Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 07:57, реферат
Әлемдік діндер - қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету: а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай; ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед); в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау; ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін (жаппай қыру қаруына тыйым салу және жою, мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде бейбіт жолды таңдау, экологиялық апаттардың алдын алу, ашаршылықпен және індеттермен, соның ішінде, "өркениеттік" індеттермен - СПИД-пен, наркоманиямен, алкоголизммен, токсикоманиямен және т.б. күресу) бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары өткізіліп отырылуы керек.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Буддизм діні және оның саясаты
2.2. Ислам діні және оның тарихы, негізгі қағидалары мен әдет-ғұрпы. Құран
2.3. Христиан діні. Зороастризм және Даосизм
ІІІ. Жетілдіру жолдары
3.1. Әлемде діндер санының өсуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Буддизм діні және оның саясаты
2.2. Ислам
діні және оның тарихы, негізгі
қағидалары мен әдет-ғұрпы.
2.3. Христиан діні. Зороастризм және Даосизм
ІІІ. Жетілдіру жолдары
3.1. Әлемде діндер санының өсуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әлемдік діндер - қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету: а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай; ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед); в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау; ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін (жаппай қыру қаруына тыйым салу және жою, мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде бейбіт жолды таңдау, экологиялық апаттардың алдын алу, ашаршылықпен және індеттермен, соның ішінде, "өркениеттік" індеттермен - СПИД-пен, наркоманиямен, алкоголизммен, токсикоманиямен және т.б. күресу) бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары өткізіліп отырылуы керек. Жаңғыртылған иудаизм өкілдері иудаизмді, "Кришна санасының қоғамы" - өз жақтаушыларын, ал "Вера бахай" шіркеуінің өкілдері - өздерінің діндестерін әлемдік діндер қатарына жатқы- зады. Алайда, жоғарыда аталған үш ірі әлемдік діндердің қызметкерлері, діндарлары бүл қозғалыстардың әлемдік дін дәрежесін мойындаудан бас тартады.
Дүние жүзi
халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған
сан қырлы рухани мәдениетiнiң
бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы
– дiннiң пайда болуы, оның маңызы,
мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы,
мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы
әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi
зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың
мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және
оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде
әлеуметтiк құбылыс екенiн
Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе және дiннен бас тартар болса, қоғам зандылықтары бұзылып, дүние ойран болады. Ислам философиясы – дiн адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды, – дейді мамандар.
Діннің құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек: Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек», – деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге болады. Әлемдік діндердің мәні мен шығу тарихын да осы тұрғыда саралаған жөн.
2.1. Буддизм діні және оның саясаты
Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекешеліктері бар.Буддизмде дүниені жаратушы қүдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:
Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - құтқару- шы көмегімен қүтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол ваджраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бүл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақ- саттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм неме- се метабуддизмнің бірқатар жаңа ба- ғыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда үйымдары Азия елдерінде эр түрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, үлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тува АССР-лерінде түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын қүтқарудың қамын ойлауы керек. Бүл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің қүрылуына эсер етті. Бүлардың жиынтығы будда үйымы - 1950 ж. қүрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.
2.2.
Ислам діні және оның тарихы,
негізгі кағидалары мен әдет-
Ислам (арабтың – Аллаға тәуап ету, мойынсұну сөзі) – әлемдік діндердің бірі. ҮІІ ғасырда таптық араб мемлекеттері орныға бастаған тұста Батыс Аравияда пайда болған. Исламның діни уағыздары Құранда баяндалады. Бұл кітап Жаратушы Алладан Мұхаммед пайғамбарға түскен. Исламның негізгі ұстанған жолы – жалғыз құдайды – Алланы ғана мойындау. Ислам ақиқат және ең ақырғы дін. Қазақ өзін «мұсылманмын» деп санағанымен, исламнан бұрынғы діндердің де дәстүрлерін ұстанады.
Қазақтар
әулие-әнбиелердің бейiттерiне барады,
құран оқиды, сыйынады. Қиын жағдайға
душар болғанда, әулиелердің мазарына
барып құрбандық шалып, көмек
сұрап жалбарынады. Мұндай қасиетті
жерлер Қазақстанда көп. Халық оларға
қазір де сенеді. Атақтысы – Қожа
Ахмет Яссауидың кесенесі, ел аузында
«Мәдинеде – Мұхаммед, Түркістанда
– Қожа Ахмет» деген сөз бекер
сақталмаған.Түркістанда
Негізгі қағидалары
Исламда бес парыз бар:
Ол парыздар мұсылманның мойнына бойжеткеннен бастап жүктеледі.
Ислам дініне дейінгі діндерден алынған, ислам дінінде оларға жаңа әлеуметтік сипат және мән берілген. Құдайға құлшылық ету табыну ислам дінінде 2 бөлімнен тұрады: 1. Міндетті түрде орындауға тиісті шаралар: бұған бес парыз (иман, бес уақыт намаз, ораза, зәкет-ұшыр, қажыға бару) жатады. Шариғат бойынша бұл парыздарды мұсылмандар бұлжытпай, мерзімінде орындап тұруға тиіс. Діни уағыз бойынша «құдай-тағаланың әмірін орындап, құлшылық еткендер», яғни намаз оықп, ораза ұстап, қайыр-садақа бергендер ғана «жұмақтың» тәрінен орын алады да, ал оларды орындамағандар «тозаққа» барады. Дін иелері, молда-ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен мейрамдарды дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын талап етеді. 2. Ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет, Мұстахб, Мухаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі қазақтан арасында тарамаған.
Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қасиетті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхамедтің (с.ғ.с) аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы жинақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен әдет-ғұрыптарының негізі болды. Ол қасиетті кітапта егін салған халықтардың әр дәуірдегі өмірінен алынған заңдар мен шежірелердің, ғұрыптар мен салттардың және астарлы сөздердің алуан түрі кездеседі. Мұнда өткен өмір мен болашақ заман туралы аңыздар да толып жатыр. Осындайлық діни қағида, заңдармен қатар, құранда құдай мен оның пайғамбарлары туралы адамның, жалпы әлемнің жер үстіндегі тіршіліктің жаратылуы да көптеген жорамалдар бар. Дін құранның негізгі нұсқасы жеті қабат аспан үстінде мәңгібақи сақталады дейді, Әзірейіл періште құранды көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке (с.ғ.с) мезгіл-мезгіл жіберіп тұрыпты, пайғамбар мұны жазып отырыпты. Құдайдың берген өмірі, өткендігі оқиғалар мен қазіргі мен болашақ оқиғалардың барлығы осы кітапта жазылған. Сол жазудың мазмұнын перілерден қорғап тұрады екен. Құдай сөзі болғандықтан құран-өмірдің шын мәнісіндегі ережесі және кез-келген діндар мұсылман үшін болашақтағы барлық үміттің көзі. Бұған ешбір де ешбір шек келтіруге тиіс емес, өйткені оны құдадың өзі көктен аян етіп, адамдарға сыйға тартты делінеді. Мұсылмандар құранның өзін ғана емес, мазмұнын ғана емес, әрбір әріпі мен қағазын да қасиетті санайды, құран сөзіне еш нәрсені теңімейді, құраннан асыл, онан артық бұл дүниеде ештеңе жоқ деп біледі. Құран ұстап ант береді. Бірақ қазақ арасында құраннан нанды жоғары қою дәстүрі бар. Егер нанға қолың жетпесе, құранды аяғыңның астына қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды. Құранның 12 сүресінің 2 аятында құдай атынан: «мен оны (құранды) сендерге түсінікті болсын деп араб тілінде жібердім» делінген. Кейін ислам діні басқа елдерге тарай бастаған кезде мұсылман дін басшылары құранды бөтен тілге аударуға тыйым салады да, «құран оқу құдайға құлшылық ету араб тілінде болсын» деген тәртіб енгізеді. Мұның араб тілін білмейтін мұсылмандар арасында «құран қаисетті кітап» деген сеніп орнап, Аллаһқа сиынып, жалбарынды. Құран орта ғасырдың бас кезінде таяу шығыс елінде көптеген авторлардың көмегімен бірте-бірте жазылды. Оны жазуға, іріктеп өлшеуге, толықтырып-түсіндіруге ғасырлар бойы діншіл ұрпақтың бірнеше өкілі қатысты. Құранның соңғы түрі ислам діні шыққаннан кейін белгіленеді: Мұхамедтен (с.ғ.с) кейін болған халифтер тұсында құран жинағы болмады. Құранның ұмыт болу қаупінен сезіктенген халиф Әбу-Бекір құран үзінділерін жинақтауды әмір етті. Халиф Омардың тұсында ғана Мұхаммедтің (с.ғ.с) өсиеттерін Медина мұсылмандары жинай бастады. Олар Мұхаммедтің (с.ғ.с) ел аузында жүрген аңыздарын қағазға, тастарға, сүйектерге азылып қалған үзінділерден, ауыз-екі айтылып жүрген әңгімелерден жинап құрастырды. Бұрын Мұхаммедтің хатшысы болған Сәбит-ибн-сейт халиф Осман тұсында құранның төрт данасын құрастырып шығарды. Оның бір данасы Мединада қалдырылды да, қалғандары Куфаға, Басыраға және Дамаскіге жіберілді. Құранның басқа даналары алауыздық туғызбас үшін құртылды. Бізге жеткен сол Сәбит-ибн-сейт құрастырған жинақ, ол «Осман шығарған құран» деп те аталады. Құран тіл байлығы өте кедей ертедегі араб тайпасы Куфа тілінде, қара сөзбен жазылған. Бұл тілді білмейтіндер оның әсерлі үнінен ғана үрей көреді. Құранда барлығы 114 сүре, 6225 аят бар. әр сүредегі аят саны біркелкі емес: кіріспеден екінші сүреде 286 аят, ал 110 сүреде не бары 3 аят бар. Осы кездегі құранның өзі де әртүрлі. «Медина құранында» аяттардың саны 6000. «Куфа құраны» мен үнді мұсылмандарының құранында 6232 аят бар, шиитер қолданып жүрген құранда 115 сүре бар. Сүрелер көлеміне қарай орналысқан, басында ұзақ сүрелер, одан кейін орта ақырында қысқа сүрелер. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады. Бірақ біраз жағдайларда сүренің аты өз мазмұнына сәйкес келмейтіні де бар. Кейде сүре тақырыбына осы тарауда кездесетін кейбір сөздер алына салынған. Құран сүрелері мен аятары ешқандай тарихи тәртіптілік сақталған. Сонымен бірге, оларда бірімен-бірі қайшы келетін пікірлер де кездеседі. Құран аяттарынан араб жұртының бағзы бір замандарындағы тұрмыс ерекшеліктері, табиғат құбылыстарына бағынулары байқалды, құран ертегілерінің ішінде ежелгі арабтардың да, Януди дінінің де, христиан дінінің де, парсы жұртының өте көне дінінің бірі зороастризмнің де, қиял-ғажайып аңыздарының да үзінділері кездеседі. Құран мазмұнынынң төрттен біріне жуығы таурат пен інжілден алынған пайғамбарлар жайындағы аңыз – ертегілер. Бұлар – Мұса (Моисей), Жүсіп (Иосиф), Ғайса (Иисус), Жеқып (Якуб) т.б. Жоғарыда атап өткен пайғамбарларды құран «алланың әділ сөзін» адамдарға жеткізу үшін, оларды «алла тағаланың ең қалаулы діні-ислам діні» жолына түсіру үшін келген көктегі құдайдың өкілдері деп жариялайды. Ислам діні көбінесе үгіттен гөрі соғыспенен таратылып, күшпен мойындатылады да, жаппай үрей тудырып, адамның ақыл-ойын шандып, матап тастайды.
2.3. Христиан діні. Зороастризм және Даосизм
Әлемдік діндердің
бірі – христиан діні. Иса (с.ғ.)-ға түскен
«Інжіл» кітабы адамдардың қолымен
өзгертіліп жазылып, сол мазмұн бойынша
тараған дін. Інжіл кітабының
алғашқы түпнұсқасын өңдеп
Әртүрлі автордың жазғанынан Евангелий
қолжазбаларының өзгергені
Христиан
дінінің пайда болу кезеңі Иса (с.ғ.)-ның
туған кезінен, яғни дәуіріміздің бірінші
ғасырының басынан деп
Рим империясы
Жерорта теңізі бойындағы елдерді
өзіне бағындырып, нағыз құл иеленуші
болып алған. Олардың қасиетті жерлерін
талқандады, дәстүр, әдет-ғұрпын, сенімдерін
қорлады.Римдіктер жаулап алған
Шығыс халықтарының ескі тайпалық діндері,
римдіктердің ұсынған ұлттық діндері
халықтың көңіліне жұбаныш әкеле
алмады. Сондықтан барлығына түсінікті
дін қажеттігі туды.Христиан діні
осындай кезеңде, яғни барлық езуші
таптарды біріктіру кезеңінде пайда
болған дін. Оның негізгі идеялық
негізін қалауда әртүрлі