Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 09:51, курсовая работа
Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
Кіріспе
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
1.1. Ағымдағы жағдайды талдау
2. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері
2.1.Бағдарламаның мақсаты
2.2.Нысаналы индекаторлар
2.3.Міндеттері
3. Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы және оны іске асыру мониторингі
3.1. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
3.2.Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
3.3. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
АтМГИ 5В050600 – Экономика «ЭжМ» кафедрасы Э-10АОБ қ/б |
Күнбаева Асемгул Маратқызы
Жоспар
Кіріспе
1. «Бизнестің
жол картасы 2020» бағдарламасы
1.1. Ағымдағы жағдайды талдау
2. Бағдарламаны іске
асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы
индекаторлары мен нәтижелері
2.1.Бағдарламаның мақсаты
2.2.Нысаналы индекаторлар
2.3.Міндеттері
3. Бағдарламаға қатысушылардың
өзара іс-қимылы және оны іске асыру мониторингі
3.1. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің
көрсеткіштері
3.2.Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
3.3. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру
көздері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бизнестің жол картасы 2020
бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық
өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
атты Қазақстан халқына Жолдауын
және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі
Стратегиялық даму жоспарын іске асыру
үшін әзірленді. Бағдарлама Мемлекеттік
бағдарламаны іске асыру тетіктерінің
бірі болып табылады.
Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол
карталарын іске асырудың қисынды жалғасы
болып табылады, бұл ретте дағдарыстан
кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс
орындарын сақтап қалуға және жаңаларын
құруға мән беріледі.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
-жобаларды іріктеуді және қаржыландыру
(қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді
екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі
– Банктер) Бағдарламада белгіленген
шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
-уәкілетті мемлекеттік орган мен
арнайы белгіленген комиссия және кеңестер
арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік
беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың
басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша
шешім қабылдайды;
Бағдарламаны іске асыру
шеңберінде мемлекет тарапынан барлық
келісулерді жергілікті деңгейде жалғыз
терезе қағидаты бойынша Бағдарламаның
үйлестірушілері орындайды.
Акцизделетін тауарлар шығаруды
көздейтін жобалар бойынша банктер кредиттерінің
пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне (бұдан
әрі – кәсіпкерге) Бағдарламаның барлық
құралдары шеңберінде кешенді қолдау
көрсетілуі мүмкін.
Мемлекеттік даму институттары,
сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы
өнімін өңдеуге беретін кредиттер бойынша
сыйақы ставкасын субсидиялауды алатын
кәсіпкерлер кредиторы болып табылатын
қарыздар субсидиялауға жатпайды.
Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы
бағдарламалар шеңберінде екінші деңгейдегі
банктер арқылы мемлекеттен қаржылық
қолдау алатын кәсіпкерлер Бағдарламаға
қатысушылар болып табылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар
аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу
кезінде осы Бағдарламаның ережелерін
ескеретін болады.
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға,
міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне
қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік
және өзге де органдар мен ұйымдар және
Бағдарламада пайдаланылатын терминдер:
Мемлекеттік комиссия
– Қазақстан Республикасының экономикасын
жаңғырту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2007 жылғы
13 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының экономикасын жаңғырту
мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия;
өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстардың,
Алматы және Астана қалаларының әкімдері
құратын және басқаратын жергілікті атқарушы
органдардың, банктердің, кәсіпкерлер
бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың
өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын
консультативтік-кеңесші орган (бұдан
әрі – ӨҮК) ;
уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрлігі;
жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші
– іске асыруға жауапты болатын облыстың,
Алматы және Астана қалаларының әкімі
айқындайтын, кәсіпкерлер үшін Бағдарламаны
жергілікті жерлерде жалғыз терезе қағидаты
бойынша жергілікті атқарушы органның
құрылымдық бөлімшесі;
қаржы агенті – ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту
қоры АҚ, ол Бағдарламаны іске асыру шеңберінде
мынадай функцияларды жүзеге асырды:
пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде
банктерге қаржы қаражатын аудару;
Бағдарлама шеңберінде кредиттерге
кепілдік беру;
борышкерлер бойынша Мемлекеттік комиссия
отырыстарына берілетін материалдар бойынша
ұсынымдар әзірлеу;
Бағдарламаның іске асыруылуын
мониторингілеу;
кредиторлар комитеті – Қазақстан қаржыгерлер
қауымдастығы әрбір жеке борышкер үшін
кредитор банктердің өкілдерінен қалыптастыратын
комиссия;
өтінім беруші – Бағдарламаға қатысуға
өтінім берген және инвестициялық жобаны
Бағдарлама шеңберінде іске асыруға мүдделі
кәсіпкер;
қатысушы – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік
қолдау көрсету бойынша Банктің, ӨҮК-тің
немесе Мемлекеттік комиссияның оң шешімі
бар кәсіпкер;
борышкер – кредит(тер) және басқа да міндеттемелер
бойынша міндеттемелерді төлеу жағынан
қиындыққа ұшыраған кәсіпкер;
экспорттаушы – өндірілетін өнімнің 10
%-дан астамын экспорттауды жүзеге асыратын
кәсіпкер.
Тұрақтандыру және дағдарысқа
қарсы бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламалар
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету
жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар
жоспарын бекіту туралы 2007 жылғы 6 қарашадағы
№1039;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің
Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру
жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен
іс-қимыл жоспары туралы 2008 жылғы 25 қарашадағы
№ 1085 қаулыларын асыру шеңберінде іске
асырылатын іс-шаралар.
1.«Бизнестің жол
картасы 2020» бағдарламасы
1.1. Ағымдағы жағдайды
талдау
Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.Осыған байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.
Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:
Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған кәсіпорындарда үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсенділігін шектейді.Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында экономиканың шикізат емес секторларында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.Германияда кредит берудің мынадай жеңілдікті шарттары көзделген:
Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Sprind агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру және субсидиялар бөлу.Жоғарыда жазылғандарға байланысты Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру, сервистік қолдау, өндірістік инфрақұрылым жүргізу және кадрлар даярлау сияқты құралдарын Қазақстан Республикасы жағдайына бейімдеу және пайдалану ұйғарылып отыр.
2. Бағдарламаны
іске асырудың мақсаты,
2.1.Бағдарламаның мақсаты
Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Қазіргі уақытта Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайы халықтың экономикалық белсенді және белсенді емес көрсеткішін, жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.Президентіміздің басты мақсаттарының бірі аса дамыған 50 елдердің қатарына қосылу үшін орта және кіші бизнесті дамыту болып табылады. Бұл мақсат үшін 10 бизнес-центр және 2 бизнес-инкубатор, 20 бизнес-ассоциациясы құрылды,осы жылдар ішінде 124 иннов инновациялық жоба жүзеге асырылып, 29 мыңдай жұмыс орындары ашылған. Облыстағы компанияларды ішкі нарықта дамытып, көршілес елдердің іскерлігіне қарап дамытуға тиіспіз.
Өзінің жұмыс істей
бастаған уақытынан бері 2008 жылға
дейін «Даму» қоры жалпы сомасы 33,3
млрд. теңгені құрайтын 2878 шағын
кәсіпкерлік жобасын
Қазақстан Республикасының шағын несиелендіру секторын институттың дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мақсатында «Даму» қоры микроқаржылық секторды дамыту бойынша бірқатар шараларды әзірлеген болатын:
Сонымен қатар, «Даму» қоры кәсіпкерлерді консалтингілік, оқу-әдістемелік және ақпараттық қолдау түріндегі шағын және орта бизнесті қаржылай емес түрде қолдау тәрізді бағытты белсенді түрде дамытуда. Осы бағытта төмендегідей бағдарламаларды атап кетуге болады: