Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 17:37, дипломная работа
Курстық жұмысымның басты мақсаты «Кәсіпкерлік орта» деген тақырыпты ашу. Кәсіпкерлік орта деп аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы барлығына да тоқталуы керек деп ойлаймын. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді.
КІРІСПЕ……………………………………………………………….3
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдаудың кейбір -
мәселелері:……………………………………………………………………… 9
1.3. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.4. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12
ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі….14
2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері……………………...14
2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу……………………16
2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі…………………………19
2.4. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелері….............. 20
ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………...24
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………..24
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………………………………………………………………28
3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару……………………….30
3.4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары………………………….34
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..39
1) Кәсіпкерлікті қолдау және
дамытудағы мемлекеттік
қалыптастыру;
2) Кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
3) Инвестицияларды тартуға бағытталған шараларды жүргізу.
ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі
2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері
Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың
орта кезінде нарықта еркін
1). Бір
сала ішіндегі бәсекелестік –
бұл бір саланың тауар
2). Салааралық
бәсекелестік – бұл халық
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.
2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу
Монополияға
қарсы мемлекеттік реттеу нарықтық
экономика елдерінде
Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.
Монополияға қарсы реттеу жұмысына өндірісті шоғырландыру және монополиялау деңгейін реттеуге, кәсіпорынның стратегия және тактикасын, шетелдік экономикалық қатынастарды, баға және салықты реттеуге араласады. Монополияға қарсы комитеттің негізгі функциялары:
Билік органдарына және шаруашылық субъектілеріне тиым салынған іс-әрекеттер туралы мәліметтерді 1 – суреттен көруге болады.
Субъектілердің қызмет істеуіне тиым салу
Субъектілер қызметтеріне негізсіз кедергі жасау
Бір аймақтан екінші аймаққа тауар сатуға тиым салу
Кейбір сатып алушыларға бірінші кезекті қамсыздандыру
Жаңа субъектілерді құруда негізсіз кедергі жасау
Субъектілерге заңсыз салықтық және басқа жеңілдік беру
Шаруашылық субъектілерінің іс-әрекеті
Баға жасақтау тәртібін бұзу
Тауар жетіспеушілігін жасау мақсатында айналымнан тауарларды алу
Шартқа, тұтынушылар ынталанбайтын тауарларды кірістіру
Нарыққа шығуға кедергі жасау
Келісім шартында қолайсыз жағдайларды зорлап енгізу
Шартқа іс-әрекеттерін шектеуді енгізу
1 – сурет.
Билік органдары мен
Фирма, кәсіпорындардың жұмысы мәліметтерді құпиялауға заңды правосы бар, оны жариялау олардың ісіне үлкен нұқсан келтіруі мүмкін.
Кәсіпорын, кәсіпкерлер өздерінің істері туралы мәліметтерді құпияда сақтауға құқылы, оны жариялау нарықтағы орнына зиян келтіруі мүмкін.
Кәсіпкерлік
құпия – бұл өндірістік құпия,
ғылыми-зерттеу жұмысының
Кәсіпорындар туралы заңдар бойынша мемлекеттік органдарға мәлімет бермеуге құқықтары бар, егер коммерциялық құпия болатын болса. Сонымен бірге кәсіпорын мемлекеттік органдарға, мемлекеттік статистикалық мәліметтер, салық төлеу туралы, жылдық есептерді беруге тиісті.
Өкіметтің қаулысы бойынша коммерциялық құпияға жатпайтын мәліметтер тізімі беріледі. Олар: кәсіпорынды тіркеу құжаттары, тіркеу анықтамасы, патенттер, лицензиялар, бекітілген форма бойынша берілетін есептер, ол салықтың дұрыс есептеліп төленуін бақылау үшін және бюджетке түсетін түсімдер туралы мәліметтер, қызметкерлер саны мен құрамы, олардың жалақы қоры, еңбек жағдайы, бос жұмыс орны туралы және қоршаған ортаны сыныптау, т.б. мәліметтер жатады.
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы
Аталған кезеңде мемлекеттің қатысуымен тауар нарықтарын тексеру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік активтерді тиімсіз басқару туралы куәландыратын бірқатар проблемалар анықталды.
Бәсекелестігі жеткілікті дамыған (көлік қызметтері, сервистік сипаттағы қызметтер, құрылыс, баспахана және баспа қызметі) нарықтарда мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың көпшілігінде мемлекеттік органдардың қолдауы нысанында артықшылықтары бар, бұл оларға бәсекелестік күресте қосымша артықшылық тудырады.
Бүгінде мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарын құруы қалыпты болды, оларды ұстап тұруға жекелеген бюджеттік бағдарлама құрылады. Мемлекеттік органдар өзінің ведомстволық бағынысты кәсіпорындарына мемлекеттік тапсырыс берген кезде жеке меншік ұйымдардың қызметінен бас тарта отырып ықылас білдіреді.
Мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты кәсіпорындардан тауарларды, қызметтерді бір көзден сатып алу мүмкіндігін көздейтін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары «жасырын» монополияны құрды (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша республикалық мемлекеттік органдарға мемлекеттік сатып алуға бөлінетін 97%-ға дейінгі сома олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына келеді екен).
Сонымен бірге, бәсекелестікті шектеуден тыс бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану процесі жүріп жатыр.
Мемлекеттік кәсіпорындардың жартысынан көбі залалды немесе нөлдік нәтижеге ие. Мемлекеттік кәсіпорындарды ұстауға арналған мемлекет жұмсаған сома бюджетке мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінен түскен дивидендтер сомасынан бірнеше есеге асып жығылады. (2008 жылдың қорытындысы бойынша: оларды ұстауға мемлекет жұмсаған сома – 87.5 млрд. теңге орнына 1,52 млрд. теңге дивиденд түсті).
Көрсетілген проблема себептерінің бірі мемлекеттік менеджерлерде мемлекеттік кәсіпорындарды тиімді басқару ынтасының болмауы болып табылады. Мемлекеттік компаниялардың бюджеттік қаражатты мақсатсыз жұмсауы, қосымша бюджет қаражатын алу мақсатында шығындарды жасанды ұлғайтуы орын алды. Ақыр соңында мұндай бейінсіз шығындар мемлекеттік кәсіпорындар көрсететін қызметтер тарифінің өсуіне келеңсіз әсер етеді.
Сонымен қатар қазіргі уақытта мемлекеттік кәсіпорындар көрсететін қызметтердің тарифін мемлекеттік реттеу жөніндегі, оның ішінде мемлекеттік монополия саласында уәкілетті орган жоқ. Бұдан басқа, заңнамалық деңгейде мемлекеттік кәсіпорындардың бірыңғай тариф белгілеу әдістемесі бекітілген жоқ.
Мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлері көп жағдайда «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмейді және құру мақсаты мен қызметтің жарғылық түрлеріне жауап бермейді. Кәсіпорынның қызметі жиі қайталанбайды, заңда тікелей тыйым салынған мемлекеттік органның функциялары орындалады.
Информация о работе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу