Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 07:57, реферат
Әлемдік діндер - қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету: а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай; ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед); в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау; ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін (жаппай қыру қаруына тыйым салу және жою, мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде бейбіт жолды таңдау, экологиялық апаттардың алдын алу, ашаршылықпен және індеттермен, соның ішінде, "өркениеттік" індеттермен - СПИД-пен, наркоманиямен, алкоголизммен, токсикоманиямен және т.б. күресу) бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары өткізіліп отырылуы керек.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Буддизм діні және оның саясаты
2.2. Ислам діні және оның тарихы, негізгі қағидалары мен әдет-ғұрпы. Құран
2.3. Христиан діні. Зороастризм және Даосизм
ІІІ. Жетілдіру жолдары
3.1. Әлемде діндер санының өсуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Келешектің жақсылығынан, «көктен келген құтқарушының» шапағатынан үміттенген Рим империясының адамдары оның іздерін иудей миссиясынан, Филоней Погосынан іздеді. Осындай жайлардан Құдай-адам, яғни Исус Христос бейнесіндегі құдай пайда болып, Христостың атымен христиан діні аталды. Бұл діннің негізін салған адам туралы, оның болғаны жайлы пікірталастар, дау-дамайлар осы күнге дейін жалғасып келеді. Өмірде болғанына сенімсіздікпен қараушылар көп.
Зороастризм отқа табынушылық діні. «Зороастр» сөзінің мағынасы «зоро» – адам, «астра» – жұлдыз.Зороастризм діні ең алғаш протоинди ирандықтарынан шыққан. Олардың мекендеген жері Азияның кең байтақ далалары, Жайық өзенінің шығыс жағалауы. Протоинди ирандықтары Иранды жаулап алған және сонда мекендеген. Олар б.э. 3000 жыл бұрын өмір сүрген. Бұл дінді ең алғаш рет таратқан ирандық жігіт – Зороастр. Ол туралы мынадай аңыз бар: 30 жасында бір сәуле көреді, оны «уаху мая» дейді. Қазақша аударғанда «ашық сәуле» деп аталады. Оны құдайлардың ең үлкені Ахурамаздаға апарады. «Ахура» қазақ тілінде – ақылды, «мазда» – құдай деген мағынаны береді. Ахурамазда Зороастрды өзінің елшісі етіп сайлайды. Содан Зороастр Ахурамазданың ең жоғарғы құдай екенін сезіп, әділетті, мейірімді Жаратушы құдай деп дәріптейді. Ахурамаздаға қарайтын 3 құдай бар:
1. Митру құдайы. Міндеті: жарату.
2. Анахиту – су құдайы.
3. Варуну – соғыс және жеңіс құдайы.
Бұларға қарсы Ақырман – зұлымдық құдайы. Кезінде қазақтар балаларын «Ақырман келеді» деп қорқытқан.
Зороастр дініндегілер күнделікті дәрет алып, 6 рет жуынады. Бұған қоса құммен тазаланады. Бұл тазалықтары 2 аптаға жетеді.
Құммен тазалану рәсімі: құмға дәрет сындырып, оны араластырып сүртінеді. Тазаланып болған соң жанына итті қойып іштей ғаттаны оқиды. Итті қазақтар сияқты қасиетті жануар санаған. Қатаң тәртіптері бар: құмырсқаны, жыланды, осыларға ұқсас жәндіктерді ұстауға болмайды. Ұстау – күнә. Осымен қатар ет жеуге, жаңбырлы күні далаға шығуға болмайды, себебі жерді кірлетеміз дейді. Әйелге қатысты заңдылықтары: етеккірі келсе, отқа жолатпайды, таза емес есебінде. Қараңғы жерде отырғызады, ұйықтайтын болса жерде жатады, тас орындықта отырады. От жағуға рұқсат жоқ, тамақты бөлек ішеді, храмға кіруге рұқсат бермейді. Әйел бала туатын болса, тазалықты кірлету деп есептейді. Бала туар алдында бөлмесіне от жағып қояды. Босанарда оттың жалыны түзу болу керек, себебі қисық болса, бұл баланың жын-шайтаны көп болады деген. Әйел босанғаннан кейін тазару жолын қиындатқан. Бірінші күні таза су ішкізбеген, отқа жылынуға тыйым салған.
Даосизм (қытайша «дао цзяо» – «жол ілімі») б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император») ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алды. Ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзыныкі саналады. «Жол және ізгіліктер туралы канонда» (Дао-де-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.) Чжуан-цзыда баяндалады. Тұтас жүйе ретіндегі даосизм «Лэ-цзы» (б.з.б. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.) және «Хуаинань-цзы» (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған. Даосизм адамға қоршаған ортаның сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Оны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған. Және соңында даоға қайта оралады.
Көне даосизмнің
философиялық ұстанымы оратағасырлық
даошылардың діни ілімдеріне негіз
болды. Ортағасырлық даоцизмнің көрнекті
өкілдері Ге Хун (ҮІғ.), Вань Сюаньлань
(ҮІІ ғ.), Ли Цюань (ҮІІІ ғ.), Тянь Цяо (Х
ғ.), Чжуань Бодуань (ХІ ғ.). Конфуцийшілдік
білім алған зиялы қауым да
даосизм философиясына
Қазіргі уақытта даосизм ҚХР, Корея, Тайвань, Сяньганьда және қытай эмигранттары арасында кең таралған. Даосизмді күнделікті тұрмысқа енгізген діни синкретті топтар 1960 жылы ҚХР-да қудалауға ұшырады, бірақ 80-ші жылдардан бастап олар, әсіресе, шет аймақтарда өз ықпалын қалпына келтіруге талпынды. Белсенді әрекет ететін Қытай құдайлары пантеонында шаман – медиумдар, галлопаттар, бал ашатындар, физиогномистер қызмет жасайды. Даолық храмдарға, монастрлар мен киелі орындарға мыңдаған діндарлар барады. Қытайдағы «Даоцизм ілімін ұстанушылардың бүкілқытайлық ассоциациясы» жұмысын қайта жандандырған.
Даосизмнің қазіргі күні әлемде кең таралған оккульттік практикасы фен-шуй немесе геомантияға ерекше назар аударуға болады. Сөзбе-сөз фен-шуй «жел және су» – өмір ағымының қозғалысы деп аударылады. Бұл адамның ішкі дүниесін үйлесімділікке келтіріп, сыртқы ортадағы заттардың көмегі арқылы әлеммен гармонияда болу дегенді түсіндіреді. Фен-шуй ТМД аумағына Қытайдан емес, Батыс елдері соның ішінде Англия мен Германиядан келген. Батыста халықаралық «Фен-Шуй» орталығы құрылған, ал оның Қазақстандағы филиалы 2000 жылдың 3 мамырында тіркелген. («Егемен Қазақстан» газеті, «Даосизм», 2006 ж. 7-шілде)
3.1. Әлемде діндер санының өсуі
Бүгінгі күні Жер шарында 6 055 049 000 адам өмір сүреді. ХХ ғасыр ішінде адамдар саны 4 есе өсті, ал соңғы 50 жыл ішінде тағы үштен бірге өседі. Мамандар есептеуі бойынша 2050 жылға қарай Жер бетінде шамамен 9 000 000 000 адам тұратын болады.
Ең үлкен, бірақ басым түспейтін дін Христиандық (жалпы
халықтың33.0 %) болып табылады. Бір
пайыздан азды мынадай діни топтар
құрайды Діннен тыс Жер халқының 12.7 % жатыр. Ешбір дінді уағыздамайтын адамдарды атеистер деп атауға болмайды. Діннен тыс адамдар дін саласынан тыс болмауы да мүмкін. Бұл топқа түрлі себептермен өздерін қандай да бір конфессия мүшелеріне жатқызбайтын және өзінің діни тағылымы мен өзінің діни қатынастарын дәл анықтай алмайтын адамдар кіреді. Осы топқа діннен тыс және тұтас дін саласынан тыс адамдар кіруі мүмкін. Олар үшін дін жоқ, себебі діншілдік жоқ. Діннен тыс халыққа дінге қарсы тек - атеизм (жер халқының 2.5 %) жатады. Барлық дінге қарсы шыға отырып олар діни сенімнің көптеген белгілеріне ие. Атеизм жоқтыққа, дін барға сенеді.Діннен тыстар мен атеистер бірлесіп Жер халқының 15.2 % құрайды.Берілген сандар әлемде діннің таралуын нақты көрсетеді. Алайда дін өсіп отырады. Дін туралы толық білу үшін оның даму үрдісін және оны өзге дін өсуімен салыстыру мүмкіндігін білу керек. Осы үлгімен біздің дініміздің өміршеңдігін және дін саласында болып жатқан ғаламдық процестер туралы біле аламыз. Негізгі сандар мен процестер: I. Жер халқы III. Ислам IV. Индуисттер V. Буддисттер VI. Этникалық
діндер VII. Қытай этникалық
дін [Ch-folk] VIII. Жаңа Азия
діндері IX. Иудаизм X. Сикхи XI. Христиан
емес спиритуалисттер XII. Синтоисттер XIII. Джайнисттер Христиандық
конфессиялар өсуі: Тарихтан бірнеше
сандар: Христиан азап
шегушілері: Халықты құрлықтар
бойынша тарату: Діндерді құрлықтар
бойынша тарату: Христиандар: Мусульмандар: Индуисттер: Діннен тыстар
мен атеисттер: |
Негізінде
дін адамзатты ізгілікке
«Дін» – араб тілінен енген сөз. Сөздікте «Бас ию, мойынсұну, әдеттену, басқару, қызмет ету» мағыналарын береді. Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады. Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе және дiннен бас тартар болса, қоғам зандылықтары бұзылып, дүние ойран болады. Ислам философиясы – дiн адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды, – дейді мамандар. Мысалы, 1969 жылы Америка Құрама Штаттары арақты харам еткен заң шығарады. Оны iшетiндердің мал-мүлiктерiн тәркiлеп, алты ай абақты жазасы белгiлендi. Әйтсе де, заңды орындауға, оны қысқа мерзiмде iске асыруға мүмкіншілік болмады. Бiрiншiден, қоғамдағы адамдарды түгелдей абақтыға жауып, дүниелерін түгелдей тәркілеу қажет еді. Ал олай жасалмаған жағдайда заңның күшін жою керек болды. Әрине заңның күші жойылды. Осындай жағдай 1400 жыл бұрын Араб түбегінде орын алған. Онда арақтан тыйылу Алланың бір-ақ сөзімен іске асты. Ол – Алланың: «Сендер тоқталасыңдар ма, жоқ па?» – деген бұйрықты сұрағы еді. Арақтан тыйылу әлеуметтік қажеттілік деп шешті де, жауап қатты: «Біз тоқталдық, ей иеміз…» – деп ыдыстағы арақтар түгелдей жерге төгілді. Сол кезде төгілген арақтан көшелер шылқып кетті. Міне, мұсылмандар арасында арақ ішу осыдан бастап тоқталды. Демек, арақты харам етіп заң шығарудан ештеңе шықпай, Алла тағаланың өзі берген тыйымды, шапағатты жол адамның жүрегімен астаса жұмыс істегенде ғана нәтижесін көрсетті. Бұл мысалдан діннің мемлекеттік саясатқа әсерін де көре аламыз. Негізінен мемлекетте қай дін «ресми» дін ретінде мойындалса, мемлекеттік саясат соның ыңғайына құрылады. Зиянды ағымдардың өз үстемдігін орнатуға барынша ұмтылу себебі сонда жатыр. Діннің құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек: Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек», – деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге болады. Әлемдік діндердің мәні мен шығу тарихын да осы тұрғыда саралаған жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: