Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:39, курсовая работа
Азаматтық кодекс тің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Респцбликасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарфын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттіктері туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Егер
өлді деп жарияланған адамның
мүлкі мұрагерлік құқық
2.4 Азаматтық хал актілері
Азаматтық
хал актілерін жазу бөлімдері
жеті түрлі акт жазбасын
Азаматтық хал актілерін жазатын органдары жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ, анасы теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда босанған жағдайда туған балалардың тууын тіркеу ата-анасының бірінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық хал актілерін жазу бөлімінде жүргізіледі. Туған баланы тіркеу туралы азаматтық хал актілерін жазу бөліміне берілетін арызға емдеу мекемесінің дәрігерлік куәлігі, ал бала үйде туған жағдайда дәрігердің, басқа бір емхана қызметкерлерінің немесе олар болмаған жағдайда екі куәнің арызы қоса беріледі.
Медицина мекемелерінің тууы туралы дәрігерлік куәлігінде баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтер көрсетілуге тиіс, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекенжайы т.б. Сондай-ақ, баланың туған күні, жынысы, салмағы және куәліктің берілген күні жазылады. Осы куәлік лауазымды адамның қолымен және емдеу мекемесінің мөрімен куәландырылады. Баланың тууы туралы арыз азаматтық хал актілерін жазу бөлімдерінде бала туған күннен бастап екі айдан, ал, бала өлі туған жағдайда босанған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірмей тіркелуі тиіс. Екі айлық мерзім өткеннен кейін баланың тууын тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысан бойынша, аумақтық әділет органдарының азаматтық хал актілерін жазу бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.
Сонымен бірге, перзентханада дүниеге келген балалар мен бірге, даладан тауып алынған балалар да кездеседі. Бұл жағдайда да баланың тууын міндетті түрде тіркеуден өткізу қажет. Тауып алынған баланың туылған, егер ол бұрын тіркелмеген болса, оны тауып алған адамның, балалар мекемесі әкімшілігінің немесе ішкі істер органдарының мәлімдемесі бойынша тауып алынған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей тіркелуге тиіс. Өзара некеде тұратын әкесі мен шешесі олардың біреуінің өтініші бойынша тууды тіркеу кітабында баланың ата-анасы болып жазылады. Неке қию туралы куәлік туу туралы куәлік жазуға негіз болып табылады. Егер ата-анасы өзара некеде тұрмаса, тіркеу өзін баланың әкесімін деп танитын адамның тұратын жерінде тіркелуі мүмкін, онда тууды тіркеу туралы өтінішпен қоса әке болуды анықтау туралы өтініш беріледі.
Бала некеде тұрмайтын анадан туған болса, ата-ананың бірлесіп берген арызы және соттың әке болуды анықтау туралы шешімі болмаған жағдайда баланың тууы туралы куәлігінде баланың әкесі туралы жазба анасының айтуы бойынша әкесінің тегі, аты мен оның әкесінің аты жазылады.
Қайтыс болуды
тіркеу оның тұрақты мекенжайы бойынша
немесе қайтыс болған жері бойынша Азаматтық
хал актілерін жазу бөлімінде қайтыс болғаны
туралы дәрігерлік куәлік негізінде, ал
ол жоқ болған жағдайда екі куәнің куәландыруымен
жүргізіледі. Қайтыс болғандығы туралы
мәлімдеме жеті тәуліктен кешіктірмей,
ал адам зорлықпен өлтірілген болса, өзін-өзі
өлтірсе, жазатайым жағдайда өлсе, сондай-ақ
өлік табылған жағдайда өлген немесе өлік
табылған кезден бес күннен кешіктірмей
тіркелуі қажет. Адамның қайтыс болғандығы
туралы мәлімдемені өлген адаммен бірге
тұратын, ал ондай адамдар болмаған жағдайда
көршілері, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының
қызметкерлері немесе адам қайтыс болған
жердегі мекеменің әкімшілігі немесе
өлікті тапқан ішкі істер органдарының
қызметкерлері жазбаша немесе ауызша
түрде жасайды. Қайтыс болғандығы туралы
мәлімдемеде мәлімдеуші қайтыс болған
адам туралы мына мәліметтерді көрсетеді:
қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің
аты, туған жылы, соңғы мекенжайы және
оның отбасылық жағдайы, қайтыс болған
жылы, айы, күні, қайтыс болу себебі, сондай-ақ
қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған
адамның тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты
мекенжайы. Сот тәртібімен адамды өлді
деп жариялау туралы және өлу фактісін
анықтау туралы сот шешімін тіркеу шешім
шығарылған жердегі Азаматтық хал актілерін
жазу бөлімінде жүргізіледі.
Қорытынды
Қорыта келгенде, әрекет жасау қабілеттілігі
жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге
ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар
өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге
асырады? – деген сұрақ туады.
Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте,
жасы кәмелетке толмағандарға тән. Ал
берілген әрекет ауқымы олардың жасына
байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі
топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған
14 пен 18 жас аралығындар, б) жасы кәмелетке
толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәлімелер жасай береді. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәлімелерді, яғни мәлімелерді ата-анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды.
Қолданылған әдебиеттер мен
Қазақстан Республикасының
азаматтық құқығы, авторы –
Ғазиз Төлеуғалиев, Алматы, 2001 жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж.
Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексі.
Алматы, 2003 ж.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы, 2002 ж.
Информация о работе Жеке тұлға — азаматтық құқықтың субъектісі