Азаматтық кодекс
тің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп
Қазақстан Респцбликасының азаматтарын,
басқа мемлекеттердің азаматтарфын және
азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық
алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі
болады. Сондықтан да азаматтық заңда
жеке тұлғалардың құқық қабілеттіктері
туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі
туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі
ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының
азаматтарына беріледі.
Қазақстан Республикасының
Президентінің 1995 жылғы 19 маусымда қабылданған
«Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары
туралы» Заң күші бар Жарлығының
2-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының
азаматтары болып саналмайтын және
басқа мемлекеттің азаматы туралы
дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары
болып саналады». Қазақстан Республикасындағы
олардың азаматтық құқық қабілеттілігі
өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан
Республикасының заңымен айқындалады.
Олар Қазақстан Республикасының заңында
қаралмаған азаматтық құқыққа таласа
алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе,
құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды.
Аталған Жарлықтың 2-бабының 11-бөлігіне
сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары
болып саналмайтын және басқа мемлекеттің
азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар
азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі».
Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы
жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен
тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады.
Құқық субъектілерін
сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері
құқық қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтық құқық қабілеттілігі
АК-тің 13- бабында азаматтық құқыққа
ие болып, міндет атқару қабілеті барлық
азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады.
Конституцияның 14-бабына сәйкес, заң мен
сот алдында жұртың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне , дінге көзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты
немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша
ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай
азаматтарды құқық қабілеттілігі заңда
бәріне бірдей және біріңғай құрылған.
Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтаржы
құқық қабілеттілігі барлық азаматтар
үшін тең дәрежеде екендігі танылған.
Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің
теңдік принципі нақты субъективтік құқық
шеңберәіне жекеленген азматтарға берілетін
міндеттілік теңдікті корсетіле қояды
деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде
бірдей кез келген құқықты ала беру мумкіндігі
бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің
теңдігі деген заңда бұл орайда ешкімге
артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік
құқық алуға алуға тыйым салмайтындығы
тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық
қабілеттілігінің теңдік принципінен
жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол
берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабының
1-тармағында былай деп жазылған: «Заң
құжаттарыңда көзделген реттер мен тәртіп
бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі
мен қабілеттілігін шектеуге болмайды».
Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық
қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс
жасау негізінде сот укімі алынған шара
бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат
құқық қабілеттілігін толықтай айрылмайды.
Қазіргі қылмыстық заңдаазаматтың құқықғын
айыру мына жағдайларға:
Белгілі бір дауазымды
иеленуге немесе белгілі бір қызметті
жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.)
Елдің аумағында
емін-еркін жүріп тұруға (жер аударумен
шектелу)
Ескерте кеткен
жөн, біздің заң бойынша құқықты
жою қашан да уақытша сипатта
болады. Сонымен катар, құқық қабілеттілігін
шектеуді азаматтық басқалай субъективтік
құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға
болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу
дегеніміз қандайда бір құқықты алу
мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Субъективтік
құқықтан айыру дегеніміз, нақты, іс
жүзіндегі құқықтан айыру деп
түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан
айыру белгіленген мерзімнің
тағайындалуымен байланысты болмауы
мумкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның
мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі
бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау
мен балық аулауға және т.б. меншіктік
құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауакершіліктің
мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу,
басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Құқық қабілеттілігі
адамның — құқық субъектісін
өлуімен бірге қысқарады. Өлген
адамның ие болып келген құқықтары
мен міндеттері ішінара мұра қысқарады,
ішінара мұрагерге көшеді. Өлім –
бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін
факт. Сондықтан, адам туылғанда тіркелсе,
қайтыс болған азаматты да хал актілерінде
тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың
денсаулығы және психикалық жағдайы оның
құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.
Жеке тұлға -
азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
Жоспар:
Кіріспе
І-бөлім
1.1 ҚР азаматтық
құқығындағы жеке тұлға ұғымы
1.2 Азаматтардың
құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттігі
1.3 Шет ел азаматтары
мен азаматтығы жоқ азаматтардың
құқық қабілеттілігі
1.4 Қорғаншылар
мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
ІІ-бөлім
2.1 Азаматтардың
есімі мен тұрғылықты жері
2.2 Азаматты хабар-ошарсыз
кетті деп тану
2.3 Азаматты өлді
деп жариялау және оның құқықтық
салдары
2.4 Азаматтық
хал актілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
мен нормативтік актілер
Кіріспе
Мен осы курстық жұмысты жазу
барысында әр түрлі әдебиеттер қолданып,
«Жеке тұлға- азаматтық құқықтың субъектісі
ретінде» тақырыбын қарастырдым.
Құқықтар мен міндеттер қашан
да сол құқықтар мен міндеттердің
қайсыбір субъектілеріне байланысты болады.
Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы
айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреуінің
ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ,
міндеттің де кейбіреудің мойнындағы
міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және
міндеттердің иелерін «құқық субъектілері»
немесе «тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық
тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік
ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін
алған құқық қабілетті атаулының бәрін
тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі
категориясы бар. Құқық субъектілері –
ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір
адам – құқық субъектісі.
ҚР азаматтық
құқығындағы жеке тұлға ұғымы
Тұлғаның екі
категориясы бар. Құқық субъектілері —
ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір
адам — құқық субъектісі. Бірақ, құқықта
субъектілердің басқа да категориясының
барлығы мәлім. Бұл — ұжымдар, толып жатқан
ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және
т.б. да құқық пен міндеттердің иелері
болып табылады.
Жоғарыда
айтылған екі категориялы құқық
субъектілерін (яғни адамдар мен
ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін
заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және
занды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға
дегеніміз — Қазақстан Республикасының
азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары,
сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды
тұлға деп - мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды
және т.с.с. атайды.
Азаматтық
кодекстің 12-бабына сәйкес, жеке
тұлға деп Қазақстан Республикасының
азаматтарын, басқа мемлекеттердің
азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды
айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің
құқық субъектісі болады. Сондықтан да
азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық
қабілеттіктері туралы емес, азаматтардың
құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған.
Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық
түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына
беріледі.
Қазақстан Республикасының Президентінің
1995 жылғы 19 маусымда қабылданған
«Шетелдік азаматтардың құқықтық
жағдайлары туралы» Заң күші
бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, «Қазақстан
Республикасының азаматтары болып
саналмайтын және басқа мемлекеттің
азаматы туралы дәлелі бар
азаматтар шетел азаматтары болып
саналады». Қазақстан Республикасындағы
олардың азаматтық құқық қабілеттілігі
өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан
Республикасының заңымен айқындалады.
Олар Қазақстан Республикасының заңында
қаралмаған азаматтық құқыққа таласа
алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе,
құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды.
Аталған Жарлықтың 2-бабының 11-бөлігіне
сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары
болып саналмайтын және басқа мемлекеттің
азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар
азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі».
Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы
жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен
тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады.
1.2 Азаматтардың
құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттігі
Құқық субъектілерін
сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері
құқық қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтық құқық қабілеттілігі
АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие
болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық
құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға
бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның
14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың
бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық
және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсілІне,
ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жеріне байланысты немесе
кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді
ешкандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның
аталған тұжырымына орай азаматтардың
құқық қабілеттілігі заңда бәріне
бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық
кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық
қабілеттілігі барлық азаматтар үшін
тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен,
құқық қабілеттілігің теңдік принципі
нақты субъективтік құқық шеңберінде
жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік
теңдікті көрсете қояды деуге болмайды.
Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген
құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді,
машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық
қабілеттілігінің теңдігі дегенде, заңда
бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі,
ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым
салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек.
Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік
принципінен жалпы ережеге сәйкес оны
шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің
18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған:
"Заң құжаттарында көзделген реттер
мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің
де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін
шектеуге болмайды". Қолданылып жүрген
заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу
азаматтың қылмыс жасау негізінде, сот
үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі
мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен
толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда
көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады.
Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын
айыру мына жағдайларға:
1. белгілі бір
лауазымды иеленуге немесе белгілі бір
қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер
және т.б.);
2. елдің
аумағында емін-еркін жүріп-тұруға
(жер аудару-мен шектелу).
Ескерте кеткен
жөн, біздің заң бойынша құқықты
жою қашан да уақытша сипатта
болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін
шектеуді азаматтық, басқалай субъективтік
құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға
болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу
дегеніміз - қандай да бір құқықты алу
мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Азаматтың құқық
қабілеттілігі оның туған сәтінен
басталады, яғни ана құрсағынан тірі
туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін
жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік
тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды,
өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген.
Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған
бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен,
егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір
сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін
тіркеу органдарында кай кезде шетінегеніне
қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық
кодекстің 1044-бабы бойынша мұра
қалдырушының тірі кезінде іште калған
және мұра ашылғаннан кейін тірі туған
азаматтар мұрагер бола алады, ондайда
сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе
де аталған құқықты иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның
— құқық субъектісінің өлуімен
бірге қысқарады. Өлген адамның
ие болып келген құқықтары
мен міндеттері ішінара (жеке
бастың, жеке отбасылық жағынан)
қысқарады, ішінара (мүліктік
құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім
— бірқатар құқықтық салдар тудырып
кететін факт. Сондықтан, адам туғанда
тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал
актілерінде тіркеу керек. Айта кететін
жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық
жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер
етпейді.
Азаматтардың
әрекет қабілеттілігі дегеніміз
- азаматтың өз әрекеттерімен
азаматтық құқықтарға ие болуға және
оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық
міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі
болып табылады.
Азаматтардың
әрекет қабілеттілігі - азаматтың құқық
қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың
құқық қабілеттілігі оның, дүниеге
келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша
бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі
үшін оның, өз еркімен мүлікті иеленіп,
оған билік ету немесе өзіне міндеттеме
алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан
да азаматтың құқық қабілеттілігі оның
жасы мен психикалық жағдайына қатысты
келеді. Ол өзіне азаматтық құқықпен міндеттілікті
алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада
болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі
барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне
ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта
құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет
қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында
болмауы мүмкін.