Бизнес жол картасы 2020

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 09:51, курсовая работа

Краткое описание

Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
1.1. Ағымдағы жағдайды талдау
2. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері
2.1.Бағдарламаның мақсаты
2.2.Нысаналы индекаторлар
2.3.Міндеттері
3. Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы және оны іске асыру мониторингі
3.1. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
3.2.Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
3.3. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 160.26 Кб (Скачать)

8. Уәкілетті орган Бағдарламаға  әлеуетті қатысушылардың материалдарын  Жоспарларды Кредиторлар комитетімен  келісіп, өз ұсыныстарымен бірге  Мемлекеттік комиссияның қарауына жедел түрде шығарады.

9. Мемлекеттік комиссияның  жанындағы арнайы жұмыс тобы  Бағдарламаның шарттарына сәйкес, кәсіпорындарды сауықтыруды мемлекеттік  қолдаудың басқа да шаралары  бойынша ұсынымдар әзірлейді  және материалдарды  Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарады.

10. Мемлекеттік комиссия  борышкердің мынадай сауықтыру  бағдарламасына қатысуын тиісті  хаттамамен мақұлдайды:

банктердің кредиттері бойынша  пайыздық ставканы субсидиялау;

салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер (төлем  көзінен ұсталатын жеке табыс  салығынан басқа) төлеу бойынша  мерзімін ұзарту;

Жоспар шеңберінде басқа  да шаралар бойынша.

11. Мемлекеттік комиссия  мақұлдаған жағдайда борышкер  әрбір кредитормен борыштық міндеттемелер  бойынша шартты қайта жасасады, онда мынадай талаптар айқындалады:  кредиттер бойынша пайыздық ставка 12 % деңгейде тіркеледі, оның 7 %-ын  борышкер төлейді, ал 5 %-ын мемлекет  өтейді.

12. Мемлекеттік комиссия  мақұлдаған жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агенті  арасында субсидиялау шарты жасалады, соның шеңберінде қаржы агенті  мен Бағдарламаға қатысушы банкке  сыйақы ставкасының тиісті бөлігін  төлейді. 

 

 

 

Үшінші бағыт:

Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімді сыртқы нарықтарға экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Мемлекеттік қолдау банктерде  бар кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы көрсетілетін болады. 

 

Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу өлшемдері.

Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын  өнімнің 10 %-дан астамын экспорттайтын  кәсіпкерлер қатыса алады:

тау-кен өнеркәсібі;

минералдық шикізатты  өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің  тізбесіне енгізілген металлургия  өнеркәсібінің кәсіпорындары. 

 

Банктердің кредиттері бойынша  пайыздық ставканы субсидиялау шарттары.

Пайыздық ставканы субсидиялау  жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы  бір қарыз алушы үшін 3 млрд. тенгеден аспауы тиіс.

Субсидиялау мерзімі одан әрі 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен  
1 жылдан 3 жылға дейінді құрайды.

2010 жылы банктердің, Бағдарламаға  қатысушылардың сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте 4 %-ды экспорттаушы төлейді, ал 8 %-ды мемлекет өтейді. Сондай-ақ  банк:

өтініш  беруші бастамашылық жасайтын кредит беру шартының өзгеруіне байланысты;

өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды  және/немесе басқа да төлемдерді қоспағанда қандай да бір комиссияларды, алымдарды  және/немесе кредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.

Одан әрі жылына бір  рет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің келісімі бойынша ЭДСМ анықтайтын кредит бойынша қаржы ұйымдарының тиімді пайыздық ставкасы нарықтық шекті ставкадан  аса алмайды.

Субсидиялау мөлшері 2011 жылдан бастап банктің сыйақы ставкасының  70 %-ын құрайтын болады. 

 

Үшінші бағытты іске асыру  тетігі.

              1. Экспорттаушы жекелеген тауарлар бөлінісінде  экспорттық жеткізулердің көлемдері мен бағыттары бойынша ақпаратты қоса бере отырып, банктің сыйақы ставкасын субсидиялауға үшін жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.

2. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші субсидиялауға  өтініш берген экспорттаушылардың  тізімін ӨҮК-нің қарауына шығарады.

3. ӨҮК Бағдарламаның шарттарына  сәйкес экспорттаушы банктердің  кредиттері бойынша сыйақы ставкасын  субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін  еместігі) жөнінде шешім қабылдайды  және шешімді тиісті хаттамамен  ресімдейді.

4. ӨҮК-де қаралған барлық жобалар олар бойынша қабылданған шешімдерді бар қоса бере отырып уәкілетті органға жіберіледі. Жоба бағдарлама критерийілеріне сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті органның субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.

5. Субсидиялау бойынша  ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар  бойынша, банк, экспорттаушы және  қаржы агенті арасында субсидиялау  шарты жасалады, оның шеңберінде  қаржы агенті мен экспорттаушы  бойынша сыйақы ставкасының тиісті  бөліктерін банкке төлейді.

6. Экспорттаушы үш айда  бір рет өнімнің экспорты бойынша  есепті  тиісті растаушы құжаттарды қоса бере отырып қаржы агентіне жібереді.

7. Қаржы агенті экспорттаушылардың  есептерін ұсынылған деректерге  растама алу үшін салық органдарына  жібереді. 

 

 

3. Бағдарламаға  қатысушылардың өзара іс-қимылы  және оны іске          асыру мониторингі 

3.1. Бағдарламаны  іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері  

Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген банктер  арасында 2 келісім  (пайыздық ставканы субсидиялау және банктер кредиттері бойынша кепілдендіру жөнінде) жасайды, онда: 

бағдарламаға қатысушылар  арасында өзара іс-қимыл тәртібі  айқындалады;

пайыздық ставкаларды  субсидиялау, сондай-ақ банктердің кредиттері бойынша кепілдендіру шарттары мен  тәртібі айқындалады;

банктердің кредиттері бойынша  субсидиялау мен кепілдендірудің  үлгі шарттары, құжаттарды, есептілікті  тапсыру нысандары мақұлданады;

қаржы агентінің функцялары айқындалады.

Бағдарламаның екінші бағытын  іске асыру шеңберінде уәкілетті  орган, ҚҚҚ, Бағдарламаға қатысуға тілек  білдірген банктер, қаржы агенті арасында келісім жасалады, онда:

кредиттер бойынша өзара  іс-қимыл тәртібі мен проценттік ставканы субсидиялау тетігі  айқындалады;

банктердің кредиттері бойынша  пайыздық ставканы субсидиялау шарттары мен тәртібі айқындалады;

қаржы агентінің функциялары  айқындалады.

Қаржы агентінің қызметіне  ақы төлеуді уәкілетті орган  жүргізеді.

Бағдарламаның барлық бағыттарында банктердің кредиттері бойынша  пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қаржы агенті банкттердің  кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру  бөлігінде  Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді, оның ақпараты жеткіліксіз болған жағдайда Бағдарламаға қатысушылардан қосымша қажетті мәлеметтерді сұратуға құқығы бар.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестіруші өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, бизнесті жүргізуді  сервистік қолдау, кадрлар даярлау  бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді. 

 

 

 

Бағдарламаны іске асыру  нәтижесінде:

индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық  жобаларды іске асыруды жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының  қолжетімділігін арттыру;

экономиканың шикізат  емес секторындағы инвестициялық жобаларды  іске асыру үшін жеке секторды, бірінші  кезекте банктердің қаражатын тарту;

жеке сектор кәсіпорындарының, бірінші кезекте, шағын және орта бизнестің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.

Бағдарламаның негізгі сапалық  және сандық нәтижелері болатындар:

бірінші және екінші бағыттар бойынша: шикізат емес сектордың  ЖІӨ құрылымындағы үлесін 12,5%-ға дейін ұлғайту;

үшінші бағыт бойынша: шикізат емес экспорттың жалпы экспорт  көлеміндегі үлесін 40 %-ға дейін және шикізат емес экспорттың көлемін  өңдеу өнеркәсібіндегі жиынтық  өндіріс көлемінің 43 %- ға дейін ұлғайту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2.Бағдарламаны  іске асыру кезеңдері

 

   Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:         

1-кезең – 2010 жылдан  бастап 2014 жыл аралығында, бұл ретте  2010 жыл   пилоттық жыл болып табылады.        

2010 жылы Бағдарламада  міндеттерді шешу үш бағыт  бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау (кадрлар даярлауды, жастар практикасын  және әлеуметтік жұмыс орындарын  қоспағанда); кәсіпкерлік секторды  сауықтыру; экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.        

2010 – 2014 жылдары міндеттерді  шешу екі бағыт бойынша іске  асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды  және экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.        

2-кезең – 2015 жылдан  бастап 2020 жыл аралығы.        

2015 – 2020 жылдары міндеттерді  шешу екі бағыт бойынша іске  асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды  және экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3. Қажетті  ресурстар және оларды қаржыландыру  көздері

 

Бағдарламаны іске асыруға  республикалық бюджеттен 2010 жылы  
30 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:

1)     жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 12 млрд. теңге;

2)     кәсіпкерлік секторды сауықтыруға 16 млрд. теңге;

3)     экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдауға 2 млрд. теңге.

Бағдарламаны одан әрі  қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына  арналған республикалық бюджетте көзделген  қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бизнестің жол картасы 2020»  бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық –жаңа  экономикалық өрлеу –Қазақстанның  жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан  халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып  табылады.Ел басы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында  он міндетті алға қойған болатын. Олар еліміздің экономикасын нығайтудың, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың түйінді мәселесін щешуге бағытталған.Бұл міндеттің біреуі Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы. Біріншіден,оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау. Еіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу. Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақтылығы деп атап көрсетті.

« Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы қабылданып,жер-жерде кең ауқымда  жүзеге асырылуда.            Бүгінде әлемнің көптеген елдері еңбек нарығында күрделі жағдайды бастан кешіріп отыр. 2012 жылы евроаймақта жұмыссыздық деңгейі 10,7пайызға жетті.Бұл туралы европалық Eurostat  статистикалық агенттігінің пресс-релизінде хабарланған. Eurostat агенттігі еуроаймақтың 17 елінде жұмыссыз қалған азаматтардың саны жалпы санының шамамен алғанда 16,9 миллион адамды құрайтынын хабарлаған.Осылайша, жұмыссыздар армиясы бір жыл ішінде 1,221 милл. адамға ұлғайып кеткен. Бұл елдердің бәрі халықаралық займдар арқылы экономикалық ахуалды түзетуге талпыныс жасаймын деп борыштық дағдарысқа ұшырап отыр.Бүгінде олра халықаралық қоғамдастыққа орасан зор ақша берешақ,соған қарамастан экономикалық жағдай іс жүзінде ешқандай жақсарған жоқ.Осы орайда айта кететін жайт,Еуропа одағының дамыған елдерінде ұзақ жылдар бойына көптеген адамдар жұмыс істеуден жалтарып,одан гөрі жәрдемақы алғанды дұрыс көрген әлеуметтік қолдау жүйесі тәжірибеленіп келді.Соңғы айларда бірқатар елдер үкіметтері қатаң экономика саясаты шеңберінде көптеген компаниялардың қызметтерін қысқарта отырып,мемлекеттік секторда тазарту жүргізуіне байланысты да жұмыссыздық қарқыны артып кетті.Грекияда барлығы 1,08 миллион адам жұмыссызсыздар санатында,3,3 миллион адам жұмыс істемейді, ал жұмыс істейтіндер саны 3,9 миллион адамды құрайды.Тіпті,АҚШ-та да 2012 жылы жұмыссыздық деңгейі 8,2 пайызды құрады.Ресей Федерациясында да өткен жылы Солтүстік-Кавказ округінде ең жоғарғы жұмыссыздық деңгейі Ингушетияда 49,1 пайызды құраса,37,2 пайызбен екінші орында Чешенстан тұр. Қазақстандағы жағдай мүлдем басқа,Ел басының шұғыл тапсырмасы арқасында елдің қаржы-экономикалық дағдарысқа қарсы қолданатын шараларының іс-қыймыл бағдарламасын қабылдады. 2009-2010 жылдары Қазақстан Үкіметі жұмыспен қамтудың «Жол картасын» белгілеп,жүзеге асырды.Жұмыспен қамтудың «Жол картасы» аясында 150 мың адам кәсіби даярлықтан өтіп, ал 200 мың адам,оның ішінде жастар субсидия бөлу нәтижесінде жұмыспен қамтылды.Бұл бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылған шаралар елдің тұрғындары арасында жұмыссыздықты тұрақтандыруға және жалпы еңбек нарығындағы ахуалды оңтайландыруға жағдай жасады.Осының нәтижесінде Статистика агенттігінің мәліметі бойынша,2009 жылы еліміздегі жұмыссыздар саны 558 мың адам немесе экономикалық белсенді тұрғындар санының 6,6 пайызын құрайды. 2010 жылдың үшінші тоқсанында елдегі жұмыссыздар саны 481,7 мың адамға немесе 5,6 пайызға қысқарды. «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар арқасында жұмыссыздар саны 76,1 мың адамға қысқарды.

Информация о работе Бизнес жол картасы 2020