Статистикалық зерттеулер, түрлері, жоспары және бағдарламасы, негізгі түсінік, генеральдык және таңдалған кеңістік, есептеу әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 22:28, реферат

Краткое описание

Қоғамдық ғылым ретінде республикада болып жатқан жалпы әлемдік экономиканың құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтарымен есептеу талдау сияқты әдістермен анықтайды. Сонымен әлемдік экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді. Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерде зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына сүйенеді, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Статистикалық әдістер өздерінің қолданылуы мен жалғасуына байланысты үш сатыдан тұрады:

Файлы: 1 файл

СРС Мырзабекова А.А. статистика.docx

— 41.67 Кб (Скачать)

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті 
 
 

МӨЖ 
 
 

   Статистикалық зерттеулер, түрлері, жоспары және бағдарламасы, негізгі түсінік, генеральдык және таңдалған кеңістік, есептеу әдісі 
 
 
 
 

Орынлаған: «Медицина» мамандығының

1 курс магистранты

Мырзабекова А.А.  
 
 
 
 
 
 

Алматы 2011 
 

   Статистикалық зерттеулер, түрлері, жоспары және бағдарламасы, негізгі түсінік, генеральдык және таңдалған кеңістік, есептеу әдісі

   Қоғамдық  ғылым ретінде республикада болып  жатқан жалпы әлемдік экономиканың құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтарымен есептеу талдау сияқты әдістермен анықтайды. Сонымен  әлемдік экономикалық құбылыстар мен  процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді. Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерде зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына сүйенеді, яғни құбылыстарды танып  білудің диалектикалық әдісіне  сүйенеді. Статистикалық әдістер  өздерінің қолданылуы мен жалғасуына байланысты үш сатыдан тұрады:

       1.Статистикалық бақылау, яғни  алғашқы мәліметтерді жинау сатысы. Мұнда құбылыстар мен процестер  туралы мәліметтер алдын-ала жасалған  бағдарлама бойынша жиналады. Бақылаудың  негізгі мақсаты-қоғамдық құбылыстардың  өзгеруіне әсер ететін фактілерді  өздеріне тән белгілеріне қарай  анықтау және мәліметтердің толық,  нақты, дәл, анық болуын қадағалау.

       2.Жиналған мәліметтерді өздеріне  тән белгілеріне қарай топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл әдісті  қолдану кезінде бақылау нәтижесінде  жинақталған мәліметтер өздеріне  тән жеке белгілері бойынша  топтарға бөлінеді. Бұл кезеңде  қоғамдық құбылыстар мен процестердің  топтық көрсеткіштері іріленеді,  жекелеген топтардың сапалық  айырмашылықтары анықталады, сондай-ақ  талдау, қорытынды жасау үшін  сандық көрсеткіштер есептеледі.

      3.Жинақталған, өңделген мәліметтерге  талдау және қорытынды жасау.  Бұл сатыда жинақталған, топталған,  өңделген көрсеткіштер біртектес  топтық белгілері бойынша жеке  қарастырылады. Сонымен қатар  олардың өзара байланысын анықтайды.  Статистикалық мәліметтерге талдау  жасау-жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру,  қорытындылау және солар арқылы  тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. 

   Осы айтылған зерттеулердің үш сатысы арасында айырмашылық болғанмен де оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруға  болмайды.

   Статистикада  стаистикалық бақылау, жалпы қорытынды  жасау, топтастыру, нақты және қатысты  шамалар, орташа шамалар өзгерме  көрсеткіштері экономикалық құбылыстардың  арасындағы байланысты статистикалық  зерттеу, өсіңкілік қатарлар, индекстер, іріктеп бақылау, статистикалық  кестелер, графиктік әдістер және   т. б. көрсетеді.

   Статистикалық бақылау-қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдармен жүйеде тіркеу, жинау тәсілі. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты-зерттелетін объекті туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін ғылымға негізделген сапалы мәліметтерді белгіленген уақытта жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында келесідей талаптар орындалуы керек:

   а) халық шаруашылығы үшін зерттеліп  отырған қоғамдық құбылыстар мен  процестердің негізгі мақсаты-ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.

   б) жалпы жиынтыққа әсер ететін себептер анықталуы керек және құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өндірісте  болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз ету.

   в) бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты көрсетуі үшін оның сапалылығы тексерілуі керек.

   г) Статистикалық бақылау ғылыми негізде  және алдын-ала жасалған бағдарлама негізінде дұрыс ұйымдастырылған  түрде жүргізілуі керек және одан алынған мәліметтер шешімдер қабылдау үшін қолданылуы керек.

Сонымен қатар статистикалық бақылау  кезінде жиналған мәліметтерде кемшіліктер  кездесуі мүмкін, яғни мұндай жағдайда бағдарлама жасап алған дұрыс.Мұны бақылау бағдарламасын дұрыс жасау негізінде, жоспар және алға мақсат қою негізінде дұрыс шешуге болады.

    Бақылау жүргізуді ұйымдастыру  және бақылау бағдарламасы.

   Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оны  ұйымдастыру жоспары жасалынады. Онда бақылаудың мәні, маңызы, мәліметтерді жинаудың формалары, түрлері мен  тәсілдері, орнын анықтау сұрақтары  қарастырылады. Сондықтан бұларды  нәтижелі шешу үшін алдын-ала бағдарлама жасайды.

   Статистикалық бақылаудың объектісі-зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің жиынтығы. Статистикалық бақылаудың объектісі бөлек элементтерден тұрады және оларды нышандарына қарай бір-бірінен ажыратуға болмайды, сондықтан ол бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады.

   Бақылау бірлігі дегеніміз статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын объект құрамының бір бөлігі. Бақылау бірлігін анықтау зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алға қойған мақсатына, атқаратын міндеттеріне байланысты.

   Статистикалық жиынтық бірлік-жиынтықтың құрамына  кіретін жеке белгісі.

   Статистикалық бақылау бағдарламасы дегеніміз зерттеу кезінде алғашқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығы. Статистикалық бақылау бағдарламасына енгізілген сұрақтар мөлшері статистикалық органдардағы есеп беру формасы арқылы жинақталған көрсеткіштерге байланысты болады, өйткені әрбір өнеркәсіп орындарының, мекеменің, ұжымның, шаруашылықтың есеп беру формаларындағы көрсетілген көрсеткіштердің өзі бақылау бағдарламасы болып саналады.Бақылау бағдарламасын жасау кезінде бельгия ғалымы Кетленің ұсынған келесідей ережелерін ескеру керек:

   Бағдарламаға  қажетсіз сұрақтар енгізілмеуі керек  және онда көрсетілген сұрақтардың  жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын анықтау керек.

    Бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын сұрақтар енгізілуі  керек.

Бағдарламаға  енгізілген сұрақтар жауап берушілерге  кері әсер етпейтіндей, яғни оның болжамы  бойынша қисынсыз жүргізілетін сияқты күдік туғызбауы керек.

   Статистикалық бақылау-қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдармен жүйеде тіркеу, жинау тәсілі. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты-зерттелетін объекті туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін ғылымға негізделген сапалы мәліметтерді белгіленген уақытта жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында келесідей талаптар орындалуы керек:

   а) халық шаруашылығы үшін зерттеліп  отырған қоғамдық құбылыстар мен  процестердің негізгі мақсаты-ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.

   б) жалпы жиынтыққа әсер ететін себептер анықталуы керек және құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өндірісте  болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз ету.

   в) бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты көрсетуі үшін оның сапалылығы тексерілуі керек.

   г) Статистикалық бақылау ғылыми негізде  және алдын-ала жасалған бағдарлама негізінде дұрыс ұйымдастырылған  түрде жүргізілуі керек және одан алынған мәліметтер шешімдер қабылдау үшін қолданылуы керек.

Сонымен қатар статистикалық бақылау  кезінде жиналған мәліметтерде кемшіліктер  кездесуі мүмкін, яғни мұндай жағдайда бағдарлама жасап алған дұрыс.Мұны бақылау бағдарламасын дұрыс  жасау негізінде, жоспар және алға мақсат қою негізінде дұрыс шешуге болады.

    Статистикалық бақылаудың формалары  және түрлері.

   Статистикалық бланк дегеніміз бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға және қажетті мәліметтерді жинауға арналған бет-қағаз. Статистикалық бланктің жекедара және тізімдік түрлері болады. Статистикалық бақылау кезінде қолданылатын құжаттар жұмыс жабдықтары деп аталады.

 Статистика  органдары алғашқы мәліметтерді  жинауда ұйымның негізгі екі  жолын қолданады: есеп беру және арнайы ұйымдастырылған бақылау. Есеп беру дегеніміз кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, жұмшарлар мен кеңшарлар және басқа да кәсіпорындар өздерінің қызметтері туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында қажетті мәліметтерді тиісті органдарға және статистика органдарына тапсырып отыруы. Бухгалтерлік есеп беру формалары статистикалық мәліметтерді жинаудың негізгі көзі болып саналады. Статистикалық есеп беру екі түрге бөлінеді: жалпы мемлекеттік, яғни барлық шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар өзінің жұмыстары туралы керекті мәліметтерді жоғарғы органдарға міндетті түрде тапсырып отырады.Ішкі ведомствалық есеп беру мемлекеттік және ведомствалық есеп беру формалары қолданылуына қарай бірүлгідегі және мамандандырылған болып бөлінеді. Барлық халық шаруашылықтарындағы салаларда бірүлгідегі есеп беру формасында көрсетілген көрсеткіштер ортақ немесе бірдей болады.Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер тапсыру келесідей түрлерге бөлінеді: шұғыл, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық. Есеп беру формаларындағы мәліметтердің келіп түсуіне қарай: почталық, телеграфтық, телефакстік болып бөлінеді. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер есеп беру формаларында толық көрсетілмеген  жағдайда немесе есеп беру арқылы мәліметтер жинауға мүмкіндік болмаса, онда қажетті ақпараттарды жинау үшін арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жүргізіледі. Статисттикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттеліп отырған объектінің жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына қарай бақылау жаппай және жартылай болып бөлінеді. Жаппай бақылау кезінде зерттеуге жататын жиынтық бірліктер толықтай тіркеуге алынады. Ал, жартылай бақылау кезінде зерттелген жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады. Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке ауқымды және жиынтықтың негізгі бөлігі болып бөлінеді. Егер жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын-ала іріктеліп  алынған бөліктер негізінде ғылыми жүйеде зерттелетін болса, оны ішінара бақылау деп атайды. Жеке ауқымды бақылау дегеніміз статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай қоғамдық құбылыстардың, объектілердің кейбіреулері ғана белгілі бір мақсатта егжей-тегжейлі, жан-жақты зерттелетін, айқын жазу арқылы көрсетттін бақылау.  Статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай жалпы жиынтықтың негізгі бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан аса ірі бірліктер болып саналатын құрамы зерттелетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау деп атайды. Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті немесе кезеңдік болып екі түрге бөледі. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше түрлері бар. Олар: тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ-жауап арқылы. Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау дегеніміз болған фактілердің пайда болуына қарай тұрақты жүйелі түрде белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады. Үзілісті бақылау дегеніміз зерттеуге алынған құбылыстар менпроцестерді ұдайы, бірақ белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады. Үзілісті бақылау мерзіміне қарай мерзімдік немесе кезеңдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер зерттеу жұмыстарын бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, онда ол кезеңдік бақылау деп аталады. Егер зерттеу жұмыстары бір рет жүргізілген болса, ол бір жолғы бақылау деп аталады. Бақылау жүргізу кезінде оның шектік уақыт кезеңін анықтау ең негізгі болып саналады. Шекті уақыт кезеңі дегеніміз зерттеу жұмыстарын есепке алатын күн және уақыт мерзімі.

    Статистикалық бақылаудың тәсілдері.

     Статистикада  мәліметтерді жинаудың бірнеше жолдары  бар. Бақылауға жататын объектінің әрбір жиынтық бірліктерін адамның  өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын болса, ол тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп аталады. Статистикалық бақылау кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәләндірілсе, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналса, ол құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі болып табылады. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау құжаттар арқылы жинауда мүмкіндік болмайды. Мұндай жағдайда мәліметтерді жинау үшін сұрақ-жауап тәсілі қолданылады. Сұрақ-жауап тәсілі дегеніміз қажетті мәліметтерді сұралушы адамның айтқаны бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарында жазып алу арқылы жинау. Бұл тәсілдің экспедициялық, тілшілік, сауал-сұрақ, өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар. Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинау екзінде арнайы дайындықтан өткен адамдар сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы қағаздарға толтырып статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсілмен мәліметтерді жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарын таратып береді және оны толтыру тәртібін түсіндіреді. Тілшілік тәсілмен мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Сауал-сұрақтық тәсілмен қажетті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі.

    Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы ұғым.

    Статистикалық бақылау нәтижесінде жинақталған  бірлік жиынтықтар тексеруден өткен  соң қорытынды жасау үшін алынатын мәліметтерді бір жүйеге келтіру  керек. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың негізгі мақсаты- бақылау  нәтижесінде жинақталған мәліметтердің  қорытынды көрсеткіштерін есептеу. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың  екі түрі бар: жай және күрделі. Жай жинақтау жинақталған мәліметтерді, материалдарды топтамай қорытынды жасау. Күрделі жинақтау бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерді топқа бөлу және әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару.

    Мәліметтерді  жинақтау екі тәсілмен ұйымдастырылады:

    1.Барлық  мәліметтерді бір орталыққа жинап,  қорытынды жасау.

    2.Алғашқы  мәліметтер төменгі сатыдағы  мекемеде жиналып, қорытынды жоғары  мекемеге тапсырылады.

Информация о работе Статистикалық зерттеулер, түрлері, жоспары және бағдарламасы, негізгі түсінік, генеральдык және таңдалған кеңістік, есептеу әдісі