Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 17:37, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның басты мақсаты «Кәсіпкерлік орта» деген тақырыпты ашу. Кәсіпкерлік орта деп аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы барлығына да тоқталуы керек деп ойлаймын. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………….3

І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6

1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6

1.2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдаудың кейбір -

мәселелері:……………………………………………………………………… 9

1.3. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10

1.4. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12



ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі….14

2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері……………………...14

2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу……………………16

2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі…………………………19

2.4. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелері….............. 20



ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………...24

3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………..24

3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………………………………………………………………28

3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару……………………….30

3.4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары………………………….34

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………76



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..39

Файлы: 1 файл

готовое (восст).docx

— 382.67 Кб (Скачать)

4. Кәсіпкерліктің сыртқы  экономикалық қызметін мемлекеттік  қолдау және ынталандыру (сурет  6).

Кәсіпкерлік құрылымдардың  сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайларды  қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік  органдардың қызметі сыртқы экономикалық байланыстарды реттеуге, барлық кәсіпкерлер  үшін теңдей жағдай жасауға және олардың  шетелдік капиталды алып, тиімді қолдануын  қамтамасыз етуге бағытталу керек.

 

 

 

 

 

Сыртқы экономика-лық байланыс-тарды реттеу


Сыртқы сауда қызметін дербес жүргізу  құқығын беру

Импорттық, экспорттық өнімдерді  шығаруға лицензия беру

Ішкі нарыққа бағытталған  өндірістерді мемлекеттік несиемен қамтамасыз ету, жеңілдетілген салық жүйесін қолдану

Шағын және орта бизнестегі шетелдік инвестиция-ларды сақтандыру ерекшеліктері-не қосымша тәртіпті орнату


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 6. Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы

 

Ескерту: автор  құрастырған.

 

Осыған байланысты төмендегідей шараларды атқару ұсынылады:

  • шағын және орта кәсіпорындарға шетелдік серіктестерімен іскерлік 
    байланыстарды орнатып, ортақтаса бизнес жүргізуіне және лизингтік 
    компаниялардың қатысуымен шетелдік технологиялар мен құрал-жабдықтарды (ноу-хау) кешенді түрде жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыруына қолдау көрсету, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субъектісіне сыртқы сауда қызметін дербес жүргізу құқығын беру;
  • шағын және орта бизнесті дамытудың басты бағыттары бойынша 
    техникалық-экономикалық негіздермен қамтамасыз етілген инвестициялық 
    жобаларға жеңілдетілген шетелдік несие беру жолдарын қарастыру;

• экспорттық тауарларды өндіретін  кәсіпорындарды ынталандыру 
шараларын атқару және импорттық, экспорттық өнімдерді шығаруға 
лицензия бере отырып, кәсіпкерлік құрылымдарға жеңілдік жасау;

• ішкі нарыққа бағытталған  өндірістерді мемлекеттік несиемен көптеп 
қамтамасыз ету және жеңілдетілген салық жүйесін қолдану;

• шетелдік инвестициялар  туралы заңдарда шағын және орта бизнестегі шетелдік инвестицияларды сақтандыру ерекшеліктері жөнінде қосымша  тәртіпті орнату.

5. Кәсіпкерлік қызмет  құрылымдарында жұмыс істейтін  қызметкерлерді дайындау (сурет  7).

Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарын қалыптастырудың ең маңызды элементі нарықтық экономикалық білімі бар мамандарды дайындау болып табылады. Әрбір кәсіпкер табысқа жету үшін маркетинг, қаржылық менеджмент, бизнесті басқару және т.б. пәндерді жетік білу тиіс. Мұнымен  қоса, кәсіпкерлік қызметтің өте  қажетті, абыройлы және пайдалы іс екендігі жөнінде қоғамдық ой-пікірді қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік білім беру шараларын  жүзеге асыру керек.

 

Кәсіпкерлік-тің негізгі бағыттары бойынша оқытушы мамандарды жетілдіру


Оқу бағдарламаларына бизнес және кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарды енгізу

Кәсіби деңгейін жақсарту үшін мамандар арасында конкурс өткізу жүйесін орнату

Шетелдік ғылыми орталықтар мен компанияларда білім алу

Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындау


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 7. Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындаудың схемасы

Ескерту: автор  құрастырған.

 

Осыған байланысты білім  және кеңес беру орталықтарын ұйымдастыру  арқылы төмендегідей міндеттерді атқару көзделуде:

  • кәсіпкерліктің негізгі бағыттары бойынша оқытушы мамандарды 
    жетілдіру;
  • кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін кызметкерлерді 
    дайындау;

• шетелдік ғылыми орталықтар мен компанияларда білім алу  және кәсіби деңгейін жақсарту үшін мамандар арасында конкурс өткізу.

Үкіметтің нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  саясатының маңызды міндеті - жастарды білім беру жүйесінің барлық кезеңдерінде бизнесті жүргізу біліктілігіне  баулу болып табылады. Осыған байланысты, оқу бағдарламаларына бизнес және кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарды енгізу жөнінде ұсыныс жасау көзделуде.

6. Кәсіпкерлікті ақпараттық  және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан  қолдау (сурет 8).

Нарықтық инфрақұрылымның  ажырамас бөлігі болып табылатын  акпараттық қамсыздандыру ісінің кәсіпкерлікті  дамытудағы орны ерекше. Сондықтан  ақпараттық қамсыздандыру мен құқықтық, статистикалық, ғылыми-әдістемелік, конъюнктуралық және ұйымдық қызметтерді қамтитын мемлекеттік жүйені орнату; әрбір  потенциалды кәсіпкерді барлық қолданыстағы заңдық актілер, нормативті құжаттар, экономикалық және конъюнктуралық мәліметтер туралы хабардар етуге мүмкіндік  беретін кеңейтілген ақпараттық орталықтар жүйесін құру қажет. Мұндай орталықтар барлық жергілікті әкімшіліктер құрамынан ашылып, республикалық  және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуы  тиіс. Кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дамыту үшін шетелдік тәжірибеге негізделген ғылыми-әдістемелік оқу құралдары мен материалдарын басып шығару керек. Қазіргі таңда шаруашылық-қаржылық қызметті реттейтін, қолданыстағы заңдық және нормативтік актілер пакеті мен өзге де жарғы, келісім-шарт секілді құжаттарды бір орталықтан жариялау сәті туындап отыр.

Ақпараттық қамсызданды-ру, құқықтық, статистикалық, ғылыми-әдістемелік, конъюнктура-лық және ұйымдық қызметтерді қамтитын мемлекеттік жүйені орнату


Кеңейтіл-ген ақпарат-тық  орталық жүйесін құру

Орталықтар, әкімшіліктер құрамынан  ашылып, республика-лық және жергілікті бюджет есебінен қаржылан-дырылу

Шетелдік тәжірибеге негіздел-ген  ғылыми-әдістеме-лік оқу құралдары мен материал-дарын басып шығару

Заңдық және норма-тивтік актілерді бір орта-лықтан жария-лау

Қоғам-дық ойды қалып-тастыру, жағым-ды имиджді құру


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 8. Кәсіпкерлікті ақпараттық және

ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан қолдаудың схемасы

Ескерту: автор  құрастырған

 

Қоғамдық ойды қалыптастыру және жағымды имиджді құру үшін бұқаралық  ақпарат құралдары арқылы кәсіпкерлікті  үгіттеу керек.

7. Кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау және реттеу органдар  жүйесін жетілдіру (сурет 9).

 

Біртұтас мемлекет-тік  қолдау механизм-дерін жасау


Басқару органдары-ның  өкілеттігі мен қызметтерін басқару  әрекеттерін айқындау

Мәжіліс, Сенатта  тұрақты жұмыс істейтін комиссия-ны құру

Президент-тік  аппараты жанынан кәсіпкерлікті  қолдау және дамыту жөнінде мемлекеттік  комиссиясын құру

Атқарушы орган  ретінде индустрия және сауда  министрлігі қарамағынан кәсіпкерлікті  қолдау және дамыту агенттігін тиісті салалық құрылымына сай құру


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 9. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және

реттеу органдар жүйесін жетілдіру схемасы

Ескерту: автор  құрастырған.

 

Үкіметтің жүргізіп отырған  әлеуметтік-экономикалық саясаттарының  құрамдас бөлігі ретіндегі кәсіпкерлікті  қолдау мен дамытуға бағытталған  концептуалды әдістерді өңдеу және осының негізінде біртұтас мемлекеттік  қолдау механизмдерін жасау барысында  басқару аппараты органдарының қазіргі  құрылымын жақсарту, сондай-ақ, Қазақстан  Республикасының мәжілісі мен сенатында  шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін  қарайтын, әрі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны (комитет) құру көзделуде. Басқару органдарының өкілеттілігі мен қызметтерін басқару әрекеттерін дайындау және іске асыру үрдістерін кезеңдері бойынша бөліп, айқындау және бақылауды “Нұр-Отан” ХДП-ның инновациялық комитетінің құзырына берілуі қажет. Көзделген мақсаттар мен міндеттерді тиімді орындау және түрлі мемлекеттік және жеке құрылымдардың өзара әрекеттестігін күшейту үшін Қазақстан Республикасының Президенттік аппараты жанынан кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру қажет. Атқарушы орган ретінде Индустрия және Сауда Министрлігі қарамағынан экономиканың жеке секторын қолдау және дамыту агенттілігін тиісті салалық құрылымына сай құру аса маңызды.

 

 

 

 

КӘСІПОРЫН  ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

         

         Елдің халық шаруашылығында кәсіпорын бастауыш буын болып саналады. Кәсіпорында  еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылуы және тұтыну сұранысын қамтамасыз ететін жұмыс орындары құрылып, тауарлар өндіріледі, қызметтер көрсетіліп, жұмыстар атқарылады. Кәсіпорын негізгі салық төлеуші болып табылады, мемлекеттік және жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін толтырады. Кәсіпорындардың тиімді жұмысы – ұлттың әл – ауқаты мен мемлекеттің өркендеуінің маңызды шарты.

        Кәсіпорындағы шаруашылық жүргізу тетігі экономикалық мүдделермен басқару түрлерінің, әдістерінің және құралдарының жиынтығы болып табылады. Олардың көмегімен шаруашылық қызметке, дамудың стратегиялық және ағымдағы мақсаттарына жетуге ықпал жасалады.

Шаруашылық  жүргізу тетігінде елдің заңнамалық актілеріне сәйкес жасалған белгіленген  құрылымы бар. Оған кәсіпорындардың  ұйымдастыру – құқықтық формалары, шаруашылық қызметіне әсер ететін экономикалық әдістер (кірістер, шығындар, пайда, баға белгілеу, еңбекақы) сияқты маңызды  элементтер кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен  қоғамның орташа топтарына жататындығы  емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып  табылады. Қазір уақытта шағын  кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге  кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған  шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп –  бюрократиялық қысымдар. Осындай  және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін  жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын  жүйе жасау, тексеруші органдардың  және рұқсат беруші құжаттардың санын  азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер  жұмысы формальді сипатта жүретінін  көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі  мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды  алудың қиындығы. Себебі несие алу  үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын  және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.

Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық  түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал  етеді, экономиканың құрылымдық қайта  құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс  орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік  топ пен меншік иелерінің құрылуына  жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы  сомаларын береді. Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік - өзінің, қарызға алынған және де басқа  мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс  әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан  және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер  өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі  мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер  қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік  құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер  Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері  мен кәсіпкерлерінің Одағы, Шағын  кәсіпорындар Одағы, т.б. Кәсіпкер азаматтармен, олардың еңбегін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар  басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер  ұсынуы қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар  туралы» жарлығында кәсіпкерлік  қызметте мемлекеттік кепілдіктерді  қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым  иелерінің жеке кәсіпкерлер мен  заңды тұлғалардың қызметіне  негізсіз араласу фактілерін болғызбау  мақсаты көзделген. Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында  өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу  және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.

                  ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
  2. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
  3. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
  4. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
  5. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж.  «Экономика».
  6. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.

Информация о работе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу