Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 20:44, курсовая работа
Кең ауқымды деректер негізінде С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік, мәдени-ағарту қызметіне талдау жасау;
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:
- С. Сейфуллиннің саяси көзқарасының қалыптасу негіздерін анықтау;
- С. Сейфуллиннің қазақ жерлерінің Қазақ Автономиясына біріктірудегі еңбегін қарастыру;
- Қазақ үкіметін басқарған қызметін, өзіндік ұстанымдары мен көзқарасын сол кезеңдегі халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесімен, ондағы өзгерістермен тығыз байланыста, салыстыра талдап, тұжырымдау;
- С. Сейфуллиннің Қазақстандағы оқу-ағарту ісін ұйымдастыру ісіне қосқан еңбегіне талдау жасау;
- С. Сейфуллиннің қазақ тілін ресми қолданыс деңгейіне жеткізудегі, қазақ мамандарын даярлаудағы атқарған жұмыстары мен қол жеткізген нәтижесіне талдау жасау;
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі,
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Әйгілі Оқжетпеспен бірге туысқандай болып бірінен-бірі сәл қалқыңқы бой түзеп тұрған үш шынарға еріксіз көзіңіз түседі.Оны халық «Үш діңгек» немесе «Апалы-сіңлілі үш ару» деп атап кеткен. Осы орайдағы аңыз мынадай бір сыр суыртпақтайды.
Ертеде Қарауыл ауылдарының бірінде елдің көркі, бірақ дұшпандардың көз құрты болып апалы-сіңлілі үш қыз өмір сүреді. Үшеуі де бірінен бірі өткен хас сұлулардың өзі болады. Орталарындағы жалғыз бауырлары Оқжетпес беті қайтпас батыр болып өседі. Үш апасын қызғыштай қорғап, қамқоршы бола біледі.
Әбден өшіккен жау қапылыста баса-көктеп, елді шауып, үш ару мен бауыры Оқжетпесті анталап қоршауға алады. Төртеуі шетінен атысып, кейін жылжи береді. Бір кезде ту сырттарына қараса, сыңсып тұрған жасыл орман, бау-бақша, мөлдір көл, көгілдір тауларды көреді. Құс жыртылып айрылады. «Туған жердің мұндай балауса бағын арам ниет дұшпандардың қара табанына қалай таптатамыз, қасиетті топырағымызды қалай ойрандатамыз, өзімізді қалай қорлатамыз?»--деп қайраттанған Оқжетпес пен оның үш ару қарындасы қатарласып, жауға қасқая қарсы тұра қалады да, шапса алмас қылышы майырылатын, сүңгітсе қара найзасы қайырылатын, атса оғы асып түсе алмайтын қамал тасты тік қаптал құзар шыңдарға айналып кетеді. Бұны көріп зәрелері кеткен жау тым-тырақай қаша жөнеледі...
Осынау табиғат таңғажайыбына Біржан сал да, Ақан сері де, ғалым, жиһангер Шоқан да, Үкілі Ыбырай да, Балуан Шолақ та таңдай қағып тамашалай қараған.
Ақын бұл суреттеуінде бейнелі сөздерді қолдану арқылы Көкшетаудың сұлу табиғатының алдында бесіктегі баладан бастап, еңкейген кәріге дейін бас иіп құптатады. Теңеу сөздерді орынды қолдану поэмаға ерекше бір әр береді.
Мысалы, ауасының тылсым тазалығын «жұпар исі» десе, Жеке батыр тауын «Ұйықтаған батырға» теңеуі, Бурабай тауын шөккен түйеге теңеуі, Оқжетпес шыңының атауы, биік жартасты мылқау-керең адамға теңеуі ақынның шеберлігін тағы бір қырынан танытады.
3 бөлім Сәкен және Абай
20 ғасырдағы қазақ әдебиеті, әсіресе
қазақ поэзиясы Абайдың
«Сөзіңді үлгі қылды білген адам, Түсінбес оқыса да бітеу надан, Наданға құр қу ағаш құрған тезің, Көткеншек алға қарай баспас қадам...»- деген әлеуметтік ойларды ұлы ақыннан алғаны сөзсіз. Оның қаншалықты мәні барын «Бірлік» қоғамына басшылық жасап жүргенде өзі мықтап түсінді. Сондықтан «Кім басшы - аға халыққа», «Қазақ сабағы», «Надан бай», «Оқымаған қазақ» деген өлеңдерін жазып, ел қамын ойлау адастырмас арман жолы екенін ұқты. Сол тұста жас ақынды қолтығынан демеп, алға бастырып жіберген Абайдың азаматтық әуені болатын, «Сөз патшасынан» қоғамдық мән-мағына тауып, өз пікірін сабақтауға бел буды.
«Сөзіңнің жылдан-жылға қадірі артты, Оқуға құмар қылды талай жасты, Құмар болған кеудесі - сәулелі ар, Айтпаймын ауылдағы шыбай масты...» - деуінің сыры да түсінікті. «Сәулелі ары» барлар ғана Абайға серік болмақ.
«Саналы көзі ашыққа сөзің алтын, Санасызға - жел сөз - соққан салқын, Ойында санасыздың еш нәрсе жоқ, Ілгері бассын деген қазақ халқын...» - деген қомақты пікірді түйіндегенде Сәкеннің Абайды қалай түсінгені өзінен-өзі айқындала бермек.
Абайдың 1909 жылы өлеңдер жинағы шығып, қазақ сахарасына кең таралғанда көңіл көзі ашықтар, әсіресе ақындар мен оқушы шәкірттер дүр сілкінген болатын. Абай ақындығына тәнті болып, өлең арнағандар некен-саяқ. Абайды әдебиетіміздің атқан ақ таңы, жаңа беті, үлгі-өнегенің асыл арнасы деп танығандар ете көп болды. Абайдың өз төңірегіндегілер ғана емес, алып ақындықтың қуатты күшін алыстан сезіп-білгендер де қосылып жатты. Сол қалың дүрмектің арасынан Мағжан «Хакім Абайға» өлең арнап, жарқ етіп көрінді.
«Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар, Өлтіріп талай жанды жүгін артар, Көз ашып, жұртың ояу болған сайын, Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар», - деп шын өнердің мәңгілік екенін, оны дүниеге әкелген дарынның әрқашан қадір-құрметке бөленерін ізбасар ақын мықтап ұғынды. Абай ақындығына ден қойып, одан медет тілегендер көбіне халық қамы жайындағы кешелі ойлардан өріс алып, үлгі шашуға талпынды. Әрине, олардың ішінде Шәкәрімнің орны бөлек. Кенбай да Абай рухын насихаттаулардың ірісі болғаны рас. Тайыр Жомартбаевтың, қазақтың тұңғыш публицист қызы Нәзипа Құлжанованың Абайға арнаған өлеңдері мен сүбелі ойлары «Қазақ» газетінде жарияланды «Уақ» деген бүркеншік атпен 1914 жылы жазған автор сол ойларды мәнді түйіндеп, күніне жүз оқысаң да жабықтырмайтын, бір ойынан бір пікірі асып түсетін жыр маржанын айта келіп: «Сөзі рас, сөзі таза, сөзі ақыл, Көңілге бір жері жоқ, жабыспайтын. Қазақта мұнан артық сөз шыққан жоқ, Бағалап мынау не деп пар ұстайтын... Есіл ер бұл заманда болмайды-ау деп, Қазақта қабырға жоқ қабыспайтын...» - деуі Абайдың қоғам алдындағы беделі мен салмағын айқын танытады. Осы ойларды Сұлтанмахмұт «пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай, соқыр кісі сыбдырынан табарлыққа ашық тұрады марқұм Абай өлеңдері» деп тұжырымдауы ақынның аузынан әлдеқалай шығып кеткен әншейінгі әдемі сөз емес еді. Абайға арналған өлеңдердің, оның ішінде Сәкен жырының қай-қайсысы болмасын, сөз маржанын қомақты ой-пікірмен әрлендіре түсіп, көркемдікті әлеуметтік менімен ажарланғанда ғана жұрт жүрегіне жол табатынын көрсетті. Және сол кезде қолына қалам алғандардың жалпақ қазақ тілімен-ақ ел- жұртқа керекті ой-пікір айтып, сана-сезіміне жеткізе алатыны, солай болуға тиіс екендігі эстетика, таным-біліктің сүбелі талабы болып қалыптасты. Осы жөнінде қазақтың қоғамдық ойының көгінде жарық жұлдыз бола білген Міржақып Дулатовтың мына мойындауының мәні зор. Қазақ зиялыларында орыс, араб, парсы сөздерін араластырып жазу машығы күшті болған тұста, яғни «1908 жылы «Оян қазақты» жазып жүргенімде, әлгі «әдеби тілдерді» неғұрлым көбірек кіргізу жағын ескерусіз қалдырмадым. Сол жылдарда Абай кітабы Һәм «Қырық мысал» шықты. «Қырық мысалды» оқығанымда өзімнен-өзім ұялдым. Өзімнің Һәм өзім секілділердің адасып жүргенін сонда байқадым» (266-6.) дегені ана тілінің қуатын сарқа пайдалану қажеттігін ұғынғандығын көрсетеді. Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін салып, әдеби тілін қалыптастырды дегеннің нақты дәлелін осындай «мойындаудан көріп», бүкіл қазақ әдебиетінің ендігі беталысы таза ана тілінің байлығын игеруде екенін анық аңғарамыз. Абайды оқығандардың да, Абайдың шапағаты тиіп, ақындық сапарға шыққандардың да қазақ тілінің лексикалық қорын сарқа пайдалануға, әрі бейнелі, әрі түсінікті шығарма беруді машыққа айналдыруға ұмтылыстары ұлы Абайдың ұстаздық бейнесін танытады. Сәкен Абай үлгісімен талай шумақтар жазғаны белгілі. Әсіресе «Ғазелде» Абайдың өлең өрнегін айнытпай қолданып, ұлы ақыннан шеберлікті шыңдаудың жолын үйреніп жүргенін көрсетеді. Абайдың қазақ поэзиясына сіңірген ұлы еңбегі - жарқын да ажарлы жаңашылдығы болса, Сәкеннің үлгі алғаны да, шама-шарқынша ілгері дамытқаны да осы саладан анық көрінеді. Кейбіреулер Сәкен Абайға онша құлай қоймады дегенді сылтау қылып, Абай мен Сәкен арасына "Қытай қорғанын" соғып, алшақтатып жіберуге тырысады және бұл мәселені көбіне идеялық арнада алып шықпақ болып жүргендер де жоқ емес. Қазақ өлеңінің өрнегі жағынан болсын, әуендік мақамы, әуездік ырғағы жағынан болсын реформа жасауда Абай мен Сәкеннің орындары ерекше. Екеуінің рухани табысатын ұлы арнасы да осы салада.
Абай қазақтық өңге бейімделген силлабикалық өлеңіне тониканың үлгі-өрнектерін білдірмей қосып отырды. Бұл ақын қуатының мықтылығынан, күштілігінен. Абай өлеңдерінің өрнегі мен өлшемдері былайғы жұртқа әлімсақтан бері қазақ поэзиясының төл түзілісі болып көрінеді. Өйткені Абай диірменінің құдіреті сондай - ол қандай жаңа түр-үлгісі болсын, жаңа мақам-ырғақ болсын ұнтақтап өз ыңғайына бағындырған уақытта шектен шыққан ұнның қай түрі болса да қазақ диірменінен, таным-түсінігінен шыққандай, ешбір қоспасы сезілмей тұрады. Бәрі бейтаныс болғандықтан Абай сөзі айрықша тартымды да қызықтырғыш. Оның үстіне өрнек арқылы үлкен ғибрат-мағына өріліп, дестеленіп шыққан кезде Абай жасаған жаңа дүние дәстүрлік сипатқа ие бола түседі. Қазақта бұрын бар ма еді, жоқ па еді деуге шамаң келмей, тұмылдырықталған тайлақтай Абайдың соңынан ере бересің.
Оқушысы мен тыңдаушысын ақындықтың ұлы құдіретімен құлатып, жақтас етіп алған Абай өлеңінің жаңашылдығына алғаш назар аударған адам Ахмет Байтұрсынов. Өзінің «Қазақтың бас ақыны» деген атақты мақаласын жазды. Абайдан басталған реформаторлық рух қазақ ақындарының ішінде Мағжанда бейнешілдік, сөз құдіретін асқақтата беру жағында айрықша көп болса, сыртқы түр арқылы, екпінді ырғақ арқылы тоникалық өлеңге іш тарту машығы Сәкенде мейлінше анық байқалады. Абай рухының Сәкенге айрықша дарыған тұсы осы. Жаңа мақам іздеген уақытта Сәкен тартынуды білмеген, осылай жасау қажет деп ұққан болатын. Бұл жолда тамаша табысқа жетіп жатқанын да көреміз, орынсыз ожарланғанда омақа аса құлап, ерінен ауып қалғанын, қазақтың өлең өрнегіне зорлық жасап, төсегін жыртқанын да көреміз. Сәкен жасаған өлең ернектері Абаймен деңгейлес болмағанмен, реформаторлық ниеттері мейлінше рухтас болғандығын анық аңғарамыз. Абай ағартушы-демократтық бағытқа берілгенде ескі арна арқылы барамын, жетемін деген жоқ. Сондықтан ол бұрынғы дәстүрлі машықтар мен мақамдарды, терме мен толғауларды өзгерте, іштей түлете, кейде қирата бұтарлады. . Есмағамбет Ысмайылов, 3ейін Шашкин, Сәбит Мұқанов тұжырымдауынша, Абай жасаған 16 түрдің көбі осындай төңкерісшілдіктің жеңісі. Ол идеялық жағынан да, түр жағынан да бірін-бірі толықтырып, Абай кемеңгерлігін аспандата беруге жағдай жасады. Осы рух көзі келгенде, уақыты туғанда кеңес әдебиетінің бастаушысы болған Сәкенге дарыды, жұқты. Замана өзгерісі, қиын өткелдер жыл жылмағай болып оп-оңай өте салмайды. Ол ойға да ниетке де, өлеңге де өзінің табын салып, өз өрнегіне талай жаңалықтар әкеледі. Осы процесс Секен шығармаларында алабөтен болғандықтан, ол да ұлы жаңашыл болып есептеледі. Абаймен рухтас еткен өлең өрнегіне келсек, онда Сәкеннің атақты «Советстанының» түрін алдымен ауызға алу қажет. Өйткені ол - Сәкеннің ілгерінді-кейінді ізденістерінің қорытындысы, қазақ поэзиясындағы жаңашылдықтың үлгісі. Талай ғасырдан бері әдебиетіміздің қайнар бұлағы, өркендер арнасы болып келген поэма жаңа дәуіруде соны сипат ала бастады. Көбіне сюжетсіз жырланатын өмір шындығы, дидактикалық әуен Абайдан кейінгі көркемдік даму барысында уақыт дүмпуімен эпикалық көлемге қол созды. Осының нәтижесінде кәсіпқой поэзияның бейне жасау бағыты өрістей түсті. Әрқилы көркемдік тәсілдер тоғыса келіп, Сәкен Сайфуллин өлеңдерінде өмір шындығы өршіл романтика арқылы жарқырай көрінді.
Ақырды асау - жаңғырды дала,
Тулады, орғыды асау
Дүбірлеп күңіренді дала...
Көкіректі кернеп, кең даланы күңірентіп, қатты айғайлап ән салдым. Әніме қосылды кең дала, аққулы, қазды шалқар көл, қамысты, құрақты көк өзен, - қосылды бері шуласып, қосылды бәрі шаттанып» деген асқақ романтика жаңа өмірдің айбынды асаулығын аңғартқандай. Сондықтан Асау тұлпар образды төңкерістің аумалы-төкпелі заманын бейнелеуге сай болды. Бұл бораздада біріне-бірі сабақтасып, іштей қабысып жатқан екі жай бар. Бірі - тұлпар, қазақ әдебиетінде ерекше қастерленген бейне. Демек, оның дәстүрлік сипаты қалың. Сәкен Асау тұлпарды бейнелегенде қазақ халқының таным білігінен алыстамай, дәстүрді пайдалану арқылы және өмірге ұмтылғандарға әсер ету мақсатын кездеді. Сондықтан да халық Асау тұлпарды жатсынбай қабылдады. Екіншіден, Сәкен баяндауында тұлпардың тек сыртқы түрі ғана сақталып, ішкі мазмұны, көздеген мақсаты, мінез-құлығы, іс-әрекеті мүлде жаңаша суреттелді. Осы тұрғыдан алғанда қазақ поэзиясына Сәкен сіңіре бастаған жаңалық, жаңашылдық әуелінде ескі дәстүрге сыйымды болып, соның бесігінде ержетіп, заманға лайық жаңа түр екенін анық аңғартты. Соның нәтижесінде Асау тұлпар жаңа өмірдің апалаң-топалаңы мен ізденісіне сай табылған романтикалық астары қалың бейне болды.
Сәкен 20-жылдардың орта шенінде дәуір ыңғайына қарай Қара айғырға - отарбаға көше бастады. Қазақ поэзиясының дәстүрлі 11, 7 және аралас буынды өлеңдері ұлы Абайдан кейін құбыла молаюы Сәкен тұсында мейлінше күшейе түсті. Өйткені қазақтың ақындық аспанында Мағжан Жұмабев, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов сынды сәйгүліктердің бәсеке жарысы айқын естіліп жатуы және жаңа заманның дауылы, толқын-ырғағы өлең өрнегіне жаңалық әкелді. Жаңалықты формалистік жаттығуларға айналдырмай, кезең идеяларын, мақсат-мұраттарын нанымды жырлаудың амалы етті. Жаңа өлшем жаңа түрді қажетсінді. Сәкен поэзиясында дәстүрлі өрнектермен қатар Абай өлеңдерінің үлгісі жиі кездесіп отырғанына қарамастан, тоникалық белгілерге іш тарту басым болды. Ал мұның өзі, яғни буын ұйқастығынан туатын ырғақтың екінші қатарға көшіріліп, негізгі айтар ой екпіндік ырғақпен жырлануы қазақ поэзиясына сіңе бастаған жаңалықтың нышаны, силлабикалық өлеңге соны белгілердің ене бастауы еді. Абай мұны білдіртпей, сездірмей жүзеге асырса, Секен осы принципті «Советстанда» әбден орнықтырып, қазақ өлең өрнегінде бұрын кездеспеген жаңа түр жасады. Замана бейнесін жасау мақсатына ден қойған автор көбіне жеделдікті, екпінділікті, езгеріс-құбылысты 11 буынды қара өлеңмен беруге болмайтындығын түсініп, көбіне жыр үлгісіне бой ұрып отырады. Ойды төгіп-төгіп, бастырмалатып айту замана рухына сай келетінін анық ұғады.
«Ақырды асау, жаңғырды дала...», - деген сияқты әр қимылды тездете түсуге мүмкіндік беретін мақалды көп қолданды. Сондықтан да кейбір өлең шумақтары бұрынғы дәстүрлік санынан кейде артып, кейде жетпей жатып-ақ логикалық ойды түйіндейді. Сонда екпіндік нышан басым көрінеді. Қазақ өлеңдерінің негізгі құрылысы әндік, әуендік, саз ырғағына бейімделгендіктен екпіндік принцип көбіне тақпақтай түйіп-түйіп айтуға іш тартып тұрады.
«Зырла, экспресс, ұш, зырла! Жұлдыздай-ақ құлдырла! Аямай жүгір бәрің де!...» - деген өлеңнің бар динамикасы дауыс екпініне құрылады да, өлең ұйқасы екінші қатарға көшіріліп, айтар ой ақырғы жол өзгешелігінен табылып отырады.
«Егер мінсе - шыдасын! Қорқақтар мейлі жыласын, Шыдамаса құласын! Аямай сілте барыңды...»- деп жігерлі түйінделеді. Аралас буынды өлеңнің ежелгі құрылысының шет жағасы сақталғанымен де дауыс ырғағы алғашқы қатарға шығып, жаңа леп пайда болады Силлабикалық өлең жүйесіне тониканың екпіндік ырғағын енгізу талабы Сәкен поэзиясында ерте басталған. 1915 жылы қарашада жазған «Жазғы түнде» деген өлеңінің әр шумағы жеті жолдан құрылып, оның алғашқы екі жолы бір ұйқаспен (А,), 4-5 жолы (-6, Кб) бір ұйқаспен, 3-6 жолдар кейде ұйқасып, кейде ұйқаспай ой екпініне бейімделуі, ал ақырғы жолы 2-жолдың логикасымен сабақтасып жатуы тегін емес.
Бұл өлең өрнегіндегі әуен мен ұйқас, бунақ пен ырғақ ажырамас тұтастық тапқан. Ой, пікір түюге арналған шумақтардың өзі әрқилы болғанымен дауыс үндестігіне, екпіндік ырғаққа негізделеді де, ішкі ұйқастарын аракідік сақтап отырады. Бәрі де іс-қимылды аңғартатын етістікпен өріледі. Мұнан кейінгі өлеңдерінде, әсіресе «Үлтшылдық сандырағы», «Біздің ұлан», «Ленин» атты өлеңдерінің өрнегін дамыта, өркендете келіп «Советстан» түрін жасады. Абайдың да, Маяковскийдің де шығармашылық ықпалы Сәкенге тигені рас, алайда Абайдың «Сегіз аяғы» қазақ поэзиясында қандай жаңалық болса, «Советстан» да- сондай жаңа ернек. Өлең шумағы алты жолдан құрылып, ішкі буын-бунақ қатаң сақталады. Егер өлеңнің ішкі құрылысында ешбір езгеріс, жаңалық болмаса жол санында, үйқаста мән аз болар еді. Бірақ бәрі де керісінше. «Советстан» 11, 11, 4, 4, 4, 11 буынды шумақтан түрады. Силлабиканың негізгі шарты дұрыс сақталғанымен де, тоника белгілері де бірсыдырғы байқалады.
1, 2 және 6 жолдар бунақтап айтуды қажет етсе, 3, 4, 5 жолдар міндетті түрде нәшпенен бөлшектеуді, тақпақтап айтуды талап етеді. Демек, екпіндік талап өлеңнің өн бойына емес, тек белгілі бір жолдарына (3, 4, 5) қажет болып, екпінді ырғақты қажет етеді. ішкі ұйқастың да атқарып тұрған рөлі зор. Бунақтар әр жолда тұрақты буынмен беріледі де, дауыс ырғағына әрқашан екпін түсіріп, экспрессиясын күшейтеді. Сонда бүкіл өлең шумағына динамика еніп, қимыл-әрекет өзінен езі пайда болады.