Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 00:42, доклад
Қазіргі кездегі білім беру жүйесін реформалаудың басты мақсаты- білім беру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Ол мұғалім мен оқушыға басты негізгі құзырет тіліктерді қалыптастыру арқылы шешіледі. Бұл ретте мұғалім өз пәнін жете меңгерген , кәсіби құзыретті маман болу керек. Оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы , өзіне сіңіруші рольдерін атқарса, енді мұғалім оны өздігінен білім алушы, үйрене білуші дәрежесіне жеткізуі керек. Яғни ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру – күнделікті сабақта жүргізілетін үрдіс.
Қазақ тілінен құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді жолдары
Жақыпова Қырымжан Үмбетырзақызы
Ж.Досмұхамедұлы атындағы педагогикалық колледжінің
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
Орал қаласы
Қазіргі кездегі білім беру жүйесін реформалаудың басты мақсаты- білім беру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Ол мұғалім мен оқушыға басты негізгі құзырет тіліктерді қалыптастыру арқылы шешіледі. Бұл ретте мұғалім өз пәнін жете меңгерген , кәсіби құзыретті маман болу керек. Оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы , өзіне сіңіруші рольдерін атқарса, енді мұғалім оны өздігінен білім алушы, үйрене білуші дәрежесіне жеткізуі керек. Яғни ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру – күнделікті сабақта жүргізілетін үрдіс.
Проблеманы шеше білу
Коммуникативтік құзыреттілік өтілген материалды ауызша, жазбаша тілде пайдалана білуін қалыптастыру болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері барлық пәннің, ғылымның анасындай қызмет атқарады.
Кез келген пәнді меңгеру үшін сауатты оқи, жаза білу керек. Оқығанын ұғу, айта білудің бастамасы аталған пәндерде қалыптасады.
Ақпараттық құзыреттілік білім алудың ең негізгі көзі оқулық арқылы беріледі. А.Байтұрсынов : «Оқу құралының ең ұлығы- бала оқытатұғын кітап, оның жақсы болып баланың жанын қинамасына жазудың тәртібі болу шарт», -деген болатын. Оқулық- оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына , оқыту мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде жүйелеп баяндайтын құрал десек те, қазақ тілінің негізі қаланатын бастауыш, жоғары класс оқулықтарында дидактиканың ғылыми принципінің талаптары сақталмайтынын көруге болады. Сөзіміз құрғақ болмас үшін деректер келтірейік. 4-класс оқулығы бойынша берілген күрделі сөздердің бір түрі «Біріккен сөздердің жазылуы» тақырыбы бойынша жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады. Мысалы: Сарыадыр, Шиліөзен.
Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады. Мысалы: Торайғыр, Мырзәлі. Кейбір біріккен сөздер өзгерген қалпында айтылуы бойынша жазылады деп, жаздыгүні, қыстыгүні, қолғап, Қарагөз, Телғожа, Амангелді сөздері ережеге байланысты мысал түрінде беріледі. Осы оқулықтың 69- бетіндегі ереженің алдында проблемалық сұрақ түрінде берілген 1-жаттығудың шарты: Кісі аттарын оқып, түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бөлек, түбірлері дыбыстық өзгеріске ұшырап, біріккен сөздерді бір бөлек көшіріп жаз. Қандай түбірден біріккенін айт. Алдыңғы түбірдің қандай дыбысқа аяқталып тұрғанына , келесі түбірдің қандай дыбыстан басталатынына назар аудар. Айтылуы мен жазылуын салыстыр. Жаттығуда берілген жалқы есімдер: Нұргелді, Әбдіқадыр, Қаламқас, Жиенқұл, Жанғали, Айғыз, Бердіқожа, Қарагөз, Әбілқайыр, Айнамкөз. Екінші сыңарлары ортақ Қарагөз, Айнамкөз сөздері екі түрлі жазылған. Бердіқожа сөзі морфологиялық принциппен жазылған. Ереже мен жаттығу жазылған арасында бірізділік сақталмаған.
5-жаттығудың шарты: Сөйлемді оқып, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің қайсысы бірге, қайсысы бөлек жазылады? Жаттығудан үзінді келтірейік. Жарысқа қазақтың қара(көз) қыздары жарысқа қатысты. Қара(көз) –шығарманың басты кейіпкері. Қаракөз сөзі екі жаттығуда екі түрлі принциппен жазылған. Күрделі сөздің бір түрі біріккен сөзге байланысты ереже мен жаттығулар арасында алшақтық бар. Бұл оқушыға тайға таңба басқандай жол көрсететін оқулық мазмұнына сын болып табылады. Оқулық - оқушылардың ана тілінен білім беретін, сауаттылығын қалыптастыратын, тапсырмаларды өз бетімен орындауға жетекшілік ететін негізгі құрал. Қазақ тілінен берілетін білім сапасының көрсеткіші оқулыққа да байланысты болса, ал пән мұғалімдеріне осындай екіұшты жағдайларда ғылымилық принципті ұстанып, кемшін тұстармен жұмыстануды қажет етеді.
Тілдің
3 түрлі білімдік , танымдық, коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыру
2. Сөйлеу әрекетінің тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім секілді барлық түрлерін өзара сабақтастыра қолданунәтижесінде ойы ұшқыр, сөзі дәйекті қарым-қатынас әдебін қалыптастыру мен сөйлеу мәдениетін үйренуге басымдылық беру.
Сабақта педагогикалық технологиялардың ұтымды әдістерін талғап, таңдап қолдану да нақты нәтиже берері сөзсіз.
3. Тілдік терминдердің ішкі мәніне мән бере оқыту қазақ лингвистикасының атасы А. Байтұрсынов тілдік терминдерді жалпыхалықтық тілде бар сөздерден жасаған. Мысалы: «көсемше» негзінен күрделі етістік құрамында негізгі сөзді білдіріп, етістікті бастап тұратын бастаушы көсем. Термин сөздерде тілдік категорияларды негізігі белгілері беріледі. Сабақ барысында жалаң анықтамадан тармин сөздің сырын оқушы мен бірігіп ашуға ұмтылу қажет.
4. Берілген оқу материалын , алынған ақпаратты модульдей білу. Ол үшін қазақ тілінің әр саласын тірек кестелер арқылы түсіндіру, оқушымен шығармашылық одақ құрып, кестелер құрастыру, өтілген тақырыптың негізігі түйінін табуға көмектеседі, аз уақыт ішінде меңгеруге жағдай туғызады.
5. Әр тақырыптың астарындағы құндылықтарға мән бере оқыту арқылы тілдің табиғатын ұлттық бітімімен байланыстыруға көмектеседі. «Қаратпа сөздер» тақырыбында қарағы, шырағым , қалқам, айнам сөздерінің эмоциональды-экспресссивті мәнін аштыруға болады.
6. Қазақ
тілі сабақтарын пәнішілік,
Ғ;ұлама Абай: «Әр нәрсенің өлшеуіші бар, өлшеуінен асса жарамайды» ,- айтқандай, жоғарыда айтылғандарды бір-бірімен тігісін білдірмей, жымдастыра пайдаланғанда, баба тілі –ана тілінің құзыреттілігін қалыптастыруға әбден болады.
.
Информация о работе Қазақ тілінен құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді жолдары