«Oris-Astana» ЖШС-ның қаржылық-экономикалық жай-күйін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 12:53, курсовая работа

Краткое описание


Кәсіпорын экономикасын ары қарай көтеру мәселелерін табысты шешу үшін ресурстарды тиімді паидалану қажет, резертер ашып өндірістің пайдаланылмаған резервтерді өндірістік қызметте пайдалану интенсивті техналогиялар енгізу, өндіріс басқаруының эканомикалық әдістерін жетілдіру, техникалық прогрессінің дамуымен өндірістің негізгі құралда жағдайы және прайдаланылу денгейіне және кәсіпорынның қажетті енбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорының жеткілікті енбек рерурстарымен қамтамасыз етілуі олардың тиімді пайдаланылуын енбек өнімділігінің жоғары денгейі өнім көлемін жоғарылату және өндіріс тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады.

Оглавление


Кіріспе......................................................................................................................4

«Oris-Astana»ЖШС-на жалпы сипаттама
«Oris-Astana» ЖШС-ның негізгі қызметі........................................................7

2 «Oris-Astana» ЖШС-ның қаржылық-экономикалық жай-күйін талдау
«Oris-Astana» ЖШС қызметінің ұйымдастырушылық-технологиялық ерекшеліктері және технико-экономикалық көрсеткіштері..............................11
«Oris-Astana» ЖШС-ның баланс активтері мен пассивтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау..........................................................................12
«Oris-Astana» ЖШС-ның төлем қабілеттілігін және баланс өтімділігін талдау......................................................................................................................18

Қорытынды..........................................................................................................27

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................

Файлы: 1 файл

есеп.docx

— 79.90 Кб (Скачать)

Ақша қаражатын қарызға  алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы  жағдаймен,капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады.

Көбіне ол несие нарығының  өзгеру бағыттары мен жағдай сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Несие  алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға  қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын ала  келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын белгілі  бір мерзім ішінде және белгілі бір  жағдайларда ала алатын несие) - потенциалды  қаржыландыруға қарағанда, керек кезде  алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде  оның вексельдері, облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың  шектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.

Ағымдағы (қысқа мерзімді) төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі оны болашақта қолдану мүмкін емес.

Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді-бір жылдан аса) төлем  қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері  пайдаланады. Динамикалық көрсеткіштердің  бірі өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден  түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге  қатынасы болып табылады. Есептеу  үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымы, ал бөлімінде-осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын  алуға болады.Бұл есепте алымы  баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі  бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.

Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа  да көрсеткіштер белгілі.Олардың ішінде маңыздысы табыс пен табыс  табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар  кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады.Табыс  табу қабілеттілігі деп болашақта  кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты  табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктігі мен  оның капиталға айналдыру коэффициенттері  талданады. Ақша қаражатының жеткіліктігі коэффициенті (Кақша қаражатының жеткіліктігі) кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттігін көрсетеді.

Циклділіктің және басқа  кездейсоқтықтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы мен бөлімінде  бес жыл ішіндегі мәліметтер алынады.

Есептеу келесі формула бойынша  жүргізіледі.                     

 

Кақша қаражатының жеткіліктігі = Өнімді өткізуден түскен табыс / (Күрделі  шығындар + Дивиденд төлеу + Айналым қаражаттарының өсуі) 

                 

1-ге тең ақша қаражатының  жеткіліктік коэффициенті кәсіпорынның  сыртқы қаржыландыруға жүгінбей  қызмет істей алатынын көрсетеді.  Егер бұл коэффициент 1-ден  төмен болса, онда кәсіпорын  өз қызметінің нәтижесі есебінен  дивиденд төлеуге және өндірістің  қазіргі деңгейі қолдауға қабілетті  емес.

Коэффициент кәсіпорынның қаржылық қажеттілігіне инфляцияның әсерін, сонымен қатар талдауды тереңдету  бағыттарын көрсететінін ескеру керек.

Ақша қаражаттарын капиталға  айналдыру коэффициенті (Кақша қаражаттарын капиталға айналдыру) кәсіпорын  активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда  қолданылады және келесі формула  бойынша есептеледі:

 

Кақша қаражаттарын капиталға  айналдыру =Өткізуден түскен табыс / (Алғашқы құны бойынша негізгі  құралдар + Инвестициялар + Басқа активтер + Меншікті айналым капиталы).                                                               

       

Ақша қаражатын капиталға  айналдыру деңгейі 8-10% шегінде жеткілікті болып саналады.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен  пайдаланады.

Үш көрсеткіш жиі қолданылады:

1) абсолютті өтімділік  коэффициенті ;

2) аралық өтеу(жабу) коэффициенті;

3) жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттары  мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың  мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге  қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың  қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Осы көрсеткіштердің дұрыс  шектеуі келесі түрде:

 

Кабсолюттік өтімділік ≥ 0,2- 0,5

       

Бұл – қысқа мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігі жедел  өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі. Бұл коэффициенттің мәні 0,2-0,25-тен  жоғары болуы керек.

Аралық өтеу коэффициентін  есептеу үшін (немесе оның басқа  аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы  көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш  және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында  есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен  қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер  үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Айналым қаражатының өтімді бөлігінің (яғни таурлы-материалдық қорларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.

Аралық өтеу коэффициентінің  қалыпты төменгі шегін бағалау  былайша өрнектеледі:

 

Каралық өтеу ≥ 1

 

Бұл коэффициенттің теориялық  анықталған бағалауы 0,7-0,8 аралығында.

Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының  орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды.

          Басқа да көзқарас бар. Шамамен  бұл коэффициент 0,5-тен кем  болмауы тиіс, себебі жедел және  қысқа мерзімді міндеттемелердің  әр теңгесіне ақша қаражатының  және дебиторлық борыштың 50 тиыннан  кем келмеуі тиіс.

          Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық  ағымдағы активтердің жедел және  қысқа мерзімді міндеттемелердің  көлеміне қатынасын көрсетеді.  Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің  қандай есесін өтейтінін белгілеуге  мүмкіндік береді және дебиторлармен  өз уақытында есеп айырысу  және дайын өнімді тиімді өткізу  жағдайларында ғана емес, сонымен  бірге материалды айналым құралдарының  басқа элементтері қажет болған  кезде сату жағдайында бағаланатын  кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін  көрсетеді.

           Жалпы өтеу коэффициенті өтімді  құралдар жедел және қысқа  мерзімді міндеттемелердің сомасын  өтейтінін белгілеуге мүмкіндік  береді және сонымен баланс  құрылымының тұрақтылық дәрежесін  ғана емес, кәсіпорынның өзінің  қысқы мерзімді қарыздары бойынша  тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Нарықтық экономикасы  дамыған елдерде бұл көрсеткішке  кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін  бағалау кезінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен қолданылуының негізгі  себептері:

1) біріншіден, ағымдағы активтермен  ағымдағы пассивтердің өтелу  дәрежесін көрсетеді.Бұл көрсеткіш  қаншалықты жоғары болса, соншалықты  қысқа мерзімді міндеттемелерді  төлеу сенімділігі жоғары болады;

2) екіншіден, ағымдағы  активтердің ағымдағы пассивтерден  асып кетуі ағымдағы активтерді (ақша қаражаттарынан басқа) сату  немесе жою (тарату) кезінде зияндардың  пайда болуына бөгет болады. Бұл  қарсы әрекеттің қаншалықты күштірек  болуы, кредитор үшін соншалықты  тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларында  жұмыс істеуші капитал немесе  қаржы –эксплуатациялық қажеттілік  деп атайды.

           Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс  сипатына байланысты күрт ауытқуы  мүмкін.Оның деңгейіне тиелген  тауарлар мен көрсетілген қызметтермен  есеп айырысу нысандары, өндіріс  циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалды  құндылықтар қорларының құрылымы  және басқалар әсер етеді Берілген  көрсеткіш үшін мына шектеу  қалыпты мән болып табылады:

                                     

Кағымдағы өтімділік ≥ 2

 

Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет  екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік  коэффициенті барлық айналым қаражаттарның  бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін  төлеу қабілеттілігін сипаттайды.

Осы көрсеткіштің нормативті маңызына байланысты басқа пікірлер де кездеседі. Ол 1 мен 3 арасындағы шектерде болуы тиіс.Төменгі шегі ағымдағы міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болуы тиіс, жетпесе кәсіпорын  төлеуга қабілетсіз болуы мүмкін.

     Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден екі есе артық болуы орынсыз болып саналады, себебі бұл компанияның өз қаражаттарны рационалды салмауы мен олардың тиімсіз пайдалануын көрсетеді.

     Ағымдағы өтімділік коэффициентінің 2-ге тең нормативтік мәні біздің елімізде есеп беру кәсіпорындардағы нақты жағдайды ескермей, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешім қабылдау үшін қажет белгілердің бірі ретінде алынған. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні барлық кәсіпорындар үшін бірдей, яғни шаруашылық субьектісінің өндіріс түрі мен салалық ерекшеліктері есепке алынбайды.

     Көптеген отандық кәсіпорындарды банкроттық анықтамаға жатқызуға болады. Яғни,бұндай белгілермен анықтау дұрыс емес,себебі көп кәсіпорындар ішінен нақты банкроттық шаралар қаупі төнген кәсіпорындарды бөліп көрсетпейді.

Бұл нормативтік мән әлемдік  есептік талдау тәжірибесінде салалар  және салааралық бойынша бөлшектеліп  қолданылады. Осылай, АҚШ-тың Сауда министрлігінің мәліметтері бойынша,салалар мен кәсіпорындар тобы бойынша жалпы өтеу коэффициенті 1990 жылы мынадай мәндерге ие болды.Өндірістік сала корпорациясы-1,47, тамақ өнімдерінің өндірісі -1,25, баспа қызметі-1,67, химия өнеркәсәбі-1,30, мұнай және көмір өндіру өнеркәсібі-1,0, машина жасау-1,85, электр құралдары және электрондық техника өндірісі-1,47, бөлшек сауда-1,50. Біздің елде де статистикалық материалдарды жинақтау мөлшеріне қарай бұл көрсеткіштің мәнін салалар мен салааралық бойынша бөлшектеп және активтің өтімділігін талдауда қолдану керек.

     Кәсіпорын өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол-әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:

  • Кәсіпорын және оның қызметінің көлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, соншалықты тауарлы-материалдық құндылықтар қоры мол болады);
  • өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);
  • өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
  • материал қорын қалпына келтіруге қажет уақыт (олардың айналу ұзақтығы);
  • кәсіпорын жұмысының маусымдылығы;
  • жалпы экономикалық коньюктура.

     Егер ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы 1:1-төмен болса,онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 қатынасы ағымдағы активтер  мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып,активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де К мәні 1:1 арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады.

     Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады.Сонымен бірге, менеджерлер көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық   борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты.

     Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы,шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффициенті (Кабсолюттік өтімділік) қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне (Каралық өтімділік) көп көңіл бөледі. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті (Кғымдағы өтімділік) бойынша бағалайды.

Баланс өтімділігін талдау. Кәсіпорынның өтімділігі бұл бар  қаражаттарды (активтерді) өздерінің  міндеттемелерін уақытында төлеу  үшін тез арада мобилизациялау мүмкіндігі.  Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда.

Информация о работе «Oris-Astana» ЖШС-ның қаржылық-экономикалық жай-күйін талдау