Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:39, курсовая работа
Азаматтық кодекс тің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Респцбликасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарфын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттіктері туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Қорғаншы қарауындағы адамның мүлкіне билік етеді, оның әрекет қабілеті болғанда істей алатын мәмілелерінің бәрін де жасауға құқығы бар. Сонымен бірге қамқорлықтағы адамның мүддесін қорғау мақсатында заң бірталай ережелерді сақтауды міндеттейді. Мәселен, қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін, қамқоршылыққ алынушының өзі дербес билік ету құқығы бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала рұксатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.
Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-аулақ шығындар жасауға құқылы.
Қорғаншы мен
қамқоршы органның алдьн ала берген
рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен
алу жөніндегі мәмілелер
Мүлікті қамқоршылығына
алушыға сый ретінде немесе тегін
түрде пайдалануға беруді қоспағанда,
қорғаншының (қамқоршының), олардың
жұбайлары мен жақын
Қорғаншьг немесе құқығы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз қамқоршы орган қорғаншьшы немесе қамқоршыны осы міндетгерді атқарудан шеттетуі және кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мџмкін.
ІІ бөлім
2.1 Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері
Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу мен жүзеге асыру тиісінше дербестікке ие болуы керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің 15-бабы 1-тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын да қоса алады. Азаматқа туған кезде ат қояды. Ал ата-анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады. Әдетте балаға ата-анасының фамилиясы беріледі. Егер әртүрлі фамилияда болса, онда ата-аналары қайсысын беруді өздерІ келісіп шешеді.
Некесіз туған балаға ѕкесі жоқтығынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасынығ фамилиясыт беріледі.
Біздің елімізде
1992 жылдан бастап ата-анаға ұлтгық дәстүрлі
ескере отырып, балаға әкесінің не атасының
атына жаздыруға мүмкіндік берілді. Баланың
аты әкесінің атымен жазылады, ұлттық
ерекшеліктерді ескере отырып, айталық,
казақтар құжаттарда әкесінің атын керсетпеуіне
болады. Әрине, оның өзі ата-аналарынын
келісімі арқылы жүзеге асады. Азамат
тіркелу кезінде жазылған өз есімін, фамилиясы
және әкесінің атын заң құжаттарънда белгіленген
тәртіп бойынша өзгертуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің
1996 жылғы 2-сәуірде қабылдаған "Қазақ
ұлтының адамдарының фамилиясы мен әкесінің
атын жазуға байланысты мәселелерді шешудің
тәртібі туралы" Жарлығында қазақ ұлтының
өкілдері өздерінің ықтияры бойынша қазақ
тіліне келе бермейтін жалғауларды фамилиясы
мен әкесінің аттарының түбірін сақтай
отырып өзгертуіне болатындығы айтылған.
Әкесінің атынан кейін "ұлы" немесе
"қызы" деп жынысына қарай жазылады.
Аталған Жарлықта фамилиясы мен әкесінің
атын жазылуындағы өзгерістер азаматтың
құқық субъектісін өзгерте алмайтындығы
ескертілген. Яғни жасалған өзгерістер
оның құқықтары мен міндеттерін тоқтатса
да, өзгерте алмайды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының фамилиясы мен әкекесінің атын ауыстыру жөніндегі тілек Республика үкіметінің қаулысымен 1996 жылы 26-қыркүйекте қабылдаған Ережесімен айқындалады.
Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың субъектісін нақтылай түседі. Өмірде аты, фамилиясы және әкесінің аты бірдей болатын жағдайлар аз кездеспейді. Егер азаматтың атында әкесінің аты көрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау қиындай береді.Сондықтан да тұрғылықты жері бойынша азаматтың жеке басын куәлан-дыратын мәліметтер нақтыланады. АК-тің 16-бабында азаматтың тұрақты немесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылатындығы тұжырымдалған.
Әдетте азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны бір-біріне сай келеді. Дейтұрғанмен, өзі бір жерде тұрып, екінші жерде жұмыс істейтін жағдайлар да кездеседі. Мысалы, азамат Алматы қаласында тұрып, Қаскеленде жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай жағдайда заңның тікелей көрсетуіне орай оның жұмыс орны емес, тұрғылықты жеріне басымдылық беріледі.
Қазіргі жағдайда азаматтар бірнеше тұрғын үйді иеленуге құқылы, әрі онда бір-біріне ауысып отырады. Мысалы, Алматыдағы үйі мен қаланың сыртында жазда тұратын үйі болды делік. Мұндай жағдайда заң оның қайсысында көп тұратындығын ескереді. Азаматтар тұрғылықты жерін өзі таңдайды, бұл оның азаматгық құқық қабілеттілігінің бір элементі болып табылады (АК-тің 14-бабы). Жасы 14-ке толмаған және қорғаншылықтағы азаматтардың, ғана нақты тұрғылықты жері есепке алынбайды, яғни оның ата-аналарының, асырап алушылар мен қорғаншыларының тұрғылықты жері танылады. Мұның өзі аталған азаматтардың әрекет қабілеттілігі болмай, өз беттерімен мәмілелер және басқа заңды әрекеттер жасай алмауымен түсіндіріледі.
2.2 Азаматты хабар- ошарсыз кетті деп тану
Азаматтық кодекстің 28-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Жылдық мерзім азаматтың хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен күннен басталады. Ондай азамат туралы соңғы деректер алынған күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылғы 1-қаңтар хабар-ошарсыз кетудің бірінші күні деп есептеледі.
Сот шешім шығарған кезде барлық қолда бар мәліметгерді еске алады. Арыз берушіден немесе басқа адамдардан жоғалған адамның қайда болуы мүмкін деген жерлер анықталады, ата-аналарының, туған-туысқандарының, бұрынғы отбасының мекен жайына сұрау салынады, әрі одан келген жауаптарды саралайды. Алайда жасырынып, өзінің мекен-жайын айтудан жалтарып жүрген адамдарды хабар-ошарсыз кетгі деп тануға болмайды. Сондықтан да азаматтың жасырынып жүргені белгілі болса, мәселен, құқықты бұзып, жауапкершіліктен жалтарып бой тасалап кетсе, онда оны жоғалған деп санамайды.
Хабар-ошарсыз кетті деп саналған адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді. Осы мүліктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті адамдарды асырауға қаражат беріледі және хабар-ошарсыз кеткен адамның, салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешегі өтеледі.
Мүлікке қорғаншылық белгілеу, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудан басқа да жағдайлар заңға сәйкес шешімін табады. Мысалы, жоғалып кеткен адамның жұбайы онымен жеңілдетілген тәртіппен некесін бұза алады.
Азаматгық кодекстің 29-бабы 2-тармағына сәйкес, мүдделі адамрдың арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлікті сақтау және басқару үшін хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жері туралы соңғы деректер алынған күннен бастап бір жыл өткенге дейін де қорғаншы тағайындай алады. Қорғаншыны осылайша шұғыл белгілеу кезінде сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танымайынша мүліктен ешқандай төлем төлемейтіндігі ескерілген.
Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адам келген немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы оның мүлкіне қорғаншылық белгілеу туралы шешімнің күшін жойды (АК-тің 30-бабы).
2.3 Азаматты өлді
деп жариялау және оның
АК-тің З1-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Азаматты өлді деп жариялауға оның хабар-ошарсыз кетуі, ұзақ уақыт бойы өзінің өлі-тірі екендігінен хабар бермеуі, тірі болса ендігі бір жерден шығатындығы назарға алынады. Адамды өлді деп жариялауға берілетін уақыт хабар-ошарсыз кеткенге қарағанда неғұрлым ұзақ болады.
Азаматты өлді деп жариялауға байланысты сотқа жүгінбестен бұрын сотқа оның хабар-ошарсыз кеткені туралы тануы талап етілмейді.
Сонымен, үш жыл бойы ұшты-күйлі жоғалған адамды сот арқылы өлді деп жария етуге болады. Ал, өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болған жағдайда өлді деп жариялау алты ай мерзімнен кешіктірілмей шығарылады. Егер азамат жер сілкінісінен, дауылдан, бораннан және т.б. кездейсоқ апат кезінде жоғалып кетсе, оны өлді деп жариялауды үш жыл күтудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайда ол туралы хабарды алты ай күтіп, сосын өлді деп жариялай береді. Заңда әскери қызметкерлердің, сондай-ақ соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер туралы арнайы ереже бар. Аталған тұлғалардын басқа мемлекеттің аумағында тұтқында болуы тәрізді мәселелер де ескеріледі. Соған орай азаматтық кодекстің 31-бабы 2-тармағында соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшіні немесе өзге адамды соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялау мүмкіндігі айтылған.
Өлді деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні өлді деп жарияланған адамның өлген күні болып есептеледі. Өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлді деп жарияланған реттерде сот бұл адамның шамамен қаза тапқан күнін оның өлген күні деп тану мүмкін. Мысалы, азамат су тасқыны кезінде өлді деп жарияланса, онда оның өлген күні болып сел болған күн танылады.
Адамды өлді
деп жариялау туралы заңды
күшіне енген сот шешімінің негізінде
Азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына
оның өлгені туралы жазба жасалады.
Азаматтық кодекстің 31-бабына сәйкес бұл
жазбаның нәтижелері де нақты өлім туралы
жазбаның нәтижелері сияқты болады.
Осы айтылғандарға қарап, азаматты өлді деп жариялаған соттың шешімі күшіне енген соң, азаматтық хал актілеріне, жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазба түсірілгеннен кейін өлді деп жарияланған адамның мүлкіне мүрагерлік ашылады, некесі бұзылып, асыраушысыз қалған адамға зейнетақы төленеді.
Азаматты
өлді деп жариялау өлгені
Азамат өзінің қай уакытта оралғанына қарамастан, кез келген адамнан азамат өлді деп жарияланғаннан кейін сол адамға тегін көшіп, сақталып қалған мүлкін қайтарып беруді талап ете алады. Өлді деп жарияланған адамның мүлкін қайтаруға оның тек мұрагері ғана емес, мұрагердің мүлік сыйлаған адамы да міндетті болады. Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкін оның заңды мұрагері үшінші бір адамдарға беріп, олар мүліктің сатып алу бағасын адам тірі оралған кезге дейін толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тірі оралған адамға көшеді.
Өлді деп жарияланған азаматтың мүлкі ақысы төленетін мәміле бойынша өзіне көшкен адамдар оған бұл мүлікті қайтаруға, ал оларда мүлік жоқ болған жағдайда, егер мүлікті алған кезде олар өлді деп жарияланған азаматгың тірі екендігін білгені дәлелденсе, мүліктін құнын өтеуге міндетті.
Мүлікті
иеліктен шығарушы адам өлді
деп жарияланған адамның
Информация о работе Жеке тұлға — азаматтық құқықтың субъектісі