Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 08:29, реферат
Нарықтық экономикада өндірістің пайдалылығы және рентабельділігі көбінесе шығарылған тауарлардың бәсеке қабілеттілігіне және дайын өнімнің өткізілуіне, бөлемдер мен қызметкерлердің, жұмысшыларының біліктілігіне байланысты. «Тауартанудың теориялық негіздері» курсы тауарлардың өндірісін, жіктелуін, қасиеттері мен сапасын, маркілеуін, сақтау және тасымалдау шарттарын қарастырады. Бұл білімдер маркетологтарға тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз ету және осындай қажет тауарларды шығару үрдістерімен байланысты білікті түрде қарастыруға көмектеседі.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I-тарау Тауартанудың пәні, мақсаты мен міндеттері..................................4
1.1 Тауартанудың пәні және мазмұны...........................4
1.2 Тауартанудың принциптері...................................................................5
1.3 Тауартанудың даму эволюциясы................................6
ІІ-тарау Тауартану іс-әрекетінің объектілері мен субъектілері..............7
2.1 Тауартану іс-әрекетінің объектілері................................................................7
2.2 Тауартану іс-әрекетінің субъектілері...........................................8
2.3 Тауартануда қолданылатын әдістер жіктелімі........................................9
ІІІ-тарау Сауда кәсіпорынның тауар айналымы....................................................11
3.1 Кәсіпорынның тауар қорлары.............................................................................14
3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру.....................................................................32
Қорытынды......................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................40
үлесті Вуева, Болотова, Бинд-Гейма және т.б. еңбектері үлес қосты. Олрадың арқасында бағалаудың химиялық әдістері пайда болды.
19 ғ. ортасында
тауартану бойынша бірқатар
курстары енгізілген коммерциялық оқу орындарының ашылуы тауартанудың ғылыми
бағытта дамуына үлкен селпініс берді. Әлемдік тәжірибеде алғашқы реет тауартануды
оқыту Падуан университетінде басталды. 1949 ж. мұнда тауартану кафедрасы ашылды. 30 жылдары тауартану білімдері жіктелінді. Олар тұтыну тауарларының топтары бойынша жалпы мен жеке бөлімдерге бөлінді. Олар алық – түлік өнімдері мен азық-түлік емес тауарлар тауартануы болып екі дербес оқу пәндеріне айналды.
Тауартанудың ғылыми мен оқу пәні ретінде дамуын қорытындылай келе 2 негізгі
бағытты көрсету боладу:практикалық және ғылыми. Дамуының әртүрлі сатыларында әр бағыт басымдыққа ие болды.
Тақырып 2. Тауартану іс-әрекетінің объектілері мен субъектілері
1.
Тауартану іс-әрекетінің
Тауартану мен коммерциялық іс-әрекеттің объектілері тауарлар болып табылады.
Тауартану іс-әрекетінің құрамдас бөлігі ретінде тек тауарларға және олармен қатар
жүретін сауда қызметттеріне (сақтау, сатуға дайындау және сапаны бағалау, т.с.с.)
бағытталған. Объект ретінде тұтыну тауарлар мен қатар өнеркәсіптік сипаттағы (шикізат, жартылай фабрикаттар, құрал жабдықтар,т.с.с.) тауарлар бола алады.
Коммерциялық
іс-әрекеттің объектісі
сипаттамасы бар: ассортименттік, сапалық, сандық және құндық. Алғашқы үш сипаттама адамның нақты қажеттіліктерін(физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық және т.с.с.) қанағаттандырады. Осы сипаттамалардың арқасында өнім тұтынушылардың белгілі бір сегменттері үшін пайдалығына ие болды және тауарға айналды. Адамдардың қажеттіліктері көптеген факторлардың әсерінен әрдайым өзгеріп отырады. Ол факторлар: табиғи, әлеуметтік – экономикалық, ғылыми - техникалық, т.с.с. Өзгерген, сондай-ақ есепке алынған не алынбаған әлеуетті қажеттіліктер өз кезегінде жаңа қызметтер мен тауарлар жасауды ынталандырады. Жаңа тауаарлар модификацияланған тұтыну құнына ие. Түрлендірілген тауарлардың тұтыну құны шикізат пен материалдарды өнеркәсіптік өңдеу саласында ҒТП-ның жетістіктерін пайдаланунәтижесінде олардың табиғи қасиеттері өзгеріп, жаңа қасиеттер мен сипаттамаларды қалыптасуынан, сонымен бірге маркілеу салдарынан қалыптасады. Алайда түрлендірілген тұтыну құнын жаңа тауарлар ғана емес, сонымен бірге жаңа табиғи қасиеттері анықталған бұрынғы тауарлар да иемденеді. Мәселен, экологиялық таза тамақ өнімдері – бұл көптеген жағдайда қауіпіздік деңгейі жоғары өнімдер. Тауарлардың тұтыну құны тауарды тұтыну кезінде орын алады. Тауардың 3 негізгі сипаттамалары елеулі мәнге ие. Олар қажеттіліктің қанағаттанарлық деңгейін сипаттайды. Мәселен, әртүрлі сипаттағы тамақ өнімдері адам ағзасын энергия, биологиялық құнды қажетті затттармен бірдей қанағаттандыра алмайды.
Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін анықтау тауардың тұтыну құнын
бағалауына тең. Оны нарықтық жағдаятын есепке ала отырып, нарық сегменттерінде
маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы анықталады. Сондықтан тауардың тұтыну құны пайдалылық мөлшері және негізгі сипаттамалары арқылы көрініс табады.
Сипаттамалар бұл құбылысты немесе затты ерекшелендіретін қасиеттер жиынтығы.
Тауардың ассортименттік сипаттамасы бұл тауардың функционалдық не
әлеуметтік мәнін анықтайтын қасиеттер жиынтығы. Мұндай сипаттама құрамына: топ,
шағын топ, түрі, атауы, сауда маркасы кіреді. Сонымен бірге сипаттамалар бір тауардың басқа бір тауардын айырмашылықтарын көрсетеді. Мәселен, сары май, сұйық майы бір бірінен функционалдық сипатымен ерекшелінеді.
Тауардың сапалық сипаттамасы бұл әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру
қабілеті бар ішкіаралық тұтыну қасиеттер жиынтығы. Бұл сипаттама түрі тауардың
ассортименттік сипатымен тығыз байланысты. Өйткені, жалпы тұтынушылық қасиет -
арнаушылық
тән. Сапалық сипаттамасы
толықтығымен ерекшелінеді. Олардың ішінен қауіпсіздік және экологиялық қасиеттер
елеулі орын алады. Сол себепті қауіпсіздік және экологиялық қасиеттер бойынша
орнатылған міндетті талаптар бұзылған жағдайда тауардың қалған сипаттамалары
тұтынушы үшін шешуші мәнге ие.
Тауардың сапалық пен сандық сипаттамалары әрдайым қатар жүреді. Оған қоса,
тұтынушылық қасиеттердің көптеген көрсеткіштері сандық сипатамалар арқылы көрініс табады.
Тауардың сандық сипаттамасы – физикалық мөлшерлер мен бірліктері арқылы
анықталатын белгілі бір қасиеттер жиынтығы. Тұтынушылық талғамдар үшін
сипаттаманың бұл түрі ассортименттік пен сапалыққа қарағанда аса елеулі емес. Алайда тұтынушылық талғамдарды қалыптастыру кезінде бұл сипаттамаларды есепке алмауды болмайды. Өйткені рыноктық молықтырылғандығы жағдайында тұтынушы тауар топтамасының не тауардың бірлік данасының белгілі бір сандық сипаттамаларына
келіспеген жағдайда ол тауарды сатып алудан бас тартады.
Тауардың барлық тауартану сипаттамалары құндық пен тікелей байланысты. Бірақ
бұл байланыстар бірыңғай емес. Мәселен, сандық пен құндық сипаттамалары арасында пропорционалды тәуелділік аса айқын. Себебі, баға құн өлшемі ретінде көп жағдайда тауардың өлшем бірлігіне орнатылады. Ал сапалық пен құндық арасында тікелей тәуелділік әрдайым бола бермейді.Өйткені бағаны орнатуға көптеген факторлар әсер етеді. Бәсекелестік жағдайында сапа бағаны белгілеу критерийларының бірі болып табылады. Фирманың баға белгілеу стратегиясына байланысты баға қалыптасуына мыналар әсер етеді: өнімнің өзіндік құны, шығындар, жасаушы және сатушы фирманың имиджі, сұраным мен ұсыным жағдайы, бөлу каналдары, жарнама, тауар сапасы мен орамасы.
Ассортименттік пен құндық сипаттамалары арасындағы тәуелділік қалғандармен
салыстырғанда ең төмен. Тауардың бірдей атаулары арзан немесе қымбат болуы мүмкін.
2.
Тауартану іс-әрекетінің
Тауартану іс-әрекетінің субъектілері – сыртқы ортаны (объект) зерттейтін және
практикалық іс-әрекетімен оған әсер ететін, сондай –ақ құқықтар мен міндеттемесі бар
адам. Тауартану іс-әрекетінің субъектілері 2 топқа бөлінеді:
міндеттемелер шегінде жүзеге асырады.
мақсатында тауартану іс-әрекеті бағытталаған субъектілер. Сол себепті, екінші топ
саны жағынан бірінші топтан басым.
Тауартанушы мамандар бұл тауардың ассортименттік, сапалық, сандық және
құндық сипаттамаларын, сондай – ақ тұтынушылардың сұранымдарын есепке ала отырып, өндірушілерден тұтынушыға дейін тауар қозғалысын қамтамасыз етушілер.
«Тауартанушы» термині тура мағынада «тауар танымгері» немесе «тауар туралы
білетін субъект» дегенді білдіреді. Оның тауар туралы терең білімі сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мамандарынан ерекшелінеді.
Тауартанушылар өз кәсіби қызметін технологтар мен маркетологтармен өзара тығыз
байланыста жүзеге асырады. Технологтар өнім өндірісін қамтамасыз етеді.
Тауартанушылардың қызметтік міндетітемелері олар жұмыс істейтін құрылымдық
бөлімшелердің мақсаттары мен міндеттемелерімен анықталады. Тауартану іс-әрекетінің негізгі 2 бағытын бөліп көрсетуге болады, яғни технологиялық, тауар қозғалысының технологиясын қамтамасыз етуші және ұйымдастырушылық, өткізуді ынталандыруға, сұраным мен өткізу нарықтарын анықтау, тауарларды сатып алуды ұйымдастыруға бағытталған. Сондықтан да, өндірісте және саудада тауартанушылардың 2 санаты қажет:
1-шісі тауартанушы-технолог(
тауартаушылардың іс-әрекеті тауардың тұтыну қасиеттері туралы толық білімді қажет
ететін функцияларды орындаумен байланысты.
Тақырып 3. Тауарды жіктеу
1.
Тауартануда қолданылатын
Әдіс бұл қоғамдық өмірді немесе табиғи құбылыстарды зерттеу, тану, сондай-ақ
қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін іс-әрекеттің тәсілі немесе түрі.
Тауартануда 2 әдіс қолданылады: бірінішесі, ғылыми тану әдісі, екіншісі, тауартану іс-
әрекетінің практикалық әдістері. Ғылыми тану әдістері тауартанудың негізгі объектісін, яғни тауарды, оның сипаттамаларын және тауар қозғалысы процесінде өзгерістерді зерттеуге бағытталған.
Ғылыми тану әдістеріне мыналар жатады:
Эмпирикалық әдістер бұл бақылау немесе тәжірибеге негізделген тану әдістері. Бұл
әдістер тауартануда кең қолданылады. Осы әдістер арқасында тауардың химиялық,
физико-химиялық және биологиялық табиғатын зерттеуге мүмкін болады.
Өлшеуші техникалық құралдарды қолдануына байланысты эмпирикалық әдістер
келесілерге бөлінеді: өлшеуші, яғни физикалық, химиялық, биологиялық және
органолептикалық.
Өлшеуші әдістер бұл өлшеуші техникалық құралдар негізінде жүзеге асырылатын,
өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтайтын әдіс.
Органолептикалық әдістер бұл сезім мүщелері арқылы сапа көрсеткіштерін
анықтайтын әдіс.
Аналитикалық әдіс бұл бір тұтасты құрамдас бөліктерге ойша немесе іс-жүзінде бөлуге негізделген ғылыми танудың әдістері. Аналитикалық әдістер 2 топқа бөлінеді:
Ғылыми тануды басқару әдістеріне мыналар кіреді: сараптау, диагностика, болжамдау,
бағдарламалау және жоспарлау әдістері.
Тауарды сараптау әдісі экспериментальды әдістерімен алынған мәліметтерге
негізделеді.
Аналитикалық әдістерді қолдану нәтижесінде тауарды сипаттайтын негізгі белгілерді
ғылыми тұрғыдан баяндауға немесе диагнозға мүмкіндік туады. Әртүрлі ақаулардың,
шығындардың пайда болу себептерін, тауардың ассортименттік сипатын анықтайтын
белгілерді және сақтау кезінде тауарлардың сапалық және сандық өзгерістердің белгілерін айқындауға диагностика тауартануда елеулі орынға ие.
Диагностиканың нәтижелері тауар ассортиментін қалыптастыру барысында мүмкін
болатын өзгерістерді, сапаға қойылатын талаптарды, шарттарды, сақтау мерзімдерін және т.с.с. болжамдау үшін қолданылу мүмкін.
Болжамдау әдістері негізінде алынған қорытындылар бағдарламалауға мүмкіндік
береді. Аналитикалық әдістерді қолдану нәтижесінде тауарды ғылыми тануды әрі қарай жоспарлауға болады.
Жүйелеу әдістері бұл белгілі бір тәртіпте жалпы белгілері бойынша орналастыру
арқылы біртекті, өзар байланысты объектілерді жинақтау әдістері. Жүйелеудің негізгі
әдістері: идентификациялау, жіктеу, топтастыру және кодтау.
Идентификация
бұл бір объектіні бір
Тауарларды идентификациялау тауарлардың сипаттамаларын ассортиментке, сапаға,
мөлшерге нормативті
құжаттармен қойылатын
бағытталған. Топтастыру бұл жалпы белгілері бойынша объектілерді жинақтау әдісі. Бұл әдіс ассортименттік топтарды ерекшелендіру үшін қолданылады.
Жіктеу тауартануда кең қолданысқа ие. Өйткені объектілердің көп мөлшерде болуы,
оны қасиеттері мен көрсеткіштерін, шартта мен сақтау мерзімдерін белгілі бір белгілері бойынша бөлуді талап етеді. Ассортименттің, қасиеттер мен сапа көрсеткіштерінің жіктелімі кез келген тауардың тауартану сипаттамаларының ажырамас бөлігі.
2. Жіктеу – тауартанудың әдісі ретінде
Жіктеу бұл алынған әдістерге сәйкес ұқсастығы не әртүрлігіне байланысты
объектілерді бөлу, ажырату. Объект дегеніміз жіктелінетін элемент. Тауартануда осы
элемент ретінде тауар болып табылады. Барлық тауарлардың ішінен пайдалану сипатына қарай тұтынушылыұ тауарлар, өнеркәсіптік тауарлар және басқару қызметі үшін тауарлар (оргтехника) болыр бөлінеді.
Жіктемелік белгілерді деп жіктелетін объектінің қасиеттері мен сипаттамаларды
айтады.
Белгілер сапалық және сандық сипаттамаларға ие болу мүмкін. Бұны жіктеу
белгілерінің мәні деп атайды. Белгілер шикізаттық және технологиялық сипатына қарай сапалық тұрғыдан, ал компоненттік және құрылымдық сипатына қарай сандық және сапалық тұрғыдан қарастырылады.
Тауарды жіктеу нәтижесінде жіктелінетін топтар құрылады. Олар ортақ немесе
әртүрлі белгілерге ие, сондай-ақ өзара тәуелді немесе тәуелсіз болу мүмкін. Жіктеу