қосымша әртүрлі іс-әрекеттерді  айтады.

Қызметтердің  келесідей түрлері бар:

  • өндірістік сипаттағы;
  • көліктік және тиеу-түсіру;
  • тауарларды сату;
  • мамандардың кеңесі;
  • дүкенге келушілер үшін жағымды,тартымды жағдайларды жасауменн байланысты қызмет түрлері.

Жалпы бөлшек ұсынысы  – ассортимент, баға, қосымша қызметтер, ынталандыру,

орналастыру. Тауарлар мен қызметтер кешені – австоянка, тауар мен қызметтер көрсету, әртүрлі ассортимент, қосымша қызметтер, несиеге сату, арзан баға, тауарларға кепіл беру не ауыстырып беру, жеткізу.

    Коммуникация кешені – жарнамалық қызмет, тұтынушылармен тығыз байланыс

орнату, дүкендерді жабдықтау, каталогтар, телефон арқылы сату.

Физикалық бөлудің  кешені – қоймалар, көлік, тиеу.

Дүкендерге сатып алушылардың қарым-қатынасына әсер етуші факторлар:

  • авто тұрағының болуы;
  • ішкі және сыртқы жарнамасы;
  • кассалар саны;
  • өткізуді ынталандыру;
  • жұмыс істеу уақыты;
  • орау және тасымалдауда көмек көрсетілуі;
  • тауар бағасы;
  • ассортимент;
  • тауар сапасы;
  • орналасуы;
  • сауда орындары;
  • фирма имиджі;
  • сауда құралдары;
  • персонал;
  • архитектура және т.с.с.

Информация о работе Тауартану және тауар айналымы