Тауартану және тауар айналымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 08:29, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономикада өндірістің пайдалылығы және рентабельділігі көбінесе шығарылған тауарлардың бәсеке қабілеттілігіне және дайын өнімнің өткізілуіне, бөлемдер мен қызметкерлердің, жұмысшыларының біліктілігіне байланысты. «Тауартанудың теориялық негіздері» курсы тауарлардың өндірісін, жіктелуін, қасиеттері мен сапасын, маркілеуін, сақтау және тасымалдау шарттарын қарастырады. Бұл білімдер маркетологтарға тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз ету және осындай қажет тауарларды шығару үрдістерімен байланысты білікті түрде қарастыруға көмектеседі.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
I-тарау Тауартанудың пәні, мақсаты мен міндеттері..................................4
1.1 Тауартанудың пәні және мазмұны...........................4
1.2 Тауартанудың принциптері...................................................................5
1.3 Тауартанудың даму эволюциясы................................6

ІІ-тарау Тауартану іс-әрекетінің объектілері мен субъектілері..............7
2.1 Тауартану іс-әрекетінің объектілері................................................................7
2.2 Тауартану іс-әрекетінің субъектілері...........................................8
2.3 Тауартануда қолданылатын әдістер жіктелімі........................................9

ІІІ-тарау Сауда кәсіпорынның тауар айналымы....................................................11
3.1 Кәсіпорынның тауар қорлары.............................................................................14
3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру.....................................................................32
Қорытынды......................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................40

Файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ Тымбаева Д.Т. Тауар айналамы.doc

— 325.00 Кб (Скачать)

әдісінің келесідей  түрлері бар:

  • иерархиялық;
  • фасеттік.

Жіктеудің иерархиялық  әдісі бұл объектілерге бағынышты  жіктемелі топтарға

тізбектеп бөлу, ажырату. Ортақ және әртүрлі негізгі белгілері арқылы көрініс табатын

бөлек жіктелетін топтар арасындағы тығыз байланыс иерархиялық  әдістің ерекшелігі

болып табылады.

Жіктеу деңгейі  дегеніміз иерархиялық әдісі  арқылы жіктеу сатысы. Әрбір деңгей мен

топ өзінің негізгі белгілері бойынша ажыратылады. Топтар арасындағы айырмашылық әр түрлі белгілерге байланысты.

Белгілер мен  деңгейлер саны жіктеу тереңдігін анықтайды. Жіктеу тереңдігі теориялық тұрғыдан шексіз. Сондықтан тәжірибеде жіктеу тереңдігі әдетте 10 – нан аспайды. Жіктеудің фасеттік әдісі дегеніміз көптеген объектілерді өзара тәуелсіз жіктелетін топтарға бөлу. Фасеттік әдістің ерекшелігі әртүрлі белгілер өзара байланыссыз. Сондықтан әр түрлі жіктелетін топтар фасеттік әдісі кезінде өзара тәуелсіз және бір – біріне бағынбайды. Оған байланысты, фасеттік әдіс икемділікпен, белгілер немесе топтар санын шектей алу мүмкіндігімен ерекшелінеді.

Жіктеу әдістерінің  әрбір түрі белгілі бір артықшылықтар  мен кемшіліктермен

сипатталады. Сондықтан  жіктеудің бір әдісінің артықшылығы екіншісінің кемшілігі

болып табылады, яғни әрқайсысы бір-бірін толықтырады. Сол себепті бірқатар

жағдайларда оларды бірдей қолданады.

Жіктеу ережелері  мен әдістері, оның нәтижелерінің  жиынтығы жіктеу жүйесін

құрайды. Жіктеу ережелері әдістер мен белгілер түрлерін таңдау үшін арналған.

Мақсатына байланысты жіктеу әдісінің түрін таңдау иерархиялық және фасеттік әдістер үшін маңызды ереже болып табылады. Мәселен, иерархиялық әдісі арқылы объектіні

жіктеу ережесі  мынау:

- жіктеуді ортақ  белгілерден бастау керек;

- әрбір деңгейде  тек бір ғана белгіні қолдануға  болады;

- объектілерді  бөлу, жіктеу кішіден үлкеніне, жалпыдан  жалқыға қарай тізбектеліп

жүзеге асырылуы керек;

- белгілер, деңгейлер  мен тереңдігінің оптимальды  санын белгілеу қажет.

 

Тақырып 4. Сауда кәсіпорынның тауар айналымы

 

1. Бөлшек және көтерме сауданың  тауар айналымы

Тауар айналымы сауда кәсіпорынның шаруашылық қызметтің  негізгі экономикалық

көрсеткіштерінің  бірі. Тауар айналымы дегеніміз тауарды  ақшаға айырбастау процесі.

Тауар айналымы сату-сатып алу акті арқылы тауар қозғалысының процесін сипаттайды.

Экономикалық  категория ретінде тауар айналымына 2 белгі тән:

- тауар –  сату объектісі ретінде;

- сату- сатып  алу процесі - өндірушіден тұтынушыға  дейін тауар қозғалысының

формасы ретінде.

Сауда кәсіпорынның тауар айналымы бұл: біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесі,

оның экономикалық тиімділігі; екіншіден, әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан алғанда, халықты тауармен қамтамасыз ету көрсеткіші, өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерінің бірі. Сауда кәсіпорында тауар айналымы сатылған тауардан ақшалай түсімнің көлемі болып

табылады. Оның көлеміне қарай кәсіпорынның тұтыну рыногында маңыздылығын

анықтауға болады.

Тауар айналымының 2 түрі бар:

  • бөршек сауда тауар айналымы;
  • көтерме сауда тауар айналымы.

Бөлшек сауда тауар айналымы тауарды ақырғы тұтынушыға дейін жеткізеді. Бұл

сатыда тауар  қозғалысының процесі аяқталады.

Экономикалық  көрсеткіші ретінде бөлшек сауданың тауар айналымы тауар

массасының  көлемінде(ақшалай түрде) көрініс  табады және бір жағынан, ақшаның

түсімін, екінші жағынан, тауарды сатып алуға  кеткен халықтың шығындар сомасын

сипаттайды. Бөлшек сауда динамикасы өндіріс пен  тұтынушы арасындағы арақатынасын, кәсіпорынның материалдық және еңбек ресурстарына қажеттілігін, сауда желілерінің дамуын көрсетеді. Бөлшек сауда айналымы статистикалық көрсеткіш ретінде бүкіл сату

каналдары арқылы халыққа сатылған тауар көлемін  сипаттайды. Бөлшек сауданың тауар айналымы көлемі көп жағдайда ұлттық экономиканың жағдайын, яғни өнеркәсіп және ауылшаруашылығындағы жағдайларды, инфляциялық процестер, халықтың өмір сүру жағдайының өзгерісін, ішкі нарықтың конъюктурасын және сыйымдылығын көрсетеді. Бөлшек сауда тауар айналымынң көрсеткіші сандық және сапалық сипаттамаға ие.

   Тауар айналымының сандық сипаттамасы бұл ақша түріндегі сатылған тауар көлемі, ал сапалық сипаттамасы бұл тауар айналымының құрылымы. Тауар айналымының

құрылымы не ассортименттік құрылымы деген сатылған тауардың жалпы көлеміндегі

бөлек тауар  топарының үлесі.

Бөлшек сауда  тауар айналымының құрамын сату түріне байланысты мына түрлерге

жіктеледі:

- азық-түлік  және азық-түлік емес тауарларды  сатудан түскен түсім;

- дәрі-дәрмектерді  сатудан түскен түсім;

- кітап, журнал  және т.с.с. сатудан түскен түсім.

Көтерме сауданың тауар айналымы дегеніміз сауда кәсіпорындары басқа

кәсіпорындарға  тауарларды сатуды білдіреді. Әдетте, бұл тауарлар қайта сатушы үшін

шикізат не материал ретінде өндірістік тұтыну үшін, шаруашылық қажеттіліктерді

материалдық қамтамасыз ету үшін пайдалынады. Көтерме сауда  тауар айналымының

нәтижесінде тауарлар жеке тұтыну сфераға кетпей, айналым  сферасында қалады және

өндірістік  тұтынуға өтеді. Басқаша айтқанда, көтерме  сауда тауар айналымы кезінде тауар қайта өңделу үшін не қайта сатушы үшін өткізіледі.

Көтерме сауда  тауар айналымы келесідей жіктеледі:

- пайдалану  мақсатына қарай;

- тауар қозғалысын  ұйымдастыру формасына қарай.

Пайдалану мақсатына  қарай көтерме сауда тауар  айналымы келесі түрлерге бөлінеді:

- сатуға арналған;

- ішкі жүйелік.

Сатуға арналған көтерме сауданың тауар айналымы бұл тауарларды бөлшек сауда

кәсіпорындарға, экспортқа сатуды білдіреді.

Ішкі жүйелік  көтерме сауданың тауар айналымы бұл тауарларды көтерме сауда

кәсіпорындарының  бір-біріне сатуды білдіреді. Бұл 2 түрінің  қосындысы жалпы көтерме сауданың тауар айналымын құрайды.

Тауар қозғалысын ұйымдастыруына қарай көтерме сауданың тауар айналымы 2

бөлінеді:

- қоймалық;

- транзиттік.

Қоймалық көтерме  сауданың тауар айналымы деген көтерме  сауда кәсіпорынның

қоймаларынан  тауарларды сатуды білдіреді.

Транзиттік  көтерме сауданың тауар айналымы деген өндірушілер тікелей бөлшек

сауда кәсіпорындарына  тауарларды сатуды білдіреді.

Транзиттік  көтерме сауданың тауар айналымы, өз кезегінде, мыналарға бөлінеді:

- сый ақысы  төленетін транзиттік көтерме  сауда тауар айналымы;

- сый ақысы төленбейтін транзиттік көтерме сауда тауар айналымы.

Сый ақысы төленетін  транзиттік көтерме сауда тауар  айналымында кәсіпорындарға

делдал ретінде  тауар қозғалысын ұйымдастырған  үшін сыйақы төленеді. Ал сый ақысы төленбейтін транзиттік көтерме сауда тауар айналымында кәсіпорын тауарды сатып алушы ретінде қатысады.

2. Тауар айналымының құрылымы мен  көрсеткіштер жүйесі және тауар

айналымын бағалау әдістері.

Тауар айналымының  құрылымы азық-түлік және азық-түлік  емес тауарларды

қамтиды. Ал олар, өз кезегінде, ассортименттік топтарға бөлінеді.

Тауар айналымының  көрсеткіштер жүйесіне келесілер жатады:

- ағымдық бағада  және құндық сипаттағы тауар  айналымының көлемі;

- салыстырмалы  бағада және құндық сипаттағы  тауар айналымының көлемі;

- бөлек тауар  топтары бойынша тауар айналымынң ассортименттік құрылымы;

- тауар айналымының  бір күндік көлемі;

- бір жұмысшыға  есептегенде тауар айналымының  көлемі;

- сауда орынның  1 шаршы метрге келетін тауар  айналымының көлемі;

- тауар айналымының  мерзімі, айналым күндері;

- тауар айналымының жылдамдығы, айналым саны.

Тауар айналымын  сараптау міндеттері:

- көрсеткіштер  динамикасын зерттеу;

- ассортименттік  құрылымын сараптау және бағалау;

- тауар айналымының  құрылымына және көлеміне әсер  етуші факторларды анықтау

және бағалау;

- тауар айналымдылығын сараптау.

