Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 20:44, курсовая работа
Кең ауқымды деректер негізінде С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік, мәдени-ағарту қызметіне талдау жасау;
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:
- С. Сейфуллиннің саяси көзқарасының қалыптасу негіздерін анықтау;
- С. Сейфуллиннің қазақ жерлерінің Қазақ Автономиясына біріктірудегі еңбегін қарастыру;
- Қазақ үкіметін басқарған қызметін, өзіндік ұстанымдары мен көзқарасын сол кезеңдегі халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесімен, ондағы өзгерістермен тығыз байланыста, салыстыра талдап, тұжырымдау;
- С. Сейфуллиннің Қазақстандағы оқу-ағарту ісін ұйымдастыру ісіне қосқан еңбегіне талдау жасау;
- С. Сейфуллиннің қазақ тілін ресми қолданыс деңгейіне жеткізудегі, қазақ мамандарын даярлаудағы атқарған жұмыстары мен қол жеткізген нәтижесіне талдау жасау;
Ғалым Т.Кәкішев Сәкеннің халық өлеңдерін көптеп жинап оған жанрлық тұрғыдан классификация жасауы сол тұстағы фольклортану ғылымы үшін үлкен жетістік деп қарайды. Оқу құралының бірінші бөлімінде топтастырылған материалдарындағы халық өлеңдерін / салт өлең-жырлары, дін салтынан туған өлең-жырлар, мал туралы, жастық, ойын-күлкі өлең-жырлар/ төртке бөледі, екінші бөлімін батырлық және лиро-эпос жырларына арнаған. Сонымен бірге әрбір салаға кіретін өлең түрлерін ішкі мән-мағынасына қарай бірнеше ұсақ түрлерге жіктей отырып, жанрлық ерекшеліктерімен бір-бірінен айырмашылықтарын ашуы, олардың атқаратын қызметіне, орындалатын мерзіміне қарай сипаттама беруі бұл топтағы жырлардың халық әдебиетіндегі орнын анықтап, олардың жүйелеу принциптерін ғылыми жолға қойуға бастама-тірек болған деп біледі.
Зерттеушінің бұл еңбегінде тағы бір көңіл аударған мәселе Сәкеннің эпикалық жырлар туралы айтқан тұжырымдары төңірегінде ой өрбітуі. Сәкен өзі қарастырған бір топ жырлардың «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Қыз Жібек» т.б./ тақырыптық-идеялық мазмұнын таныстырады. Олардың тарихи мәнін нақтылы деректермен дәләлдей отырып түсіндіргенін жазады. Ғалым осы бөлімде Сәкеннің батырлық жырлардың тарихи-генетикалық шығу тегін дұрыс пайымдай отырып, «Ноғайлы заманында шыққан батырлардың бәрін түгелдей қазақтікі деп иемденудің дұрыс болмайтындығын ескертеді». Кейбір эпикалық жырлардың бірнеше халыққа ортақ мұра екендігін айтуын Сәкеннің үлкен ғылыми жетістігі ретінде бағалаған. өйткені Сәкен бұл ойын қазақтың бірнеше эпостық жырларын қырым ноғайларының этикалық мұраларымен салыстыра отырып айтқанын көреміз. Бұдан шығар түйін – бір кезде қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының біртұтас ел болып жүргенін Сәкеннің дәлелдеп беруі оның дәйекті ғылыми шешім жасай алғандығының нәтижесі деп біледі. Бүгінгі таңда оқымыстыларымыз басшылыққа алып жүрген салыстырмалы-тарихи тәсілді өз еңбегінде алғаш ретіқолданған адамның бірі Сәкен екенін ұғамыз.
Профессор Т.Кәкішевтің тағы бір назар аударған жайы Сәкенді эпостық жырлардың жанрлық сипатына мән беріп, бастама жасаған фольклоршы ретінде қарастыруы деуге болады. Ол эпостың шығу тегін, көп қабаттығына табиғатына байланысты байыпты байламдар жасағанын нақтылы мысалдар келтіре отырып тұжырымдайды. «Қазақтың ескі ел әдебиетіндегі батырлар әңгімелерінің неғұрлым ескілерін алып қарасаң соғұрлым оның қиял қосбасының, жапсырма сырлардың, «ертек» түрлерінің молдығын көресің. Заманның неғұрлым ертесіне қарай бара берсең, соғұрлым елдің ішкі, надан кезіне таяна бересің. Батырлар әңгімелерін неғұрлым бергі заманда шыққанын алып қарасан, соғұрлым ол әңгіменің «кереметтері» аз бола береді. Шындыққа жақын бола береді. Және соғұрлым бертінгі заман батырларының жаратылыстары да «кереметсіз сола береді» – деген байқауларында үлкен сыр жатқанын ашады. Бұл жерде Сәкеннің «неғұрлым ескілері» деп отырғаны көне эпос екенін білсек және оның қиял қоспалары көп болып ертегілік сипатынын басым екендігін дұрыс танығанын аңдатады, яғни әр жанрлық түрдің негізгі белгілеріне байланысты орынды ой қозғағанына тоқталады.
Осы ойын автор жалғастыра келіп тағы да Сәкеннің сөзіне жүгінеді. «Жаугершілік заманындағы өлең – жырлардың сарын – күйі жауға шауып жалтылдаған жауынгер батырдың суретін сездірсе, «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» өлеңінің сарын күйі ырғалып көшіп, манаурап қонған көшпелінің суретін сездіргендей болады. Екеуінің айырмасы өте айқын сезіледі» – деген сөзі дәлелдей түседі деп жазады ғалым.
Автор Сәкеннің оқу құралында қазақ халқы тарихының қысқаша очеркінің берілуін де құптайды. Бір қарағанда бұл оқулыққа халық тарихы туралы кіріспе бөлімнің қажеті жоқ сияқты әсер етеді, алайда зерттеушінің саралауына сүйенсек, оқу құралына кірген материалдарды жан – жақты тереңірек түсіндіру үшін бұл шолу белгілі дәрежеде міндет атқарып отырғанына көзіміз жетеді. Онда автор халқымыздың бай халық әдебиетінің қайнар көз – арнасын айқындауды мақсат еткен. Сондай – ақ ел тарихының елеулі бел – белең кездері халық әдебиетінде өздерінің ізін қалдырып, оның кемелденуіне және жаңа түр сипат табуына нақтылы себеп болғанын көрсетуді мақсат еткен дейді. Басқаша айтқанда, халықтың тарихи мен әдебиетін ажырамас бірлікте қаралуының нәтижесінде Сәкен өзінің алға қойған мақсатын орындап шыққан деген ой ұсынады. Бұдан ұғарымыз Сәкен Қазақтың аса мол әдеби мұраларын тұрмыс – тіршілік пен кәсіпке, әдет – салтқа байланысты туады деген қорытындыға келуі аталған оқу құралының жетістігі ретінде көрсетіледі.
Оқу құралы демекші «С. Сейфуллиннің бұл еңбегін жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық демей, оқу құралы деуінің де сыры жоқ емес» дейді ғалым. Оқулықтың оқу құралының, ал оқу құралынан оқулық – хрестоматияның қандай айырмашылық ерекшеліктері болатынын тарата отырып, бұл еңбекті неліктен оқу құралы деп атағанын да түсіндіріп береді. Сонымен бірге автор Сәкеннің зерттеу әдіс – тәсілінде ашып отырады. Ол өзінің ғылыми тұжырымдарын бекіте түсу үшін түркі халықтарын фольклорлық мұраларын көп жинап зерттеулер жүргізген әйгілі ғалым. В. Радлов пен халық мұрасының үлкен жан ашыры Ә. Диваевтын зерттеу еңбектеріне табан тіреп отырған. Алайда Сәкен әйгілі шығыстанушылар мен ориенталистердін пікірлеріне құлай бермей, оларға да сыншылдық көзқараспен қарауы оның ғылыми дәлелінің дәйектілігін танытады деп түжырады.
Профессор Т. Кәкішев Сәкен сынды әдебиетіміздін ірі тұлғасының халық әдебиетін жинау, жүйелеу, зерттеу саласындағы еңбегіне ілтипатпен қарай отырып, кейбір артық –кемді айтылған пікірлерін де ашып көрсетіп отырған. Алайда Сәкеннің бұл зерттеуін фольклорлық мұраларды классификациялауды алғашқылардың бірі болып көтерген және әрбір жанрлық түрлерге ғылыми жүйелі сипаттама бере білген құнды еңбек деп бағалайды. Сөйтіп С.Сейфуллин фольклортану ғылымына үлкен үлес қосқан фольклоршы ғалым деген орынды қорытынды шығарады.
Ғалымның екінші бір көңіл аударғаны – қазақ фольклорының эстетикасы. Зерттеуші эстетикалық талап-талғамның элементтері халық әдебиетінде молынан үшырасатынына назар аударады. Мұның өзі сұлулықтың сырын терең ұғынып, әдемілікті танып-білуге, одан ләззат алуға сұлулықты қастерлеуге үйретеді де, халықтық эстетиканың негізгін қалыптастырады деген ой түйеді. Халақ әдебиетінің әлеуметтік – эстетикалық нәріне айрықша мән береді. Сын жанрының туу, дамуы халықтық эстетиканың тікелей әсері болатынына яғни халықтық эстетика сыни ойдың бастауы деп таниды. Халықтық эстетиканың фольклор үлгілерінен көрінуін сөз етуі арқылы сыншылдық ойдың бастауын анғартады.
Қазақ фольклорының эстетикалақ табиғатын сөз еткенде “Қыз Жібек» жырындағы көш көріністерін сән-салтанатын тілге тиек ете отырып ойын сабақтайды. Көш тізбегіндегі ажарлы көрініс шынайы әсемдік пен сүлулықты келістіре суреттеуі арқылы халықтың көркемдік таным-түсінігін, эстетикалық талап – тілегін қалыптастырып та, қанағаттандырып та отырған. Халық қиялы адамның ажар-көркін танып-сезумен ғана шектелмей, қимыл-әрекет әсемдігін жеткізе айту арқылы да адамның эстетикалық талғамын айта білген. Жібектің сүлулығын аша түсу үшін ажар көркі бір-біріне үқсамайтын он бір қызды көз алдынан өткізе отырып, ерекше көркемдік тәсіл Жібектің кескін-келбетін шарықтау шегіне жеткізуін өзі-ақ халықтың көркемдік жөніндегі таным-түсінігін, эстетикалық әсемдік сезімінің байлығын танытады деп қарайды. Сыр-бояуы солғын тартпайтын мүндай эпикалық жырлардын қай-қайсысы болсы да халықтың даналық тұжырымын танытып ғибрат беріп қана қоймайды. Сонымен бірге эстетикалық ләззат та беруді мақсат етеді деген байлам жасайды.
Автор тұрмыс – салт жырларының бір бүтағы болып табылатын беташар өлеңінде де ғасырлар бойы қалыптасқан үлгі-өнегелік шындықтарды іріктей айтуға негізделуі тек дидактикалық сипат алып коймай, эстетикалық мәнге ие болады, осы арқылы халықтың сыншылдык ой-пікірі көрініс табады. Мұның өзі де эстетикалық мұраттың тұрақтылығы деп біледі.
Сондай-ақ ақындар айтысында да халықтық эстетиканың мәнді бір принциптері анық байқалып отыратынын Жамбыл мен Құлмамбет, Әсет пен Ырысжан, Біржан мен Сара, Нұрилә мен Үмбетәлі айтыстарына талдау жасау арқылы ашады. Айтыстағы маржандай тізіліп, шоқтай жинаған сөз өрнектері өзінің образдылығымен ғана емес, эстетикалық нәрімен де құнды екенін пайымдайды.
Фольклор өмірдің алуан саласын қамтитындықтан, онда ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық зстетиканың мол сілемдері сақталған. Атап айтқанда қазақтық шешендік сөздері небір шырайлы ойлар мен терең эстетикалық логикаға құрылады деп санайды. Қысқасы, халық әдебиетінің қай жанрлық түрінен де халықтың этикалық-эстетикалық түсініктері мен қасиеттері бой көрсетіп отырады, деген қорытындыға келеді.
Т.Кәкішевтің көп қырлы зерттеу еңбегінің бір өзек арнасы әдеби мұраны игеру проблемасы. «Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинау және зерттеу-тарихи –эстетикалық қажеттілік» деп қараған ғалым әр кез осы мәселеге оралып соғып отырғанын көреміз. Фольклорлық мұраны жинау, оның кейбір үлгілерін жариялауды қазақ баспасөзінің тууымен байланыстыра қарайды. Сонымен бірге бұл мәселе де орыстың ғалымдары /В.Радлов. Г. Потанин т.б./ және Ә.Диваев пен А. Затаевичтің орасан зор еңбегі болғанын XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде бірқатар істер тындырылғанын атап өтеді. Бұған қарап халық әдебиеті мұраларын жинап-жариялау мен зерттеу де даңғыл жол бола қоймағандығын талай қиындақтарды көруге тура келгендігін жоққа шығармайды. Өйткені Қазан төңкерісінен кейін фольклорлық мұра мәселесі түрлі идиологиялық айтыс-тартыстарымен астарласып жатқан. Сөйтіп бұл мәсле жөнінде , әр қилы теориялар мен қисындардың орын алуы осындай игі іске әсер ықпалын да тигізбей қоймағанын аңғартады.
2.1 Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы аңыздар туралы сыр
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы—ақын шығармаларының ішіндегі көркемдік қуаты жағынан да дәстүр сабақтастығын жалғастыра отырып, тың ізденіспен, жаңашылдықпен жазылған туынды. Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын, көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын – жаратылыстың суреттей қылып берген сұлулығын тамылжыта, төгілдіре өрнектейді.Табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді.
Поэмада Көкшетаудың табиғаты, елі мен жері, адамдары ғана емес, ақын Көкшенің бүгіні мен болашағына да көз тігеді.Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын, жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір-қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлай
Халық Көкшетау атап кеткен, Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі көгілдір таулы өлке батысынан шығысқа қарай төрт жүз-бес жүз шақырымға созылып жатыр.Көкшенің көгілдір таулары асу бермес асқарлар емес, сайын дала, жалпақ жазира төсінде киіктің лағындай еркелеп, құралайдай құлпыра қызықтырып, келсеңші қалқам деп еркелей қол бұлғап, жібек орамалы өзіне ынтықтырып тұрған ару таулар. Болмыс-бітіміңді баурап алатын осынау таулардың ең биігі- Көкше қырқасынан сырлы әлемге көз салу үшін 947 метр биіктікке көтеріліп шығасың.
Иә, Көкшетау—тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған сурет.Бірінен-бірі асқан көгілдір таулар өз аясына мөлдіреген сексен көлді ұялатып, текше-текше тастарды қиялатып, ұлы табиғат өз өнерін айдай әлемге сиқырлы бояумен паш еткендей.
Ақылбай асуының екі қапталында қолдың саласындай сыңсып қарағайлы көгілжім орман алыстан аю жүнденіп ұйып тұр.
Табанын көкпеңбек көлдің мөлдір суы жуған көгілдір таулар сұлай созылып, жон арқасын күн сәулесіне тосып, рақаттана қыздырынып жатыр. Ара-арасынан жұп-жұмыр шың тастар құзартады. Оған ғашық болған ару қарағайлар сылаңдап жан-жағынан еркелей сыңғырлап, құзарт шыңның омырауын аймалап, маңдайынан иіскеуге ұмтылғандай...
Енді бірде күмістері күнмен шағылысқан тақияларында үкілері үлпілдеп өңкей бір сұлу қыздар сахнаға жан-жақтан қаптап шыға келгендей әдемі әсерге бөленесің. Төбеңнен төне қарап тұрған сесті құздарды ұмытып, қыз мойнындағы моншақтай тізіліп тұрған тауларға қарай бересің, көзіңді қадай бересің. Алдағы әсем көрініске қарап тұрып:
О, Көкше, көзді ерекше тоқтатасың,
Ақша бұлтқа қадалған шоқпар тасың.
Ақылбайдың аса алмай асуынан,
Еңісте шөгіп жатыр Ақ Боташым,деген жыр жолдары еріксіз еске түседі. Ақын Ақ Боташым деп анау бір көрінген Ақбура тауын айтқан. Аты аңызға айналған Ақбура сол. Бурабай жайында көптеген аңыздар мен әңгімелер бар.«Алла-тағала әлемді жаратқан кезде кей халықтарға бай орман, кең алқаптар мен ірі өзендер, басқаларына әсем таулар мен сұлу көлдер еншілепті. Қазақтың үлесіне тек кең дала тиіпті.Содан қазақ ренжіп, Жаратқаннан табиғаттың кереметінің бір бөлшегін сұрапты.Содан Алла-тағала өз қоржынының түбінен әсем таулар мен жартастардың, мұнтаздай таза сулы көлдердің, шалғындардың, гүлдердің, сонымен қатар салқын сулы бұлақтар мен сылдырап аққан жылғалардың қалдығын даланың ортасына тастай салыпты. Тауларын әр түрлі ағаштар мен бұталардан құралған жасыл кілеммен көмкеріп, ормандарын аңдар мен құстарға, көлдерін балыққа, шалғындарын жәндіктер мен көбелектерге толтырыпты. Осылайша Бурабай пайда болыпты.
Абылай хан қалмақтарды шауып, жаудың он жеті жасар қызы қолға түседі. Жауынгерлердің қай-қайсысы оны әйел етіп алғысы келеді.Хан сұлудың өзі таңдасын дейді. Бірақ сұлу жартастың шыңына шығып орамалын байлап: «Кімнің жебесі орамалға дәл тиеді, соған күйеуге шығамын»-- дейді. Ешкім тигізе алмайды, себебі, ешкімнің жебесі сондай биіктікке ұшуы мүмкін емес еді. Содан бері қалмақ қызы орамалын ұстап тұрған жартас, осы аңызға байланысты Оқжетпес аталады. Оқжетпес- етегінен шыңынан 300 метр биіктікті құрайтын пирамида тәріздес жартас.Мұңайған қалмақ қызы басына теңдік тимейтінін сезіп, жартастан Бурабай көліне құлаған кезде, қаздар қиқулап, аққулар сұңқылдап қанаттарын сабалап жүргенде, су астынан қыз сымбаттас тас бейне шашын жайып шыға келеді. Осылайша таңғажайып Жұмбақтас жартасы пайда болады. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қарасаңыз, қыздың бейнесін байқайсыз, ал кері жағынан қарасаңыз мыстан кемпірді көресіз.Жұмбақтас жартасты аралы көлдің батыс бөлігінде, көгілдір шығанақта орналасқан. Сәкен сейфуллин өзінің «Көкшетау» поэмасында былай деп суреттейді: