Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 06:23, курсовая работа
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. Мұнай – майлы, қоймалжың, сұйық зат. Ол көбінесе қоңыр, қара көк, кейде қызғылт, сары, тіпті ақ түсті де бола береді. Мұнайдың иісі кәдімгі өздеріңе таныс өздеріңе таныс жермайдың иісіндей болады.
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І ТАРАУ Арал теңізінің экологиялық мәселелері.............................................5
1.1.Арал теңізінің сипаттамасы...........................................................................5
1.2.Арал теңізінің зерттелу тарихы
1.3.Арал теңізінің экологиялық жағдайы
ІІ ТАРАУ Арал теңізі шөл белдеміндегі көгілдір су айдыны..........................
2.1 Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі
2.2.Теңізді құтқарудағы болжамдар
2.3. «Арал тағдыры-адам тағдыры»
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ
ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
География, жерге орналастыру және кадастр
кафедрасы
Курстық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: «Мұнай мен газ»
ОРЫНДАҒАН: 3 курс студенті Сәдірбаева А.
ТЕКСЕРГЕН: Оразымбетова К.Ш.
АЛМАТЫ-2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І ТАРАУ Арал теңізінің экологиялық
мәселелері....................
1.1.Арал теңізінің сипаттамасы...................
1.2.Арал теңізінің зерттелу тарихы
1.3.Арал теңізінің
ІІ ТАРАУ Арал теңізі шөл
белдеміндегі көгілдір су айдыны........................
2.1 Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі
2.2.Теңізді құтқарудағы болжамдар
2.3. «Арал тағдыры-адам тағдыры»
ҚОРЫТЫНДЫ
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы
сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске
жақын немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз
түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде
тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. Мұнай – майлы,
қоймалжың, сұйық зат. Ол көбінесе
қоңыр, қара көк, кейде қызғылт, сары, тіпті
ақ түсті де бола береді. Мұнайдың иісі
кәдімгі өздеріңе таныс өздеріңе таныс
жермайдың иісіндей болады.
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр
қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті,
ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті
мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл,
оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3.
Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айыруш
Қазір "Қара алтын"
деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол
тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропағ
Мұнайдың, ал ертеректе
оны «тас майы» деп атаған, болашағы зор
екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы
бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың
шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын
ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен
орналасқан шымтезекті шөгінділерден
жерасты ыстығымен қою, майлы материя
шығарылып, саңылаулар арқылы ағады...
Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты,
жанатын және құрғақ, қатты материялардың
пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі...»,
– деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов. Мұнайды
қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын
қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан
шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер Паллас пен Абихтік
Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық – жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д.И. Менделев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды.Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті.Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.
Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы – академик Н.Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді. Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай – бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы – бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.
Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.
Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері
Көмірсутектермен қатар мұнай құрамында тағы
басқа заттар да бар. Мырышы бар - H2S, меркаптандар, моно-
және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар
полициклдіктермен бірге т.б. (70-90% қалдық
өнімдерде шоғырланады); азотты заттар негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және
Пайдасы: Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.
Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің
қарқынды дамуына байланысты мұнайға
деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін
ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар,пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, боя
Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.
Оқшауланған жеке кендер өте
сирек, көбінесе топталған иірімдердің
жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық
дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды
аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды
аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасыме
Эпигерциндік платформа құрамын
Мұнай өнімдері – көмірсутектер
мен олардың туындыларының
Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан алынады.
Ауыр көмірсутектерге парафиндер, це
Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұна
хлорпарафиндер, т.б. жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты бағаланады.
Тарихы
Адам баласы
мұнайдың бар екенін бағзы заманда-ақ
білген. Кейде құдық қазған жерден су орнын
өткір иісті қарақошқыл майлы зат шығатын
болған. Оның бір тамаша қасиеті болды:
яғни, ол өзімен бірге бөлініп шығатын
газдар сияқты өте жақсы жанды. Мұнайды
шығарғандарға құйған, өртейтін жебелердің
ұшына оралған жанғыш заттарды мұнайға
батырып алатын болған, доңғалақ біліктерін
майлаған. Одан әр түрлі кеселдерді емдейтін
шипалы майлар да дайындаған.
Алайда іштен
жанатын двигательдер ойлап шығарылғанға
дейін мұнайды қатты қажетсіну бола қойған
жоқ. ХІХ ғасырдың орта шенінде мұнайдан
керосин бөліп алынды. Ол жарық беру ісіне
көп пайдаланыла бастады. Ал мұнайдан
керосинмен бірге алынған бензинді пайдасыз
нәрсе санап, оны теңізге төгіп отырған.
Қазір болса істің жайы басқаша.
Мұнайды терең
скважиналар бұрғылау арқылы алады. Ол
үшін бұрғылау мұнараларын орнатады. Жер
астынан шыққан мұнайды құбыр арқылы мұнай
қоймасына, темір жол цистерналарына немесе
мұнай құбырларына жөнелтеді. Мұхиттар
мен теңіздер арқылы орасан зор мұнай
құятын кеме-танкерлермен тасымалданады.
Алайда ең қолайлысы оны жер немесе су
астымен жүргізілген құбырлармен ағызу
(айдау) болып табылады.
Мұнай біздің
елімізге көптеп өндіріледі. Ол «Достық»
(«Дружба») мұнай құбыры арқылы бірқатар
елдерге жеткізіледі.
Мұнай жанғанда
қызуды көп береді. Ол күл қалдырмай, түгел
жанып кетеді.
Көмір сияқты,
мұнай да түрлі ағзаларадың қалдықтарынан
пайда болған. Мұндай қалдықтар әсіресе
теңіздер мен мұхиттарда өмір сүрген жәндіктер
мен өсімдіктердің шірінділерінен жиналып
түзіледі. Алғашқы қатты күйдегі қалдықтар
жер қабатына ұзақ жатқан. Қызудың және
үстін басып жатқан қабаттардың орасан
зор қысымының нәтижесінде сұйық затқа
және газға айналған. Содан кейін барып
мұнай тамшылар түрінде тау жыныстарының
кеуек қуыстарына жиналып, оны жайлап
алған.
Түрлері
Мұнай былай
жіктеледі: газ, бензин, лигроин, жермай,
газойль, соляр, крекинг шикізаты, мазут
Құрамы
Ғалымтар мұнайдың
көмірсутектерден, күкірт, азот және оттектен
тұратынын анықтады.
Мұнай өндіру
Білмейтін адам
мұнайды жер астында көлкіп жатады деп
ойлайды. Шынында олай емес. Мұнай жердің
терең қабатындағы тау жыныстарының қуыстарына
іркіліп жиналады. Оны өндіру үшін мұнайлы
қабатқа дейін бұрғылау керек. Бұрғылаудан
пайда болған жіңішке құдыққа құбыр салынады.
Жоғарғы қабаттардың қысымымен мұнай
жылжып құбарға келеді. Бұл жерде оны қуатты
сораппен тартып алады.
Елімізде мұнай
мен газға Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау
түбегі өте бай. Олардың кен орындары картада
мұнара түбіндегі шартты белгімен белгіленеді.
Қара түсті мұнара – мұнайды, ақ түсті
– газды көрсетеді.
Мұнай өндіру
тарихында 1912 жылғы 10 сәуірдегі үкіметтік
актімен құрылған «Ембі» мұнай-кәсіпшілік
және сауда акционерлік қоғамы (1911-1919 жж)
ерекше орын алады. Оның құрылтайшылары
толық стат кеңесшісі Э.Л.Нобель, стат
кеңесшісі Т.В.Белозерский және текті
құрметті азамат И.И.Стахеев (ҚР ОММ. 681-қор,
1-тізімдеме) болды. Мұнай-кәсіпшілік акционерлік
қоғамының барлық қаржы операциялары
Орыс-Азия банкі арқылы жүргізілді.
1915 жылы шөгу
жағдайын және шөгінділер мен жыныс-коллеторларының
құрылымы секілді мұнай-кәсіпшілік сипатындағы
зерттеулер үшін полигон сияқты болған
Мақат кен орнында 105 ұңғымасынан өндіру
жүргізіліп жатты. 1916 жылы «Ағайынды Нобель»
серіктестігі Жуса құрылымында тереңдігі
238м және 132м екі ұңғыма бұрғылады. Осында
ашылған тұз Жусалық мұнай белгілерін
Орал-Ембі аймағының кен орындарымен салыстыруға
мүмкіндік берді.
1925-1926 жылдары
Батыс Қазақстанның аумағында геологиялық
барлау жұмыстарын дамытуға жаңа импульс
берілді. 1925 жылы «Ембімұнай» тресінің
жұмысын тексеру қорытындылары бойынша
мұнайшылардың алдында 5-7 жылдың ішінде
Ақтөбе облысының солтүстік аудандарының
(Темір ауданының) аумағында алаңы 3500 шаршы
шақырым, мұнайлық белгілері бар құрылым
барлансын деген нақты міндет қойылды.
Осы міндеттерге сәйкес 30-шы жылдардың
басында іздеу жұмыстары Оңтүстік Ембінің
шегінен шығып, Ақтөбе облысының аумағында
жүргізіле бастады. Осыған байланысты
Гурьев (Атырау) қаласында «Ақтөбемұнайбарлау»
аумақтық трестін, ал кейінірек «Қазмұнайбарлау»
трестін құру қажеттілігі туындады. Осындай
қайта құру кен орындарын саланы іздеумен
және барлаумен ғана айналысатын өндіру
кәсіпорындары мен ұйымдарға функционалдық
тұрғыдан бөлу қажеттілігіне байланысты
болды, себебі аталған екі функцияның
бір қолда тұрғыдан болуы саналы мұнай-газ
кен орындарын іздеумен және барлаумен
байланысты шұғыл жұмыстарды жүргізудегі
кейбір қиындықтарды тудыратын дағарадай
құрылымға айналдырды.
1956 жылы тұтастай
алғанда республиканың минералдық-шикізат
ресурстарын, оның ішінде көмірсутегі
шикізатын одан әрі өсіруге бағытталған
геологиялық-барлау жұмыстарының бүкіл
кешеннің орталықтандырылған жоспарлау
және мақсатты жүргізу бойынша Қазақ КСР
Геология министірлігі ұйымдастырылды.
1959-1960 жылдары
Кеңқияқта (Ақтөбе облысы) және прорвада
үлкен мұнай кен орны анықталды. 1960 жылдың
11 тамызында прорвадағы алғашқы терең
ұңғымадан мұнай мен газ фонтаны атқылады.
Орал – Ембі өзен аралығында геологиялық
барлау жұмыстарын күшейту нәтижесінде
Мартыши (1962), Жаңаталап (1964), Оңтүстік –
Батыс Қамысты (1962) Гран және Октябрьское
(1969) жаңа кен орындары ашылды. Ембіде мұнай
өндіру 1968 жылы 2 млн. тонна, ал 1972 жылы
3 млн. тонна болды.
60-шы жылдардың
басында роторлық бұрғылаудың орнына
анағұрлым жылдам турбиналық бұрғылау
енгізіле басталды, бұрғылау станоктардың
паркі ұлғайды, 3,0 – 4,0 мың метрге дейін
тереңдікті игеруге мүмкіндік берген
олардың техникалық мүмкіндіктері айтарлықтай
өсті, бұл ең алдымен, терең, тіреу және
параметрлік ұңғымаларды бұрғылау, кешенді
зерттеудің барлық кезеңдеріде барлаудың
геофизикалық әдістері (сейсмикалық –
барлау, гравибарлау, ГЗС пен каратаждың
барлық түрлері) қолдану арқылы Каспий
маңы ойпатын аймақтық зерттеуден көрінді.
Сондай-ақ 50-ші
жылдардың аяғы мен 60-шы жылдардың басы
жаңа аймақтарды атап айтқанды: Оңтүстік
Маңғыстауды іздеу жұмыстарының саласына
тартылумен сипатталды. 1957 жылы осы ауданда
мұнай мен газ кен орындарын анағұрлым
егжей-тегжейлі зерттеу үшін «Қазақстанмұнай»
бірлестігінің құрамында (Маңғышылақмұнайбарлау)
тресі ұйымдастырылды, кейін ол Қазақ
КСР Геология министірлігінің Батыс Қазақстан
геологиялық басқармасының қарауына көшті.
Елсіз және шөлді
даланың жағдайында, ел қоныстанбаған
және аймақтық ірі қалаларынан, темір
және су жолдарынан алыс аймақта өте қысқа
мерзімде Оңтүстік Маңғыстау деген жаңа
ірі мұнай-газды бассейн ашылды.
1961 жылы Өзен
құрылымындағы №18 құрылымыдық ұңғыманы
бұрғылау кезінде 367,5метр тереңдіктен
газ фонтаны атқылады. Одан кейін Өзен
алаңындағы барлау бұрғылау қарқынды
жүргізілді.
Сынау кезінде
№1 барлау ұнғымасында 1248-1261метр тереңдіктен
штуцер 10мм. болғанда дебиті тәулігіне
80 текше метр фонтан атқылады. Өзен алаңындағы
мұнайдың одан арғы өнеркәсіптік иірімдерін
№2 және №22 ұнғымалардағы сол қабаттан
алынған мұнай фонтандары растады.
1959 жылы Жетібай
құрылымында іздеу бұрғылау басталды.
1961 жылы Жетібай кен орнындағы №6 барлау
ұнғымасынан мұнай фонтаны шықты.
Осылайша, 1961
жылы Оңтүстік Маңғыстауда Өзен және Жетібай
екі мұнай кен орны бір мезгілде ашылды
деуге болады. Маңғыстаудағы мұнай-газ
кен орындарын игеруге үлкен назар аудара
отырып, Қазақ КСР-дің Министрлер кеңесі
1962 жылы 19 қаңтардағы «Маңғышылақ түбіндегі
және Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс
бөлігінің аумағында мұнай мен газға арналған
геологиялық барлау жұмыстарын күшейту
туралы және осы аудандарда анықталған
мұнай кен орындарын пайдалануға дайындау
туралы» №41 қаулы қабылдады. Оңтүстік
Маңғышылақтың байлықтарын өнеркәсіптік
игеру үшін 1964 жылдың қаңтарында «Маңғышылақмқнай»
өндірістік бірлестігі құрылды. Мұнай
тыңын игеруге Әзербайжаннан, Татариядан,
Башкириядан, Краснодар және Ставраполь
өлкелерінен мыңдаған білікті жұмысшылар
мен тәжірибелі инженерлік-техникалық
қызметкерлер келді. Ералы, Жетібай кенттері,
Жаңа Өзен қаласы салында. Қазақстан Компартиясының
ОК-нің 1964 жылғы 13 ақпандағы №123 қаулысына
сәйкес «Маңғышылақмұнай» бірлестігі
бойынша 1964 жылғы 3 шілдеде «Өзен мұнай
кәсіпшілік басқармасын ұйымдастыру туралы»
№27 бұйрық шығарылды.
Маңғыстау мұнайын
ашу және тездетіп игеру барланған қорларды
көп есе ұлғайтуда шешуші роль ойнады
және Қазақстанның бұрынғы КСРО-ның мұнай
өндіруші республикаларының қатарына
шығуына ықпал етті.
70-ші жылдарда
іздеу және барлау жұмыстары Бозашы, Қаламқас
ірі кен орындарын ашумен және барлаумен
аяқталды.
Сынған толқындар
әдісі (СТӘ) қолдану арқасында конфигурацияны
және тұз күмбездері ядроларының шөгу
тереңдігін айқындау дұрыстығын арттыру
мүмкіндігін анықтау мақсатында 1934 жылдан
бастап шағылысқан толқындар әдісімен
(ШТӘ) тәжірибелі жұмыстар жүргізіле бастады.
1931-1936 жылдары
СТӘ сейсмикалық жұмыстар орындалды, атап
айтқанды, Торғай ойпатындағы ШТӘ, онда
полеозой фундаментіндегі депрессияларды
іздеу мақсатында Шымкент қаласынан оңтүстікке
қарай СТӘ сейсмикалық барлау орындалды.
1938-1948 жылдары ШТӘ, ал 1940 жылы СТӘ Орталық
Қазақстан палеозой массивінің сотүстік
батпасында мезозой-кайнозой қабатын
Петропавл қаласының ауданындағы Батыс
Сібір плитасының тұнба шөгінділеріне
бөлшектеуге мүмкіндік берді. 1934 жылдан
бастап «Ембімұнай» мен «Ақтөбемұнай»
тресттері, ал 1939 жылдан бастап «Қазақстанмұнайкомбинат»
сейсмикалық барлауды үлкен көлемдерде
жүргізді.
Сейсмикалық
– барлау жұмыстарының көлемдері ұдайы
өсіп жатты, бұл ретте 35 құрылымда орындалған
сейсмикалық-барлау қалыптасқан кезең
нақты геологиялық міндеттерді шешу үшін
оны сынаумен сипатталады.
Қолданылуы
Қазіргі кезде
мұнай біздің өмірімізде түпкілікті орын
алады. Өндірілген мұнай құбыры арқылы
мұнай өңдейтін заводқа жіберіледі.
Ол жерде мұнайды
арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде одан
бензин, жермай және басқа түрлі бағалы
заттар бөліп алынады. Мұнайдан ең алдымен
жанатын газ, бензин және жермай бөлінеді.
Ең таза бензин ұшаққа пайдаланылады.
Автомашиналардың маторы да бензинмен
жұмыс істейді. Жермай реактивтік ұшақтарға,
тракторға, үй тұрмысы қажетіне жұмсалды.
Мұнай автомобильдер
мен тепловоздарға, тракторлар мен комбайндарға,
электр станциялары мен заводтарға өте
қажет. Олардың двигательдері, пештері
мен оттықтары бензинмен, керосинмен,
мазутпен, мұнайдан алынатын сұйық отынның
және басқа да түрлерімен жұмыс істейді.
Машиналар мен
механизмдер де сырғымалары және айнымалы
бөлшектері ұдайы майлап тұруды қажет
етеді. Ондай май мұнайдан жасалады.
Химиялық заводтарға
да мұнай қажет, неге десеңдер: синтетикалық
каучук, эстетикалық талшықтар, пластмассалар,
бояулар, жарылғыш заттар, көптеген дәрі-дәрмектер
сол мұнайдан өндіріледі.
Мұнай қалдығының
өзі де көп пайда келтіреді. Одан: парафин,
жарықмай, гудрон өндіріледі. Парафиннен
майшырақ жасалады. Оны тез тұтануы үшін
шырпы шиінің басына да жағады. Жарықмай
адамның беті-қолын жарылудан сақтайды.
Гудрон сіңірілген темір жол табан ағашы
шірімейді. Жер астына көмілетін электр
сымы қабығына да гудрон сіңіріледі.
Мұнаймен қоса
жер астынан жанғыш газ шығады. Мұнайдың
ілеспе газы кейде тіпті өте көп мөлшерде
кездеседі. Оны мұнай-газ кен орны деп
атайды. Осымен бірге жанғыш газ жер қойнауына
өз алдына бөлек топталып, газ кен орнын
түзеді.
Мұнай сияқты
табиғи газ да отын және химиялық шикізат
ретінде пайдаланылады. Әр үйдің ошағында
маздап тұрған арзан әрі таза табиғи газ
қазіргі кезде ешкімге де таң емес. Газ
әсіресе жылу электр станцияларында электр
қуатын өндіру үшін көп жұмсалады. Ол сонымен
бірге металл қорыту, цемент өндіру, машина
жасау және басқа өндіріс салаларына барған
сайын кеңінен енуде.
Маңыздылығы
Мұнайды өндіріп
және жоғары сапалы мұнай өнімдерінің
кең ауқымды сұрыпталымын шығара отырып,
«ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің өнімдерін
Қазақстанда да, сондай-ақ республикадан
тысқары жерлерде де сатып өткізеді.
Құмкөл мұнайы
халықаралық нарықта жоғары бағаланады
және сапасы жағынан халықаралық Брент
маркалы мұнай эталонына сай келеді.
2006 жылдың шілде
айынан бері Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры
(«Қазақстан – Қытай құбыр жолы») іске
қосылғаннан бастап «ПетроҚазақстанның»
мұнайы Қытай Халық Республикасына жеткізіледі.
2006 жылдың шілде айында іске пайдалануға
берілген Атасу-Алашанькоу Қазақстан-Қытай
құбыры (ҚҚҚ) «ПетроҚазақстан» мұнай жеткізу
бойынша маркетингілік мүмкіндіктерін
жақсартты. ҚҚҚ құбыры жолы арқылы «ПетроҚазақстан»
Қытайға жылына 2,7 млн. тоннаға жуық мұнай
жеткізеді, бұл компанияның барлық мұнай
экспортының 94%-ын құрайды. Қытайдағы сауда
қарым-қатынастары бірінші кезекте ҚХР-дың
солтүстік-батысында орналасқан мұнай
өңдеуші компаниялармен арада жүзеге
асырылады. Мұнайдың белгілі бір көлемі
алыс шет елдерге темір жол көлігі арқылы
тиеп жөнелтеді.
«ПетроҚазақстан»
компаниясының, сондай-ақ «ҚазТрансОйл»
Шығыс филиялының құбыр өткізгіш жүйесін
пайдалану мүмкіндігі бар, ол арқылы мұнай
Шымкент мұнай өңдеу зауытына («ПетроҚазақстанОйлПродактс»)
қайта өңдеу үшін тасымалданады. Шымкент
мұнай өңдеу зауытына компания жылына
2 млн. тоннаға жуық мұнайды қайта өңдейді
де, содан кейін бензин, дизелдік отын,
отындық мазут, авиациялық керосин, вакуумдық
газойль және сұйылтылған газ сияқты өнімдерін
сатып өткізеді. Жыл сайын Шымкент мұнай
өңдеу зауытынан 3,8 млн. тоннадан астам
мұнай өнімдері ішкі және сыртқы нарықтарға
тиеп жөнелтіледі.
Мұнай өнімдері
маркетингінің басым бағыттары ішкі нарық,
атап айтқанда, елдің Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстары сияқты
халық тығыз қоныстанған аймақтары, сондай-ақ
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары,
Алматы мен Астана қалалары болып табылады.
Бұлар мұнай өнімдерін жалпысатып өткізу
көлемінің 70%-ын құрайды.
Компанияның
мұнай өнімдерін ішкі нарықта тұтынатындар
ірі және ұсақ автомай құю бекеттері мен
автомай құю жерлерінің иелері, әуежайлар,
отын – энергетикалық, газ компаниялары,
зауыттар, көлік – тасымалдау ұйымдары,
фермерлік қожалықтар болып табылады.
Экспортқа негізінен мұнай өңдеу зауыттарына
арналған вакуумдық газойль және тұрмыстық
мақсаттар мен вакуумдық газойльді шығару
негізінен Шығыс Еуропаға, ал сұйылтылған
газды шығару – Орталық Азия елдеріне
жүзеге асырылады.