Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 07:35, реферат
Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер, приматтар,
Портфолио
Орындаған: Шамшархан Раушан,
1 курс, Ағылшын – неміс тобы
Тексерген: проф. Иманбаева С.Т
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Реферат
Сана - ғылыми ұғым
Орындаған: Шамшархан Раушан
Тексерген: Иманбаева Сәуле
Алматы 2012
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Реферат
Адамның мінез-құлық типтері
Орындаған: Шамшархан Раушан
Тексерген: Иманбаева Сәуле
Алматы 2012
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
СӨЖ
Уақытты тиімді жұмсау жоспары
Орындаған: Шамшархан Раушан
Тексерген: Иманбаева Сәуле
Алматы 2012
Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер, приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі — еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95%-ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды калыптастыру үшін жұмсалды. Алғашқы адам қалдықтары табылған жер француз деревнясы Неандерталь болғандықтан, оларды неандертальдықтар деп атайды. Неандертальдықтар тастан қанжар жасай білген, найзаның ұшын, сүйектен қарулар жасады, жасанды жолмен отты алды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс қатынастары орнады. Еңбек құралдары өлі жетілмеген дамудың алғашқы кезеңінде өмір үшін күрес ширығып, еңбек қызметі сол мақсаттарға ғана арналып, тек қана ұжымның күшімен жүзеге асырылатын жағдайда болды. Бүл мақсаттарды іске асу, еңбек үдерісін басқару үшін жақсы сигнал жүйесі, жылдам ақпарат алмасу қажет болды. Осындай жағдайлар ойдың дамуы мен жетілуінде шешуші рөл атқарған тілдің пайда болуына алып келді. Қалыптасқан бірқатар жағдайларға байланысты біздің ежелгі ата-бабаларымыз өмірінде өте маңызды өзгерістер болып жатты. Кездейсоқ, жағдайда ғана қару ретінде қолына белгілі бір затты — тасты немесе бұтақты алып әрекет еткен кездің орнына қаруды тастан және сүйектен дайындап, үнемі пайдаланатын кез келді. Тас және басқа да қарапайым қарулары бар адамдар тобыры енді жануарлармен салыстыруға болмайтын, әлдеқайда күрделі жүйеге — қоғамға айналды. Онда атқарылатын қызмет түрі өте көп еді. Тобырға қарағанда адамдардың бір-бірімен қатынасы, пікір алмасуы күрделеніп, түрлене бастады. Тас қаруды жасау және оны пайдалану, шұңқырды бірігіп қазып, оны жасыру, аңды оған қуып әкеліп құлату үшін аңшылар көптеген жұмыстарды бірігіп атқаруы керек болды. Өмір оларды соған үйретті, бірігіп еңбек етудің ұтымдылығы жалпының күшімен жеке адамның қолынан келмейтін мақсаттарды іске асыруға болатынын көрсетті және сонымен қоса ақпаратты да ұжым болып пайдалануға алып келді. Демек, біреу бірдемені көрсе, естісе, ұжымдық қозғалыстың барлық катысушылары оны естиді және көреді.
Таным мен сананың өзара байланысы
Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады. Қоғам дамуының салыстырмалы қысқа тарихи мерзімі ішінде адам кептеген жетістіктерге: мысалы, заттарды алдын ала тапсырылған қасиеттер бойынша алуға, ойлай алатын машиналар жасауға, Айға, Шолпанға, Марсқа ғарыш кемелерін жіберуге, қарапайым бөлшектердің құпияларына терең үңілуге қол жеткізді. Әлеуметтік және коғамдық өмірдің аяларына, оны зерттеу, ойлау арқылы зерттелетін объектінің өткеніне, қазіргісіне және келешегіне үңілуге болады. Алайда адам солай болса да, езінің санасын әлі білмейді, оны жеткілікті деңгейде басқара алмайды. Демек, ежелгі ғалымдардың "өзіңді-өзің таны" дегені әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Бірде Үндістанда Шакунтале Деви деген әйелге 200 цифрлы санның 23 дәрежелі түбірін табу ұсынылған екен. Осындай есеп, сонымен бірге ең жетілген компьютерге де берілген. Машина есепті 60 секундта, ал Деви 50 секундта шығарған. Есеп шығаруда осындай жетістіктерге жеткізе алатын біздің ойлауымыздың сипаты қандай? Біздің жалпы санамыздың өзі қандай? Жансыз заттардың, мысалы, компьютерлердің ойлауға қабілеті бар ма?
Арнайы жүргізілген ғылыми зерттеулер мыналарды көрсетті. Сана мидан бөлек болмайды, тек ми ғана сана органы болып табылады. Ал сана адам миының функциясы. Адамның миы биохимиялық, физиологиялық және жүйкелік үдерістер жүріп жататын күрделі материалдық құрылым. Бұл өз бетінше, сонымен қоса адамның тұтас ағзасының құрамындағы ішкі үдерістері мен ішкі қатынастарын реттеп отыратын жүйе. Материяның өте нәзік құрылымы ми бұзылса, сананың да құрылымы бұзылады. Қалыпты мидың қызметінен тыс қалыпты психика болмайды. Сана әрқашанда мияда болып жатқан үдерістермен байланысты, одан тыс ерім сүрмейді. Бірақ олар сананың мәнін құрай алмайды. Психика өзінің мазмұнына тепе-тең деп айтуға келмейтін психикалық құбылыстардың физиологиялық механизмдері субъективтік бейнелер формасында нағыздықтың бейнеленуі бола алады. Философия тарихында "адам өтінін бауырға қатынасы қандай болса, ой адамның миына да сондай қатынаста болады" дегенді айтатын философтар болды. Бұл тұжырымның жалғандығы психикалық құбылыстарды өзінен-өзі тудыратын, оның себебі және қайнар көзі деп есептейтін мидың жүйелік тұжырымдамасында. Мұндай тұжырым жағдайында сана сыртқы өсерлердің субъективтік бейнесі болмайды, ол тек материалдық ми үдерістерінің өзінен-өзі жүріп жатқан әлсіз жаңғырығы сияқты болады. Заттардың бейнеленуі олардың мидағы қасиеттері мен қатынастарының көрінісі, әрине, олардың миға орын аударуын көрсетпейді немесе қоймалжыңда қалған бармактың ізі сияқты онда физикалық із қалдырмайды. Мен қарағашты көріп тұрғанда, менің миымда ол қарағаштың өзі де, оның физикалық қолтаңбасы да тұрған жоқ. Миға қатты, көк немесе суық заттар өсер еткенде, оның формасы өзгермейді, көгермейді, суып қалмайды. Мен көріп тұрған бейне заттың сыртқы бейнесі, ол субъективті идеалды. Ол менен тыста тұрған материалдық объектінің өзіне мидың ішінде жүріп жатқан және осы бейнені тудырып жатқан физиологиялық үдерістерге қосылып кетпейді. Расында, адамның миынан осы уақытқа дейін ешкім ешқандай сұр немесе ашық ойды тапқан жоқ: ой идеалды, ол сөздің физикалық және физиологиялық мәнінде өмір сүрмейді. Сонымен қоса ой мен идея шынайы, олар бар, сондықтан идеяны "нағыздық емес" деп есептеуге болмайды. Оның нағыздығы, шынайылығы материалды емес, идеалды. Бұл біздің ішкі дүниеміз, жеке санамыз, сонымен қоса тұлғадан жоғары тұратын рухани мәдениеттің бүкіл дүниесі. Сондықтан ешқашанда материя мен сана екеуінің қайсысы шынайы деп айтуға болмайды. Бүл жерде сөз шынайылықтың белгілі бір тұрпаттары туралы ғана болуы мүмкін. Материя— объективті, ал сана — субъективті шынайылық. Сонымен, сана дегеніміз — тек адамға ғана төн, оның тілімен байланысты, адам миының жоғары функциясы. Ол нағыздықтың бейнеленуінің жалпылама және мақсатты бағытталғандығынан, жоспарлы әрекеттің адамның тәртібінен, өзін-өзі ақылмен реттеуінен және бақылауынан көрініс табады. Өзінің мазмұнына қарай сана объективті нағыздықтың бейнесі ретінде көрінеді. Сананың мазмұны — сыртқы дүниені адамның мақсатты бағытталған бейнеленуі негізінде алынған ақпарат. Бұл — сананы қарастырудың гносеологиялық аспектісі болып табылады. Сана және объективті — дүние біртұтастықта, бірлікте болатын, практиканы адамдардан сезімдік заттың қызметінде ғана негізге алатын қарама-қарсылықтар. Тек сана нағыздықтың психикалық және сапалы бейнеленуінің қажеттілігін тудырады. Дүниені дұрыс бейнелейтін сананың қажеттілігі өмірдің езінің шарттары мен талаптарынан туындаған. Біз "сана" ұғымын қарастырған кезде оның сипаттамасында білімнің үлкен рөл атқаратындығын көреміз. Осыған байланысты сананың өмір сүру тәсілі және сана үшін өмір сүретін нәрсе — білім. Сондықтан сананың құрылымында адамның дүниеге қатынасының танымдық байланыстары ерекше қарастырылады. Олар білім алуға, қоршаған дүние туралы алдымен жаңа білімдер алуға бағытталған. Таным мен заттардың танылуы, объектіге терең үңілуі, түсінудің органдарына өсер етуінің негізінде пайда болады. Көру түйсігі бізге заттың формасы, оның түсі, ашықтығы туралы мағлұматтар береді. Есту түйсігі қоршаған ортадағы дыбыстық тербелістердің түрлерін адамға жеткізеді. Тері арқылы біз қоршаған ортадағы температураны, денеге түрлі материалдық факторлардың өсерін, олардың қысымын сезінеміз. Ал иіс және дәм қоршаған ортадағы химиялық қосылыстар мен тамақтың құрамы туралы мағлұматтар береді. Әрине, сезім органдарының мүмкіндігі шектеулі. Олар қоршаған ортаны белгілі бір шектеулі диапазондардағы физикалық, химиялық әсерлерді көз алдыңа әкеліп көрсетеді. Адамның естуі дыбыстық толқындардың бірнеше ондаған герцтен 20 килогерцке дейінгі мөлшерін қабылдай алады. Ал жоғары жиіліктегі (ультра дыбыстық) тербелістер мен өте төменгі жиіліктегі (инфрадыбыстық) тербелістерді біздің құлағымыздың сезу мүмкіндігі жоқ. Өзге сезім органдары туралы да осыны айтуға болады. Адамда қоршаған ортадағы кейбір факторларды сезуге қабілеті бар белгілі бір қосымша сезім органдарының болмауы, оның зияткерлік және практикалық іскерлік мүмкіндіктерімен толықтырылады. Адамда радиацияны сезе алатындай белгілі бір сезім органы болмаса да, оның осы кемшілігінің орнын толтыратын арнайы құрал (дозиметр) жасап алып, радиация қаупінен сақтана алатын мүмкіндігі бар. Демек, адамның организміндегі сезім органдары дүниені тану үшін жеткілікті деп айту керек. Түйсік, әдетте, одан да күрделі бейне қабылдаудың бір құрауышы ретінде көрініс береді. Қабылдау дегеніміз — зерттелінетін объектінің тұтас бейнесі, ол бірнеше сезім органдарының бірлесіп жұмыс атқаруынан пайда болады. Қабылдаудың негізінде түрлі түйсік түрлері қабысады. Бірақ ол қарапайым механикалық жиынтық емес, ол — синтез. Түрлі сезім органдарынан келіп түскен түйсіктер қабылдауда біртұтас, толық заттың сезімдік бейнесін алдыға алып келеді. Сонымен көрудің және түсінудің негізінде форманың мейлінше тұтас бейнесін және заттың бояуын көз алдыңа келтіреді. Түйсік ЖӘН6 қабылдаудың жиынтығынан түсінік туады. Түсінік дегеніміз — өткен уақытта сезім органдарына әсер етіп, казіргі сәтте қабылданбайтын заттың талданып, қорытылған сезімдік бейнесі. Егер түйсік пен қабылдау адамның затты керген кезінде жүзеге асырылатын болса, түсінік затпен тура қатынас жасау арқылы пайда болмайды. Белгілі бір уақыттан кейін белгілі заттың бізге қалай өсер еткенін, оның бейнесін есімізде сақтай аламыз. Мысалы, белгілі бір уақыт өткеннен кейін алма туралы біз оны қолымызға тағандығымызды, артынан оны жегендерімізді еске түсіре аламыз. Мұндайда заттың бейнесі біздің кабылдау кезіндегі алған түйсігімізден өзгеше болады. Біріншіден, біздің затты тура қабылдау кез індегімен салыстырғанда, оның бейнелері солғын және қораш болып көрінеді. Екіншіден, бұл түсінік бізде жалпылама болады. Біздің есімізге түскен бейнеде заттың бізді қызықтыратын жақтары алдыңғы ретке шығады. Сонымен қоса түйсікте шындығында болмаған нәрселер, тіпті адам ешқашан тура қатынаста болып көрмеген заттар мен құбылыстар да орын алады. Мысалы, кентавр, русалка дегендер. Мұнан түсініктің қабылдауға қарағанда анағүрлым алға басқандығын көреміз. Өйткені түсінікте адам белгілі бір заттың құбылысы туралы талдай, қорытынды жасай алады. Талдап қорыту нақты жекелеген заттар туралы түсініктен орын алады. Одан да жоғары деңгейде ол жалпылама түсініктен көрініс табады. Мысалы, түсінікте біз бір түп раушан гүлі туралы емес, жалпы раушан гүлі туралы түсінік аламыз. Сонымен, түсінік дегеніміз — сезімнің көрнекі сипатына орай таным деңгейлерінің алғашқы қадамына жатады. Сонымен қоса түсінік сезімдік танымнан рационалды танымға ететін көпір міндетін атқарады.
Қолданылған әдебиеттер:
↑ Қоғамдық білім негіздері:Жалпы біліы беретін мектептің коғамдык-гуманитарлык бағытындағы 10-сыныбына арналған окулык / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-570-2
Жоспары:
І. Кіріспе
Санаға ғылыми сипаттама
ІІ.Негізгі бөлім
Сананың ойлау, білім және таныммен байланысы
ІІІ. Қорытынды
Сананы қалыптастыру формалары
Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды.
Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі
істерді орындауға ұмтылуы, жалпы
алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда
адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша
айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы
әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне
оның саналы әрекеті, еріксіз істері,
айқындалған істері, мақсаты, әлі
жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді
орындауда тіршілік үшін маңызды
да, мәні аз да істер кездесіп отырады.
Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш,
сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп
отыруына орай айнымалы болып келеді.
Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің
мазмұны да айқындала түседі. Осы
тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні
жекеменшікті не менмендікті, өрісі
тар тоғышарлықты не өрісі кең
қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің
өрісі белгілі мақсатқа бағытталып,
оның азаматтық қасиеті мен
Әрбір жеке адамнық ерікті іс-әрекеттерінін өзіндік синаты бар. Бұл сипат қоғамдық манызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс-әрекеттерді соған бағынды-рып, өзінін. жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамнын қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамнын мінез-кұлкы .мен әрқилы істерді орын-дауға үмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындау-ға бағытталады. Адам еркінін, көрінісі оныд саналы түр-дегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын-қыстау жағдайлар-дан жол тауып шығува жетелейді, соны жұзеге асыруға қажетті құрал табады [6, 175 б].
Тарихта болған белгілі адамдардыд өмір жолына на-зар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орын-дау үшін орасан зор күш жүмсап, рухтанып, қиыншы-лықты ерікті істерімен жеқіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстын, кос жүлдызы» атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады, Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік қазақ қыздарынын. бо-йына күш-жігер, рух берді. Олар ерлік пен батылдықтың"өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пнда ет-ті. Бұл да — адам еркінің бір көрінісі.
Еріксіз әрекеттердің физиологиялық
негізі болып табылатын шартсыз
байланыстар тізбегі — инстинкт
әрекеті ырықсыз орындалады. Психологияның
табиғи - ғылыми негіздерін қалаған
И. М. Сеченев пен И. П. Павловтың
ілімі ерікті әрекеттердің негізі —
мұндағы материалдық процестер,
сыртқы әсер мен мидың уақытша
байланыстары, шартты рефлекстер деп
түсіндіреді. Сеченев ерікті әрекеттердің
физиологиялық механизмін зерттей
отырып, адамның ассоциациялық
Психология тарихында
Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктерін - темперамент деп ұғынуымыз керек.
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттің бірі болып табылатын темперамент жас балалардың ойыны үстінде, түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалады [6, 177 б].
Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса - адамның дені сау, дұрыс араласпаса - сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Мәселен, холериктік темперамент – choie (өт)-, сангвинигтік темперамент -sanguis (қан), флегмативтік темперамент - рһlegma (шырын), меланхоликтік темперамент - melanos (қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.
Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.
Жоғары жүйке қызметінің негізгі қасиеттерін ашқан И.П.Павловтың ғылыми еңбегі ерекше. Ол темпераменттің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын көрсетті. Павлов өзінен бұрынғылардан өзгеше жолмен, атап айтқанда, дененің сыртқы құрылымын зерттеген неміс психиатры Кречмерден, қан сауыттарының құрылымын зерттегендерден (П.Ф.Лесграфт) басқаша ағзаларды біртұтас нәрсе деп қарап, ондағы ми қызметіне ерекше назар аударды.
И.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін бір-біріне балама кұбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер жүйке қызметінің типтері темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайтындығын көрсетті. Шындығында да, темпераментке тек жүйке жүйесінің қасиеттері ғана емес, сондай-ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі белгілі. Жүйке қызметінің типін темпераменттің нышаны ретінде ұғынган дұрыс. Мәселен бір зерттеуде, біркелкі ортада, жүйке жүйесінің әлсіз типіне жататын жануарлар мінез-құлқының енжар-қорғаныстық түрі, ал күшті, жүйке үрдістері тең емес организмдерде прогрессивті мінез-құлық байқалған [7, 223 б].
Сөйтіп темперамент - адамның жүйке қызметінің қасиеттерінен көрінетін, мінез-құлқының импульсивті-динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы болып табылады.
Мінез- бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелегі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарым-қатысынан көрініп отырады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам, әдетте, менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез-құлық амалына (жеке адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері - кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады.