Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 17:37, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның басты мақсаты «Кәсіпкерлік орта» деген тақырыпты ашу. Кәсіпкерлік орта деп аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы барлығына да тоқталуы керек деп ойлаймын. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………….3

І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6

1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6

1.2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдаудың кейбір -

мәселелері:……………………………………………………………………… 9

1.3. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10

1.4. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12



ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі….14

2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері……………………...14

2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу……………………16

2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі…………………………19

2.4. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелері….............. 20



ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………...24

3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………..24

3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………………………………………………………………28

3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару……………………….30

3.4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары………………………….34

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………76



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..39

Файлы: 1 файл

готовое (восст).docx

— 382.67 Кб (Скачать)

Тәелсіздікті шектеу

Әрекетті шарт мерзімімен шектеу

Тек бір жеткізуші франчайзермен  ғана жұмыс істеу мүмкіндігі

 

Франчайзингтік қатынастардың  негізгі кемшіліктеріне франчайзингтің құнын, фирма өсімінің, шарт мерзімінің және тәуелсіздіктің шектеулілігін  жатқызу шарт. Франчайзингтің құнына ең алдымен франчайзи франчайзердің  сауда маркасын, атын, өнімін, технологиясын, «ноу-хау» және т.б. пайдалану құқығын  алғаны үшін төлейтін франчайзингтік төлем кіреді. Осы жерде егер франчайзер жаңа компания немесе тез өсу кезеңіндегі  компания болса, оның капиталға деген  қажеттілігі күрт өседі және ол бұл  проблеманы көбінесе франчайзи есебінен шешуге тырысатындығын есте ұстау керек. Бұл жағдайда франчайзингтік төлем  жоғары болуы мүмкін. Сондықтан көптеген франчайзилер әріптес іздеген кезде  ірі, тұрақталған фирмаларды таңдауға тырысады. Франчайзи бұдан басқа  материалдар мен толықтырушыларға, құрал-жабдықтарға, еңбек ақы төлеуге  кететін шығындарды көтереді. Шығынның мөлшері мен құрылымы франчайзи-фирмасының түрі мен франчайзингтік қатынастың сипатына тәуелді.

Фирма қызметінің аумақтық өрісін кеңейтуі көбіне оның негізгі  өсу жолы болып табылады. Дегенмен дәл осы фактор франчайзингтік шартта шектеуші факторға айналады. Франчайзи тек шартта көрсетілген аумақта ғана әрекет ете алады.

Көрсетілген кемшіліктерге  қарамастан франчайзингтік нысан бүкіл  әлемде бизнесті ұйымдастырудың толық  құқықты түрі болып есептеледі. Оның үстіне соңғы жылдары оның одан әрі  қарай таралу тенденциясы байқалуда. 1970 жылдан 1990 жылға дейін франчайзингтік фирмалар арқылы жүзеге асырылған сатылым  көлемі 10-нан 15%-ға дейін өсті. Шағын  бизнесті ұйымдастырудың бір нысаны ретінде франчайзингтің кең ауқымдық сипатқа ие болғандығы жайлы келесі сандардан көруге болады. АҚШ-та франчайзингтік жүйе арқылы жүзеге асырылған сату мен қызмет көрсету көлемі 758 млрд долларды құрады, франчайзерлердің саны 2177, ал франчайзи 542000 бірлікке тең. АҚШ-та 374 франчайзердің шет елде 35000 франчайзилері  бар, олардың 75% - Канадада, Жапонияда, Шығыс  Еуропада және Австралияда. Франчайзингтік қатынастардың интернационализациясы  туралы айтқан кезде, ең алдымен оның салған капиталы жоғары дәрежеде пайда  әкелетін, бөлшек және сервистік желісі дамыған елдерге ұмтылатындығын атап кету қажет. Сонымен қатар әлеуеті  жоғары нарықтарды жаулап алып, ол жерде  өз әсерін орнатуға деген ұмтылыс  франчайзер үшін басты дәлелдеуші факторға айналады. Халықаралық франчайзинг  ұстанатын факторларға шетелге  шығумен байланысты шығындар жатады. Бұл жерде франчайзер әрине нарықтық стрстегиясын өзгертуді қажет етпейтін және табыс табу деңгейі  бұрынғыдай болатын елдерді табуға ұмтылады. Интернационалдық франчайзингтің дамуын тоқтататын факторларға, шығындардан  басқа көбінесе халықаралық менеджменттегі тәжірибенің жеткілікіздігі және басқа  мемлекеттер тарапынан белгіленген  заңды тосқауылдар жатады.

Қазақстандық кәсіпкерлер  үшін халықаралық франчайзинг ең алдымен біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу, тікелей инвестиция және мемлекеттік деңгейдігі келісім  түрінде болуы мүмкін. Көп нәрсе  осы бағтта іске асырылуда, бірақ  өкінішке орай батыс бизнесмендерінің қолдарындағы Қазақстан нарығы оның әлеуеті мен дамуы туралы алған мәліметтері аз. Шетелдік франчайзерлер үшін арзан жұмысшы күші мен жоғары білікті мамандардың болуы, қолда бар ресурстар, оңтайландырылған инфрақұрылым, саяси тұрақтылық және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат ұтымды факторлар бола алар еді.

Шағын бизнестің негізін  қалаудың төртінші жолы – бір отбасы мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық  бизнес. Отбасылық бизнестің көбісі – шабын, бірақ отбасылық бизнестің  ірі кәсіпорынға айналып, отбасылық  болып қала беретін мысалдары  да іс жүзінде аз кездеспейді.

Кез келген отбасылық бизнес – бұл  отбасы мен бизнестің  симбюзы. Отбасының мақсаты –  балаларды тәрбиелеу және отбасы мүшелеріне қарау. Бизнестің мақсаты - өндіріс жолымен немесе тауар  сатып, қызмет көрсетіп пайда табу. Бұл екі мақсат көбінесе бір-бірін  толықтырып отырады, бірақ ұрыс-керіс  жағдайлар да болуы мүмкін. Менеджер қызметкерді жұмысқа кешігіп  келгені үшін сөгуі мүмкін, бірақ  сол кешігіп келген қызметші өз отбасының  мүшесі болса, онда бұл проблематикалық  жағдайға айналады.

Отбасылық бизнестің басты  артықшылығы – кез-келген қиыншылықтарға қарамастан бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек ақылары  мен дивиденттерін жиі құрбан етеді. Жұмысқа берілгендік, жоғары әдептік нормалар, тұтынушылар үшін тікелей жауапкершілік – отбасылық  бизнестің негізгі критериялары екендігі белгілі. Кәсіпорын отбасылық  бизнестің тағы бір артықшылығына, ірі корпорацияларымен салыстырғанда  жұмысшыларға қарау деңгейінің жоғарылығы жатады.

Отбасылық бизнес кәсіпорындары  көлемдері бойынша, ұсынатын өнімдері мен қызмет түрлері бойынша әр алуан болуымен ерекшеленеді. Отбасының  бизнеске қатысу деңгейі бойынша  былай айыруға болады:

    1. толығымен отбасы басқаратын және бақылайтын бизнес.
    2. Отбасы бақылайтын, бірақ маман менеджерлер басқаратын бизнес.
    3. Отбасы тарапынан басқарылмайтын бизнес.

Франчайзингтік  қарым-қатынастардың терминологиясы

 

Термин

Анықтама

1

Франчайзинг

Бір тарап (франчайзер) өз құқықтарының бір бөлігін (сауда маркасын, технология, «ноухоу» өнімдерін және т.б.) екінші фирмаға (франчайзи) белгілі төлемақыға беретін екі тарап арасында келісімнің жасалуын ұйғаратын нарықтық өзара  қарым-қатынас жүйесі.

2

Франчайз

Құқық беретін (франчайзер) фирма мен  осы құқықтарды алатын (франчайзи) фирма  арасындағы арнайы келісімде ескерілетін  құқықтар. 

3

Франчайзи

Арнайы келісімде анықталған құқықтарды алатын кәсіпорын.

4

Франчайзер

Өз құқықтарын басқа кәсіпорынға  беретін кәсіпорын.

5

Франчайзингтік шарты

Франчайзи мен франчайзер арасындағы заң және құжат.

6

Франчайзингтік өнім және сауда  маркасы

Бұл франчайзердің франчайзи фирмаға  пайдалалануға беретін құқықтары, өнім және сауда маркасы

7

Бизнестің Франчайзингтік моделі

Франчайзер пайдалану құқығын  тең өнімге, қызмет көрмсету, сауда  маркасына ғана емес және де бизнес концепциясының өзін де беретіндігін көрсететін келісім.

8

Бөлшек Франчайзинг

Ірі дүкендердің (франчайзер) бөлшек сауда құқығын басқа фирмаға (франчайзи) беруі.

9

Франчайз сатылымы бойынша қызмет

Франчайзерлер мен қажетті кеңестерді жүзеге асыру және оларға франчайзингтік операциялар құқығын беретін  лицензия сату жүргізу мақсатында франчайзер атынан әлеуетті франчайзерлерді іздестірумен айналысатын фирма немесе жеке агенттер.

10

Мультифранчайзи

Фирма франчайзи, өз кезегінде, бірнеше  бөлімдерден тұрғанда және франчайзингтік қарым-қатынастардың жүйесін өзінің барлық бөлімдеріне таратқанда пайда  болады. 


 

    1. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелері            

      Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі мемлекеттік құралдармен  бәсекелестік ортаны қорғау қажет екендігін көрсетеді.  Бұл құралдарды қолданудың негізгі

мақсаты – әртүрлі бәсеке түрлерін ұтымды ұштастыруға қол жеткізу, олардың біреуінің  басқасын басып озуын қамтамасыз ету және бәсекенің жиынтық оң нәтижесін әлсіретіп

алмау.

    Бәсеке  – бұл нарықтық қоғамның қозғаушы күші. Бәсеке өндірісте өнім сапасын  көтеруге ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалануға, ұйымда жаңа техникалық

прогрессивті әдістерді қолдануға ынталандырады.

      Бәсекелестік нарықтық ортаның қалыптасуы үшін сәйкес институционалдық орта,  қаржылық-несиелік жүйенің тиімді жұмысы, ұлттық өндірушілерді қорғау қажет.  Отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі соңғы жылдары көп  кәсіпорындардың бәсекелестік күресті жүргізуге дайын еместігін көрсетеді. Оның негізгі  себебі бәсеке артықшылығының мәні туралы жүйеленген түсініктің жоқтығы.

    Бәсеке артықшылығы кәсіпкерлік экономиканы, маркетингті, менеджментті,  микроэкономиканы қамтиды. Отандық тауар мен қызмет нарығында бәсеке

артықшылығын қамтамасыз етуде технологиялық білімді қажет ететін күшті бәсеке орын алған.

   Қазіргі кезде ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі бірінші кезекте арзан жұмыс  күші мен табиғи ресурстары есебінен жетістікке жетуде бәсеке артықшылығы жеңіл жойылатындығын көрсетеді.

     Жоғары деңгейлі артықшылық жаңа технологияға, қазіргі инфрақұрылымға, тауар  мен қызметке, фирма беделіне, маркетингтік «ноу-хауға» негізделген. Оны қолдау және

ресурс сыйымдылығының дамуы отандық кәсіпорындар үшін ауыр мәселе болып  табылады және үнемі қаржыландырып отыруды талап етеді.

   Қазіргі таңда  бәсеке артықшылығына ие болудың негізгі көзі - білім. Мемлекетте  білім мен ғылымның ролі бағаланбаған жағдайда ұлттық экономиканың болашақ  бәсекеқабілеттілігі төмендеп, кәсіпорын деңгейіндегі өнімнің бәсекеқабілеттілігі

бәсеңдейді.

        Қазақстан экономикасының бәсекелестік мүмкіндігін көтеру экспорттық саланың  салыстырмалы артықшылығы негізінде шешіледі. Ұлттық экономика дамуының болашақ

баламаларын талдау кезінде бәсеке артықшылығына, яғни бай табиғат ресурстары,  жоғары білікті жұмыс күші, мұнай-газ және тау-металлургия кешенінің жұмыс істеуіне

сүйене отырып, жоғары деңгейдегі  бәсеке артықшылығына қол жеткізуге болады.

    Нарықтық экономикада бәсекеқабілеттілікті қалыптастыруда әлемдік шаруашылықтағы

Қазақстан ұлттық экономикасының бәсеке артықшылығын  күшейту керек деген  ғалымдардың пікірімен келісу қажет.

Қалыптасқан жағдайда дұрыс қабылданған, ақпаратқа негізделген шешім бәсекелес  алдындағы сөзсіз артықшылық болып табылады.   Бұл ереже  - профессор П. Диксонның

фирманың бәсеке артықшылығын көтеруге бағытталған бәсекелестік теориясының негізі  болып саналады.  Алға қойылған мақсатқа жету үшін бәсеке артықшылығының көзін тауып, оны талдау қажет.  Қазіргі таңдағы бәсеке артықшылығын құрудың негізгі көздері  1-кестеде жүйеленіп көрсетілген, сонымен қатар бұл жүйені қазақстандық кәсіпорынды  талдау үшін және тәжірибелік қызметте жүзеге асыру үшін пайдалануға болады.                                                                     1-кесте

Экономикалық

Нормативті-

құқықтық

Табиғи –

географиялық

Маркетингтік

Ғылыми-

техникалық

Инфра-құрылымдық

қолайлы

экономикалық 

жағдай 

(инфляцияның 

болмауы,

экономикалық 

тұрақтылық,

кірістің 

жоғары 

деңгейіжәне т.б.)

билік

органдарын  рұқсат етілген

ерекше артықшылқ

-тың болуы

арзан

шикізаттың 

болуы

сауда

маркасының 

бағалылығы

ғылым  мен 

техника

дамуының 

жоғарғы

деңгейі

коммуникаци

я жүйесінің 

сәйкестігі 

(транспорт 

байланыс)

несиелік,

салықтық,

кедендік 

мөлшерлеме,

ауқымында

үкіметтің

қолайлы

саясаты

өнімді әкелу 

мен әкетудің

мүмкіндігі

географиял

ық 

орналасуды

ң тиімділігі

әртараптан-

дыру  және

интеграция 

саясаты

өндірістің 

технология-

лық

ерешелігі

нарықтың 

инфра-

құрылымыны

ң дамуы

ауқым  және

тәжірибе 

нәтижесі

салықтық 

және 

кедендік 

жеңілдіктер

қолайлы

демография

-лық 

жағдай

маркетингтік 

«ноу-хау»

жаңа 

технология-

ның болуы

кооперация-

ның дамуы

инвестиция 

тарту

мүмкіндігі

интелектуал-

ды меншікке

айрықша

құқық

қолайлы

климаттық

жағдай

өткізудің

тиімді жүйесі

патент,

лицензия,

шарт

еңбек

нарығындағы

капиталдың 

ашықтығы

кәсіпорынның 

экономикалық 

потенциалы

экономикалық тиімді шарт

шикізаттың 

болуы

фирма

имиджі

сапа 

стандарты

 




        Қазіргі қатаң бәсекелестік жағдайда бәсекелестікті жете түсіну стратегиялық  маркетингтің маңызды элементі болып табылады. Зерттеудің қорытындысы бойынша байқағанымыз, отандық өндірістер өз бәсекелестерін үнемі бағалай бермейді. Олардың  күшті және әлсіз жағын бағалай отырып, қызметі туралы мәліметтерді (баспасөз  мәліметін,  өнімнің  үлесін,  сонымен  қатар  жеткізушілерден,  делдалдардан,

тұтынушылардан сұрастыру жолымен) жинау қажет. Шетелдік фирма тәжірибесі  көрсеткендей, көп жағдайда компаниялар әлсіз бәсекелесті таңдайды, дегенмен, бәсекелесің  күшті болса үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Фирманың бәсекеқабілеттілігін көтеруде маңызды рольді ізгілікті ғылым  саласындағы ноу-хау – «жоғары ізгілікті технология» атқарады. Қоғам дамуының негізі –жоғары ізгілікті технология, ал оның мақсаты –адамдарға материалдық емес игіліктерді құру.

  Қазіргі уақытта Қазақстанда шаруашылық жүргізудегі ең маңызды мақсат- кәсіпорынның өміршеңдік стратегиясын қалыптастыру болып отыр.

   Отандық кәсіпорындардың (мемлекеттік және жекелеген) өміршеңдік стратегиясы -бұл шаруашылық жүргізудің бұрынғы әдісінен бас тартып, қалыптастырылған нарыққа

бейімделу әрекеті. Мемлекеттік кәсіпорын стратегиясы кеңестік кезеңге қарағанда күрделенді, яғни кешендік сипат алды. Өміршеңдік стратегиясына: жалпы нарықтық, қаржылық, өндірістік, кадрлық компоненттер жатады. Нарықтық немесе өткізу стратегиясы шеңберінде кәсіпорын бағытталу және тұтынушы сұранысына бейімделу, болашақ контрагенттердің сенімділігі мен перспективасын, нарықтағы жаңа коммерциялық құрылымдармен байланысуды жан- жақты зеттеу саясатын жүзгізеді. Қазіргі кезде кәсіпорындарда стратегияның бәсекелік аспектісі негізінен тауар сапасын көтерумен, яғни бағалық емес бәсекемен болжанады.

Қаржылық стратегияда кәсіпорындар қаржылық ресурсты қалыптастыруда жеңілдік алу (мысалы, пайыздық жеңілдік қойылымына жету үшін) үкіметке ұсыныс жасаса,

екіншіден өзінің қаржылық жағдайын ықшамдау үшін өз күшін жұмсайды. Нарық жағдайында кәсіпорын басшылары негізгі қаржылық шешім қабылдау кезінде қатал

қаржылық шектеу жасау үлкен ықпал ететіндігін байқады.

Өндірістік стратегия тәжірибеде өндірістің техникалық деңгейін қолдануға бағытталған.  Кадрлық стратегия өз кезегінде еңбек ұжымын сақтаумен түсіндіріледі. Бұл төмендегі жағдайлармен байланысты:

                 - мамандар мен білікті жұмысшылар қатарын сақтау;

                 - кәсіпорындардың тұрақтылық жағдайына ықпал ететін әлеуметтік толқулар мен жұмыстан жаппай босатудың алдын алу.

Информация о работе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу