Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 17:37, дипломная работа
Курстық жұмысымның басты мақсаты «Кәсіпкерлік орта» деген тақырыпты ашу. Кәсіпкерлік орта деп аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы барлығына да тоқталуы керек деп ойлаймын. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді.
КІРІСПЕ……………………………………………………………….3
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдаудың кейбір -
мәселелері:……………………………………………………………………… 9
1.3. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.4. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12
ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі….14
2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері……………………...14
2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу……………………16
2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі…………………………19
2.4. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелері….............. 20
ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………...24
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………..24
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………………………………………………………………28
3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару……………………….30
3.4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары………………………….34
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..39
Әлемдік бағаның өсуі және мұнай өңдеу саласының пайдалылығының ұлғаюы Сауд Арабиясы, Ирак, Қытай, Үндістан сияқты және т.б. мұнай өндіруші елдерде қайта өңдеудің жаңа қуаттарын белсенді салуға және енгізуге ықпал етті.
Мұнай өңдеу сегментінде сандық теңсіздіктен тыс, сұраныстың сапалық өзгеруі белгіленді (отын бойынша жаңа, неғұрлым қатаң техникалық шарттарды енгізудің нәтижесінде бензин, дизель отыны және реактивті отынның барынша жеңіл сорттарына қарай ауыстыру). Сонымен бірге, ағымдағы он жылдықта жаңа МӨЗ салу және тек ашық түсті мұнай өнімдерін шығаруды ұлғайтуға бағдарланған жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғырту күңгірт түсті мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жағдай жасады.
Осылайша, әлемдік мұнай өнімдері нарығындағы теңсіздікті талдау екі фактордың (сұраныстың өзгеріп отыратын құрылымы және экологиялық талаптарды қатаңдату) әсерінен мұнай өңдеу қуатының өңірлік орналасуын өзгерту үрдісін қалыптастыру туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік берді).
Көмір нарығын дамытудың халықаралық тәжірибесі. Әлемдік энергетика нарығында газдан көмірге көшу жүріп жатыр. 2007 жылдан бастап 2025 жылдар кезеңінде әлемде көмірді тұтыну орта есеппен жылына 1,5%-ға артатын болады.
Халықаралық
көмір
институтының
деректері бойынша көмірді
негізгі экспорттаушылар
Австралия (2007 жылы 231
млн. тонна),
Бүгінде дамушы елдер көмірге сұранысты талап етуде, бірінші кезекте Қытай және Үндістан, оларда қазіргі уақытта белсенді экономикалық өсім байқалуда.
Әлемдік көмір нарығы мұнай және газ нарықтарынан гөрі бәсекелес нарық болып табылады, өйткені көмір кен орны және өндіру орны барлық континенттер мен әлем өңірлерінде орналасқан. Көмір экспортымен көптеген елдер айналысады. Алайда әлемдік көмір экспорты мен көмірге әлемдік баға қалыптастыру «ауа райын» үлесіне барлық экспорттық жеткізілімдердің 70-80%-ы тиесілі бес ел жасайды, олар Австралия, Индонезия, Ресей, Қытай және ОАР.
Қазіргі уақытта Еуропада қолда бар көмір қорының 15%-ға жуығы негізінен Германия мен Польшада шоғырланған. Алайда қазіргі заманғы талаптарда ЕО-да көмір өндіру онша рентабельді емес, бұдан басқа, Еуропада көмірді экологиялық лас шикізат деп санайды.
Сонымен бірге, жетекші көмір өндірушілер - АҚШ және ҚХР көмірді экспорттаушылар әрі импорттаушылар болып табылады.
Азық-түлік тауарлары нарығын дамытудың халықаралық тәжірибесі
Халықаралық саудада азық-түлік тауарларына жер бөлу, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау және теңіз кәсіпшілігі, сондай-ақ олардың негізінде алынған жартылай дайын өнімдер және бірқатар дайын өнімдер жатады.
Әлемдік азық-түлік нарығында негізгі орындарды дәнді дақылдар және оларды қайта өңдеу өнімдері, тұқым майы, өсімдік майы, майлар, шроттар, жеміс-көкөністер, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, кофе, какао, шай, қант, балық және теңіз өнімдері иеленеді. Соңғы жылдары қолдануға дайын азық-түлік саудасының барынша тез өсуінің ашық үрдісі байқалуда.
Әлемдік нарықта көптеген азық-түлік тауарларын сату биржаларда жүзеге асырылады, биржадан тыс саудадағы мұндай тауарлардың бағасы биржалық белгілеулермен (бидай, жүгері, кофе, қант, кейбір тұқым түрлері және т.б.) бағдарланады. Кейбір тауарлар оларға (балық, шай, жеміс, жидек және басқалар) әлемдік бағаны айқындайтын аукциондарда сатылады.
Жекелеген азық-түлік тауарлары үшін әлемдік бағаны негізгі импорттаушылардың немесе экспорттаушылардың импорт немесе экспорт бағалары білдіреді. Мысалы, жаңғақ, кептірілген жидек, бал бағалары Лондон нарығында, азық-түлік, жеміс-жидектің кейбір түрлеріне - Париж көтерме сауда нарығында немесе Германияның импорт бағалары бойынша айқындалады.
Азық-түлік бағасы көптеген басқа тауарларға ұқсас түрлі сорттардың, сауда орталықтарының болуына, сондай-ақ жеткізудің түрлі мерзіміне және басқаларға байланысты көптігімен сипатталады. Жасанды және синтетикалық алмастырушылар (бұл көбінесе ауыл шаруашылығы шикізатына жатады) тарапынан бәсекелестік бағаға үлкен әсерін тигізеді. Осының әсерінен баға табиғи және синтетикалық тауарлардың бағасына жақындайды, бұл ретте соңғылары жиі ретте табиғи өнімдерге баға реттеуші болады.
Әлемдік бағалар серпіні елеулі дәрежеде ішкі сауда саясатына тәуелді, себебі азық-түлік тауарлары үшін ішкі нарықтарды айтарлықтай қатаң тарифтік және тарифтік емес қорғау және өнеркәсібі дамыған елдерде экспортты кең субсидиялау тән.
Үкіметтер бұл жағдайға көптеген тәсілдерді пайдалана отырып, түрлі ден қояды.
Азық-түлік тауарларына жоғары бағаларға қатысты алаңдаушылық бірқатар елдерді, оның ішінде Гондурас, Үндістан, Индонезия, Молдова, Филиппин және Ресейді бағаға бақылау белгілеуге, тауарлардың кейбір түрлерін экспорттауға субсидияны және тыйым салуды енгізуге мәжбүрледі.
Азық-түлік, басқа да шикізат тауарларына бағаның үлкен ауытқуына байланысты нарықтарды тұрақтандыру шаралары мемлекетаралық деңгейде қабылдануда. Экспорттаушылар және импорттаушылар қатысатын халықаралық тауар келісімдері экспорттық квоталар, буферлік қорлар және басқа да тетіктердің көмегімен кофе, какао, қант, бидай және басқалардың, экспорттаушы елдер қауымдастықтары - бұрыш, банан және басқалардың бағасын реттеуге тырысады.
Ресей ішкі нарықты қорғау үшін маусымдық әкелу бажын пайдаланатынын атап өту керек, яғни отандық егін жинау кезінде қант қызылшасынан қант өндіруді ынталандыру үшін шикі қантқа кеден бажын арттырады.
Қазақстанның электр энергетикасы бөлшек сауда нарығын дамыған елдердің нарықтарымен салыстыру басқа елдерде бір жерде бірнеше электрмен жабдықтаушы ұйымдардың бәсекелесетінін және тұрмыстық тұтынушының электр энергиясын жеткізушіні еркін таңдау мүмкіндігі болатынын, сонымен қатар Қазақстан өңірлерінің көпшілігінде бөлшек саудада электрмен жабдықтаумен бүкіл облыс үшін бір ғана кәсіпорын айналысатынын немесе нарық аудандар бойынша бөлінгенін көрсетті.
2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі
Республикамыз үшін шағын
бизнестің негізін қалау
Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи – мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа бизнеске, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақталған үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі – тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде де айтарлықтай жаңа құбылыс, сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу қажет.
Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:
Маркетингтік көмектің мәні
– бұл франчайзи тарапынан
франчайзердің жақсы танылған және
айтарлықтай кең ауқымды
Франчайзингтік қарым – қатынастардың жүйесі
Артықшылық
Оқыту және дайындау
Қаржылық көмек
Маркетингтік көмек
Басқарудағы көмек
Шапшаң көмек
Сәтсіздіктің төмен проценті, тәуекел деңгейінің төмендеуі
Кемшіліктер
Франчайзингтік төлем
Өсімді шектеу
Информация о работе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу