Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 17:37, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның басты мақсаты «Кәсіпкерлік орта» деген тақырыпты ашу. Кәсіпкерлік орта деп аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы барлығына да тоқталуы керек деп ойлаймын. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………….3

І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6

1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6

1.2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдаудың кейбір -

мәселелері:……………………………………………………………………… 9

1.3. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10

1.4. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12



ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі….14

2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері……………………...14

2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу……………………16

2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі…………………………19

2.4. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелері….............. 20



ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………...24

3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………..24

3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………………………………………………………………28

3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару……………………….30

3.4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары………………………….34

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………76



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..39

Файлы: 1 файл

готовое (восст).docx

— 382.67 Кб (Скачать)

4. Кәсіпкер  – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін  істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген  жөн. Кәсіпкер тек қана өз  уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін  тәуекелге салмайды, сонымен бірге  өндіріске кеткен өзінің және  өзінің серіктестерінің немесе  акционерлердің қаржыларын тәуекелге  салады.

Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда  табу. Өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.

  1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
  2. Жер, су бергеніне рента алады.
  3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
  4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.

Экономикалық  ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл «шығын-өнім»  мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім бірлігіне  шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық ресурстарды  тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол үшін ресурстарды  толық іске қосып толық қамтуға  және өндіріс көлемін толық қамтамасыз ету қажет. «Толық қамтылу» деген  пайдалануға жарамды барлық ресурстарды  іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы  керек; егіске жарамды жерлер, күрделі  жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар еңбек  ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б. яғни ел байиды, нарық  тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы бар «шығын болмай, тығын болмайды»  деген. Қоғамның өмір сүру негізін материалдық  өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.

Кәсіпкер  өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор болып  ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға  пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге  кәсіпкерлік пайда.

Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің  өндірген қосымша құны бүкіл қоғам  мүддесіне жұмсалады, ал екіншісінде  – қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік  пайдаға.

Жаңа  қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын даярлау  керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім  керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің  болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер  шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек.

 

1.2. Кәсіпкерліктің түрлері

Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын  қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.

Меншік  түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.

Ұжымдар (қоағмдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті  қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде  болады.

Кәсіпкерліктің  ұжымдық-экономикалық формалары.

Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау  пакеттерін сатып алады.

Ассоциация  – экономикалық дербес кәсіпорындардың  ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

Консурциум  – бұл ірі қаржы операцияларын  істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін  тауар сатуға біріктіру.

Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері  жөнінде келісім.

Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Қазір Қазақстанда  мынадай ұжымдық-құқықтық формалары  кәсіпкерліктер құрылуда.

  1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
  2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
  3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
  4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
  5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
  6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
  7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

 

 

 

 

1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні  және түрлері

Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік  істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік  болжамдылық жетістікке жетуге кедергі  болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы»  заңда жазылғандай кәсіпкерлік  іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру  құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше  әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға  істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы  мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз  шығындарды жабуға керекті қаражатты  кезекке ұстау.

Тәуекелдің  жұмыс тапсырушы мен жұмысты  орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы  концептуалды моделін.

Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

Өндірістік  тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл  тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген  көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей  ықпал жасайды.

Коммерциялық  тәуекел – бұл кәсіпкердің  сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім  жағдайында бағаның төмендеуін, тауар  өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық  тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік  ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім  тәуекелділік шарттасушылардың бір  жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.

Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық  тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының  немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды  серіктестіктерді неғұрлым көп тарту  үшін тәуекел талдау жасайды.

Тәуекелді талдаудың схемасы:

  1. Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
  2. Айқындалған факторларды талдау.
  3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін  анықтау.

  1. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
  2. Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
  3. Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.

Екінші  басты мәселе тәуекелден келетін  зияндар түрлерін анықтау.

  1. Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
  2. Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.
  3. Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т.б.
  4. Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.
  5. Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.
  6. Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т.б.

 

                         1.4. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУДЫҢ      

                                                                       КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Мемлекет  кәсіпкерлік қатынастарды реттей отырып, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына әсер етудің сан алуан түрлері мен тәсілдерін пайдаланады. Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі қоғамдық мүдделерді қорғау қажеттілігінен туады, себебі тек мемлекет қана өз органдары атынан қоғамдық мүделерді қорғай алады және қорғауға тиіс. Кәсіпкерлікті мемлекттік реттеу жүйесінің қалыптасуы көптеген бағыттар бойынша жүреді. Солардың кейбірін қарастырайық:

1. Кәсіпкерліктің қызмет етуі  мен дамуын құқықтық қамтамасыз  ету

жүйесін қалыптастыру.

Осы кезеңде заң актілерінің  жоғарғы сапасын  – олардың  арасындағы

қарама-қайшылықты жою, мүмкіндігінше оларды тікелей ықпал ететін заң  актілеріне айналдыру керек, оларды өткізу тетіктерін қарастыру,

кәсіпкерлердің  құқығына  кепілдік  беру,  оларды  бұзған  кездегі

жауапкершіліктің  экономикалық және басқа жақтарын қамтамасыз ету

маңызды.

2.  Қазіргі заманғы кәсіпкерлікті  қолдау мен қаржылықты қамтамасыз

етудің  маңызы. Мұндай жүйе салық салу, кредиттеу, сақтандыру, қаржыландыру, өтемақы және т.б. туралы саясатты сапалы жетілдіруді талап етеді.

3. Кәсіпкерлікті, кадрларды даялау  бойынша жүйелерді, маркетингтік

орталықтарды, бизнес орталықтарын және бизнес инкубаторларын,

кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамысыз етуді қалыптастыру.

Кәсіпкерлік барлық өнеркәсібі дамығын  елдерде үкіметтік қолдауға ие.

Оның мәні үш бағытта нақты шараларды әзірлеуге әкеледі:

- Кеңес беру (әсіресе, алғашқы  кезеңде ). АҚШ-та, мысалы Шағын бизнес бойынша үкіметтік агенттіктің аймақтық бөлімі жұмыс істейді.

- Қаржылық қолдау көрсету.

-Қаржылық қатынастарда күші  аз кәсіпкер құрлымдарға ғылыми-

техникалық немесе технологиялық  көмек көрсету.

Кейбір экономистер осы уақытта кәсіпкерлер кездесетін негізгі

қиыншылықтарды мыналар деп есептейді: Мырзағарина Г.А., Исламғалиева Г. Ж., Мустафина Г.Қ. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдаудың кейбір мәселелері .

АқМУ ХАБАРШЫСЫ,  заң ғылымдар сериясы,  2011 №4 (49). 96

- кәсіпкерлік құрлымының қызметі  туралы заң базасының тұрақсыздығы  мен жетілдірілмеуі;

- қатал салық прессингі (салмағы)  және салық салудың күрделенген  жүйесі;

- алғашқы капитал мен өзінің  айналымдық қаржысының жетіспеушілігі;

- банк кредиттерін алудағы қиындықтар;

- криминалдық құрлымдардың қысымы;

- ғимараттың және оны жалға алу бағасының жоғарлығы;

- лизингтік қызмет көрсетудің  шектеулі мүмкіндігі.

Кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі бүгінгі күні пайдасын әлеуметтік жобаларға инвестициялау және қайырымдылық жасаумен шектелмейді. Одан туған өлкесінің келешек жоспары мен проблемаларын, тұрмыстық қатынастарын түсінуді және өз аймағын дамытуға қомақты үлес қосқанын күтеді.

Кәсіпкерлікті, оның ішінде жеке кәсіпкерлікті  мемлекеттік реттеу

маңызды орынға ие. Қолданыстағы жеке кәсіпкерлік туралы заңдарда жеке  кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары ретінде:

1) жеке кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар туғызу;

2) мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын жеке кәсіпкерлікті әкімшілік басқаруды енгізу жолымен қорғау шаралары көрсетілген.

Информация о работе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу