Табиғи орта, жағдайы мен мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:36, доклад

Краткое описание

Тақырып 1. Табиғи орта, жағдайы мен мәселесі
БҰҰ Бас ассамблеясы 1997 жылы маусымда Нью-Йоркте болған арнаулы сессиясы қоршаған ортаны дамыту бойынша Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ 2-конференциясынан кейінгі 5 жыл ішіндегі жұмыстың қорыиындысын шығарды. Тұрақты даму түсінігінің әлі де болса тұтас анықталып, белгіленбегені аталып өтті.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың ғаламдық қорытындысын шығарған кезде қайыршылықта тұратын адамдар үлесінің қысқаруына қарамастан көптеген елдерде кедейленудің тамыры тереңдеп, экономикалық жағдайдың нашарлап, қайыршылық белдеуіндегі адам санының артып отырғаны айтылды.

Файлы: 1 файл

дәріс по нефти.doc

— 164.50 Кб (Скачать)

 

Халық шаруашылығының негізгі  салаларының дамуы – минералды- шикізат пен қуатты-энергетикалық   өндірістін кенейтуін талап етеді, ал ол өз алдына қорлардың іздеу кезінде бұрғылау жұмыстарының көлемдерінің көбеюіне әкеледі. Алдағы уақытта ашық әдіспен көмбе барлау мен ұңғымақтардың саның өсуі, өндіру көлемінің санының көтерілуі, барлығы қоршаған ортаның қорғалуын биік деңгейге көтереді

Геологиялық барлау ұңғымақтардың ғимараты бойынша даярлайтын жұмыстардың бiрiншi кезеңiнде бұрғылама алаңдардың құрылымы үшiн жер телiмдерiнiң тиiмдi таңдауындағы қажеттiлiк пайда болады. Ұңғымақтардың құрылысы үшін уақытша берілген жерлер, барлық уақытта көмбе өндіріп отыруы тиіс және кейін қайтарылған жағдайда  ауыл шаруашылығы үшін жарамды болуы тиіс.

Қоршаған орта мен  жер қойнауын сенімді қорғауды қамтамасыз ету үшін келесі мәліметтер болуы  керек:

- кешендi геологиялық  құрылыстың сипаттамасы;

- өнiмдi қойнауқаттарды жарудың озық жүйелерi;

- бұрғылама ерiтiндiлер  және бұрғылаудың құрастыратын  қалдықтарының көлемi;

- бұрғылау кезінде  материалдардың шығымын азайту; 
-бұрғылау кезінде экологиялық көрсеткіштерді шешу;

-бұрғылау кезіндегі кедергілер  мен апаттардың алдын алу;

-бұрғылау кезінде жердің құнарлығының  бұзылмауына көңіл аудару;

-бұрғылаудан кейн жер тілімі  қолданысқа жарамды болуы;

Бұрғылау жұмыстарын жүргізуге берілетін жердің көлемі, ұңғымақтардың параметрлеріне, және бұрғылау жұмыстарының өткізілуіне  тікелей байланысты.  Мысалы, жер бетіне дизельді приводты аппаратпен, құрылым-іздестіру ұңғымақтарын салу үшін – 2500 м, ал таулы жерлерде – 3600 м жер керек. БУ-50 Ар аппаратын қолдану кезінде жер көлемдері 10000 және 16000 метр құрайды. Мұнай мен сарқынды суларды төгу үшін қазаншұңқырларды ерітінді көлемі 240 м болса, жердің ауданы 3500 м2 болуы тиіс.

Материалдарды салынайын  деп жатқан бұрғы аланыңа әкелместен бұрын, жердің құнарлы қабатын алу  керек. Бұғылау кезіндегі қалдық сұйықтықтарды жинау үшін арнай амбарлар тұрғызылады. Амбарлардың көлемі бұрғылынатын ұңғыманың көлеміне сәйкес болады. Бұрғыны таза сумен қамтамасыз ету үшін қосымша ұңғыма бұрғылау керек. Мұндағы су сарқырама сулары сияқты амбарға жетеді. Амбарға мұнай қалдықтары, шламдар және әртүрлі қалдықтар келеді. Ерітінділердің минерализациясы 250 г/л дейін жетеді. Осылайша амбарда қоршаған ортаға өте қауіпті сұйық және қатты қалдықтар жиналады.

 Мұнай өндейтін, коксохимия  және басқа да өндірістердің  ақаба суларының құрамына кіретін  фенол қосылыстары табиғи су қоймаларына түскенде өсімдіктер мен тірі организмдерде жүретін  маңызды биологиялық процестердің жүруін тежейді, әсіресе балықтардың өсіп өнуіне айтарлықтай зиян келтіреді. Мысалы , мұнай өнімінің судағы концентрациясы 16,1 мг/л болғанда ірі балықтарға, 1,2 мг/л болғанда личинкаларға қолайсыз әсерін тигізеді.

Соңғы он жылда өте  қауіпті ластағыштар қатарына мұнай  және газ скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде жуғыш заттардың, лактар мен бояулардың, пестицидтердің құрамына кіретін , өндірісте кеңінен қолданып келе жатқан  беттік активті заттар құйылып келеді.

Олар суқоймаға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп  тіршілік әрекетіне кері әсерін тигізеді.

 

Тақырып 7. Ұңғымаларды салу кезінде техногендік үрдістерге табиғи ортаның экологиялық тұрақтылығы

 

Адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде ауыл шаруашылығына  пайдаланытын жер көлемі өне бойы қысқарып келеді, сонымен қатар бұл  жерлердің өндірістік және тұрмыстық  қалдықтарымен ластануы өсуде. Дүние  жүзіндегі осындай қалдықтардың жылдық көлемі -3,5 млрд. т. Құрайды, оның 2 млрд. т. – ауыл шаруашылығы, 1 млрд. т. - өндіріс және 0,5 млрд. т. коммуналды шаруашылық қалдықтары болып саналады. Жер қойнауынан жылына алынатын шамамен 100 млрд. т. тал қыртысының 98% қалдықтар құрайды. Олар өте үлкен көлемді құрайды. Қалалар айналасында өндірістік ластанушы қалдықтар жиынтығы, құрамында өте улы заттары бар, түзілуде, олардың ыдырауы нәтижесінде ауа және жер асты суы уланады. Біздің елде мұндай қалдықтар іс жүзінде қайта пайдалануға өнделмейді, шамамен 3% ғана жағылады.

Мұнайды жоғары қарқынмен  өндіретін аймақтар жердің едәуір төмен  түсіп кетуі, жер асты суының тұздануы және басқа теріс байқалады. Жер  қорының қысқаруына тағыда қалардығы  өндірістердің көлік және құрылыс  нысандары себеп болуда, жер тұздануы, эрозия сазбаптануы және шөлейттенуі сияқты және адамның шарцашылық жасауның нәтижесінде де жер қоры азаюда.

Жоғарыда келтірілген  қысқа шолудан келешекте емес қазірдің өзінде өте қауіпті, глобальді  экологиялық апат орын алуда. Мұндай жағдай – біздің жауапкершілігіміздің шаруашылықтың білікті жүргізе алмауымыздың және экологиялық мәдениетіміздің төмендеуінен болуда.

Мұнай газ кең орындарының  игеру барысында топырақ мұнаймен, әр-түрлі химиялық заттармен, минерализациясы  жоғары ағынды сулармен ластанады. Мұнай және оның басқада компоненттері топыраққа түсе отырып, оның қасиетін едәуір дәрежеде, ал кейде тіпті қалпына келмейтін етіп – битумдық сорларды түзілуге, цементтелуіне және т.б. өзгертеді. Бұл өзгерістер өсімдік пен жердің биоқұнарлық  жағдайының нашарлануына әкеп соқтырады.

Мұнай топырақ пен  өсімдікке өте зиянды әсерін тигізеді. Мұнаймен ластанған топырақта көмірсутектер  мен азоттың арасындағы ара қатынас  тез өседі, бұл топырақтың азоттық  режимін нашарлатып және өсімдіктердің тамырымен қоректенуін бұзады. Сонымен қатар -, мұнай жер бетіне төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың, түзілуіне әкеп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қалдықтар жуғыш заттар топырақтың тұздануына себеп болады, әдетте бұндай жерлерде өсімдіктер өспейді.

Транспорттау және сақтау орындарында құйылған және ағылу  нәтижесінде топыраққа түсетін  мұнайдың трансформациясын зерттеу, техногенез кезінде бұзылған топырақтың өздігінен  тазалану және қалпына келуін үйренуде қажет болады. Мұнайдың құрамына кіретін, көмірсутектердің қышқылдануы, негізінен микробиологиялық қышқылданулар, осы сұрақтар бойынша көп жұмыстар бар. (Н.М. Исмаилов 1985ж., Ф.Х. Хазиев 1981ж.) осы авторлар мұнайдың трансформациясының мына жалпы этаптарын бөліп көрсеткен:

    1. Атмосферада көмірсутектердің физикалық, химиялық және микробиологиялық бұзылуы;
    2. Әр-түрлі класстардағы төменгі молекулалар қосылыстардың микробиологиялық бұзылуы;
    3. Жоғары молекулалы қосылыстардың трансформациясы – смола, асфальт, полициклді көмірсутек.

Биодеградацияның кезеңдерімен сәйкес келе, биоценоздардың регенерациясы өтеді. Микрофлора және өсімдік жамылғысына қарғанда, жануарлардың сокрафитті жүйесі біршама жай құрылада. Микробиологиялық активтіліктің біршама күшті жарқыла мұнай биодеградациясының 2 этапына келеді.

  1. Тұрақты өзгеріс жағдайдағы болатын мұнайдың құрамының компоненттері
  2. температура қысым, ылғалдылық, атмосфера жағдайы, гидросфера және т.б. экожүйесі әсерінен ішкі факторлардың көптүрлілігі және өзгергіштігі.

Топырақта мұнайдың метаболизмінің соңғы өнімдері келесілер:  1. карбонатқа айналатын көмірқышқыл және су; 2. топырақ гумусына бөлшектен кіретін, суда еритін және топырақ профилінен жойылатын, оттегі қосылыстары; 3. метаболизмнен қатты ерімейтін өнімдері – жоғары молекулалы өнімдердің әрі қарай тығыздалуының нәтижесі немесе олардың органика – минералдық қосылыстарға байланыстылығы; 4. топырақ бетіндегі мұнайдың жоғары молекулалы компоненттерінің қатты қабаттары.

Жер бетін және жер қойнауын қорғау шаралары.

Топырақты қорғаудың  негізгі шаралары:

- Мұайды жинау, аыйру,  дайындау және тасымалдау жүйелерін  саңылаусыздандару;

-Ұңғыларды апат кезінде  ажыратқыштар көмегімен автоматты  түрде ажырату;

-Жер бетіне төгіліп,  ластамас үшін қабаттың және  кәсіпшіліктің ағынды суларды  қабат қысымын ұстау жүйесінде толықтай қолдану;

-Құбырларды 1,2 – 1,8 м  аралығындағы тереңдікте көміп,  жер асты арқылы төсеу;

-Жерге сапалы техникалық  қайта қалпына келтіру шараларын  жүргізу;

Жердің рекультивациясы  – бұзылған және ластанған жерлердің  өнімділігін және құнарлылығын қалпына келтіруге, сонымен қатар, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар кешені. Топырақта микроорганизмдердің өздігінен тазаруы және сол жерге бейімделу механизмі жүреді.

Жер қойнауын қорғау, сақтау шаралары мұнай және газ ұнғыларын және кен орнының объектілерін тұрғызу кезіндегі барлық негізгі технологиялық процесстердің маңызды элементі және құрамды бөлігі болып табылады. Жер қойнауын қорғау шаралары мыналарды қамтуы қажет:

- төгілуді, ашық фонтандауды,  грифон түзілуін, ұнғы оқпанының қирауын, жуу сұйығының жұтылуын және тағы басқа қиындықтарды болдырмайтын шаралар жиыны;

- жер асты және жер  үсті құрылғыларының максималды  саңлаусыздығын қамтамасыз ету;

- коррозияға қарсы  жобаланған шараларды іске асыру;

- биогенді күкірт түзілуін  ескерту үшін айдалатын суды оның пайда болуын болдырмайтын реагенттермен өндуе керек;

- қабатқа су айдау  үшін ағынды суларды пайдалана  отырып сумен қамтамасыз етудің  тұйықталған жүйесін еңгізу.

 

Тақырып 8. Мұнай өнеркәсібіндегі табиғатты қорғау бойынша экономикалық бағалаудың жалпы принциптері

 

       Табиғат пайдалану,әсіресе табиғат ресурстарын өндіру, өңдеу табиғи ортаның экологиялық тепе тендігін бұзады, табиғи ортаның ластануын туғызады. Өйткені қазіргі қолданылып жүрген техника мен технология қалдықсыз өндіріс, экологиялық таза өндіріс дәрежесіне әлі жеткен жоқ. Сондықтан табиғи ортаның тазалығын сақтау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдер белгіленеді. Олар:

    -табиғи ортаға  ластаушы заттарды нормаланған шамада шығарғаны (төккені) үшін;

    -табиғи ортада  өндіріс және тұтыну қалдықтарын  нормалы шамада орналастырғаны  үшін;

    -табиғи ортаға  ластаушы заттарды нормалаған  шамадан артық шығарғаны (төккені,  орналастырғаны) үшін белгіленеді. 

       Аталған төлемдер табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру үшін қаржы жинақтауға мүмкіндік береді. Нормаланған шамада табиғи ортаға ластаушы заттарды шығарғаны (төккені, орналастырғаны) үшін төлемдер табиғат қорғау шараларына жұмсалатын қаржының және келтірілген зиянның орнын толтыру шығынының  шамасына байланысты анықталады. Яғни табиғат пайдаланушылар табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыруға және табиғат қорғауға жұмсалған халық шаруашылық шығындарды осы төлемдер арқылы қайтаруы тиіс.  Сондықтан әрьір табиғат пайдаланушыға ластаушы заттар шығару (төгу, орналастыру) шектері және төлем нормативтері белгіленеді. 

Табиғи ортаны ластағаны  үшін төлем шамасын анықтағанда  келтірілген зиян, зиян болдырмау  шығындары, алынбаған табыс ұғымдарын  ажырата білудің практикалық мәні бар. Осы ұғымдар нақты ажыратылмағандықтан төлемдерді анықтаудың баламалы екі қағидасы бар. Бірінші-шығындық  деп аталатын қағида бойынша төлемдерді анықтаудың негізіне табиғи ортаға зиян келтірмеу үшін жұмсалған табиғат қорғау шығындары алынады. Екінші - зияндық қағида бойынша төлемдер негізіне табиғи ортаның ластануынан болатын зияндар алынады. Уақытша үлгілік әдістеме бойынша экономикалық зиян деп табиғи ортаға теріс әсерді болдырмауға жұмсалған келтірілген шығындар мен зиянның орнын толтыру шығындары ұғылады. Н.Н Федеренко мен Г.К.Гофман көзқарастары бойынша экономикалық зиян деп табиғи ортаның ластануы салдарынан  халық шаруашылығында  және халықтың қосымша шығындарын түсінуіміз керек. 

Халық  шаруашылығының әр түрлі саласында экономикалық зиян әр түрлі мағынаға ие болды. Мысалы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін табиғи ортаның ластануынан болатын экономикалық зиян алынбаған (жоғалтылған) өнім. Табиғи ортаның ластануына байланысты шығындар екі бөлімнен: табиғат қорғау шығындарынан және экологиялық теңдестіктің бұзылу салдарынан болатын  экономикалық зияндардан тұрады. Қазіргі  кезде экологиялық шығындардың ішінде табиғат шығындары белгілі дәрежеде есептеліп өнімнің өзіндік құнына қосылады және оның сатылу бағасымен қайтарылады. 

Табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдерді анықтаудың әр түрлі салалық әдістемелері бар. Солардың ішінде Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлігі қабылдап, қолдануға ұсынғаны “Табиғи ортаға ластаушы заттарды шығрғаны үшін төлемдер нормативін анықтау туралы әдістемелік ұсыныстар”. Ол бойынша әрбір кәсіпорындарға табиғи ортаға ластаушы заттарды шығарудың шектері (лимиті) белгіленеді. Шектің шамасы аймақтағы экологиялық жағдай, пайдаланылатын шикізаттың түрі, қолданылатын технология, жол берілетін ластаушы заттар шығару нормасын ескеріп бекітіледі.

Кәсіпорынның ластаушы заттарды шығарғаны үшін жалпы төлемі лимит шегіндегі және лимиттен асқан  шамаға төлемдердің қосындысы болады. Қатты қалдықтарды жер бетінде  орналастырғаны үшін төлем нормативтерге сәйкес қалдық орналасқан жер жағдайына, қалдық үйілетін жердің жабдықталуына, елді мекендеріне, қашықтығына, қалдықтардың салыстырмалы қауіптілігіне, қалдықтарды пайдалану мүмкіндігіне байланысты анықталады.

Мұнда мынадай үш түрлі  жағдай болуы мүмкін: 

1. Қалдықтарды өңдеу  технологиясы жоқ  немесе  қалдықтардың  шамасы  халық  шаруашылық  қажеттен артық   болғанда қалдықтарды  белгіленген лимит шегінде жиып  қойғаны немесе көмгені үшін  төлем нормативі:  

          K 3ig + Kkig

Pig = ______________ ,

                T

мұнда: K 3ig – қалдық жинайтын g жерде (полигонда) қалдықтың i түрін     орналастыруға, залалсыздандыруға (көмуге) қажетті үлестік күрделі қаржы;

Т – полигонды жобалауға, салуға, кеңейтуге, қайта құруға, жабдықтауға, қаржы жинауға керекті мерзім. Жергілікті басқару органдары анықтайды;

Kkig – қалдық жинайтын жерді ауыл шаруашылық айналымнан шығарғанда зиянның орнын толтыруға жұмсалатын үлестік күрделі қаржы. 

   Қалдық жиналатын  жер (полигон) қаладан, елді  мекендерден, су қоймасынан, сауықтыру аймақтарынан, су қорғау территорияларынан 3 км қашық болса, Zq1=1,0, жақын болса Zq1=3,0. Қалдық атмосфераның, су көздерінің  тазалығын қамтамасыз ететін арнайы бейімделген полигондарда орналастырылса Zq2=1,0,  бейімделмеген жерлерге орналастырылса Zq2=2,0. 

Информация о работе Табиғи орта, жағдайы мен мәселесі