Сараптау әдістері:

- динамикалық  қатарларды құру;

- салыстырмалы  және орташа көлемдерін пайдалану;

- салыстыру;

- индекстік  әдіс;

- динамиканың  тренттік және регриссиондық  модельдерін құру;

- графиктерді  құру және т.с.с.

Тауар айналымын талдау барысында алдымен оның қаратсырып отырған кезеңдегі

көлемін анықтаудан бастайды. Алынған мәліметтерді жоспарланаған  көрсеткіштермен

және сәйкесінше өткен уақыт аралықтарының (декада, ай, квартал) көрсеткіштермен

салыстырады.

 

Тақырып 5. Кәсіпорынның тауар қорлары

 

1. Тауар қорларының түсінігі және оның классификациясы

Тауар қорлары бұл өндіріс сферасынан тұтыну сферасына өту процесіндегі тауар

масссының жиынтығы. Тауармен қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі.

Тауар қорлары тауар қозғалысының барлық сатыларында қалыптасады: өндірістік

кәсіпорындарының қоймасында, тасамладу кезінде, көтерме және бөлшек тауар

кәсіпорындар қоймасында. Тауар қорларын қалыптастыру қажеттілігі келесі факторларға негізделеді:

- уақыт, яғни өндіріс орыннан сату орнына дейін тауарды тасымалдау үшін уақыт,

- тауарды тұтыну мен өндірістегі маусымдық ауытқулар;

- өндіріс пен сауда тауар асортименттер арасында сәйкессіздік;

- өндірістің территориалдық орналасуының ерекшеліктері;

- жеткізуші мен сауда кәсіпорны арасындағы арақашықтық, тауарды тасымалдау

шарттары;

- тауарды сақтау мүмкіндігі және т.с.с.

Тауар айналысының категориясы ретінде тауар қорларының болуы тауар

айналысының процесін тиісті тауармен қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген.

Тауарды сатқанға дейін тауар – тауар қорларының категориясына жатқызылады. Тауар

қорлары әрдайым өзгеріп отырады. Сол себепті олардың көлемі нақты шаруашылық

шартардан тәуелді.

Сауда кәсірорнындарының тауар қорларының классификациясы:

- орналысу жеріне байланыстй(сауда кәсіпорындарында, өндірісте, тасымалдау

кезінде);

- мерзіміне байланысты(кезеннің бастапқы және соңындағы тауар қорлары);

- өлшем бірліктеріне байланысты: абсолютті(құндық және натуралды түрде) және

салыстырмалы(тауар айналымының күндері);

- пайдалану мақсатына қарай:

- ағымдық сақтау(сауда кәсіпорындарының күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ету

үшін);

- маусымдық сақтау(ұсыныс пен сұраныстың маусымдық өзгерістері кезінде

сауданың үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін);

- алдын-ала жеткізу(алыс жатқан сауда орындарында тауарды жеткізу уақыттары

арасында сауданың үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін);

- мақсатты тауар қорлары(белгілі бір мақсатты шаралар жүзеге асыру үшін).

Тауар қорларының мөлшері көбінесе сауда кәсіпорынның тауар айналымының көлемі

мен құрылымы арқылы анықталады. Тауар айналымы мен тауар қорларының мөлшері

арасында оптимальды арақатынасты сақтау кәсіпорынның маңызды мәселелерінің бірі.

Өйткені қорлар қажетті деңгейде болмаған жағдайында кәсіпорынның тауар айналымын

қамтамасыз ету қиындай түседі. Ал қорлардың артық болуы – қосымша шығындарға әкеп соқтырады. Сол себепті кәсіпорынның тауар қорларының мөлшері мен тауар айналымына қажетті мөлшерді анықтау мәселесі өзекті.

 

2. Тауар қорларының көрсеткіштер  жүйесі мен факторлары

Тауар қорлары абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер көмігімен талқыланады,

Информация о работе Тауартану және тауар айналымы