Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 20:44, курсовая работа
Кең ауқымды деректер негізінде С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік, мәдени-ағарту қызметіне талдау жасау;
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:
- С. Сейфуллиннің саяси көзқарасының қалыптасу негіздерін анықтау;
- С. Сейфуллиннің қазақ жерлерінің Қазақ Автономиясына біріктірудегі еңбегін қарастыру;
- Қазақ үкіметін басқарған қызметін, өзіндік ұстанымдары мен көзқарасын сол кезеңдегі халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесімен, ондағы өзгерістермен тығыз байланыста, салыстыра талдап, тұжырымдау;
- С. Сейфуллиннің Қазақстандағы оқу-ағарту ісін ұйымдастыру ісіне қосқан еңбегіне талдау жасау;
- С. Сейфуллиннің қазақ тілін ресми қолданыс деңгейіне жеткізудегі, қазақ мамандарын даярлаудағы атқарған жұмыстары мен қол жеткізген нәтижесіне талдау жасау;
Кіріспе
XX ғасырдың басында қазақ жазба әдебиетінде Абайдың ағартушылық, демократтық бағытын, ақындық өнерде ашқан соны сүрлеуін әрі қарай жаңғырта, замана талабымен үйлестіре жалғастырушы қаламгерлердің А. Байтұрсынов ұйытқы болған аса қуатты шоғыры қалыптасты. Соған өзіндік таным-түсінік, керкемдік қолтаңбасымен келіп қосылған жас талант Сәкен Сейфуллин не бары 4—5 жылда әдебиеттегі төңкерісшіл бағытты бастаушы әрі көрнекті мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілді. Оның шығармашылық және азаматтық тағдырында халықтың бостандығы мен жарқын болашағын социализммен байланыстыра қарауы шешуші рөл атқарады. Осы жолда аянбай еңбектенген әмбебап талант барлық жанрда тамаша туындылар беріп, әдебиетке жаңа образдар, тың тақырыптар, түр мен өрнектер әкелді. Сөйтіп, ол қазақтың кеңес дәуіріндегі әдебиетінің негізін салушы және сол платформаға кірген қаламгерлердің серкесі болды.
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі.
Ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси, мемлекеттік, мәдени-ағарту қызметін зерттеу болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Кең ауқымды деректер негізінде С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік, мәдени-ағарту қызметіне талдау жасау;
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:
- С. Сейфуллиннің саяси
- С. Сейфуллиннің қазақ жерлерінің
Қазақ Автономиясына
- Қазақ үкіметін басқарған
- С. Сейфуллиннің Қазақстандағы
оқу-ағарту ісін ұйымдастыру
- С. Сейфуллиннің қазақ тілін ресми қолданыс деңгейіне жеткізудегі, қазақ мамандарын даярлаудағы атқарған жұмыстары мен қол жеткізген нәтижесіне талдау жасау;
- Қазақ партия-кеңес
- Шығармашылығы мен қызметін
талдау негізінде С. Сейфуллиннің
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы кеңестік
реформаларға ұстанған
1 бөлім С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
1.1 С.Сейфуллиннің өмірбаяны
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы) туған. Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл өзендерінің бойы, алыстан көз тартқан Аба, Ор тауларының бауыры – болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рахатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретер ән мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік, ыстық ұясы.
Табиғаттың дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрынды, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.
Сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет, қимылы, мінез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді. Еркелікті білмейтін, орынсыз күлкіге, жылауға жоқ тұрымтайдай бала шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайды. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «Орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», - деп Нілді зауытына жібереді.
Тоғыз жасында ауылдан кетіп, Кенішке келген Сәкен бір орыстың сиырын бағып, пешке тас көмір жағып, су әкеп, әр түрлі жұмыстар істей жүріп, әуелі сол үйдің кемпірінен бір жыл орысша тіл үйреніп, екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Кешке ата-ана алақанына салған бақытты бала, бүгін кісі есігінде. Кешке кеш жатып, кеш оянған ұйқыдағы жайбарақат ауылда болса, бүгін түтіні аспанға шаншылған зауыт, балғаларды дүрсілдете соғып, көк темірді сағызша илеген ұсталар, есе, теңдік бостандық талап етіп ереуілге шыққан жұмысшылардың арасында. Жеті қат жер астындағы шыңырауға түсіп, көздері ғана жылтырап, шаршап-шалдығып шахтадан шығып келе жатқан кеншілер, сан алуан машиналарды жүргізіп, тас қопарып жатқан жұмысшылар, жатақ үйлер, ауыр тұрмыс, тартысты өмір суреттері алғыр, зерек, есті бала жүрегіне ыза, намыс, кек болып байланды. Кейін олар ақынның көптеген шығармаларына арқау болады.
Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық-әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуы, шығармашылық қадамының басталуы оның 1908-1913 жылдары Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты. Тырнақ алды адымын Нілді зауытында қалжың өлең жазудан бастаған жас дарын қазақ фольклорын, Абай шығармаларын, орыс, Еуропа әдебиеттері классикасын игеруге талаптанады. «Айқап» журналына хабар, сын, мақала, бірнеше өлең бастырады. 1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкен Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады.
Өзі секілді семинария бітірген сол тұстағы қазақтың жас оқығандары сияқты Сәкен де еңбек жолын Сілетті-Бұғылы деген жерде ауыл мұғалімі болудан бастайды. Қазақ даласының астан-кестеңін шығарған 1916 жыл оқиғалары, әсіресе әлемді дүр сілкіндірген 1917 жылдың алапат толқыны Сәкенге қатты әсер етті. Әр түрлі өлеңдер жазып жүрген тіпті әлі балалық мінезден арылмаған жас ақын ақпан Революциясы болып, патша құлатылғаннан кейін Ақмолаға келеді. Тартыстың бітімсіз күресі аз уақыт ішінде романтик жыршыны тез ширатып, тіпті оның шығарма жазуға қолын да тигізбей, әлеумет қайраткері, саяси күрескер етіп шығарады. Сәкен Сейфуллин түрлі қызметтер атқара жүріп, қазақ әйелдеріне теңдік беру, дін басыларды ауыздықтау, бұрынғы дәулет, байлық, әкімшілік-билік иелерін тізгіндеу, кедей-кепшік, жұмысшы, жалшыға күш беру, әлеуметтік іске тарту секілді сан алуан саяси шараларды жүзеге асырады. 1917 жылы жазған «Бақыт жолында» драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының күшімен сахнада қойылады.
Басқа да революционерлермен бірге Сәкен қол-аяғы шынжырланып Колчак түрмесінде отырады, аш-жалаңаш, қорлық-зорлық көріп Анненковтың азап вагонының тауқыметін тартады. Тоғыз айға созылған бұл тамұқ тақсіретінен ер жүрек ақын 1919 жылы наурыз айында Омбы тұтқын лагерінен қашып шығып құтылады. Мыңдаған шақырым жаяу-жалпы, арып-ашып жүріп, ол ақыры Түркістан өтіп, Әулиеата (қазіргі Жамбыл) атырабында Кеңес өкіметін орнату жұмыстарына белсене қатысады.
1920 жылы Қазақ Автономиялы Республикасы құрылғанда, Сәкен Сейфуллин Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер-су Комиссиясының төрағасы, ал ІІІ Кеңестер съезінде, 1922 жылдың қазанында Қазақстан Комиссарлар Кеңесінің төрағасы етіп сайланады. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК) мүшесі ретінде КСРО көлемінде шешілетін күрделі саяси, әлеуметтік, шаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады (1922-1925 жылдары). «Еңбекші қазақ» газетінің (қазіргі «Егемен Қазақстан») «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы болған Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес баспасөзінің басында тұрды. 1925-1937 жылдар арасында Жазушылар одағында, басқа да орындарды басшылық қызметтерде бола жүріп, жоғары оқу орындарында ұстаздық етті. Кең құлашты қоғам қайраткері, адал, шыншыл ақын С. Сейфуллиннің даңқы алысқа тарады.
Сәкен қарбалас, аласапыран күндері тынышталып, бейбіт өмір арнасына түскен уақытта негізгі өмірлік мұраты қаламгерлік екенін әбден ұғынады. Барлық қайрат – күшті талант-дарын, жігерді көркем сөзбен туған халқына қызмет етуге жұмсайды. Оның қаламынан туған «Асау тұлпар» (1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс»(1926), «Тұрмыс толқындары» (1928), «Көкшетау» (1929), «Альбатрос» ()1933 , «Қызыл ат» (1933), «Социалистан» (1927), «Жер қазғандар» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920), драмалары туды. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931), «Батырлар» (1933), «Қазақ әдебиеті» (1932) зерттеу еңбектері – қазақ фольклоры мен әдебиетінің көп материалдарын жүйелеп, озық әдебиеттану принциптері негізінде жазылған, танымдық – тәрбиелік мәні жоғары туындылар. Сазгер ретінде Сәкен Сейфуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты.
1936 жылы қазақ әдебиетінің көзі
тірі классигі Сәкен
1.2 Өткен күндер өрнегі
Тұңғыш жыр жинағы — "Өткен күндер" жарық көрген 1914 жылы Сәкен Сейфуллин жиырма-ақ жаста болатын. Ол — осындай жаста өлеңдері кітап больш басылып шыққан қазақтағы екінші (Мағжаннан кейінгі) ақын еді. Жинаққа енген өлеңдерінде сол тұстағы әдебиетте жетекші орын алған ағартушылық-демократтық идеялар көрініс тапты. Олардың өмірлік мазмұны, көркемдігі мен эстетикалық мұраты, поэтикалық ерекшелігі жас талаптың тума талантын, азаматтық тұрғысы мен биік өресін танытты. Жас ақын қазақ тұрмысындағы сол кездегі маңызды әлеуметтік тақырьштарды көтеріп, елдің бүгінгі және келешектегі тағдыры жайында ойланады. Отаршылдық қамыты, халықтың қараңғылықта бейқам өмір сүріп жатқаны, атқамінер, жақсы мен жайсаңдар дегендердің алты бақан ала ауыздығы, ел ішін жайлаған жоқшылық, кедейшілік, оқу-білім мәселелері толғандырады. Оның "Түс", "Кім басшы аға халыққа?", "Надан бай", "Қазақ сабағы", "Інішегіме" сияқты өлеңдеріне осы идеялар арқау болған. Мысалы, "Түс" деген өлеңінде қазақтың тұрмыс-күйін қараусыз, тозған бақша кейпінде алады да, қазақтарды сол бақшаның қураған ағаштарына теңейді.
Көк шыбықтар көбейсе, тал боп жетіп,
Көркейер сонда бақша, қайғы кетіп, — деп, ескі бақша — көне тұрмысты көк шыбықтар, яғни жастар ғана жаңғыртып, жақсартар, жасартар еді деген ой түйеді.
Сол кездегі әдебиетте халыққа жол сілтеп, тура жолмен алға бастайтын дана, көреген басшыны аңсау, соның жоқтығына налу — басты идеялардың бірі болатьш. "Кім басшы-аға халыққа?" деген өлеңінде жас ақын дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, қалай қарай жүрерін білмей аңтарылған жұртқа басшы, көсем болатын ардагер азамат, ел серкесі шықса екен деп армандайды.
"Інішегіме" атты өлеңінде жоғарыда айтылған "Түс" өлеңіндегі ескі бақшаны жаңартып, керкейтетін "Көк шыбық" (жастар) образының меңзеу, тұспалдау тәсілінен бас тартып, халықты оқу-ағартуға, өнер-білімге, мәдениетке үндейді.
Жас өспірім ұрпаққа, оның өкілі — інішегіне оқу мен өнердің пайдасын, артықшылығын қызықтыра түсіндіріп, білім-ғылым үйренсең, жарқыраған ақ нұрменен көңілің ашылады, жас кеудең нұрға толады дейді. Ақын інішегін иландыра түсу үшін ата-бабаларының оқусыз, ғылымсыз өмір сүргендегі көрген қорлығын, шеккен зиянын айта келіп, сол кездегі қазақ елін шырақсыз қараңғы үйде отырған адамға, ал оқу-білімге жетік, мәдениетті елдерді шамы жарқыраған жарық үйде отырған адамға теңейді. Інішегін бос ойынға алданбай оқу оқьш, қараңғы үйге шырақ жағуға шақырады.
Біз қараңғы үйде отырмыз, қарағым,
Басқа жұрттар жап-жарық қып шырағын,
Солардай боп біз де жарық көрейік,
Сендер де кеп шырақ жақшы, шырағым.
Бұдан жас қауымды оқу оқыш, елін мәдениетке жеткізуге үндеу ғана емес, жас ақынның өзінің азаматтық биік өресі, соңынан келе жатқан ел жастарының жетекшісі, ағалық қасиеті, "біз" деп халық атынан сөйлеп, "қарағым", "шырағым" деп ағалық тілек-өтінішен емірене тіл қатуынан ел тағдырын үлкен санамен ойлап, ауыртпалығына арқасын тосатын қайраткерлікті қоса сезінеміз.
Сәкен ел ішіне оқу-білім таратудың қиындығын, кедергілерді көреді. Кер баққан надан байлардың бала оқытып, оқуға қолдау көрсетпек түгіл, одан ат-тонын ала қашып, қатыгез, топас сараңдықпен қасарып қарсы тұратындарын сынайды.
"Жайлауға көшу", "Айт күні", "Туған ел", "Нұра" сияқты бірқатар өлеңдерінен елден ұзап, оқу іздеп қалаға кеткен жас шәкірттің туған елді, жерді аңсаған сағынышын, ауыл тұрмысын, табиғат суреттерін көреміз. Әдемі, бейнелі тілмен өрнектелген бұл өлеңдер оқырманды көркемдік деңгейінің биіктігімен баурап алады. Алғашқы ғашықтық, махаббат жырлары жас ақынның жүректің ыстық бұлқынысын, отты сезімді суретке айналдырып бейнелеп бере алатынын байқатады.
Жалпы, сол дәуірдің өзге де қаламгерлері сияқты, Сәкен де Абай өлеңдеріне қатты тәнті болып, ұлы ақынның талантына табынған, өзінің алғашқы ақындық талпынысында оған еліктеген. Осы әсер-ықпалды Сәкеннің ғашықтық жырларынан да сезінеміз.
Өмірге көзқарасының айқын әлеуметтік сипатымен, өз кезінің халық үшін көкейтесті, зәру тақырыптарын көтере алуымен, жазба поэзия мәдениетін меңгеруімен "Өткен күндер" өлең кітабы Сәкеннің ақындық болашағынан үлкен үміт күттірген дүние болды.
Бұдан кейінгі — Қазақ төңкерісіне дейінгі 3—4 жылда Сәкеннің ақындық қаламы тез ұштала түсті, өлеңдерінің тақырып аумағы кеңейіп, әлеуметтік мазмұны тереңдей, өткірлене берді. Ол бұл жылдары көп оқьш, көп ізденді, ой-өрісі кеңейіп, оны ел тағдыры мен ертеңгі келешегі олғандырды. Осы кездегі шығармаларынан халық мұңы, заттық идеясы көбірек орын алады. "Көңіл" деген өлеңінде Қазан төңкерісінің алдындағы ой-санадағы толқулар, елегізу сезімдері елес береді. Ақын көңілі аңсаған арманына талпынады, ескі өмірден жұбаныш таба алмай, жаны құлазиды ("Мұң"). Лирикалық кейіпкердің мұң-шері халық қайғысымен өзектес, сабақтас екені сезіледі. Сәкен халық жүрегіндегі запырандай қинаған осы шерлі көңіл күй бір бұрқ етіп сыртқа тебетінін түйсінеді. Патша үкіметінің 1916 жылғы Маусым (июнь) жарлығына байланысты отаршылдыққа қарсы халықтың қаһарлы көтерілісін ел жүрегін кернеген қайғы толқыны ретінде суреттейді.