Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 00:42, доклад
Қазіргі кездегі білім беру жүйесін реформалаудың басты мақсаты- білім беру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Ол мұғалім мен оқушыға басты негізгі құзырет тіліктерді қалыптастыру арқылы шешіледі. Бұл ретте мұғалім өз пәнін жете меңгерген , кәсіби құзыретті маман болу керек. Оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы , өзіне сіңіруші рольдерін атқарса, енді мұғалім оны өздігінен білім алушы, үйрене білуші дәрежесіне жеткізуі керек. Яғни ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру – күнделікті сабақта жүргізілетін үрдіс.