Жеке тұлға — азаматтық құқықтың субъектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:39, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық кодекс тің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Респцбликасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарфын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттіктері туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

Файлы: 1 файл

Жеке тұлға — азаматтық құқықтың субъектісі.docx

— 42.42 Кб (Скачать)

  Азаматтық   кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет  қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін  толық көлемінде пайда болады.

 Бұл  арада  ескеретін мынадай бір  жағдай бар: Азаматтық кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес, заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін ("Неке және отбасы туралы" Заң, 10-бап).

Әдебиеттерде  азаматтардың әрекет қабілеттілігі  толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінеді. Онық өзі азаматтың  әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан  құқық қабілеттілігі бола тұрса  да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.

18 жасқа  толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің, 17-бабы, 1-тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құлсық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құкықтар мен міндеттерге де ие болады.

Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез  келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей  көрсетілген бірқатарына ғана ие.

Ішінара (толық  емес) әрекет қабілеттілігі  әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға  тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

14 пен  18 жас  аралығындағылардың әрекет  қабілеттілігі  мейлінше ауқымды,  олар заңда  көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:

— өздерінің  заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары  мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған  мәмілелер; — ата-анасының (асырап алушының, қамкоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле. 

14 пен  18 жас  аралығындағы жасы кәмелетке  толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:

1)    өзінің  жалақысына, стипендиясы мен басқа  кірістеріне билік етуге;

2)    интеллектуалдық  меншік құқығы бар объектілеріне  билік етуге; 

3)    ұсақ  тұрмыстық мәмілелер жасауға;

4)  банкке  салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

14 жастан 18 жасқа  дейінгі кәмелетке толмағандар  басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабы, 1-тармағы).

Мәміленің аталған  екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап  етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке  толмағандардың өздері көтереді.

Жасы  кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.

14 жасқа  дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап  алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар, Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жауап береді, ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

1.3 Шетел азаматтары  мен азаматтығы жоқ азаматтардың  құқық қабілеттілігі

Шетел азаматтары дегеніміз - ол ҚР-ның азаматтығында  жоқ және басқа мемлекеттің азаматтығында  болатын тұлғалар.

Ал тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғалардың  тұрғылықты мекен жайы орналасқан мемлекеттің  заңын қолдануды айтамыз, жеке тұлғаның азаматтық заңын қолдануға себеп  болған 1804 жылғы Француз Азаматтық  кодексі онда шетелде жүрген ,Француз  азаматтарының әрекет қабілеттілігі  мен азаматтың жағдайы ұлттық заңмен анықталады делінген.

Кейіннен  ұлттық заң мәселелері 1865 жылы Италияның  Азаматтық кодексінде де, 1896 жылы Герман Азаматтық заңында бекітіледі, ал Англо - Американдық құқықтағы домицилий  концепциясы басқа құқық жүйелерінен  ерекше, себебі ол Рим құқығына негізделген, ал англо- саксондық жалпы құқық  жүйесі бойынша, пайда болу домицилиясымен (шыққан тегімен) таңдау домицилиясына  бөлінеді.

Мысалы, некемен  туған бала әкесінің домилициясына, некесіз туған бала шешесінің  домицилиясына тиісті болады.

Дәл осылай отбасы және неке қатынастары, мұрагерлік қатынастар қаралады. Яғни жеке заң және domisilii заңы бойынша.

ҚР-ның  Азаматтық Кодексінде «жеке тұлғалардың жеке заңы» атты арнайы 1094- бап бар.

ҚР-ның  заңы бойынша, жеке тұлға қай елдің азаматтығын алса, сол елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады.

Адамның екі  немесе оданда көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдің құқығының жеке заңы болып  саналады.

Мысалы, Қазақстанның Австрия мен Турцияның  Халықаралық жеке құқық туралы заңына сәйкес, егер тұлға бірнеше мемлекеттің азаматы болса, оның жеке заңы болып байланысы жақынырақ мемлекеттің заңы табылады.

ҚР- да шетелдік азаматтардың әрекет қабілеттілігі  оның жеке заңы арқылы анықтау қағидасына 3 шектеу бар: 

1. ҚР-ның аумағында  шетел азаматтары мен азаматтығы  жоқ тұлғалардың мәміле жасау  мәселесі, яғни шетелдік азамат  Қазақстанда сатып алу-сату, кепіл,  айырбастау және басқа да келісім  шарттар жасасқаннан кейін, өз  жеке заңына сілтей отырып  яғни жеке заң бойынша тиісті  жасқа толмауына байланысты жасалған  келісім-шарттардың дұрыстығы мен  заңдылығына дауласа алмауы.

2. ҚР-сы аумағында  шетел азаматының зиян келтіру  салдарынан туған жауапкершілігінің  азаматтық әрекет қабілеттілігін  Қазақстандық құқықпен анықтайды. 

3. ҚР-дағы шетел  азаматтарының және азаматтығы  жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігін  шектеу, оларды хабар ошарсыз  кетті немесе қайтыс болды  деп тануды ҚР- ның заңнамасымен  жүзеге асырады.  

1.4 Қорғаншылар  мен қамқоршылардың құқықтары  мен міндеттері 

   Жоғарыда айтылғандай, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарьн қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? - деген сұрақ туады.

Бұл мәселе қорғаншылық  немесе қамқоршылық тағайындау жолымен  шешіледі. Бұның мәні мынада: қорғаншы - өзінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық және міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет жасайды. Қамкоршылықтың мәні, қамқоршы адамдар - ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауына алатындығында сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қ иянаттардан корғап жүретіндігінде. Екінің бірінде, дене мүшесінің кемістігінен (мәселен, соқыр, мүгедек) өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын, бірақ, сонда да әрекет қабілеттілігі толық деп танылатындарға да, қамқоршы адам тағайындалады. Мұндай адамдар жөнінде қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жұзеге асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке толған әрекетке қабілеті бар адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.

Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа  алынушыға тиесілі мүлікке билік  етуді, қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлкін сенімді  басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады. 

Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа  алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады ("Неке және отбасы туралы" заңның 113-бабы).

Жергілікті  атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады.

Аудандық  және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылык жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады.

Қорғаншы  немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін.

Егер  бұл қорғаншылыққа алынушының, мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншьшың немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады.

 Егер  қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің  арасында қайшылық болмаса, бір қорғаншы немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі.

Әрекетке  қабілетті және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бірақ, балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалған кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.

Балаға  қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде  қорғаншының (қамқоршының) адамгерщілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерді орындау  қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың  арасындағы қарым-қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға деген көзқарасы, сондай-ақ егер бұл мүмкІн болса, баланың өз тілегі ескеріледі. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жүбайының келісімі талап етіледі. 

"Неке  және отбасы туралы" Заңының 108-бабында көрсетілгендей, қорғаншылар мен қамқоршылар бола алмайтындар мыналар сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілетгілігі шектеулі деп танылған адамдар;

сот бойынша ата-ана құқықтарынан айрылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдар;

өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдар;

егер  сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушылар;

денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі мІндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар.

Қорғаншылық және қамқоршылық қамқорлыққа алынатын адамның тұрғылықты жері бойынша  жасалады. Жекелеген жағдайда бұл  қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты мекені бойынша белгіленуі мџмкін.

Заңда белгіленген  жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық  және ғамқоршылық жөніндегі міндеттер  тегін атқарылады. 

Корғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап-бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушынын алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа  да әлеуметтік төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.

Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды.

Жасөспірім  қорғаншылыққа алынушы 14 жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Қамқоршылық кәмелетке жасы толғандарға тоқтатылады, ал ішкілікке салынып, нашақорлықпен айналысқандарға сот әрекет қабілеттілігі бар деп шешім шығарылған соң барып тоқтатылады.

Қорғаншылық пен  қамқоршылық қамқорлыққа  алынған адам қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.

Информация о работе Жеке тұлға — азаматтық құқықтың субъектісі