Әлемдік рынок (World market)

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 19:08, реферат

Краткое описание

Әлемдік рынок (World market) — жекелеген елдердің бір-бірімен сауда-экономикалық қатынастар арқылы байланысы бар ұлттық нарықтардың жиынтығы немесе халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу арқылы өзара байланысқан елдер арасындағы тұрақты тауар-ақша қатынастарының жүйесі. Әлемдік рыноктың бірнеше түрі бар. Капиталдың әлемдік рынокгы — капиталдың экспорты мен импорты бойынша жүйелі де тұрақты операциялармен байланысты халықаралық айырбас саласы.

Файлы: 1 файл

Әлемдік рынок.docx

— 15.21 Кб (Скачать)

Әлемдік рынок (World market) — жекелеген елдердің бір-бірімен сауда-экономикалық қатынастар арқылы байланысы бар ұлттық нарықтардың жиынтығы немесе халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу арқылы өзара байланысқан елдер арасындағы тұрақты тауар-ақша қатынастарының жүйесі. Әлемдік рыноктың бірнеше түрі бар. Капиталдың әлемдік рынокгы — капиталдың экспорты мен импорты бойынша жүйелі де тұрақты операциялармен байланысты халықаралық айырбас саласы. Ондай операциялардың объектісіне кәсіпкерлік және несиелік капитал, ал субъектілеріне жекеленген кәсіпкерлер, қаржы және банк ұйымдары, ұлтаралық компаниялар жатады. Капиталдың әлемдік рынокгында қор биржасы ұйымдастырушылық-экономикалық рөл атқарып, капиталдың елдер арасында ауысуына, өндірістердің қаржыландырылуына жағдай жасайды. Машиналар мен құрал-жабдықтардың әлемдік рынокгы — машина жасау өнеркәсібінің өнімін сату мен сатып алу жөніндегі жүйелі де тұрақты халықаралық сауда. Ол тауар нарығының көптігімен ерекшеленеді және бәсекелестіктің, әсіресе, бағаның әрі олар туралы экономикалақ, коммерциялық ақпараттың қалыптасуына әсер етеді. Әлемдік рыно субъектілері — экспорт және импортпен айналысатын фирмалар. Әлемдік рыноның бұл түріне сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы үлкен ықпал жасайды. Жұмысшы күшінің әлемдік рыногы — жұмыс күшін сату және сатып алу бойынша жүйелі де тұрақты қызмет көрсететін халықаралық экономикалық байланыс жүйесі. Бұл нарық еңбек ресурстарының ауысуын, әлемдік ауқымда олардың еңбекке деген мүмкіндіктерін арттырады. Бірақ халықаралық жұмыс күшінің миграциясы көп жағдайда оларды ауыстыруға байланысты ұлттық шектеулермен, әлеуметтік, экономикалык, мәдени, тарихи нысандарымен қатар айқындалады. Технологиялық әлемдік рынок — технология шешімдерді (лицензиялар, “ноу-хау”, жобалар мен құнды құжаттар) сату және сатып алу операцияларын жүргізетін халықаралық сауда саласы. Ол қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің рөліне байланысты әлемдік айырбастың басты секторына айналып отыр. Технологиялық нарық ғылым жетістіктерін өндіріске енгізуші, ғылыми-зерттеу және инжинирингтік фирмалар қызметінің нақты ұйымдастырушылық нәтижелерімен көрінуде, ал олардың субъектілері әр түрлі елдердің озық фирмалары, халықаралық және ұлтаралық компаниялар болып табылады. Шикізат және отынның әлемдік рынокгы — әр түрлі тауарлар бойынша сату және сатып алу операцияларын жасайтын халықаралық сауда орталықтары немесе жүйесі. Оның негізгі ұйымдастырушылық формасы — тауар биржасы. Шикізат пен отынның көп бөлігі сол арқылы сатылады. Қызмет көрсетудің әлемдік рынокгы — халықаралық тауар айырбасының ерекше жүйесі. Ол орнықты да жүйелі түрде өндірістік және тұтыну тауарларын сату және сатып алу операцияларын жүргізумен сипатталады. Бүгінде дүние жүзі сауда үлесінде қызмет көрсету айырбасы 44% көлемінде. Олардың негізгі объектілеріне ақпараттық және бағдарламалық жұмыстар, инжиниринг, консалтинг сияқты қызмет көрсету ұйымдары жатады.


Информация о работе Әлемдік рынок (World market)