Мұнай мен газ өндірісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 19:14, реферат

Краткое описание

Зерттелініп отырған тақырып экономика саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Себебі, мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.

Оглавление

1. Тақырып өзектілігі
2. ҚР- ның әлемдік мұнай - газ өндірісіндегі орны
3. ҚР-ның мұнай- газ өндірісінің жағдайы
4. Қазақстандық мұнай-газ саласының ЖІӨ-дегі үлесі
5. Қазақстандық мұнайды экспорттау
6. Қазақстан мұнай-газ саласындағы инвестиция
7. Мұнай бағасының өзгеруі және оның салдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:

Файлы: 1 файл

Мұнай.docx

— 286.11 Кб (Скачать)
      1. Тақырып өзектілігі

Зерттелініп отырған тақырып  экономика саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Себебі, мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты. Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды. Бұл өнеркәсіптің түрі қазіргі уақыттағы жоғары сұранысқа ие жетекші саланың бірі.

 

      1. ҚР- ның әлемдік мұнай - газ өндірісіндегі орны

Біздің елімізде мұнай мен газды өндіру және оны шет мемлекеттерге эскпорттау қарқынды дамуда. Ол үшін бізде шикізат көзі жеткілікті, Қазақстан ТМД елдері ішінде мұнай қоры бойынша Ресейден кейінгі екінші орында, ал әлем бойынша алдынғы елдер қатарында.

1– сурет. Әлем елдерінің мұнай қоры. [1]

Мұнайдың расталған қорлары  бойынша Қазақстан 15 жетекші елдердің санына кіреді. Қазақстан көмірсутекті шикізаттың маңызды қорларына ие – дүние жүзілік қорының - 3,3 %.

 

Қазақстан Республикасының  аймағында 2009 жылдың қорытындылары  бойынша «Теңізшевройл» ЖШС (22,5 млн. тонна), «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» ЖШС (11,9 млн. тонна), «ҚазМұнайГаз»  БӨ АӨ (8,9 млн. тонна), «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»  АҚ (6,0 млн. тонна) және «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ (5,7 млн. тонна) негізгі мұнай өндіруші компаниялар болып табылды. [2]

 

 

3. ҚР-ның мұнай- газ өндірісінің жағдайы

 

2 – сурет. 2000-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында өндірілген мұнай көлемі.

Ескертпе: ҚР-ның статистикалық агенттігінен алынған кесте көмегімен жасалған автордың диаграммасы.[ 3]

 3 – сурет. 2001-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында өндірілген табиғи газ көлемі. [4]

2009 жылы 36,0 млрд. тек. м газ өндірілді, бұл 2008 жылдағы газ өндіру деңгейінен 7,5% жоғары – бұл Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылардың газды өндіру көлемдерінің тұрақты өсу үрдісін растайды. [3]

Биылғы жылдың 8 айлық  көрсеткіші бойынша мұнай және газ конденсатын өндіру 47,4 миллион тонна болған.  Бұл өткен жылға қарағанда 102,1 пайызды құраған. Осы көрсеткіштердің өзгерісіне ықпал болған қазіргі күнде жаңа кен орындарының барланып, ескі мұнайгаз инфрақұрылымдарының жетілдірілуі. [5]

 

  1.   Қазақстандық мұнай-газ саласының ЖІӨ-дегі үлесі

2000-2013 жылдары аралығында  мұнайгаз кешеніне жұмсалған  капиталдың жалпы көлемі 100 миллиард  долларға жетіп отыр. Бұл ТМД  елдері арасындағы ең үлкен  көрсеткіш. Құйылған бар капиталдың 80 пайызы шетелдік компаниялар  мен бірлескен кәсіпорындардың  үлесінде. Нәтижесінде, қазақстандық  мұнайгаз саласының ЖІӨ-дегі үлесі  10-нан 21 пайызға, экспорттағы үлесі  30-дан 64 пайызға өсті. [6]

Бүгінгі таңда мұнай-газ  саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика агенттігінің  оперативті деректері  бойынша 2012 жылы ЖІӨ-дегі мұнай-газ

 

саласының үлесі 35%-ды, 2009 жылы 20,8 %-ды, ал 2008 жылғы ресми есеп бойынша - 21,8%-ды құрады. [3]

4 – сурет. ЖІӨ-дегі мұнай-газ саласының үлесі.

Ескертпе: электрондық ресурстан алынған ақпарат көмегімен жасалған автор диаграммасы. [3]

 

 

    1.  Қазақстандық мұнайды экспорттау

Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін дамыту, мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Әртүрлі бағалар бойынша 2010 жылы Қазақстанда мұнайды экспорттау деңгейі 6-10 есе өсті. Ал бүгінгі  статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша ағымдағы жылы   1,003 миллион тонна мұнай өнімдері  593,3 миллион АҚШ доллары сомасына  экспортқа шығарылды. Бұған себепші болған Қазақстан территориясында салынған жаңа мұнай құбырлары. [7]

5 – сурет. Қазақстан мұнайын тасымалдыйтын экспорттық маршруттар бағыты. [8]

 

       

       6. Қазақстан мұнай-газ саласындағы инвестиция

Республиканың өнеркәсіп  құрылымында мұнай  шикізат кешенінің үлесі 65% -ті құрайды. Мемлекет саясаты осы мұнай сектордағы шикізат ресурстарын ұлғайту мақсатында шет ел капиталын тартуды, қосымша ынталандыруды жақсартуға негізделеді. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден  шетелдік капитал елдің өндіріс базасын жедел  жетілдіруге және оның мұнай өндірістік, өндірістік мұнай мүмкіндіктерін артыруға көмектеседі. Екішіден шетел фирмалары жаңа  мұнай  өндірістік кәсіпорындар шаумен қатар капиталдық бәсекелестікте мыңдаған еңбекпен мұнай өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.

Орта Азия елдеріне салынған шетелдік инвестициялардың әрбір 5 доллардың 4-шісі Қазақстан үлесіне келеді. Әртүрлі бағалаулар бойынша тәуелсіздік  жылдары ішінде Қазақстан экономикасына  барлық көздерден 60 млрд. доллардан  астам шетелдік капитал жұмсалды. Шетелдік инвестициялар 

 

капиталы жыл сайын  өсе келуде, бұл Қазақстан экономикасының өсуін және дамуын қамтамасыз етеді. Шетелдік инвестициялардың шамамен 55% өндіруші өнеркәсіпке, атап айтқанда көмірсутегі  кен орындарын игеруге жіберілді. [9]

 

                    7.  Мұнай бағасының өзгеруі және оның салдары.

Экономистердің айтуы бойынша, мұнай бағасы 60 долллардан түсетін болса, Қазақстан экономикасы үшін қиын кезеңдер басталуы мүмкін, себебі, ел бюджетінің 70 пайызы шикізат секторына тәуелді болып отыр.

Қара алтынның бағасы құлдырайтын  болса, әлемдік экономиканың өсімі едәуір кері кететіні анық және ол Қазақстан экономикасына да өте ауыр соққы. Себебі, ел экспортының негізгі бөлігі (2012 жылы экспорттың 74 пайызы) көмірсутегі шикізатына тиесілі. Дегенмен, әлемдік нарықтағы мұнай бағасының құбылып тұратыны әдеттегі жағдай. 

Еске салатын болсақ, 2010 жылы  мұнай баррелі 90 доллар көлемінде болған, ал 2011 жылы 108 доллардан астам бағамен қорытындылады. Бұл кезеңдегі мұнай бағасының қымбаттауына себепші болған әлемде мұнайға сұраныстың өсуі, халықаралық валюталардың құнсыздануына байланысты мұнай бағасының төмендемеуі, мұнай экспорттаушы елдердегі жағдай «қара алтын» бағасын арзандатуды мүлде қаламауы және Иран, Ирак, Ливия және басқа елдердегі мұнайлы жағдайдың түзелмеуі. Ал, 2012 жылдың қорытындысы бойынша мұнайдың баррелі орташа алғанда 112 долларды құраған болатын. 2013 жылғы көрсеткіш 105 долларды құрайды, алдағы 2013-2014 жылдары  Әлемдік сарапшылардың болжауынша мұнайдың  бағасы түседі,  бағаның    мұндай өзгерістеріне  ең әуелі АҚШ-тағы мұнайға деген  сұраныстың  кемуі себепкер. Сонымен  қатар   доллардың  нығаюы,     АҚШ-та 8,1-ден 8,2 пайызға жеткен жұмыссыздық деңгейінің  жоғарылауы және    дүние жүзі  бойынша  экономика  өсуінің  баяулауы,  Қытай мен Еуропадағы жағдайдың нашарлауы да мұнайдың   күрт арзандауына   себеп  болып  отыр. [10]

6 –  сурет. 1976-2013 жылдар аралығындағы мұнай бағасының өзгеру динамикасы. [11] [12]

Мұнай  бағасы  1  бірлікке  өскен  кезде, ЖІӨ  көлемі   жоғарылайды. Яғни  Қазақстан  мұнай  экспорттаушы  ел  болғандықтан  мұнай бағасының  өсуі  бізге  оң  әсер  етіп,ЖІӨ  көлемінің  жоғарылауына  әкеледі. Яғни  біз  шет  елге  шикі  мұнайды  көп  экспорттайтын  болғандықтан,оны  жоғары бағамен  өткізіп, ЖІӨ-нің  көбеюіне  әсер  етеміз.

 

                                        

                                             Қорытынды

Қазіргі заманғы дүниежүзілік экономикада мұнай мен газдың алатын орны ерекше. Қазақстанның мұнайгаз кешені сыртқы жєне ішкі инвестицияның  басым бөлігін қамтитын, елдің  өнеркєсіп өндірісінің негізгі  ядросы болып табылады. Мемлекетіміздің  ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030» даму стратегиясында энергетикалық ресурстарға  үлкен көңіл бөлінуде. Оның ішінде энергетикалық ресурстарды халықаралық  рынокқа экспорттау мақсатындағы мұнай  өндіру, тасымалдау және өңдеу  жүйесін дамыту болып табылады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының қаржылық дамуы мен сенімді экспортпен қамтамасыз ететіні анық.

Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай  өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі. Еліміздің экономикасын дағдарыстан алып шығатын маңызды сала мұнай – газ өнеркәсібі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстан 2030" жолдауында айтып кеткендей  «мұнай – газ саласының дамуы республикасының экономикалық өсуін әлеуеті». [13]

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Электрондық ресурс:http://www.ereport.ru/articles/commod/pictures/oilres.gif
  2. Электрондық ресурс: http://kk.convdocs.org/docs/index-19504.html?page=2
  3. Электрондық ресурс: http://www.kaz.stat.kz/digital/poromishlennost_kz/Pages/default.aspx
  4. Электрондық ресурс: http://www.rogtecmagazine.com/ru-blog/wp-content/uploads/Fig2.jpg
  5. Электрондық ресурс: http://www.egemen.kz/kz/zha-aly-tar-2/27188-m-naj-gaz-ndirisinde-su-bar
  6. Электрондық ресурс: http://referatkaz.kz/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%BC%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%B9-%D0%B3%D0%B0%D0%B7-%D0%BF%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BD%D1%86%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D1%8B/
  7. Электрондық ресурс: http://www.kmg.kz/kz/press/market_news/developments/5501
  8. Электрондық ресурс: http://www.spy.kz/images/201110050030-6.jpg
  9. Электрондық ресурс: http://refik.kz/%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80/%D3%A9%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%96%D1%81-%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%BA%D3%99%D1%81%D1%96%D0%BF-%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D1%81-%D0%BC%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%B9-%D0%B3%D0%B0%D0%B7/%D0%BC%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%B9-%D0%BA%D0%B5%D1%88%D0%B5%D0%BD%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5-%D1%88%D0%B5%D1%82%D0%B5%D0%BB-%D0%BA%D0%B0%D0%BF%D0%B8%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D0%BD-%D2%9B%D0%BE%D0%BB%D0%B4
  10. Электрондық ресурс: http://economkaz.kz/?p=2257
  11. Электрондық ресурс: http://www.finansy.ru/publ/mirec/003-1.gif
  12. Электрондық ресурс: http://www.budgetrf.ru/Publications/Magazines/EEG/EEG20130624954/image077.jpg
  13. Электрондық ресурс: http://www.rusnauka.com/4_SND_2013/Ecologia/4_126656.doc.htm

Информация о работе Мұнай мен газ өндірісі