Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 17:37, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның басты мақсаты «Кәсіпкерлік орта» деген тақырыпты ашу. Кәсіпкерлік орта деп аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы барлығына да тоқталуы керек деп ойлаймын. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………….3

І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6

1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6

1.2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдаудың кейбір -

мәселелері:……………………………………………………………………… 9

1.3. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10

1.4. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12



ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі….14

2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері……………………...14

2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу……………………16

2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі…………………………19

2.4. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелері….............. 20



ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………...24

3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………..24

3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………………………………………………………………28

3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару……………………….30

3.4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары………………………….34

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………76



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..39

Файлы: 1 файл

готовое (восст).docx

— 382.67 Кб (Скачать)

Мұның бәрі мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тәртіпке келтіру жөніндегі шараларды қабылдау қажеттігіне әкеп соғады.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту шеңберінде экономиканың басқа да басым салаларын дамыту

Бағдарламада экономиканың 10-нан астам салаларында және секторларында бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар көзделген.

ҮИИДМБ шеңберінде машина жасау, тау-кен-металлургия салаларын, химия, жеңіл, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптерді дамытуға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру көзделген.

Бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін факторлардың бірі нарық субъектілері санының көп болуы болып табылады. Себебі, машина жасауды дамыту бағдарламасы халықаралық стандарттағы бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын жаңа кәсіпорындар құруға бағытталған. Машина жасауда жеткілікті дамыған сегменттермен бірге күрделі іске асырылатындары да бар, бірақ мемлекет белсенді қолдаған жағдайда олар салалардың (автомобиль өнеркәсібі, станок жасау, тұрмыстық техника, құрамдас бөліктер базасының өндірісі) едәуір өсуін қамтамасыз етуі мүмкін, бұл ең алдымен салалар нарығына кіру кедергілерін еңсеруге жәрдемдесуді қамтуы тиіс.

Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптерді дамыту бағдарламасы бизнес өкілдерімен кері байланыс шеңберінде жаңа өндірістерді ұйымдастыру, жаңа технологияларды енгізу мәселелері жөнінде бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылды болжайды.

Тау-кен-металлургия  саласын, химия  өнеркәсібін дамыту бағдарламасы бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға бағытталған.

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы жең өнеркәсiптің жоғары сапалы әрi кең ассортименттегi бәсекелi тұтыну тауарлары өндiрiсiн дамытуды нақты iске асырудың кезеңi болып табылады.

 

Қазақстан Республикасында бейімделуі мүмкін орын алып отырған проблемаларды шешу жөніндегі шетелдік оң тәжірибені шолу (салалардың жұмыс істеуін зерделеу тәжірибесі)

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, монополистік қызметке қарсы іс-қимылда және бәсекелестікті қорғауда толық және түпкілікті жеңіс болуы мүмкін емес. Сонымен қатар, монополияға қарсы реттеу жүйесі экономиканың дамуы және қайта құрылуынан қалмауы тиіс, әлемдік сауданың жаһандануын, экономикалық шекаралардың ашықтығын, сондай-ақ бизнес жүргізудің жаңа нысандарының пайда болуын ескеру қажет. Тез өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен жаңа функционалдық қажеттіліктерге бейімделудің қажеттілігі негізінде монополияға қарсы және салалық заңнаманы жетілдіру мақсатында алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені одан әрі зерделеу талап етіледі.

Халықаралық бәсеке желісінің (ХБЖ) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) құжаттары дамушы елдердің бәсекелестікті адвокаттандыруды басымдық етіп алуын ұсынады.

 

Жолаушылар  темір жол көлігін реформалаудың халықаралық тәжірибесі

Темір жолдарды реформалаумен барлық уақытта барша елдердің үкіметтері темір жол көлігі пайда болған кезден бастап айналысып келеді. Бірақ, алдағы құрылымдық қайта құрудың тәжірибесі көрсеткендей, жылжымалы құрамның меншік нысаны мен көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ көлік жұмысының тиімділігі арасында тікелей тәуелділік жоқ. Темір жолды реформалаудың жүйелі макроэкономикалық тиімділігіне келсек, оны бағалау айтарлықтай проблемалы.

Көліктің қандай да бір түрі қалай болғанда да, төлем қабілеттілікке сұраныс қамтамасыз етілген белгілі бір бәсекелестік тауашасын алғанда оң рентабельділікпен жұмыс істей алады. Бұл ретте, өз тауашасында көліктің бұл түрі жылдамдығы, жайлылығы және жол жүру бағасы арасындағы оңтайлы арақатынасқа ие болуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана темір жол көлігі басқа да жол жүру тәсілдері - авиация және автомобильмен сенімді бәсекелес бола алады.

Еуропалық Одақ. Еуроодақ елдерінде темір жол көлігін реформалау жалпы ырықтандыру және нарықтық тетіктерді қалыптастыру ұранымен өтеді. Реформаның барлық басты бағыттары 1996 жылы шығарылған ЕО-ның темір жол көлігі жөніндегі ақ кітабында жазылған. Еуропаның темір жолдарын өзгерту тұжырымдамасының негізгі ережелерінің ішінде мынадай бағыттар белгіленген:

темір жол қаржысын санациялау және қарыздарды есептен шығару;

жолаушыларды  тасымалдауды тоғыса қаржыландырудан бас тарту;

инфрақұрылымды мемлекеттік қаржыландыру;

темір жол инфрақұрылымына еркін қолжетімділік;

темір жолдарды техникалық универсалдау.

2005 жылы IBM Business Consulting мамандары  жүргізген                                    LIB 2004 зерттеуіне сәйкес темір жол тасымалдары нарығын ырықтандыруда айтарлықтай алға жылжыған елдердің ішінде ЕО-ның жеті мемлекеті және Швейцария бар.

ЕО-ға қатысушы елдердің үштен бірі көлік қызметтері нарығын ырықтандыру бағытында оң өзгерістерге қол жеткізді.

LIB индексіне сәйкес Ұлыбритания, Швеция, Германия, Нидерланды, Дания, Италия, Швейцария, Португалия – көлік қызметтерінің ырықтандырылған нарығын дамыту тұжырымдамасын іске асыру саласында едәуір нәтижелерге ие болған мемлекеттер. Аталған елдерде темір жол көлігі саласында мақсатты бағытталған саясат табысты жүргізілуде.

Италия  темір жолдарын бірқатар қайта құруда мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

капиталдың рентабельділігі екі есе ұлғайды;

еңбек өнімділігі 18%-ға артты;

ұсынылатын қызмет көрсетулердің спектрі кеңейтілді және сапасы жақсарды.

Италия темір жолдарын реформалау 2001 жылы басталған болатын. Қайта ұйымдастырылғаннан кейін темір жол құрылымы мынадай көрініс тапты. Мемлекеттік темір жол холдингтік компаниясы Trenitalia көлік компаниясынан және темір жол инфрақұрылымына иелік ететін Rete Ferroviaria Italiana (RFI) компаниясынан тұрады. RFI-ға темір жол салуды орындайтын TAV компаниясы кіреді. Trenitalia компаниясы алыс жолға жүретін жолаушылар тасымалы, өңірлік жолаушылар тасымалы, жүк тасымалдары және техникалық қызмет көрсету және жылжымалы құрамды пайдалануға беру бөлімшелерінен тұрады. Қалалық темір жолдары, вокзалдар, Italferr инженерлік компаниясы дербес құрылымдар болып бөлініп шықты.

RFI компаниясы оған мемлекет 2061 жылға дейін берген концессияның негізінде инфрақұрылымды басқарады. Инфрақұрылымдық компания жартылай бюджеттен қаржыландырылады. Бұл түсімдер тек қана күрделі құрылысқа бағытталған, ал ағымдағы шығындарды компания өзін-өзі қаржыландыру есебінен жабады. Мемлекеттік қаржыландыру мақсатты сипатта болады: бүгінде шамамен 100 миллиард еуро сомасына инфрақұрылым объектілерін салуға бес жылдық келісім-шарт жасалды.

Trenitalia операторы тоғыз мыңдай поезды пайдалануға береді. Компанияның табысы 2003 жылы 29 миллион еуроны құрады. Компания жылжымалы құрамды жаңғырту бағдарламасын, сондай-ақ қызметтерді кеңейту және сапасын арттыру бағдарламасын қамтитын стратегиялық даму тұжырымдамасын әзірледі. Бірінші бағдарлама шеңберінде жолаушылар көлігі қызметінің мерзімін 20 жылға ұзарту болжанады. Trenitalia ұсынылатын қызметтер спектрін тұрақты кеңейтеді: бұл көршілес еуропа елдеріне халықаралық тасымалдарды дамыту және «темір жол - теңіз» трансмодальды жүк тасымалдарын ұйымдастыру.

Қайта ұйымдастырудың мақсаты капитал рентабельділігін екі есеге                  (20%-дан 40%-ға дейін) арттыру, сондай-ақ жылдық табысты екі еселеу болып табылады.

Италия  темір жолдарының желісі 39 ауданға бөлінген. Жол жүру құны географиялық фактормен, тасымалдаудың ұзақтығымен және энергия тұтыну деңгейімен анықталады. Поездар қозғалысының жылдамдығы жоғары және халық тығыздығы үлкен аудандарда төлем артады. Жолаушылардың тарифтік мөлшерлемесі 1 километр үшін 4,5 еуроцентті құрайды, бұл басқа еуропа елдерінің көпшілігінің деңгейінен төмен.

Информация о работе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу