Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 07:35, реферат
Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер, приматтар,
Іс-әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса (отбасынан әрі аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартқыншақ мінез қалыптасады. Бала мінезінің қалыптасуына жанұя мен мектеп өмірінің моральдық-психикалық жағдайы үлкен әсер етеді. Қоғамда адам жөргегінен бизнесменнің, не итаршы малайдың, не жұмысшы мен ұсақ қызметкердің, фермердің психологиясын бойына сіңіре өседі. Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық өріс алған қоғамда кеңес адамдарының бойында ұжымдық, сергектік, ілтипаттылық мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қасиеттер қалыптасып отырады.
Олай болса, нақты адамның мінезіне талдау жасағанда ол өмір сүріп отырған қоғамдық - тарихи жағдайды еске алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытын да ескеріп отырған дұрыс, өйткені бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі.
Мінездің табиғи және әлеуметтік жағы. Мінез туыстан пайда болмаса да, жүйке жүйесінің, адамның табиғи жағының ерекшелігі мінез көріністерінде, оның жекеленген бітімінің қалыптасуында байқалып отырады. Жүйке үрдістерінің тең не тең еместігі, шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі - бүлардың бәрі адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына, оның реакцияларына түрліше рең береді. Мәселен, екі адамның наным-сенімі бірдей болғанмен, оның бірі - қызба, шапшаң және албырт, ал екіншісі - байсалды, парасатты болуы ықтимал.
Күнделікті ауызекі сөзде "қабілет " деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен, мүғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің - музыкалық, үшіншісінің - суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимылдап әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бүл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп түр.
Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екенін дәлелдейді [7, 89 б].
Қабілеттіліктің өлшемі — белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т. б.) қиысып келуін, яғни адам қасиетгерінің синтезін қабілет деп атайды. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың қүрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбір мүғалімдер өз оқушыларының (тіпті ол жақсы оқитын оқушы болса да) үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.
Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық үғымдарды өз мәнінде түсіне алмау - мүғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мүғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады. Бұл жайт академиядағылардың Суриков жөніндегі пікірлері жаңсақ болғандығын аңғартады. Бұл мысал адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінстін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, тұлға - бұл шынайы жоғары интегративтік, бұзылмайтын біртұтас жүйе. Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып - адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттанылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдарды іздеуге және табуға бағытталған әдістер мен құралдардың пайда болуын және оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың танымдық қабілеттерінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, әдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады.
Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынайы қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай білуі керек Осындай бейімделудің құралы болып - адамның уайымдары саналады. Олар адам қажеттілігінің қанағаттанылуының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапкы құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қанықпайтындай көрінетін қажеттіліктер пайда болады. Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет.
Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.
Тұлғаның қасиеттеріне зейін, сезім, эмоция, ерік, темперамент, мінез және қабілет жатады.
Жоспары:
І. Кіріспе
Мінез – құлық – адамның айнасы
ІІ. Негізгі бөлім
Мінез – құлықты құраушы факторлар
ІІІ. Қорытынды
Тұлға қасиеттері
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
Бастамас бұрын, сіздегі пішін үлгісінде екі басқару элементтерінің барына және басқару элементері екеуінің де деректер көзіндегі сол бір өріске бағынышты екендігіне көз жеткізіңіз. Бірнеше деректер түріне деректер пішімдерін көрсетуге болатынына қарамастан, күндер мен уақыттардың күн таңдауларында, мәтін жолақтары немесе күн, уақыт немесе күн мен уақыт деректер түрі бар мәнер жолақтарында қалай бейнеленуі тиістігін көрсетуіңізге болады.
Ескерім Егер Ағылшыннан (Құрама Штаттары) бөлек бір тілді таңдасаңыз, қолданушыларыңыздың Web шолушыны қолдану арқылы пішіндерді толтыруы барысында кейбір күн пішімдері қатынас аясында болмайды. Мысалы, 14-наурыз-01 күн пішімін Француз (Бельгия) тілі қолдамайды. Қолдауда жоқ күн пішімін қолданбауыңыз үшін, пішін үлгіңізді жариялаудан бұрын сыйымдылық тексерушісін қосыңыз.
Уақытты үнемдеудің 29 тәсілі
1Өз жұмыс үстеліңізді ыбырсытпаңыз. Қалай болса солай жатқан заттар назарды дұрыс нәрселерге аударға кедергі болады. ((Назарды өзіне тартып отырады.))
2Уақытты бағалаңыз. Ол да біздің қолымыздағы байлықтың бір түрі.
3Немен айналысу керектігін күнделікті біліп отыру үшін істелінуге тиісті істердің тізімін жасап отыр.
4Мүмкін болған жағдайда жұмысты басқаларға тапсыру керек.
5Сіз айналысуға тиісті емес жұмыс болса, оны істеуден бас тартыңыз.
6Табанды болыңыз. Басқалардың сіздің уақытыңызды алып, ысырап етулеріне жол бермеңіз.
7Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз. Өте қысқа уақыттың ішінде бітіремін деп орындалмайтын уәде беруден аулақ болыңыз.
8Тек өз жеке басыңызға ғана арналған уақыт бөліңіз. Бұған сіздің хақыңыз бар.
9Сізбен тіке байланыса алатын адамдарды белгілеңіз. Тек шынында соған мұқтаж адамдарға ғана сондай мүмкіндікті беретін болыңыз.
10Егер біреу сізбен жолыққысы келсе, одан неге керек болып қалғаныңызды сұрап алып, содан соң ғана онымен кездесуге тұра ма, тұрмай ма, соны шешіңіз.
11Біреу сізбен кездесуге келгенде, оны орныңыздан тұрып қарсы алыңыз.
12Адамдарға мейірімді, бірақ уақытты жұмсауға сараң болу керек.
13Кездесуді кейінге қалдыруды ұсыныс етіңіз. Өз уақытыңызды тиімді қолдана біліңіз.
14Кездесуді кездесетін адамның кабинетінде өткізіңіз. Сонда СІЗ ӨЗІҢІЗ ҚАЛАҒАН уақытта кете аласыз.
15Егер сіз орындыққа емес, үстелдің шетіне отырсаңыз, сізбен жолығуға келген адам ұзақ уақыт отырып алмайды.
16Онша маңызды емес әңгімені кейінге қалдырыңыз.
17Басқа адамдардың уақытын алмаңыз. Бұл үшін олар сізді құрметтеп, сізге одан да жақсы қарайтын болады.
18Кездесуді өткізерден бұрын оны қалай өткізетініңізді жоспарлаңыз.
19Телефонмен сөйлесу керек болғанда, бірнешеуін жинап, біртіндеп телефон соғып шығуға тырысу керек.
20Талқылағыңыз келетін сұрақтарды жазып алу керек. Сонда оларды азырақ өзгертуге тура келетін болады.
21Телефонмен сөйлескенде уақыт туралы ұмытпаңыз.
22Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесі жұмысқа кірісетін болыңыз.
23Әрбір қағазбен тек бір рет қана жұмыс істеңіз.
24Басқаларды күтуге, жол жүруге арналған, т.б. уақытты да пайдаланы біліңіз.
25Бәріне көрінетін жерге сағат іліп қойыңыз.
Егер сіздің әкімшілік істер жөнінде ассистентіңіз немесе хатшыңыз болса, онда төмендегі кеңестер сізге пайдалы бола алады:
26Әр күні не істеу керектігі туралы бірге жоспар жасаңыз.
27Басқа істермен айналысуды хатшыңызға тапсырыңыз.
28Сізге келген хат-хабарларды алдымен хатшыңыз қарап шықсын.
29Егер мүмкін болса, телефон қоңырауларына хатшыңыз жауап берсін.