Статистикалық зерттеулер, түрлері, жоспары және бағдарламасы, негізгі түсінік, генеральдык және таңдалған кеңістік, есептеу әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 22:28, реферат

Краткое описание

Қоғамдық ғылым ретінде республикада болып жатқан жалпы әлемдік экономиканың құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтарымен есептеу талдау сияқты әдістермен анықтайды. Сонымен әлемдік экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді. Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерде зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына сүйенеді, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Статистикалық әдістер өздерінің қолданылуы мен жалғасуына байланысты үш сатыдан тұрады:

Файлы: 1 файл

СРС Мырзабекова А.А. статистика.docx

— 41.67 Кб (Скачать)

        Индекстік әдіс құбылыстардың өзгерісіне әсер ететін жеке факторлардың ролін, яғни үлесін анықтауда қолданылады. Мұнда әр фактордың тигізетін әсерін анықтау үшін жеке дара және жалпы индекстердің өзара байланысы қолданылады.

       Графикалық талдау әдісі де құбылыстардың байланысын анықтауда қолданылады. Ол үшін графиктің ордината осіне нәтижелі (У) белгінің , ал абсцисса осіне факторлық (Х) белгінің мәндерін нүкте арқылы орналастырсақ, корреляция жазықтығы шығады.

        Қоғамда болып жатқан өзгерістер  бір-біріне өзара байланысты көптеген  және әр түрлі себептердің  ықпалынан пайда болады. Сол құбылыстар  мен процестерге негізінен қандай  себептер ықпал ететінін анықтау  үшін  және олардың арасындағы  байланысты зерттеу үшін статистикалық  заңдылықтарды ғылыми жүйеде  қолдана білу керек. 

Біртұтас  есеп жүйесі және статистика

Нарықтық  экономикаға өту кезеңінде республикада болып жатқан әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және олардың даму немесе кему жағдайын анықтау үшін; жалпы мемлекеттік  саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету үшін; көп салалы халық шаруашылығын басқару үшін түрлі статистикалық мәліметтер қажет. Мұндай мәліметтер кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және шаруашылықтардың және т.б. әр түрлі есептеу жолдары арқылы, яғни оперативтік жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру жүйелері арқылы жтнақталады, өңделеді және оған талдау жасалады.

      Оперативті  жедел немесе оперативті- техникалық есеп.     Оның мақсаты сол кәсіпорындардың, шаруашылықтардың, бірлестіктер мен ұйымдардың бөліктері мен цехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне, яғни өндірілген өнімдер мен оның сапасына; жартылай даярланған фабрикаттар мен тетіктердің дайындалуына, шикізаттар мен материалдың жұмсалуына; еңбек құралдарының қолданылуына және басқа да операциялардың жүргізілуіне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізіледі. Оперативті жедел есеп арқылы алынған көрсеткіштер күнделікті орындалған шаруашылық операцияларының жұмыс бабын, олардың дұрыстығын қадағалап отыру және басшылық жасау үшін  қолданылады.

      Оперативті  есептің көрсеткіштері бастапқы құжаттар бойынша немесе телеграф, телефон арқылы жинақталады және онда бухгалтерлік есеп беру формасында ашық көрсетілмейтін негізгі мәліметтер қамтылады. Сондықтан оны дер  кезінде берілетін жедел есеп деп те атайды.

      Бухгалтерлік  есеп. Есептің бұл түрі барлық кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда, шаруашылықтар мен бірлестіктерде, шағын және жеке кооперативтар мен ұжымдарда жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және т.б. бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның пайдаланылуын, еңбек ақы мөлшерін, кіріс пен шығыс және т.б. көрсеткіштердің нақты есебі жүргізіледі. Бұл есепте көрсетілген көрсеткіштер ресми құжаттарға сүйеніп жинақталады және оған экономикалық талдау жасалынып, қорытындыланады.

      Бухгалтерлік  есептің негізгі мақсаты жүйелі түрде біріңғай ережелер мен әдістерді  қолдана отырып, шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жинайды. Басқаруға  қажет болатын көрсеткіштерді өз ішінде қолданады және сол арқылы белгілі бір шешімдер қабылдауға көмектеседі. Есептің негізгі әдістеріне бухгалтерлік баланс, тіркеу, бағалау, калькуляциялау жатады. Ең бастысы, құжаттылық принципін сақтай отырып, екі жақты  жазу ережесіне сай жүргізілетіндігі.

      Статистикалық есеп. Бұл есепте қоғам өміріне болып жатқан әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады, өздеріне тән белгілеріне қарай әр түрлі топқа бөлінеді және оған талдау жасайды. Бұл есептің негізгі мақсаты халық шаруашылығы салаларын дұрыс басқарып, материалдық игіліктерді өндіру және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті мәліметтерді жинақтап, өңдеп дер кезінде Үкімет қарауына беріп отыру. Статистикалық есепте көрсетілетін көрсеткіштер бухгалтерлік және оперативтік жедел есептер арқылы тиісті құжат бойынша жинақталады.

      Статистикалық есептің басқа есептермен салыстырғанда  өзіне тән ерекшеліктері мен  есептеу әдістері бар. Олар мәліметтерді жинау, топтау, өңдеу, талдау және нақты, қатысты, орташа шамалармен бірге индекстік, графикалық, баланстық, корреляциялық  әдістерді қолданатындығында.

         Бухгалтерлік, оперативтік  және статистикалық есеп жүйелері бір- бірімен тығыз байланыста болады және олардың арасында ешқандай қайшылық болмайды. Осыған орай, бұл үш есеп жүйесі халық шаруашылық салаларын жан- жақты зерттейтін біртұтас есеп жүйесін, яғни халық шаруашылығы есебін құрайды.. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер

      1.Әміреұлы Ы. Статистиканың жалпы  теориясы. Алматы. Экономика, 1998 жыл. 

      2.Cиденко А.В., Попов Г.Ю., Матвеева В.М. Статистика. Учебник,- Москва: Изд-во «Дело и сервис», 2000г.

      3.Статистика: Курс лекции/ Харченко Л.П., Долженкова В.Г., Ионин В.Г. и др.; Под. ред. К.э.н. В.Г.Ионина.-Новосибирск: Изд-во НГАЭиУ,   М.:ИНФРА-М, 1999г.

      4. .Әмреев Ы., Мананов Б.Б. Статистиканың жалпы теориясы бойынша оқу құралы. Алматы, 1990 жыл.

      5. Гусаров В.М. Теория статистики, Москва: Аудит, ЮНИТИ,1998год.

      6. Башина О.Э., Спирин А.А. Общая теория статистики, Москва: Финансы и статистика, 1999 год.

      7. Теория статистики . Под ред. Йсмайловой Р.А. Финансы и статистика, 2000 год.

      8. Ефимова М.Р., Петрова Е.Р. Общая теория статистики, Москва: Инфра-М, 1999год.

  1. Теория статистики: Учебник/ Под.ред. проф. Р.А. Шмойловой-3-е изд.,

         перераб.-М.: Финансы и статистика, 2000год.

     10. Общая теория статистики: Учебник/ А.Я. Боярский, Л.Л. Викторова, А.М. Гольдберг и др. ; Под.ред. А.М.Голдберга, В.С. Козлова.- Москва:  Финансы и статистика, 1985 год.

Информация о работе Статистикалық зерттеулер, түрлері, жоспары және бағдарламасы, негізгі түсінік, генеральдык және таңдалған кеңістік, есептеу әдісі