С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 20:44, курсовая работа

Краткое описание

Кең ауқымды деректер негізінде С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік, мәдени-ағарту қызметіне талдау жасау;
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:
- С. Сейфуллиннің саяси көзқарасының қалыптасу негіздерін анықтау;
- С. Сейфуллиннің қазақ жерлерінің Қазақ Автономиясына біріктірудегі еңбегін қарастыру;
- Қазақ үкіметін басқарған қызметін, өзіндік ұстанымдары мен көзқарасын сол кезеңдегі халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесімен, ондағы өзгерістермен тығыз байланыста, салыстыра талдап, тұжырымдау;
- С. Сейфуллиннің Қазақстандағы оқу-ағарту ісін ұйымдастыру ісіне қосқан еңбегіне талдау жасау;
- С. Сейфуллиннің қазақ тілін ресми қолданыс деңгейіне жеткізудегі, қазақ мамандарын даярлаудағы атқарған жұмыстары мен қол жеткізген нәтижесіне талдау жасау;

Файлы: 1 файл

айнаш.doc

— 215.00 Кб (Скачать)

Ол халықтың азаттық жолындағы күресін, қаһармандық іс-қимылдарын шығармаларына арқау ете отырьш, өзінің ақындық өресі, дүниетанымы жағынан өз кезеңінің биік талаптары деңгейіне көтеріле білді, ағартушылық идеялары аясында қалып қоймай, ел бақыты, бостандық үшін күресті, нақты, ерлік іс-әрекетті жырлайтын әдебиеттегі тың, жаңа өріске бет түзеді.

Таң таяуын сездік те. 1922 жылы Орынборда Сәкен Сейфуллиннің "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы басыльш шықты. Бұл — ақынның алғашқы "Өткен күндер" (1914) өлең кітабынан кейінгі екінші жыр жинағы болатын. "Асау тұлпар" қазақ поэзиясындағы жаңа идеялық-эстетикалық, көркемдік мұраттар нақты көрініс тапқан, бостандық, күрескерлік пафосы күшті тың соқпақты айқындады.

Осы кітаптың эстетикалық мұратын, көркемдік-идеялық тұрғысын паш ететін "Арқау" атты беташар өлеңде өмірді жаңа мұраттарға сай өзгертетін күш деп жастарға ұранды сөз арнайды:

Сендерге, қарындастар,

Сендерге, інілер,

Сендерге арналды бұл әндер!

Дүниенің құлдық шынжырын қиратып,

Әділдік, теңдік іздеген,

Тұрмыстың таршылық зынданын бұзып,

Еркіндік, кеңдік іздеген,

Көкіректері жаньш бақыт іздеген, жастар!

Бұл өлеңде ақынның күрес бағдарламасының мазмұны мен мақсаты барынша айқын да жігерлі, өршіл рухта айтылған. Біз мұнан күрескер ақынды ғана емес, ел серкесі қайраткер ердің тұлғасын да көреміз.

Жүген, құрық тимеген,

Басына ноқта кимеген.

Алты жасар асауды

Ұстап міндім далада.

Сол тұстағы Сәкен жырларының барлығында да астына асау тұлпар мініп жорыққа аттанған, кең даланы дүбірлетіп ән шырқаған күрескер адам бар. Тұлпар үні ескі өмірдің тыныштығын бұзьш, жаңа дәуірдің ұраның таратады. Асау тұлпарды жаңа өмірдің тарпаң асаулығын, ерлігін бейнелейтін образ есебінде пайдалана отырып, ақын оған жаңа сипат дарытады. "Қызыл шашақ ока ұстап, айдарына қызыл шоқ" тағады. Бұл арқылы ақын қазақтың халықтық әдебиетіндегі дәстүрлі тұлпар образына жаңа заман өзгерістерін білдіретін тың мазмұн береді. "Біз" атты өлеңінде ақын азаттық, теңдік іздеген жастарды асау мінезді етіп суреттейді. Күрескер жас ұрпақты:

Асау өсіп Арқада, өзін

Жүген-құрық тимеген.

Матау көрмей ер жетіп,

Жасынан ноқта кимеген.

Бұғалық салса ұстауға,

 Ақырьш, тулап, сүйреген, — деп көрсетеді. Осындағы асаудың бейнесі, қимыл-әрекеті арқылы Сәкен жаңашыл жастарға тән қасиеттерді бейнелейді.

    Сәкеннің Ақпан төңкерісінен кейін іле-шала жазылған "Асығып тез аттандық" өлеңі (1917 жылдың 9 наурызы) ақынның өз шығармашылығындағы ғана емес, жалпы қазақ әдебиетіндегі күрт бетбұрыстың басы болды, ақын осы және ол тұста жазылған "Кел, жігіттер!" өлеңдері арқылы азаматтық, саяси лириканың тың соқпағын салды.

"Асығып тез аттандық" өлеңінде  Сәкен ел өміріндегі әлеуметтік  халді романтикалық көтеріңкі  көңіл күйде, символдық нышандар (қара түн, зеңгір тау, шапақ атқан  таң, қызыл күн, орғыған тұлпар, қызыл  шоқ үкі, т.б.) арқылы патшаның тақтан құлағанына куанып, ел-жұртты азаттық алуымен құттықтайды. Халықты бостандық таңын қарсы алуа шақырады.

Күнге жайып құшақты,

Шақырып бері шаттандық.

Қуантуға ел-жұртты

Асығып тез аттандық, — дейді жаңа өзгерістерге құлшынған ақын. Ал сол жылы (1917) жазылған "Кел, жігіттер!" атты өлеңінде Сәкеннің өмірде жүз берген өзгерістерге көзқарасы айқыңдала түседі, енді тұспалдауды тастап, қазақ жастарын ашық күреске үндейді.

Халықтың азаттығы өзінен-өзі келмейді, ол үшін күреске шығу қажет дейді.

Зұлымдық пен әділдіктің

Алысқанын айтайын.

Жер жүзінде бай мен кедей

Шабысқанын айтайық.

Кедей сүйер, байлар күйер

Ауыздан от шашайық!

Бұл жолдардың осыған дейінгі жалпылама халық бостандығы туралы ұғымнан елеулі айырмашылығы бар. Ақын бұл өлеңінде халықты өз ішінен езуші, қанаушы бай мен езілген, жаншылған кедейге жіктеп, соның соңғысын, яғни кедейлерді байларға қарсы ашық күреске шақырады.

Ал "Тұлпарым", "Сағындым", "Қамаудан", "Адасқандарға", "Шаһит болған достарыма", "Түрмеден қашып шыққанда" өлеңдері қаһарлы күндердің сұсты келбетін, ауыр күрестерде шынығып шыққан күрескер образдарын жасайды. Бостандық жолындағы күреске бел шешіп кіріскен ақын жігерінің жау қолына түскен азапты да қатерлі күндерде де мұқалмағанын көрсетеді. Ол тұтқында жатьш, ұлы күрес сапына қосылатын күнді армандап, шиыршық атады.

   Сәкен өз басынан өткерген жайттарды жалпы халықтық маңызы бар көркем шындық дәрежесінде көтеріп, бір-бірімен үндес жырлар циклін тудырады.

Темір торлы тас үйде,

Көкірегім толды шерменен.

Қанатты тағы тұлпарым,

Арқырап келші кермеден.

Біз лирикалық кейпкердің өршіл рухына шаттана сүйінеміз, оның түрмені бұзып шығып, арқыраған тұлпарына мініп, ұшыртьш елге жететініне, азаттық күресін жеңіске жеткізетініне сенеміз. Біз оны мүсіркемейміз, қайта оның өр рухымен жігерленеміз. Ол өзінің мақсатын:

Нашарларға болысып,

Күштілер бетін қайыру,

Тырнағынан олардың

Езілгендерді айыру, —екендігін ашып айтады. Ал оның әйгілі "Жас қазақ мерсельезасы", "Жолдастар" өлеңдерін бүкіл ел шырқады, бұл марш ырғағымен, екпінді, жігерлі пафоста жазылған өлеңдер. Ақын кедейлерді қол ұстасып, теңдік ұран салуға, бір тудың астында жиналуға шақырады. Онда патшаның әділетсіз болғаны, ұлықтардың парақорлығы, байлардың мейірімсіздігі талдап, шегелеп айтылады.

 

 Азамат, жүнжіме, жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп, тізе қос.

Ту ұстап дұшпанға барайық,

Теңдіктің ұранын салайық. —деп ұран тастайды жаңа өмірді жасаушы "намысы бір кедейдің балаларына".

Бұл өлеңдердің екеуі де жер жүзі төңкерісшілерінің гимндері болған "Марсельеза" мен "Интернационалдың" тікелей әсерімен жазылған. Мазмұндары ұқсас. Күрес дәуірінің рухын сездіру, жаңашыл күштің басымдығын таныту, күреске үгіттеу, шақыру — аталған шығармаларға ортақ.

 

 

 

1.3 Жаңа тұрмыс жырлары

(Сәкен Сейфуллинннің  поэзиясы)

 

Жиырмасыншы жылдары қоғамдық өмірде болған түбегейлі өзгерістер, жаңа заман дамуының қарқындылығы, тарихи оқиғалардың жедел ауысып отыруы Сәкен поэзиясында сол дәуір бейнесін берерлік екінші образ — жүйрік пойыз-экспресті тудырды. "Біздің тұрмыс — экспресс" деп жырлады ол.

Жаңа қоғамдық құрылыстың даму қарқыны мен өзіндік сипатын, қанша ұшқыр да арынды болғанмен, тұлпар бейнесі таныта алмайды деп түсінген жаңашыл ақын:

Бұрын атым тұлпар еді — бәйге көк,

Енді, міне, пойыз болды, тұлпар жоқ.

Ұзақ жолға

Тұлпар қол ма?

Мейлі жорға.

 Отарбаны біздің осы тұрмысқа! — деп жазды. Жаңа елдің даму жылдамдығын ұшқыр пойызға — экспреске теңеу Сәкеннің басқа да туындыларында кездеседі. Жаңа өмірдің болашағына, оны орнатушылардың жасампаздығына ақын кәміл сенеді.

Қиырсыздың қиырына жетейік,

Өлшеу жоқ көк мұхиттан өтейік.

Аспандағы алыс қызыл жұлдызды

Жерге әкеліп, жердің көркі етейік , —дейді.

   Жаңа замандағы еңбектің, техниканың рөлі Сәкеннің көптеген өлеңдерінің мазмұнын құрайды. "Қара айғыр", "Аэропланда", "Аспанда" деп аталатын өлеңдерінде жаңа тұрмыс көрсеткіші ретінде көрінетін экспресс, пойыз, ұшақ образ-символдары ақын поэтикасында жиі ұшырасады.

Шексіз алыс қиыр, өлшеусіз мұхит, асуы жоқ тау, аспандағы жұлдыз, тас қақпа - ауыз әдебиетінде, халық ұғымында арман-мұрат жолындағы қиямет қиын бөгет, кедергілер. Жаңа тұрмыс жыршысы "болмағанды болдырып", жаңа өмір орнатуға шақырады. Халық әдебиетінің дәстүрлі образы бойынша, ақын паравозды "қаһарлы күшпен ақырған", "дүбірі жер жарған" жүйрік тұлпар — қара айғыр бейнесінде суреттейді.

"Біздің Сәуле", "Маржан" өлеңдерінде Сәкен теңдік альш, жаңа өмірдің белсенді құрылысшысы болған қазақ әйелінің ұнамды бейнесін жасайды. "Бұлшық ет" атты лирикалық өлеңінде барлық әрекет, қозғалыстың, динамиканың, даму атаулының тұтқасы — тас қопарып, жер үңгіп, шыңырау қазып, байлық шығарған, темір жол салып, жер қыртысын сыдырған адам қолын ардақтай келіп, ақын бұлшық етті айғырдың тоқпақ жалына, бөкеннің серке санына, қайыңның қырған безіне, шортанның жұмыр беліне теңейді.

Ширатылып түйілген,

Болаттай күшпен иілген,

Бұлшық етті білек пен

Балтырдан күшті дене жоқ - деп аяқтайды.

Бұл — адам баласының тән саулығын, күш-қайратьш образды деталь арқылы әсем бейнелеп, шалқыта мадақтаған келісті де ықшам, көркем де шебер жыр.

  Көңіл күй әуендері. Сәкен Сейфуллин — адам жанының күйініш-сүйініштерін, алуан сипатты сезім күйлерін, ынтық, құштар жүректің нәзік сыр, ыстық толқындарын шебер де әсерлі суреттеген тамаша лирикалардың авторы.

   Сәкен лирикасының өзіндік сыр-сипаты алуан түрлі. Туған жерге сүйіспеншілік, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш сазы, мезгіл суреттері, аң-кұсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі — ақын лирикасының басты тақырыптары.

Сыршыл да ойшыл ақын, сұлулық жыршысы табиғатты онда мекендеген адамның көңіл күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра жан бітіре суреттейді. Сәкеннің күрес жолындағы кейіпкерлерінің елге, туьш-өскен жерге деген сезім күйлері табиғатка ынтықтығы арқылы ашылады. Мысалы, "Қамаудан" деген өлеңінде жау қолында зарыққан тұтқын туған жер табиғатынан жанына демеу табады:

Тас үйдегі тұтқынды

Аяған адам жоқ болды.

Аяды бірақ табиғат,

Көңілім соған тоқ болды.

Табиғат қамаудағы тұтқынның жабырқау көңілін жадыратып, бойына бостандыққа деген сенім ұялатады.

   "Сағындым" атты өлеңінде де "туғалы қапас көрмеген", еркін өскен бұла жастың "Сарыарқа сары белі бар" қырын, "өзенді, көлді жайлаған, көрмеге тұлпар байлаған" ауылын, "еркесі қырдың бұралған" сәулесін, "айналып-толғанып өсірген" анасын сағынуы табиғаттың әсем суреттерімен, ел өмірінің әсерлі көріністерімен астастырыла берілген. Лирикалық кейіпкердің қыр тіршілігіндегі өзгерістерге сүйінген қуанышты көңіл күйін ақын "Қырда", "Далада" атты өлеңдерінде еркелей, шаттана ескен дала желі арқылы бейнелейді:

Есіп кеп, майда желдер таудан асьш,

Құшақтап аймалайды, амандасып.

Естіген, көрген-білген сырын маған

Айтысты қуанысып, сыбырласып.

   Табиғаттың кіршіксіз тазалығы"Ақша қар" өлеңінде кір-лас дүниеге қарсы қойылған."Күздігүні далада", "Жаздыгүні далада" атты өлеңдерінде де ауыл тіршілігі табиғат суреті арқылы көрсетіледі.

   Ғашықтық, сүйіспеншілік сырлары көбінесе табиғаттың қошеметі мен қолдау-құттауы аясында ашылады. Ақын махаббаттың арман-аңсары мен құпия сырларына сұлу табиғатты куә етеді. "Тау ішінде", "Біздің жақта", "Жазғы түнде" өлеңдеріне осы сипаттар тән. Оларда туған өлкенің сырлы табиғаты жастардың жүрек құпиялары, ынтық сезімдерімен жарастық тауып, оқырманды ерекше әсерге бөлейді. Ал "Анаға хат", "Анаға жауап" өлеңдерінде аналық-балалық махаббаттың, сағыныш-мұңның, өкпе-наздың, жүрек қылын шертер, көзге жас үйірілтіп, ет жүректі елжіретер нәзік лирикалық сезім жеті-сегіз буынды, шалыс ұйқаспен келетін өлең өрнегімен аса сәтті бейнеленеді.

   Ақын "Сыр сандық" өлеңін досына хат түрінде жазған. Сезім мен сыр, ой мен образ жымдаса қабысып кеткен бұл өлеңнің ішкі ырғағы, әуезі есіле төгіліп, жібек торғындай судырап тұр. Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ождан, достық пен қастық туралы тебірене сыр шерткен ақын мұзбалақ, зеңгір тау, сыр сандық, сым перне, алтын сарай образдары арқылы эстетикалық-этикалық мұраттарын ірікпей толғаған.

   Сәкен адамның көңіл-күйін, сырын, тұспалдай жырлап, оны биік таудың басындағы кілттеулі сыр сандыққа балайды. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам — дос қана сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауьш ашып, көңілдің күй пернесін баса алмақ.

Әр адамның ішкі сыры —

Берік қойма сақталған.

Сол қойманың бір түкпірін

Достың досы-ақ ақтарған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 бөлім  Сәкен Сейфуллин-фольклорист

 

 

Қазақ фольклорынын жиналуы мен зерттелу жолдарын баяндайтын «Қазақ фольклористикасы» атты зерттеу еңбекте көрнекті фольклоршылар өмірі мен қызметі қарастырылған осы жинақтағы С.Сейфуллин туралы тарауды Т.Кәкішев жазып, Сәкеннің халық әдебиеті мұрасын  жинау мен зерттеудегі ізденістерін алғаш рет жан-жақты сөз етеді. Әсіресе ғалымның тереңірек қарастырғаны-Сәкеннің 1932 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбегі. Автор Сакеннін фольклористік еңбегін екі кезенге бөледі. Бірінші – Сәкен қазақ фольклоры үлгілерін жинаушы, жариялаушы, екінші – зерттеуші ғалым ретінде қараған.

    Алдымен Сәкеннің халық әдебиеті үлгілерін жинауға үндеу салып, осы жұмысқа өзінің де белсене кірісуінің себебі не деген мәселеге назар аударады. Сәкен 1926 жылдан бастап педогогикалық қызметпен айналысып әдебиет тарихынан, фольклордан лекциялар оқиды. Екінші жағынан 20-30 жылдары жоғары оқу орындары түгіл орта мектептерге арналған оқулықтың болмауы үлкен қиындықтар тудырған. Сондықтан осы кезеңдегі қаламгерлердің  қолға алған маңызды жұмыстарынын бірі әдебиет оқулығын жазу болады. Осындай оқулықтардың орнын толтыруға атсалысқан адамның бірі Сәкен екенін айта келіп, оның фольклортанумен шындап шұғылдануына практикалық мұқтаждық  әсер еткен деген орынды түйіндеу жасайды. Зерттеуші ең алдымен Сәкенді халық әдебиетінің жанашыры ретінде таныса, екіншіден ілгерінді-кейінді өткен көрнекті ақындардың жоқтаушысы ретінде қарайды. Мұны автор Сәкен жинаған материалдарға сүйене отырып айтқан. Атап айтқанда Ы. Алтансарин, Ақан сері, Ақмолла сынды ақындардың өлең-поэмаларын жинап бастырған. Сондай-ақ Құлмамбет пен Майкөт, Мұсаев пен Қарақожаның айтыстарын жариялайды және кіріспе сөз жазып түсініктеме береді. Сонымен қатар Жанқожа  батырдың өмірі мен ісі жайындағы тарихи деректерді саралай отырып, ол жөніндегі өлең-жырларға талдау жасайды. Жанқожа жайындағы өлең-жырлардың ең таңдаулысын әрі «Ерден батырға атақты Шөже  ақынның өлең айтқаны» атты өлең-жырларды жариялау Сәкеннің әу бастан-ақ халық мұрасына аса талғампаздықпен қарағанын көрсетеді. Мұның бәрі де Сәкеннің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуына барар жолдың басы деп біледі.

Информация о работе С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы