Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:36, доклад
Тақырып 1. Табиғи орта, жағдайы мен мәселесі
БҰҰ Бас ассамблеясы 1997 жылы маусымда Нью-Йоркте болған арнаулы сессиясы қоршаған ортаны дамыту бойынша Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ 2-конференциясынан кейінгі 5 жыл ішіндегі жұмыстың қорыиындысын шығарды. Тұрақты даму түсінігінің әлі де болса тұтас анықталып, белгіленбегені аталып өтті.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың ғаламдық қорытындысын шығарған кезде қайыршылықта тұратын адамдар үлесінің қысқаруына қарамастан көптеген елдерде кедейленудің тамыры тереңдеп, экономикалық жағдайдың нашарлап, қайыршылық белдеуіндегі адам санының артып отырғаны айтылды.
Тақырып 1. Табиғи орта, жағдайы мен мәселесі
БҰҰ Бас ассамблеясы 1997 жылы маусымда Нью-Йоркте болған арнаулы сессиясы қоршаған ортаны дамыту бойынша Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ 2-конференциясынан кейінгі 5 жыл ішіндегі жұмыстың қорыиындысын шығарды. Тұрақты даму түсінігінің әлі де болса тұтас анықталып, белгіленбегені аталып өтті.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың ғаламдық қорытындысын шығарған кезде қайыршылықта тұратын адамдар үлесінің қысқаруына қарамастан көптеген елдерде кедейленудің тамыры тереңдеп, экономикалық жағдайдың нашарлап, қайыршылық белдеуіндегі адам санының артып отырғаны айтылды. Өткен бірнеше ондаған жылдар ішінде жердегі алғашқы мәдениет пен әрбір экожүйенің заңдылығы көп жағдайларда адам әрекетінен бүтіндей толық бұзылып отыр.
Сессияда ғаламдық экодинамиканы сипаттайтын келесі аспекті анықталды: тұщы су, атмосфера, қалдық, радиоактивті қалдық, мұхит пен теңіздер, ауыл және орман шаруашылығы, энергетика, көлік, шөлге айналу мен құрғақшылық, биоәралуандық, туризм, шағын аралдардағы дамушы елдер, табиғи кедейлену, техногенді апаттар. Осы проблемалар бойынша істің ахуалы төмендегідей:
Тұщы су-жоғары артықшылықтағы проблема. Ғаламдық көлемде су ресурстары жеткілікті. Бірінші кезекте дамушы елдердегі судың сапасыздығы мен жетімсіздігі асқынған проблемамен байланысты. 1950 жылдан бастап судың әлемдік тұтынуы 1960 жылы екі есеге дейін көбейді. 1990 жылдан бастап судың әлемдік тұтынуы 4138 км-кубқа жетті, суды ең көп тұтынатын Азия құрлығы болып отыр. Оның артынан Солтүстік Америка мен Еуропа, Африканың 28 елінде мекендейтін 338 млн адам судың тапшылығын көруде. Ғаламдық көлемде дамушы елдердегі 1 млрд адам судың тапшылық жағдайында күн кешуде. Судың 70-90% ауыл шаруашылығының қажетіне жұмсалады (дамушы елдерде 39%).
Батыс Азия мен Африканың бірқатар аймақтарында суды тиімді пайдалану өте маңызды. Судың тапшылығымен орай бұл аймаққа тән сипат-оның көп мөлшерде булануы болып отыр.
Көптеген мәселелердің ішінде үлкен қалаларды сумен қамтамасыз ету трансшекаралық проблемалар мен мүмкін болатын даулы жағдайды шешу жолдары тұр.
Жер асты мен үстіндегі су көздерін бейберекет пайдалану салдарынан су деңгейінің түсіп кетуімен, су көздерінің тұзданып, бұзылуымен байланысты қиындықтар туындап жатыр.
Мұхиттар мен теңіздер. Қоршаған теңіз ортасын қорғау мен балық қорының сарқылуынан асқынған проблемалар жиналып отыр.
Теңіз кәсіпшілігінің экономикалық көрінісіне қажетті талдау жасайтын, теңіз арасының ахуалы жайында ақпараттар керек.
Әлемдік мұхиттардың
жағасындағы аймақтардың
Мәселен, Батыс Азия мен Кариб аймағында кеме қатынасынан ластанудың қаупі төніп тұр. Балтық аймағында эвтрофикация қаупі бар.
Ауыл және орман шаруашылығы. Тыңайтқыштарды қолданған сайын әр гектардан ғаламдық орташа түсім кеміп барады, әрине, азық-түлік өндірісіндегі бұл жағдай үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Азық ресурстарын теңдей бөлмеу сақталып отыр. Соған қарамастан жан басына шаққанда азық тұтыну дамушы елдерде 13%, дамыған елдерде 10% өсіп, оның құнарлығы батыс елдермен салыстырғанда 75%-құрайды.
Энергетика. Энергияға деген қажеттілік әлемде артып отыр. Энергияның орташа жылдық дамуы 1970-1997 жж. 2,3% болды. Дамушы елдердің үлес салмағы осы кезең ішінде 14-тен 30%-ға дейін артты. Жылдың орташа ғаламдыққа қатысты энергияны тұтыну өсімі өнімнің бірлігіне шаққанда энергия шығысы азайып отыр. 2010 жылы халықтың саны 10 млрд-қа дейін өсуін есепке ала отырып, энергия өндіруді жоқ дегенде 4 есеге көбейту, ал дамушы елдерде-10 есеге арттыру керек.
Өсіп отырған тұтынуды орны толмайтын энергия көздері есебі арқылы қанағаттандыруға тура келеді. Ал, бұл атмосфераға көміртегі диоксидінің шығарындыларының көбеюіне әкеліп соқтырады.
Энергия үнемдеуші технологияны
енгізу бойынша көшбасшылық дамыған
елдерде болады. Сондықтан жер
қойнынан алынатын отындар энергияның
басты көзі болып отырады. Басты
міндет-энергияны пайдалану
Көлік. Жол көлігінің
ғаламдық орташа өсуі 1980-1993 жылдар аралығында
50%-ға жетті. Көлікті дамыту ісі энергияны
жетілдіру мен үнемдеудегі
Атмосфера. Климат өзгерісін зерттеуде басты назар жылыжай газдарының шығарындыларын қысқартудың өзекті проблемасында болып отыр. Баршаға мәлім көміртегінің диоксиді, метан мен азот шала тотығының шоғырлануы өндірісті дамытуға дейінгі кезеңмен салыстырғанда екі есеге өсіп отыр. 2012 жылға дейін осы қарқын сақтала берсе ғаламшардағы температура 3°С жоғарылап, әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуін тудырады (түрлі бағамдар бойынша 0,3-1 метрге дейін)
Климаттың өзгеруі жөніндегі
конвенцияға сәйкес(Рио-де-
Осы проблеманы шешудің тағы бір жолдары «нарықтық» қатынасты енгізу жүйесі болып отыр. Климат бойынша Киотода өткен (1995ж) 2-конференцияның хаттамасында келесі мәселелер қаралды:
- көміртегі
диоксидін елдер арасындағы
жобаларды іске асыру;
- эмиссия квотасына сауда (резервтері бар елдері үшін);
- «таза» даму;
Токсиканттар. Химиялық қауіпсіздік бойынша мемлекетаралық Форум және қоршаған ортаның ластану проблемасын шешу кезінде токсиканттарды ақыл-парасатпен басқару бойынша ведомствоаралық бағдарлама құрылды.
Маңызды мәселелердің бірі-улы компоненттердің шығарындыларымен атмосфераны ластайтын болса, сол заттектерді өндірушілер жауапты болып табылады. Сонымен қатар, экологиялық жағынан қауіпсіз технологияларды беру ісін жеделдету керек екендігі айтылды.
Қалдықтар. Муниципалды қалдықтар өсіп отыр. Экономикалық ынтымақтасу және даму ұйымдарының (OECD) елдерінде 1980-1992 жж. Ішінде тамақ өнімдерін салтын, орайтындарды енгізу-42%-ға артып отыр. Оның үстіне экономикалық өсу мен халықтың жан басына шаққанда тұрғын үй алаңының өсуі айтарлықтай себепші болуда.
Қауіпті қалдықтар назарға ерекше алынып отыр. Сонымен қатар,олардың қайтадан өңделуі жағымды шаралардың бастамасы ғана. Ресейлік мамандардың пікірі бойынша қалдықтардың ахуалдарына бірінші дәрежелі жағдай ретінде көңіл бөлініп отыр. БҰҰ-ң сессиясында радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз жерде сақталуы мен оған жауапты елдердің жауапкершілігін арттыруға жеке көңіл бөлінді.
Жер үсті және тұрақты
ауыл шаруашылығы.Бұл саланың
Құрғақшылық және шөлге айналу. Шөлге айналу мен күрес бойынша Конвенцияның және сессияның құжаттарында шаралар белгіленді (1997).
Биоәралуандылық. Конвенцияның әр алуандылық бойынша басты мақсаты белгіленді: биоәралуандылықты сақтау және тең құқықты түрде пайдалану.
Туризм. Экологиялық және заңды түрдегі шаралардың маңызымен дамушы елдерге туристік өндіріс саласын дамытуға халықаралық тұрғыда көмек көрсету. Сонымен қатар, туризмнің қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз жағдайларын шектеу.
Табиғат апаттары. Дүниежүзілік табиғат апаты бойынша (1994) конференцияның құжаттарында шаралар қарастырылған. Табиғат апаттарының қиратып, бүлдіру салдарынан және оның зардаптарынан болатын жағдайға дамушы елдердің назарын аудару. Алдын ала хабар беретін құралдары жоқ елдердің бұл істе мұқият болғандары жөн.
Техногенді апаттар.
Басты міндет-зардаптарды жою
бойынша халықаралық
Ормансыздандыру. ҚОДК-92 (қоршаған орта және даму бойынша конференция) арнаулы құжаттарында ғаламдық көлемде жер бетіндегі ормандарды қалпына келтірудің қажеттілігі аталған.
Орман жөніндегі конвенция
әлі қабылданған жоқ. Әзірге Халықаралық
хаттама ғана бар. Онда ормандарды тиімді
пайдалану мен қорғауды қамтамасыз
ету бойынша шаралар
Өндіріс құрылымы және тұтыну. Бұл саланың өзгеру мақсаттары «XXI ғасырдағы күн тәртібі» құжатында қалыптастырылған. Басты міндет-тұрақты түрдегі тұтыну өндірісін құру болып табылады.
Бұл құрылымның ғаламдасуына байланысты үкімет маңызды рөл атқаруы тиіс. Атап айтқанда, нарықтық экономикаға байланысты сәтсіз жақтарды, өндіріс пен тұтынуды заман талабына сай үлестіре реттеп, халықаралық ынтымақтастықты дамытып отыру абзал. Осы екі аспектінің аясындағы тұтынудың қалыпты негізін түсіну өте маңызды. Мәліметтерді жинауды үйлестіре отырып жақсарту, экологиялық маркетингті жылдамдату. Сонымен қатар, аудит пен сертификацияны дамытудың да маңызы бар. Іс-тәжірибедегі шаралары үшін өндірістің тұрақты тұтыну стратегиясын меңгеруге ауысу маңызды. Мәселен, экономиканың мына салалары: энергетика, ауыл және орман шаруашылығы, қалдықтар, су шаруашылығы. Бұл үшін энергияны өндірісте тиімді тұтынудың міндетті стандарттарын қабылдау қажет. Түрлі өнім өндірісіне, энергия немесе көміртегі бар түрлі жанармайларға экология салығын енгізу, экология лық таза өнім өндірісіне экологиялық субсидиялар қолдану, шығарындылардың қосындыларын қысқарту мақсатымен бірлескен әрекеттерді пайдалану, т.б.
ҚОДК-92 (1992 ж) қабылданған
«XXI ғасырдағы күн тәртібі» маңызды
құжаты 100-ден астам ғаламдық әр алуан
бағдарламаны қамтиды: қайыршылық пен
аштықты жоюдан бастап, табиғатты
қорғау проблемасын шешудегі қоғамның
рөлін күшейтуге дейін
«Күн тәртібі.....» тұрақты дамудың жетістіктері бойынша әрекет бағдарламасының негізін салушы ретінде көрінеді. Онда барлық елдердің тұрақты дамуы үшін қажетті жағдайдың барлығы қалыптасқан және ең бастысы-табиғи қорлар мен табиғатқа деген аялы қатынас. Өте тиімді және әдәл экономиканы халықаралық жағымды жағдайды жасау құралы ретінде қалыптастыру қажет. Әлемнің кейбір бөліктерінде тұтыну деңгейінің өте жоғары екендігі белгілі. Ал, бұл қоршаған ортаға ауыр салмақ салады. Осы жағдайда адамзаттың көп бөлігінің, тұтынушылардың негізгі қажеттіліктері қанағаттандырылмаған күйде қалып отыр.
«XXI ғасырдағы күн тәртібі» 2000 жылы дамушы елдерге экологиялық бағыттағы көмек көрсету үшін БҰҰ-ныңалға қойған жалпы ұлттық өнімнің 0,7% бөлу мәселесін шешуге дамыған елдерді шақырды.
Тұтыну мен өндірістің
құрылымдарын өзгертудің түрлі тұжырымдамасы
ұсынылды. Сондай біреуінің мәні-«