Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 17:23, реферат
Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады.
Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
Субъектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылы жүзеге асады. Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады. Жоғарыда айтылғандай, белгілі бір субъектілердің саяси кызметі жауап көзқарасты тудырады және бұл әрдайым олардың өзара әрекеттері шеңберінде көрінеді. Бұл өзара әрекеттер тұрақты қайталанып отырғандықтан тұрақты саяси қатынастар ретінде орнығады. Әлбетте, саяси қатынастар саналы түрде қалыптасады. Әрбір субъекті өзге субъектілермен саяси өзара әрекеттерге түсіп, өздерінің саяси мүдделерін саналы түрде жүзеге асыруға тырысады және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолданады. Бірақ, біріншіден, саяси мүдделер мен талаптар олардың санасы мен еркіне тәуелсіз тұрған объективтік әлеуметтік жағдайлармен дәйектелген; екіншіден, қалыптасқан саяси қатынастар объективтік саяси нақтылық сәттері ретінде көрінеді және өз кезегінде олар адамдардың саяси кызметіне мейлінше ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын айқындауға себепші болады.
Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе езге де саяси кызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, ездері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол кызметтің табысты болуының айғағы ретінде танылады. Әлбетте, саяси қатынастар тек саяси билікке деген қатынастармен шектеліп қалмайды, соңғысы олардың өзегін құраса да, олар қоғамның саяси өмірінің бүкіл салаларына сәйкес құралады, сонымен катар олар ұлттық және ұлтаралық проблемаларды шешумен, азаматтық құқық пен бостандықты жүзеге асырумен байланысты да қалыптасады.
Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатысты болады. Осыдан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат немесе мемлекеттік саясат немесе қайсыбір саяси партиялардың рухани мәдениет саласындағы саясаты көрініс табады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.
Саяси қатынастарға қоғамның әлеуметтік-саяси уклады, сондай-ақ оның өміріндегі моральдық - психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді.
Информация о работе Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар