Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 17:37, дипломная работа
Курстық жұмысымның басты мақсаты «Кәсіпкерлік орта» деген тақырыпты ашу. Кәсіпкерлік орта деп аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы барлығына да тоқталуы керек деп ойлаймын. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді.
КІРІСПЕ……………………………………………………………….3
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдаудың кейбір -
мәселелері:……………………………………………………………………… 9
1.3. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.4. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12
ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі….14
2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері……………………...14
2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу……………………16
2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі…………………………19
2.4. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелері….............. 20
ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………...24
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………..24
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………………………………………………………………28
3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару……………………….30
3.4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары………………………….34
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..39
Мемлекеттік реттеу түрлерін жіктеу экономиканың әр түрлі
салаларында қандай да бір қатынастарға мемлекеттің ықпал ету дәрежесіне
негізделеді, яғни экономиканы мемлекетік реттеудің ең жоғарғы, орташа
және ең төменгі деңгейін бөлуге болады. Ең жоғарғы деңгейі мемлекеттік
реттеудің барлық немесе көпшілік құралдарын пайдалану болып табылады.
Мемлекеттік реттеудің ең төменгі деңгейі шығармашылық қызметке
байланысты кәсіпкерлікті реттеуге бағытталған.
Мемлекеттік реттеу түрлерін аумақтық белгісі бойынша, яғни ықпал ету
құралдарының қандай да бір түрлерін қолдану аумағына байланысты
жіктеуге болады. Соған байланысты мемлекеттік реттеуді республикалық
деңгейде, аймақтық деңгейде, жергілікті деңгейде болады. Сонымен қатар ықпал етудің қолданылатын тәсілдерінің сипатына қарай, тікелей және тікелей емес (жанама) мемлекеттік реттеуді бөліп қарауға
болады. Тікелей мемлекеттік реттеу реттеудің әкімшілік (биліктік) әдістерін
пайдалануға негізделген, ал жанама мемлекеттік реттеу ықпал етудің
экономикалық әдістерінің
Кәсіпкерлікті қолдауға тоқталар болсақ, бүгінде ел экономикасының
қозғаушы күшіне айналған шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет
тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі. Қазіргі уақытта
кәсіпкерлер қауымы жақсы білетін «Даму» қорының жұмысы дағдарыстан кейінгі дамуға бет алған шағын кәсіпкерлік үшін орны ерекше десек, артық айтқандық емес. Мырзағарина Г.А., Исламғалиева Г. Ж., Мустафина Г.Қ. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдаудың кейбір мәселелері .
АқМУ ХАБАРШЫСЫ, заң ғылымдар сериясы, 2011 №4 (49).97
«Даму» қоры туралы айта кетсек: 1997 жылы еліміздегі шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін
ынталандыру, сондай-ақ шағын бизнеске қолдау көрсету үшін мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыны тиімді пайдалану мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ құрылған болатын.
Атап айта кету керек, 2002-2007 жылдар аралығында Қор қаржылай-кредиттік бағдарламалары бойынша
барлығы 1 334 млн теңгеге 146 жобаны тікелей қаржыландырды. Осы
қаржыландырылған жобалар бойынша қор филиалының қарыз портфелі 89
жоба бойынша 611,8 млн теңгені құрайды. 2006 жылғы қыркүйектен қор «Қазына» тұрақты даму қоры АҚ акционерлік холдингінің құрамында жұмыс істесе, 2008 жылдың қазан айынан бастап «Даму» қорының жеке-дара акционері болып табылатын
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұлтық басқарушы холдингінің
құрамында жұмыс істей бастады. 2007 жылдан бастап Қор тікелей несие
беруді тоқтатып, тұрақтандыру бағдарламасы негізінде жұмыс істеуге көшті.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры қаржы агентінің қызметін атқарады, яғни пайыздық жүктемені субсидиялау үшін банктерге қаржы аударады, несиеге белгілі бір мөлшерде кепілдеме береді және бағдарламаның жүзеге асуына мониторинг жүргізіп отырады. Айта кету керек, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт – жаңа бизнес бастамаларды қолдау, екіншісі – кәсіпкерлік секторды сауықтыру, үшінші бағыт – экспортқа өнім шығаруға бағдарланған кәсіпорындарды қолдау. Аталған үш бағыт шеңберінде кәсіпкерлердің 3 млрд теңгеден аспайтын, жылдық пайыздық мөлшерлемесі 14 пайыздан аспайтын жаңа және бұрыннан ба несиелері қарастырылады. Ал кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15 пайыздан төмен емес мөлшерде ақшалай немесе 25 пайыздан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Бірінші бағыт шеңберіндегі мемлекеттік қолдау кәсіпкерлерге банктер берген несиелердің пайыздық мөлшерлемесінің белгілі бір бөлігіне субсидия беру, банктердің жаңадан беретін несиелерін ішінара кепілдендіру және өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту, бизнес жүргізуге сервистік қолдау арқылы көрсетілетін болады. Бұдан өзге 2011 жылдан бастап кадрлар даярлау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыру шаралары атқарыла бастамақ. Мұндағы мақсат
аймақтарда кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру және маңызы бар жаңа жобалардың іске қосылуына жәрдемдесу. Банктер мен Өңірлік үйлестіруші кеңестерге өз жобаларының өміршеңдігін дәлелдей алған кәсіпкерлердің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 14 пайыздық несие алуына мүмкіндігі бар, Мырзағарина Г.А., Исламғалиева Г. Ж., Мустафина Г.Қ. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдаудың кейбір мәселелері .
АқМУ ХАБАРШЫСЫ, заң ғылымдар сериясы, 2011 №4 (49).98
ал мемлекет тарапынан оның бір бөлігіне өтеусіз субсидия беру арқылы жеңілдік жасалады. Несие ауыртпалығын жеңілдету үшін 14 пайыздық үстеменің 7 пайызын мемлекет, қалған 7 пайызын кәсіпкер өз міндетіне алады. Биылғы жылдың қаңтарынан бастап жылдық мөлшерлемесі 14 пайызбен қолданыстағы несие үшін де субсидия алу мүмкіндігі қарастырыла бастады.
Екінші бағыт бойынша кредиттік берешегі бар іскерлердің бұрын алған
қарыздарының пайыздық мөлшерлемесіне ішінара субсидия беріліп, олардың
сауықтырылуына жағдай жасалмақ. Яғни субсидия борышкер-кәсіпкерлердің
бұрынғы кредитінің пайыздық мөлшерлемесін төмендету үшін беріледі.
Мемлекет даму бағыты айқын компанияларға кредит беру үшін пайыздық мөлшерлемесінің белгілі бір бөлігін өтеп беру арқылы көмектесуге ниет білдіріп отыр. Осындай кәсіпкерлерге салық төлеу және бюджетке өзге де міндетті төлемдер бойынша өсімпұлы есептелместен мерзімін үш жылға
дейін шегеру мүмкіндігі беріледі. Бұл жерде тек жеке табыс салығын төлеуді
шегеруге рұқсат етілмейді. Бұдан бөлек кәсіпорындарды сауықтыруға, оның
ішінде
Қазақстан қор биржасына
ішкі
кредиторлар алдындағы
шаралар қарастырылған.
Үшінші бағыт бойынша мемлекет өз өнімін шетке шығаратын
кәсіпкерлердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің 14
пайызының 8 пайызына қаржылай көмек берілетін болады. Яғни шетелге
тауар шығарушы тек 6 пайыздық мөлшерлемені ғана төлейді. Тау-кен
өнеркәсібі, минералды шикізаттарды өңдеумен айналысатын металлургия
өнеркәсібі кәсіпорындары және ірі салық төлеушілер тізбесіне кіретін салық
төлеушілерден бөлек, экономиканың барлық секторында өндіретін өнімнің
10 пайыздан
астамын шетке шығарушы
бағытының қатысушылары бола алады [4].
Кәсіпкерлікті қолдау құрылымына тоқталар болсақ:
- Жеке кәсіпкерлікті қолдау
саласындағы Қазақстан
мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық
өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта
классты қалыптастыруға бағытталған;
- Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының
индустриалды- инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген;
- Кәсіпкерлікті қолдау
дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.
Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлік саласындағы
мемлекеттік саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру мен қатар мемлекет жағынан кәсіпкерлікті қаржылай, ақпараттық-талдау және матриалдық-Мырзағарина Г.А., Исламғалиева Г. Ж., Мустафина Г.Қ. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдаудың кейбір мәселелері .
АқМУ ХАБАРШЫСЫ, заң ғылымдар сериясы, 2011 №4 (49).99
техникалық жағынан қолдау функциясын атқарады. Мемлекет аталған
қолдаудың барлық түрін атқарушы органдар арқылы, көптеген жергілікті және аймақтық деңгейде қабылданған бағдарламалар арқылы, және соған лайықтап мемлекеттік капиталы қатысуымен арнайы құрылған мекемелер арқылы жүзеге асырады.
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi бағыттары мынадай:
1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай негiзгi бағыттар
бойынша жүзеге асырылады:
- жеке кәсiпкерлiктi реттеу мәселелерi жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру;
- жеке кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды,
технологиялық парктердi, индустриялық аймақтарды және жеке кәсiпкерлiк
инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн құру және дамыту;
- бюджет қаражаты есебiнен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн
оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету.
2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту:
- мемлекеттiк органдардың жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын
зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу
институттарын құру;
- орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы
сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
- жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру;
- бизнес-инкубаторлардың және
ұйымдастыру;
- жер учаскелерiн, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-
жайларды Қазақстан
3. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мыналарды:
-шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық,
статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды
пайдалануы үшiн жағдайлар жасауды;
- шағын кәсiпкерлiктi дамытудың мемлекеттiк, салалық (секторальдық)
және өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеудi;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң және таратудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеудi;
- оңтайлы салық салу режимiн белгiлеудi;
- шағын кәсiпкерлiкке кредит берудiң бағдарламаларын қабылдауды; -
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде
шетелдiк инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесiн жасауды;
- мемлекеттiк мұқтаждар үшiн тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн
қызметтердi) сатып алудың кепiлдендiрiлген
көлемiн қамтамасыз етудi; Мырзағарина
Г.А., Исламғалиева Г. Ж., Мустафина Г.Қ.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік
АқМУ ХАБАРШЫСЫ, заң ғылымдар сериясы, 2011 №4 (49).100
- жұмыс iстеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтiк
ұйымдар мен шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың ақпараттық
жүйелерiн дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруды қоса
алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша жүзеге
асырылады [2]. Сонымен, қорытындылай келе, бүгінде ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдау
қоғамымыздағы маңызды құбылыс. Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің және қолдаудың объективті қажеттілігі қоғам мүдделерін қорғау
қажеттілігінен туады, себебі тек мемлекет қана өз органдары атынан
қоғамдық мүделерді қорғай алады және қорғауға тиіс. Жеке кәсіпкерлікті
қолдау
саласындағы Қазақстан
жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға
ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға
бағытталған. Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының
индустриалды-инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі
ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.
Мемлекет қазіргі кезде шағын және орта бизнесті заман талабына сай
өзіне тән икемділігін, ұтқырлығы мен нарықтық объективтілігін
инновациялық экономикадағы өз орнын табуға жұмсауы керектігін
түсіндіреді. Кәсіпкерлердің бастамаларын жүзеге асыруға қолайлы жағдай
жасау және Президент қойған мақсаттарды іске асыру мақсатында Үкімет
жергілікті органдарда әкім аппаратының жанынан Кәсіпкерлер істері
жөніндегі Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс»
ұйымдастыру схемасын іске асырды.
Кәсіпкерлікті қолдау және реттеудегі негізгі мақсаттар:
Информация о работе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу