Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:36, доклад
Тақырып 1. Табиғи орта, жағдайы мен мәселесі
БҰҰ Бас ассамблеясы 1997 жылы маусымда Нью-Йоркте болған арнаулы сессиясы қоршаған ортаны дамыту бойынша Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ 2-конференциясынан кейінгі 5 жыл ішіндегі жұмыстың қорыиындысын шығарды. Тұрақты даму түсінігінің әлі де болса тұтас анықталып, белгіленбегені аталып өтті.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың ғаламдық қорытындысын шығарған кезде қайыршылықта тұратын адамдар үлесінің қысқаруына қарамастан көптеген елдерде кедейленудің тамыры тереңдеп, экономикалық жағдайдың нашарлап, қайыршылық белдеуіндегі адам санының артып отырғаны айтылды.
Қатты қалдықтарды қауіптілік дәрежесіне қарай 5 классқа бөледі және соған сәйкес Аі коэффициенті белгіленеді.
I класс- өте қауіпті коэффициент балы А=З2;
II класс-қауіптілігі жоғары-16;
III класс-қауіптілігі орташа-4;
ІṾ класс-қауіптілігі шамалы-2;
Ṿ класс-қауіпсіз(усыз)-1.
2.Өңдеу технологиясы бар, бірақ өндіріс қуаттары жоқ қалдықты орналастырғаны үшін төлем нормативі:
К і
Pi= _____,
Ті
Мұнда: Кі-қалдықтың і түрінің бір өлшемін жинау, өндіріске әзірлеу және өндіріс қуатын құруға қажетті күрделі қаржы;
Ті-өндіріс қуатын жобалауға, салуға қажетті қаржы жинақтауға керек мерзім, жыл.
3. Қайтарымды щикізат болып саналатын, өндіріс қорларының балансында есептелген, бірақ пайдаланылмаған қалдықтарды орналастырғаны үшін төлем нормативі қалдықтың бағасына сәйкес анықталады.
Р꞊ Оі(Сі),
Мұнда: О-қалдықтың і түрінің бағасы немесе;
Сі-өзіндік құны.
Қалдықты орналастыру белгіленген шектен (лимитінен) артық болғанда төлем жоғарыда айтылған тәсілмен еселенеді.
Тақырып 9. Экологиялық бақылау және табиғи-техникалық геожүйе мониторингісі
Қоршаған табиғи орта жағдайын бақылау, бағалау және болжау жүйесі- мониторинг деп аталады. Мониторингтің негізгі жүйесі үздіксіз бақылау болып табылады.
Экологиялық мониторинг – табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайынының өзгерстерін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. Мониторинг деген термин «монитор» -сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ қоршаған орта жөніндегі Стогкольм конференциясында 1972 жылы, «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде енгізілді.
Мониторинг мемлекет жүргізетін экологиялық бақылаудың маңызды бір бөлігі. Мониторингтің басты мақсаты-қоршаған табиғи орта жағдайын және оның ластану деңгейін бақылау, сонымен қатар табиғат қорғау басқармасы мен экологиялық қауіпсіздік қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету. Антропогендік факторлардың биотаға әсерін және табиғат қорғау шараларының тиімділігін дер кезінде бағалау да маңызды. Сонымен бірге мониторинг – бұл тек табиғатты бақылап және оның факторларына баға беріп қана қоймайды. Сонымен қатар экспериментті модельдеу, қоршаған табиғи орта жағдайын болжау және оны басқару туралы мәлімет береді.
Тұтастай биосферада болып жатырған өзгерістер, оларға бақылау және болжау, қадағалау- ғаламдық мониторингтің жүмысы. Бұны сонымен бірге фондық немесе биосфералық мониторинг деп атайды. Ғаламдық мониторингтің зерттеу нысанасы адамзаттың ортасы ретінде тұтастай биосфера болып табылады.
Қоршаған табиғи ортаның ғаламдық мониторинг жүйесн талдау және оны координациялау жұмыстарын БҰҰ жанындағы Білім беру жүйесі мен әлемдік метеорология мекемесі атқарады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарына:
-адам денсаулығына төнетін қауіптің алдын-алуды кең жүйеде үйымдастыру;
-ғаламдық деңгейде
атмосфераның ластануын
-биологиялық жүйеде, әсіресе тамақ өндірісінде ластанудың мөлшерін және таралуын бағалау;
-ауыл шаруашылығы
мен жерді пайдалану кезінде
пайда болатын қауіпті
-қоршаған ортаға жер
беті экожүйесінің әсерін
-әлемдік мұхиттың
ластануы және оның теңіз
-халықаралық деңгейде стихиялы апаттың алдын-алу жүйесін құру.
Ғаламдық мониторинг бағдарламасы бойынша жұмыс жасаған уақытта табиғи ортаға ғарыштан бақылау жасау үлкен орын алады. Ғаламдық мониторинг экологиялық жүйенің аймақтың, ғаламдық деңгейде қалыптасуы туралы аса маңызды мәліметтер алынады.
Қоршаған орта мониторингісі- бақылау деген ұғымды білдіреді, ортаның өзгерістерін, динамикасын және жылдамдығын анықтау мақсатында орта жағдайын бақылау болып табылады. Ұзақ мерзімдегі бақылау және көптеген анализдер нәтижесінен алынған мәліметтер қолайсыз әсердің болдырмауын болжамдайды.
Мониторинг бақылау жүйесіне байланысты:
- Глобальды
мониторинг –қоршаған орта
- Ұлттық мониторинг- белгілі
бір ел территориясындағы
- Жергілікті мониторинг-қоршаған орта мониторинг жүйесінің облыстық жүйесі
- Локальды мониторинг-қоршаған мониторинг жүйесінің аймақтық жүйесі
- Детальды-комплекстік,
шаруашылық комплекс
Қоршаған ортаның
Антропогендік мониторингтің негізгі міндеттері:
-антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау;
-антропогендік әсер факторларын бақылау;
-антропогендік факторлардың
әсерінен табиғи ортада
-табиғи ортаның физикалық жағдайын бақылау;
-антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бақылау.
Экологиялық мониторинг 3-сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерісті болжау. Мониторинг обьектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, креосфера(химиялық жүйені құраушылар) жатады.
Бақылау обьектілері мынадай түрлерге бөлінеді: атмосфералық, ауалық, гидросфералық, топырақтық, климаттық мониторинг, сейсмикалық, ионосфералық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, адамдар денсаулығының мониторингісі.
Қазақстан Республикасының-қоршаған ортаны ң жағдайын бақылайтын және тексеретін жалпымемлекетттік жүйе:
Қазақстанда жалпы мемлекеттік
бақылау қызметі кезінде
Бақылаудың негізгі көлемін гидрометерология және қоршаған орта мониторингі қызметі (КазГидромет РММ) атқарады.
Республикада бақылау қызметінің маңыздылығын артттыру ұшін біртұтас мемлекеттік экологиялық мониторингті бақылау жүйесі құрылды. Оның негізгі мақсаты экологиялық жағдайды сипаттайтын нақты мәліметтер жину және енгізу, алықаралық-экологиялық хабарлар жүйесімен байланыстырып, қоршаған орта жағдайын болжау және бақылау мен оған антропогендік әсердің деңгейі, экологиялық жүйе мен халықтың денсаулығының өзгерісі кіреді,
Қоршаған ортаның өзгеру бағдарламасын және басқару шешімдерін қабылдау, соның ішінде ортаның қолайсыз жағдайларын болдырмау, мониторинг жүйесінде ЭЕМ арқылы математикалық модельдеу арқылы шешіледі. Күнделікті әсер ететін автоматты хабарландыру жүйесің мониторинг кіретін динамикалық моделі ретінде пайдаланады.
Тақырып 10. Өндіріс практикасында әдістік таңдау негізін және табиғат қорғаудағы шараларын қолдану
Табиғи ортаны сақтау және
қалпына келтiру. Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердiң
өздiгiнен реттелу қабiлетiн және антропогендiк
қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау
үшiн жеткiлiктi, ландшафттық және биологиялық
әралуандықты сақтау және қалпына келтiру
жөнiндегi ғылыми негiздi шаралар жүзеге
асырылатын болады.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтiру
жөнiндегi шаралар:
- қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесiн
оңтайландыру;
- табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелiк
көзқарасты пайдалану;
- мемлекеттiк, өндiрiстiк және қоғамдық
бақылау жүйесiн, сондай-ақ экологиялық
аудиттi жетiлдiру;
- қоршаған ортаға мониторинг жүргiзу жүйесiн
дамыту;
- жер және су ресурстары тозуының, ластануының,
әуе алабының ластануының алдын алу;
-Жердiң озон қабаты мен климатқа антропогендiк
әсердi азайту;
- биологиялық әралуандықты сақтау және
орнықты пайдалану;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
ауданын ел аумағының кемiнде 10%-ына дейiн
кеңейту;
- табиғи жүйенiң тұтастығын сақтау және
қалпына келтiру, оның iшiнде гидротехникалық
құрылыстарды, автомобиль және темiр жолдарды,
газ және мұнай құбырларын, электр тарату
және басқа да желiлiк құрылыстарды салу
кезiндегi шаруашылық қызмет процесiнде
оларды бөлiп-жаруды болдырмау;
- антропогендiк iс-әрекеттен бұзылған
аумақтарды қайта құнарландыру;
- өндiрiстiк объектiлердiң жұмыс iстеу циклi
аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық
қалпына келтiрудi мiндеттi түрде талап
етудi қолдану;
- экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш
және әскери-сынақ кешендерiн оңалту;
- Каспий теңiзi қайраңы мен оған iргелес
жатқан аумақтардың ластануының алдын
алу;
- өндiрiс және тұтыну қалдықтарын қайта
өңдеу мен кәдеге жарату көлемiн бiртiндеп
ұлғайту;
- халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
жолымен iске асырылады.
Төтенше экологиялық
жағдайлардың және экологиялық лаңкестiктiң
алдын алу. Қазақстан Республикасында төтенше экологиялық
жағдайлардың және экологиялық лаңкестiктiң
алдын алу мен олардың әлеуеттi салдарларын
жою жөнiндегi қызмет:
- қоршаған орта үшiн жағымсыз салдарға
әкелiп соғатын төтенше жағдайларды болжау;
- жағымсыз экологиялық салдарлары бар
төтенше жағдайлар кезiнде халыққа жүрiп-тұру
ережелерiн, қорғаныс iс-қимылы мен әдiстерiн
оқыту;
- төтенше жағдайлардың алдын алу және
олардың салдарын жою жоспарына мiндеттi
экологиялық бөлiмдердi қосу;
- шаруашылық қызметiнiң ерекше режимi бар
аймақтарды, экологиялық апат және дағдарыс
аймақтарын белгiлеудi заңнамалық регламенттеу;
- қоршаған ортаға жағымсыз салдары бар
арандатушылық пен техногендi авариялардың
алдын алу;
- табиғи ортаның тозуына әкелетiн химиялық
заттарды әдейi қолданудың алдын алу;
– табиғи және аграрлық экожүйелердi құртатын
қасақана өрттердiң, өнеркәсiптiк қаскерлiктiң,
өсiмдiк шикiзаттарын заңсыз шабу мен дайындаудың
алдын алу, сондай-ақ табиғи нысандар мен
жүйелердi бұзуға әкелетiн тiрi организмдер
түрiн лаңкестiк мақсатта әкелу мен таратудың
алдын алу жолымен жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғаудың
экономикалық құралдары. Қазақстан Республикасында қоршаған
ортаны қорғаудың экономикалық құралдары:
- қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң,
табиғатты пайдаланушылардың қаражаты
есебiнен, халықаралық заемдар, гранттар
және өзге де көздерден мамандандырылған
қорлар құру мүмкiндiгiмен қаржыландыру;
- қоршаған ортаны қорғау және табиғатты
ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалардың
конкурсын Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына
сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
қаражаты есебiнен мүмкiндiгiнше одан әрi
қаржыландыра отырып ұйымдастыру;
- табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаны
қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруға
және ықтимал экологиялық залалға өтемақы
төлеуге жауапты болатындығын немесе
жүзеге асырылатын қызметтен бас тартуға
тиiс екендiгiн бiлдiретiн»"ластаушы төлейдi"»
қағидатын iске асыру;
- келешекте экологиялық стандарттарды
бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiктi бiр
мезгiлде күшейте отырып, қоршаған ортаға
берiлетiн эмиссия үшiн ақы төлеуден бас
тартумен қоршаған ортаға шығатын эмиссия
үшiн және Қазақстан Республикасының табиғатты
қорғау заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк
айыппұлдар төлеудiң ынталандырушы сипатын
арттыру;
- қоршаған ортаға келетiн залалды экологиялық
сақтандыру, сондай-ақ таратылу сатысында
өз қаражатынан қоршаған ортаны қалпына
келтiру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
үшiн кәсiпорындар жанынан қорлар ұйымдастыру;
- экономикалық көрсеткiштерге табиғи
нысандардың орта құру функциясын ескере
отырып олардың толық құнын, сондай-ақ
табиғатты қорғау (экологиялық) жұмыстарының
(қызметтерiнiң) құнын қосу;
- қоршаған орта эмиссияларына квоталармен
сауда жасау жүйесiн енгiзу;
- табиғатты қорғаудың нарықтық, оның iшiнде
өнеркәсiп тауарларын қайта пайдалану
және қайталама өңдеудi ынталандыратын
тетiктерiн енгiзу;
- халықаралық конвенциялар және келiсiмдерде
көзделген, қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық қаржы-экономикалық тетiктердi
қолдану жолымен пайдаланылатын болады.
Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз
ету. Қазақстан Республикасында қоршаған
ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету
елдiң орнықты даму жолдарын белгiлеу жөнiндегi
мемлекет қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттырудағы
маңызды элементтердiң бiрi болып табылады.
Қазақстан Республикасында қоршаған
ортаны қорғау саласындағы ғылым мынадай
негiзгi бағыттарда дамуға тиiс:
- орнықты даму теориясын жасау және осы
салада ғылыми зерттеулер жүргiзу;
- қоршаған ортаны қорғауды басқарудың
ғылыми негiздерiн әзiрлеу;
- қоршаған ортаның жай-күйi индикаторлары
жүйелерiн қалыптастыру;
- экологиялық аудандастыру;
- жергiлiктi жерлердегi экологиялық проблемаларды
шешу жолдарын әзiрлеу;
- ресурс үнемдеушi, қалдығы аз, экологиялық
тиiмдi жаңа технологияларды жасау;
- жаңартылатын биологиялық ресурстардың
(орман, су, аңшылық-кәсiпшiлiк, дәрiлiк және
басқалары) орнықты өсiп-өнуiн қамтамасыз
етiп пайдаланудың ғылыми қағидаттарын
және технологияларын әзiрлеу;
- биологиялық әралуандықты сақтаудың
тиiмдi әдiстерiн әзiрлеу;
- тiрi организмдердiң бөтен тектi және генетикалық
өзгерген түрлерiнiң таралуын талдау және
осы процестердi бақылау мен келеңсiз салдарын
азайтудың тиiстi әдiстерiн әзiрлеу;
- экологиялық-экономикалық бағалаудың
әдiснамасы мен әдiстерiн әзiрлеу, оның
iшiнде табиғи объектiлердiң орта құру функциясын
ескере отырып құнын анықтау;
- ластанудың алдын алу және жою, қоршаған
ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды
кәдеге жарату құралдары мен әдiстерiн
әзiрлеу;
- адам аурулары мен қоршаған орта сапасының
өзгерiстерi арасындағы байланысты зерделеу;
- экологиялық мониторингтiң қазiргi заманғы
әдiстерiн, сондай-ақ табиғатты пайдалану
және қоршаған ортаны қорғау саласында
мемлекеттiк басқару мақсатында ақпараттық
технологияларды әзiрлеу және дамыту.
Өңiрлердiң орнықты дамуы
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының аумақтық
деңгейдегi орнықты дамуы Қазақстан жағдайында
табиғат, оның ресурстары мен экожүйелерi
анық трансөңiрлiк сипатқа ие болғандықтан,
тек әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс субъектiлерi
аясында ғана жүзеге асыруға болады.
Осыған байланысты алаптық қағидат бойынша
орнықты экожүйелiк дамудың мынадай сегiз
аймағына арналған орнықты дамуға көшу
жөнiндегi iс-шаралардың өңiрлiк жоспарларын
әзiрлеу көзделедi: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл,
Ертiс, Есiл, Жайық-Атырау, Нұра-Сарысу,
Тобыл-Торғай, Шу-Талас.
Экожүйелiк қағидатқа сәйкес және трансөңiрлiк
негiзде орнықты өңiрлiк даму бағдарламаларын
жасау:
тұтас экологиялық жүйелерге жататын
аумақтарды басқаруға деген бiрыңғай көзқарасты
негiзге ала отырып, табиғатты тиiмдi пайдалануға
және табиғи ресурстарды сақтауды қамтамасыз
етуге;
табиғи ресурстар менеджментiнiң қолданыстағы
жүйесiнiң тиiмсiздiгiн, ведомстволық бытыраңқылықты
және функциялардың қосарлануын еңсеруге;
Қазақстан Республикасының аумақтық
тұтастығын нығайтуға және өңiрлердiң
әлеуметтiк-экономикалық жағдайындағы
жiктелушiлiктi азайтуға;
халықаралық қатынастарда экожүйелiк
көзқарасты дамытуға жағдай жасауға, трансұлттық
экологиялық жүйелердi сақтау жөнiндегi
бiрлескен қызмет аясында көршi елдермен
ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкiндiк
бередi.
Мұнда алаптық қағидат елдiң әкiмшiлiк
бөлiнiсi, әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар,
экономикалық кластерлер құру секiлдi
аумақтық ұйымдардың өзге түрлерiн алмастырмайды.
Сонымен бiрге орнықты даму аймақтары
аясында қоршаған ортаны қорғау мүдделерiн
сақтау негiзiнде ықпалдасу процестерi
белсендi түрде жүзеге асатын болады.
Қазақстан Республикасының үлгiсiнде
экожүйелiк деңгейде аумақтық орнықты
дамуға түбегейлi жаңа көзқарас қалыптасуы
мүмкiн.