«Oris-Astana» ЖШС-ның қаржылық-экономикалық жай-күйін талдау
Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 12:53, курсовая работа
Краткое описание
Кәсіпорын экономикасын ары қарай көтеру мәселелерін табысты шешу үшін ресурстарды тиімді паидалану қажет, резертер ашып өндірістің пайдаланылмаған резервтерді өндірістік қызметте пайдалану интенсивті техналогиялар енгізу, өндіріс басқаруының эканомикалық әдістерін жетілдіру, техникалық прогрессінің дамуымен өндірістің негізгі құралда жағдайы және прайдаланылу денгейіне және кәсіпорынның қажетті енбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорының жеткілікті енбек рерурстарымен қамтамасыз етілуі олардың тиімді пайдаланылуын енбек өнімділігінің жоғары денгейі өнім көлемін жоғарылату және өндіріс тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады.
Оглавление
Кіріспе......................................................................................................................4
«Oris-Astana»ЖШС-на жалпы сипаттама
«Oris-Astana» ЖШС-ның негізгі қызметі........................................................7
2 «Oris-Astana» ЖШС-ның қаржылық-экономикалық жай-күйін талдау
«Oris-Astana» ЖШС қызметінің ұйымдастырушылық-технологиялық ерекшеліктері және технико-экономикалық көрсеткіштері..............................11
«Oris-Astana» ЖШС-ның баланс активтері мен пассивтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау..........................................................................12
«Oris-Astana» ЖШС-ның төлем қабілеттілігін және баланс өтімділігін талдау......................................................................................................................18
Қорытынды..........................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Файлы: 1 файл
есеп.docx
— 79.90 Кб (Скачать)Құрылыстық өндірістің бағасындағы айырмашылығы есептеудің ұйымына әсер етеді, себебі олар нормативтік құжаттаманы жасау мен пайдалану үдерісін күрделендіреді. Құрылыста шығынның есебінің тапсырыс әдісі қолданылады. Материалдық өндірістің ірі саласы ретінде құрылыстың құрамына жеке саладағы өндірістік, тұрмыстық, ауыл-шаруашылық құрылыс және т.б кіреді.
Кәсіпорындар құрылыс-жинақтау
жұмыстарын өз күшімен жүзеге асыра
алады, шаруашылық тәсілімен немесе
келісім-шарт негізінде мамандандырылған
құрылыс ұйымдарын тарту
Бас мердігерлер ұйымы
тапсырыс берушінің алдында, олардың
құрылыс-жинақтау жұмысын барлық
көлемде өз күшімен жүзеге асыруынан
немесе жекелеген жұмыс түрлері
үшін басқа арнаулы
Құрылыс жақтармен, қатысушылардың
арасындағы қатынас құрылыс мердiгерiнiң
шарт жасаудан басталады. Мердігерлік
келісім-шарт бойынша бір жақ (мердігер)
келемі жақтын (тапсырыс беруші) тапсыры
бойынша белгілі жұмысты
Күрделі құрылыста құрылыс өнiмiнiң келiсiмдi бағаның екi үлгiсiн бiр мезгiлде қолданылады - белгiленген және (ашылған ) еркiн.
Белгіленген келісім бағасын
анықтау негізі ретінде келісімнің
нақты шарттары мен тұтынылатын
ресурстар бағасының
Құрылыс өніміне еркін (ашық)
келісімді бағалар
Ашық баға келісімі бойынша
мердігерге құрылыс жұмысын орындауға
қатысты, тапсырыс берушінің рұқсат
етілген сомасында, мердігермен
келтірілген шығындарға белгіленген
пайыз ретінде анықталатын
Келісім-шарттың тіркелген бағасымен екі жақ құрылыс жұмысының тұрақты бағасына (құн) немесе сырғымалы бағаны ескертумен, орындалған жұмыстың белгіленген бірлік құнына келіседі.
Мердігермен жасалынған сметаға
сәйкес жұмыс орындалса, онда смета
келісім міндеттемесінің күшіне
иеленеді және тапсырыс берушінің оны
растауы сәтінен келісім-
2 «Oris-Astana» ЖШС-ның қаржылық-экономикалық жай-күйін талдау
2.1«Oris-Astana» ЖШС қызметінің ұйымдастырушылық-технологиялық ерекшеліктері және технико-экономикалық көрсеткіштері
Нарықтық қатынастарға өту кәсіпорын қызметінің, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарының жағдайын түпкілікті өзгертті. Кәсіпорынның сәтті жұмыс істеуі үшін ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу негізінде бәсекеге қабілетті өнімі немесе қызметі, шаруашылықтың тиімді нысаны және өндірісті басқаруы, өндірістің тиімділігін жоғарлатуы болуы қажет. Керісінше жағдайда, олар банкрот жағдайында болуы мүмкін.
Кесте-1. «Oris-Astana» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер |
2010 жыл, мың теңге |
2011 жыл, мың теңге |
Өзгеруі |
Теңге | ||||
1 |
Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен табыс |
19190 |
170 404,36 |
151214,36 |
2 |
НҚ орт жылдық құны |
135,25 |
182,62 |
47,37 |
3 |
Қысқа мерзімді активтердің орташа жылдық құны |
12 360,73 |
156 628,06 |
144267,33 |
4 |
Қор қайтарылымы (1/2) |
141,8 |
933,1 |
791,3 |
5 |
Қор сыйымдылығы (2/1) |
0,007 |
0,001 |
-0,006 |
6 |
Өзіндік құн |
16456 |
64 744,96 |
48288,96 |
7 |
Жалпы табыс (1-6) |
2734 |
105659,4 |
102925,4 |
8 |
Басқа да табыстар |
|||
9 |
Кезеңдік шығыстар |
2734 |
21846,4 |
19112,4 |
10 |
Салыққа дейінгі пайда (7-9) |
0 |
83813 |
83813 |
11 |
Корпоративтік табыс салығы |
- |
- |
- |
12 |
Таза пайда (10-11) |
0 |
-61966 |
-61966 |
13 |
Дебиторлық берешек |
|||
14 |
Сатылған өнім рентабельділігі, % (12\1*100) |
0 |
-36 |
-36 |
15 |
Қысқа мерзімді активтердің рентабельділігі, % (12/3*100) |
0 |
-39 |
-39 |
Ескерту - Мәлімет көзі: «Oris-Astana» ЖШС-нің қаржылық есептілігі | ||||
Кесте мәліметтерінен көріп отырғандай «Oris-Astana» ЖШС-нің қаржылық жағдайы өткен жылмен салыстырғанда нашарлап кеткен, оған таза пайданың - 61966 мың теңгеге азайғаны куә.
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны жоғарлап қор қайтарымдылығы да артқан, яғни негізгі құралдардың пайдаланылу тиімділігі артқан. Осы жағдайлардың барлығы сату рентабельділігінің төмендеуіне әкелді. Бірақ серіктестікте келесі жылы да осындай жағдай жалғаса берсе, қаржылық қиыншылыққа ұшырауы мүмкін. Сондықтан компания үшін жылжымалы мүлікке қысқа мерзімді заим ұсынғанда заим алушының қаржылық жағдайын тексеру қажет.
2.2 «Oris-Astana» ЖШС-ның баланс активтері мен пассивтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау
Баланс активтері дегеніміз ұйымға тиесілі ақша қаражаттарының және мүліктің жиынтығы: ғимарат, машиналар және жабдықтар, қосалқы бөлшектер, банктік салымдар, авторлық құқық және т.б. Кең мағынада бұл ақшалай құндылыққа ие және ақшалай бағаланатын кез-келген құндылық.
Баланс активтерінде ұйымның құзырындағы капиталдың орналасуы туралы деректер, яғни оның нақты мүлікке және материалдық құндылыққа салымы туралы, сонымен бірге бос ақшалардың қалдықтары туралы мәліметтер бар. Орналасқан капиталдың әрбір түріне баланстың әрбір бабы сәйкес келеді. Баланс активтерінің мәліметтері бойынша ұйымның активтерінде қандай өзгерістер болғаны, оның жылжымайтын мүлігі қандай бөлігін, ал қандай бөлігін айналым қаражаттары, оның ішінде өндірісте және айналым ортасында қаншалықты құрайтыны жайлы анықтауға болады.
Баланс активтерінің баптарын топтастырудың басты белгісі болып олардың өтімділік деңгейі саналады. Бұл белгі бойынша баланстың барлық активтері қысқа мерзімді активтерге (баланстың І бөлімі) және ұзақ мерзімді активтерге (баланстың ІІ бөлімі) бөлінеді.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы капиталдың көлемі мен құрылымына тәуелді. Сол себепті активтерді талдау олардың қалыптасу көздері және өтімділікті талдаумен байланысты. Талдау үдерісінде динамикадағы жалпы баланс валютасындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтердің үлес салмағын, қаражаттар орналасуындағы ауытқуы мен өзгеруін есептей отырып, баланс активтерінің құрылымын анықтау қажет.
Баланс активтерінің құрылымының өзгерісін зерттеу маңызды ақпарат алуға мүмкіндік жасайды. Мүліктегі айналым қаражаттары үлесінің жоғарлауы мыналарды білдіреді:
- ұйым қаражаттарының айналымдылығы жылдамдығына жағдай жасайтын активтердің мобильді құрылымын қалыптастыру;
- қысқа мерзімді активтердің бір бөлігін ұйымның және басқа дебиторлардың дайын өнімін тұтынушыларды несиелеуге қарай бұру, ал ол өндірістік үдерістегі айналым қаражаттарының бұл бөлігінің нақты имаббильді екенін білдіреді;
- өндірістік базаны бұру;
- олардың бухгалтерлік есептегі қалыптасқан тәртібі салдарынан негізгі қорлардың нақты бағалауының бұрмалануы және т.б.
Жалпы айтқанда “жақсы” баланстың белгілері болып табылады:
- баланс валютасы есеп беру кезеңінің соңында басымен салыстырғанда жоғарлаған;
- қысқа мерзімді активтердің өсу қарқыны ұзақ мерзімді активтердің өсу қарқынына қарағанда жоғары;
- ұйымның меншікті капиталы қарыз капиталынан артық және оның өсу қарқыны қарыз капиталының өсу қарқынынан жоғары;
- дебиторлық және кредиторлық берешектердің өсу қарқыны біркелкі болып келеді.
Активтер құрылымындағы өзгерістердің себептері туралы нақты тұжырым жасау үшін баланс активтерінің бөлімдеріне және жеке баптарына жеке-жеке, атап айтканда, ұйымның өндірістік әлуетінің жағдайын бағалауға негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тиімді пайдаланылуына, қысқа мерзімді активтердің айналым жылдамдығына талдау жүргізу керек.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнын өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау кәсіпорынның барлық мүлкі мен оның жекелеген түрлерінің абсолютті және қатысты өсімінің немесе азаюының мөлшерін анықтуға мүмкіндік береді.
Баланс бойынша кез-келген компанияның қаржы жағдайы анықталынады. Қаржылық жағдай инвесторлардың оң бағасын алады, егер келесі теңсіздіктер сақталынса.
- Меншікті капитал Ұзақ мерзімді активтер
2. Қысқа мерзімді активтер Ұзақ мерзімді міндеттемелер + Қысқа мерзімді міндеттемелер
3. Баланс бойынша: Активтер = Мүлік құны = Баланс валютасы
Активтердің құрамы мен орналасуын талдауда баланс деректері бойынша келесі кесте құрылады:
Кесте-2. «Oris-Astana» ЖШС балансы бойынша активтердің құрамы мен орналасуы
|
Көрсеткіштер |
2010 жыл, мың теңге |
2011 жыл, мың теңге |
өзгеруі | ||
үлес сал. % |
үлес салм. % | ||||
Активтер құны, барлығы |
12 540,98 |
100 |
156 855,68 |
100 |
144314,7 |
Оның ішінде: |
|||||
Ұзақ мерзімді активтер |
180,25 |
1,4 |
227,62 |
0,1 |
47,42 |
Қысқа мерзімді активтер |
12 360,73 |
98,6 |
156 628,06 |
99,9 |
156,615,7 |
Ескерту - Мәлімет көзі: «Oris-Astana» ЖШС-нің қаржылық есептілігі | |||||
Кестеден көргендей, активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы өткен жылмен салыстырғанда 144314,7 мың теңгеге көбейген. Бұл кәсіпорынның жұмысын қанағаттанарлық дегенді білдіреді, себебі кәсіпорынның әрі қарай дамуына жол ашады. Есептеу көрсеткендей мүлік құнының өсуі негізінен мобильдік қаражаттар есебінен болған. Жекелеп айтқанда өткен жылмен салыстырғанда мобильдік қаражаттардың мөлшері 156,615,7 мың теңгеге жоғарлаған.
Осыдан кейін баланс валютасында қысқа мерзімді активтердің үлесін анықтау маңызды, яғни мобильдік коэффициентінің көбеюін анықтау. Мобильдік коэфффициенті ағымдағы активтердің құнын барлық мүлік құнына бөлгенге тең. Ол қарыздарды жабу үшін қаражаттардың үлесін сипаттайды. Бұл коэффициенттің мәні жоғарлаған сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Кмобильдік = қысқа мерзімді активтер (мобильдік қаражаттар) / Мүлік құны (баланс валютасы)
Талданып отырған кәсіпорында:
К мобильдік 2010 жыл = 12 360,73/ 12 540,98 = 0,98
К мобильдік 2011 жыл = 156 628,06/ 156 855,68 = 0,99
Есептеуден көріп отырғандай, берілген компанияда өткен жылмен салыстырғанда мобильдік қаражаттардың үлесі көбейген. Бұндай өзгеріс бизнес үшін жағымды.
Кәсіпорынның активтерінің орналасуынаң тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш мобильдік және иммобильдік қаржаттардың қатынасы көрсеткіші.
Талданып отырған кәсіпорында бұл көрстекіштің мәні:
Кмобильдік және иммобилизациялық қаражаттар қатынасы 2010 жыл =
12360,73/ 180,25 = 68,9
Кмобильдік және иммобилизациялық қаражаттар қатынасы 2011 жыл =
156 628,06/ 227,62 = 688,1
Есептеулер мобильдік және иммобильдік қаражаттар қатынастарының жақсарғанын көрсетеді. Көрсетілген есептеулерден егер мобильдік коэффициенті жоғарласа, онда ол екінші коэффициенттің де жоғарлауына әкелетінін байқауға болады.
Бұдан ары қарай кәсіпорынның
мүліктік жағдайының сапасының
қалай өгергенін зерделеу
Кнегізгі капиталдың нақты құны = Қалдық құн бойынша негігі капитал / баланс валютасы