Табиғи орта, жағдайы мен мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:36, доклад

Краткое описание

Тақырып 1. Табиғи орта, жағдайы мен мәселесі
БҰҰ Бас ассамблеясы 1997 жылы маусымда Нью-Йоркте болған арнаулы сессиясы қоршаған ортаны дамыту бойынша Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ 2-конференциясынан кейінгі 5 жыл ішіндегі жұмыстың қорыиындысын шығарды. Тұрақты даму түсінігінің әлі де болса тұтас анықталып, белгіленбегені аталып өтті.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың ғаламдық қорытындысын шығарған кезде қайыршылықта тұратын адамдар үлесінің қысқаруына қарамастан көптеген елдерде кедейленудің тамыры тереңдеп, экономикалық жағдайдың нашарлап, қайыршылық белдеуіндегі адам санының артып отырғаны айтылды.

Файлы: 1 файл

дәріс по нефти.doc

— 164.50 Кб (Скачать)

Бірінші-шаруашылықпен  айналысатын адамның жердің жаратылыс  биоталарымен және табиғи тепе-тең  жүйесімен өзара әрекет стратегиясы. Оның соңғы мақсаты өз ортасында  мекендейтін биологиялық әр алуандылықтың түрлерін сақтап қалу болып табылады. Экологиялық қауіпсіздіктің түсінігі табиғи экожүйенің дамуына қолайлы жағдайды туғызуды қамтамасыз ету керек. Экологиялық қауіпсіздікті мынадай жағдайда қамтамасыз етуге болады-табиғи биоталардың мүмкін болатын ауытқу зонасының шамасын шектеу кезінде ғана. Осы стратегияның қабылдануы осы шамада тұтынудың өсуін, өзін-өзі шектеуге алып келеді. Ол жаңа жерді игеру және табиғи биотаның қалғанын қысқарту есебінен қандай өсімнің болатындығымен анықталады.

Екінші-шаруашылықпен айналысатын адамның оның қоректік қажетін қамтамасыз ететін жасанды тепе-теңдіктің антропогенді экожүйемен өзара әрекет стратегиясы. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен қоректік азық өндіру бойынша басқа қызмет түрлері де бар. Жердің табиғи биотасының сақталуының дәрежесі адамды қоректік азықпен қамтамасыз ету мақсатымен қолданатын тиімді технологияның стратегиясына толықтай тәуелді.

Үшінші-шаруашылықпен  айналысатын адамның (өндірістің) жасанды  ортаның экожүйесімен өзара әрекет стратегиясы. Соңғысы-бұл қала мен басқа елді мекендер, осы жерлерге тұрмыстық, демалыс және инфрақұрылымды обьектілер орналасқан. Биоәралуандылықты сақтау міндеті мұндай жүйеде қарастырылмаған, маңыздысы-адамның тіршілік етуі үшін маңызы бар түрлі ортаны, коммуникациялар мен құрылысты, ғимараттарды сақтау және адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету.

БҰҰ (Нью-Йорк, 1997) Бас  ассамблеясының сессиясында тұрақты  даму стратегиясын жүзеге асырудың нақты  талдануы көрсеткендей, әзірге басты  мәселені шешуге мүмкіндік бар. Келесі жүз жылдықта шынайы тұрақты дамуды қамтамасыз етудің басты мәселелері шешілді:

   -аштық пен қайыршылықты  жою бойынша іс-тәжірибелік шараларды  жүзеге асыру;

   -дамыған және  дамушы елдердегі өмір сүру  деңгейінің алшақтығын жақындастыру;

   -ғаламдық көлемде  қоршаған ортаға антропогенді қысымда әлсірету үшін қаржы мен оның жолын табу.

Басқа сөзбен айтқанда, әлемнің  ғаламнық экологиялық апатқа қарай  жылжуын болдырмау мүмкіндігі әзірге болмай тұр.

«XXI ғасырдағы күн тәртібінде»  ары қарай жүзеге асыру бойынша  әрекет бағдарламасы қабылданды.

 

Тақырып 2. Мұнай және газ өндірісі кәсіпорындардағы қоршаған ортаны қорғауды басқару

 

Табиғат шикізат пен  энергияның сарқылмас көзі болып  табылады, қоғамның материалдық өмірі, оның экономикалық дамуы табиғат  байлықтарын пайдалануға негізделген. Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Табиғаттың өзгерістері мен көбеюі терең болған сайын және олар табиғаттың процестері мен құбылыстарын кең қамтыған сайын ол өзгерістердің адам баласына тигізетін ықпалы да елеулі бола түседі. Адам қызметі бұрын табиғатта байқалмаған және сондықтан да белгісіз болып келеді. Бірқатар жаңа жағымсыз табиғат процестері мен құбылыстардың тууына себепкер болды.

Табиғатты қорғаудың негізгі мақсаттарына қарай бүкіл табиғат қорғау шаралары соған лайықталып жүргізілетін бірқатар мәселелер айрықша дараланып көрінеді. Табиғатты қорғаудың жекелеген мәселелерін елеулі дәрежеде шартты түрде ғана бөліп көрсетуге болады. Олар көбінесе өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып тұрады. Алайда, сонымен бірге табиғатты қорғаудың басқа да мәселелері турасында, яғни өнеркәсіп орындарын сумен жабдықтау, балық қорын молайту, демалыс орындарын қорғау сияқты міндеттері қоса шешіледі.

Табиғатты қорғаудың барлық міндеттері дерлік қорғалатын территориялар жасауға жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген түрлерін аялауға сайып келді. Осыған орай табиғатты қорғау шаралары жүйесінің ішінде қорықтар мәселесі бірінші және анағұрлыым маңызды орын алды. Табиғатты қорғау проблемаларының көбіне экологиялық сипаты бар, ал оларды шешудің теориялық негіздерін жасауда экология жетекші рөл атқарады. Соңғы жылдары «табиғатты қорғау» деген ұғымның орнына «қоршаған ортаны қорғау» деген термин кеңінен қолданыла бастады.

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану  табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы  заңдылық – табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар. Осы заңдылықтар бойынша табиғат пайдалану мына төмендегі принциптер негізінде жүргізілуі тиіс.

1)Басымдылық принципі. Табиғат заңдылығының қоғам заңдылығынан үстемдігі. Табиғат пен қоғам жүйесінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп сақталып отыру керек. Табиғат – қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау үшін адамзат өзінің табиғатпен қатынасын табиғат заңдылығына сүйене отырып жүргізу керек. Бұл принципті сақтамау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады.

2)Табиғат пайдалануды  әлеуметтік қажетке бағыттау  – табиғатты адам игілігіне  айналдыру болып табылады. Табиғат байлығын пайдалануда қоғам мүддесі жеке салалардағы өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы керек.

3)Өндірісті экологиязациялау.  Өндірісті экологиязациялау –  табиғат қорына нұсқан келтірмейтін  технология арқылы өндірісті  ұйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру. Өндірісті экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына келтіру, шикізат өндіруде озық технология қолдану табиғат қорғау шараларын кеңіту, өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру, табиғи ортаны ластауды азайту, жою, т.б.

4)Табиғат байлықтарының  қоғамдық пайдалылығын арттыру  және ұлғаймалы қалпына келтіру.  Табиғат байлығын пайдаланушы  салаларды ұлғаймалы өндіріс  мына төмендегі шарттар сақталғанда  мүмкін болады:

  -шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы керек;

-шикізатты тиімді  пайдалану арқасында өндіруші  шамалардың өсу қарқыны өндіруші  салалардың өсу қарқынынан артық  болуы керек;

-қалдықсыз, аз қалдықты  технология және табиғатты қорғау  құрылымдарын қолдану қарқыны табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу қарқынынан  басым болуы керек;

-табиғат байлығын  қалпына келтіру шараларының  дамуы табиғат байлығын өндіруші  салалардың өсуінен кем болмау  керек;

-табиғатты қорғауға  жұмсалатын қаржының қарқыны  барлық материалдық  өндіріске жұмсалатын қаржының өз қарқынынан артық болуы керек.

5)Табиғат байлығын  пайдалануды ғылыми негізде жүргізу  принципі. Қазіргі кезде табиғат  байлығын пайдалану аса күрделі  процесс. Табиғат байлығын қоғау  және тиімді пайдалану процестерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ мерзімдік әсерін ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта жүргізуге болады.

6)Оптималдық принцип.  Табиғат байлығын пайдалану мүмкіндіктері,  варианттары сан алуан. Олардың  ішіндегі ең тиімдісін оптималдық  принципін қолданып анықтауға болады.

7)Аймақтық принцип.  Табиғат байлығының аймақтық  орналасуы, ресурстың бір түрінің  екінші түрімен бір аймақта  үйлесімді  орналасуы, орналасу  тиімділігі аймақтық принцип  қолдануға мүмкіндік береді. Аймақтық  принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін арттырудың басты негіздерінің бірі.

8)Кешенділік. Табиғат  байлықтары адамзаттың сан алуан  қажеттігін өтейді, оларды ұқсату, өндіру, өңдеу әдістері де сан  қилы. Сондықтан кешенді пайдалануды  талап етеді. Көптеген материалдық шикізат табиғатта таза күйінде кездеспейді, қоспа түрінде болады. Сонымен қоса минералдық шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол мөлшерде тау жыныстары қазылады. Негізгі өнімдермен қатар жанама өнімдері, өндіріс қалдықтарын пайдалану кешенділік негізінде ғана жүзеге асады.

9)Нарықтың заңдарына  сәйкес барлық табиғат байлықтарын  пайдалану төлемді болуға тиіс. Төлемділік принципінің негізінде  ғана табиғат байлығын пайдалану,  табиғи ортаны қорғау тиімділігін  арттыруға болады.

Табиғат пайдалануда жіберілген кемшіліктердің бірі – мәселені жеке биологиялық, физикалық, механикалық, географиялық, құқықтық, денсаулық сақтау, филисофиялық тұрғыдан қарастыру. Мәселенің әлеуметтік-экономикалық жақтары нашарлау зерттелді. Жеке өндірістің салаларында да табиғат жүйесінің жеке заттары оларды өсіру, қорғау, пайдалану тұрғысынан қарастырылып, кешенді зеттеуге көп көңіл бөлінбеді. Егер мәселе табиғатты пайдалану тұрғысынан зерттелсе, табиғат қорғау назардан тыс қалдырылды және керісінше, табиғат қорғау шараларын қарастырғанда тиімді пайдалану мәселесі ойластырылмады.

Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін  өтеуге жарату болып табылады. Осыған сәйкес өндіргіш күштердің белгілі  даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс қатынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.

Осы тұрғыдан кем дегенде  екі негізгі қорытынды жасауға  болады. Бірінші-табиғат байлығы өндірістің негізгі элементтердің бірі, онсыз өндіріс жоқ. Бұл жалпы кең мағынада. Негізінде табиғат ресурсының өндіріске қатыстырылуын айтқанда біз оның тек алғашқы сатысын ғана аламыз. Екінші қорытынды-табиғат байлығын пайдаланудың алғашқы сатысынан бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастймыз. Саналы түрде ме, ғылыми тұрғыдн ба немесе іс қажеттілігінен бе әйтеуір бір бағалау болады.

Табиғатты қорғау мен  пайдалануды басқарудың екі деңгейін қарастыруға болады:

-табиғат жүйелерін  басқару;

-табиғат пайдаланушыларды басқару.

Табиғат жүйелерін басқару  қатаң және жұмсақ, ал пайдаланушыларды басқару әкімшілік және экономикалық тұрғыдан болуы мүмкін.

Басқару деңгейлері бір-бірімен  байланысты, табиғат жүйелерін басқару  табиғат заңдылықтарын зерттеп, соларға сәйкес шешім қабылдауды қажет етеді және табиғат пайдалануды басқару арқылы жүзеге асырылады, қоғамдық құқықтық және экономикалық заңдарға сүйенеді. Табиғат пайдалануды болжау және жоспарлау, әсіресе, сарқылатын және қалпына келетін ресурстар үшін өте маңызды. Басқаруда табиғи ресурстардың қалпына келу мерзімі, қарқыны және оларды пайдалану қарқыны ескеріледі. Ол үшін ұзақ мерзімдік болжамдар, жоспарлар, бағдарламалар жасалады. Оларда экономика-математикалық, статистикалық, болжау, сараптау әдістері қолданылады.

Табиғат ресурстарын  қалпына келтіру қарқыны пайдалану  қарқынынан арттыру ұстанымы тұрақты  дамуды, үздіксіз табиғат пайдалануды  қамтамасыз етеді. Табиғат қорғауды, ресурсын молайтуды, үнемдеп, кешенді  пайдалануды, қалдықтарды азайтып, ластауларды шектеуді көздейді.

Ұтымды табиғат пайдалану  ұстанымы – экология және экономика  салаларындағы заңдылықтарды ескеріп, ең оңтайлы шешімдерді қабылдау. Ол үшін салыстырмалы бағалау, экономика-математикалық  үлгілеу, табиғатқа әсерлерді бағалау, сараптау әдістері қолданылады.

Табиғат пен өндірістің үйлесімділік ұстанымы өндірістерді, экономиканы, жалпы адамзат қоғамын  экологияландыру болып табылады. Оны осы бастан бастап, біртіндеп  әлемдік масштабта жүзеге асыра  бастау керек, яғни адамзат қоғамы біртіндеп  техногендік өндірістен экологиялық өндіріске, одан тұрақты дамуға және одан ноосфераға көшуі керек.

Кешенділік және әлеуметтік қажеттілік ұстанымы табиғатты пайымды, кешенді пайдалануды және қорғауды жүзеге асыру. Аталған ұстанымдарды іс жүзінде қалыптастыруға және дамытуға табиғат пайдаланудың төлемділігі, жауапкершілік пен мүдделілік (ынталандыру) ұстанымдары қолданылады.

 

Тақырып 3. Мұнай-газ өндірісі әрекетінің атмосфераның үрдістері мен құрамына әсері

 

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жаңартаудың атқылауына, тау жыныстардың үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне, теңіз тұздарынң желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру прцесстеріне байланысты.

Мұнай өнімдерін отын ретінде қолданғанда қоршаған орта жану процесінің нәтижесінде түзілген күкірт оксидтерімен ластанады. Керисон  мен бензинді мұнайды айдау арқылы алғанда да кұкірттін біраз мөлшері  ауаға тасталады. Мұнай мен көмірге қарағанда табиғи газда күкірт болмайды. Осы тұрғыдан қарағанда газ экологиялық таза отын болып саналады.

 

Тақырып 4. Судың теңіздерінің және мұхиттардың мұнаймен

 ластану  көздері

 

Теңіздегі мұнайкен орындарын  игеруде жалпы қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен қатар өзіне тән талаптар жүреді. Су бетіне түскен мұнай және мұнай тауарлары су мен ауа кеңістігінің арасындағы оттегі алмасуын айтарлықтай қиындатып үлкен аудандарды жұқа қабықшамен қаптайды. Бұл сулы ортадағы биологиялық объектілердің өміріне зақым келтіреді.

Мұнайды өндіруде және дайындауда қолданылатын жер үсті әрекеттік  заттар да суға түссе аса қауіпті  болып табылады, олар су бетін көбіктендіріп  осы арқылы ортадағы биохимиялық  алмасуды азайтады.

 

Тақырып 5. Шельфты игеру кезінде акваторияны қорғау

 

Тақырып 6. Ұңғымаларды салу кезінде техногендік үрдістерде табиғи ортаның  экологиялық тұрақтылығы.

Информация о работе Табиғи орта, жағдайы мен мәселесі