Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 19:24, реферат
Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады.
І.Кіріспе бөлім
1. Дидактикалық ойынға анықтама
ІІ. Негізгі бөлім
1) Ойын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолы
2) Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері
3) Құрылымы
4) Сапалылығы
5) Түрлері және қолданылуы, теориясы
6) Даму деңгейлері
7) Бала ойынында педагогтың рөлі
ІІІ. Қорытынды бөлім
Дидактикалық ойынның маңызы
№152 қазақ орта мектебі
Математика сабағындағы дидактикалық ойындардың маңызы
Дайындаған: Әбдіқадырова А.Т.
2009-2010 оқу жылы
Жоспары:
І.Кіріспе бөлім
1. Дидактикалық ойынға анықтама
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды бөлім
Дидактикалық ойынның маңызы
Эпиграф:
Ойын дегеніміз ұшқын,
білімге құштарлық пен
В.М. Сухомлинский
І.Кіріспе бөлім
Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады.
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақл-ой жетекшісі.
Ойын-2 немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.
ІІ. Негізгі бөлім
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту
Таным әрекетін қалыптастыру,
тиянақтау, пысықтау, алған білімді
тексеру, қызығушылығын ояту,
Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі
4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі
Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына
байланысты болады.
Дидактикалық ойын түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындар
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:
Мыс: “Егер, онда”, виктариналық сұрақтар, математикалық жұмбақтар т.б.
Ойындардың Ықтималдық стратегияларды зерттеудің математикалық әдісі ойындар теориясы деп аталады. Ойындар олар жөніндегі ақпаратың толықтығына байланысты толық ақпаратты және толық емес болып бөлінеді.Толық ақпаратты ойында әрбір қатысушы ойынның кез-келген сәтінде ойынға қатысушылырдың жағдайы жөнінде біледі.(мыс: шахмат ойыны) Толық емес ақпараты ойында ойынға қатысушы басқа ойыншылардың қандай ресурстары бары жөнінде ж/е олардың қандай стратегияны пайдаланатыны жөнінде ақпарата болмайды.
Оқытудың ойын теориясын қолдануда 2 жақты дидактика байқалады:
1.Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.
2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.
Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтр зерттеуде.
Дидактикалық ойынға мысалғы ғажайып
алаң, брэйн-ринг, математикалық сайс,
көшбасшы, лото, танграмм, «айырмашылығын
тап,» математикалық
Сонымен қатарұлттық ойындары математика теоремаларын оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізг жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.
Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты кімкөп жинаса, сол ұтқаны. Ал мен өз сабағымда 2 топтан 2 оқушы шығарып шаштым. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша №-лі асықтың, яғни топтаманың есебін шығарады. Бұл баланы жылдамдыққа, ептілікке үйретеді.
«Ақсүйек» ойынын айлы түнде көңіл көтерген жстар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған.Мен «ақсүйекті» 5-сыныпта теңдеу тақырыбын өткенде белгісіз айнымалының мәнін табу үшін, 8-сыныпта арифметикалық квадрат түбірдің мәнін табу үшін ойнаттым. Бұл үшін түбір таңбасы қойылған кез-келген карточканы таңдап алып, оның теріс санның квадрат түбірін табу керек.
«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білім сынасады.Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын.2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтфың оқушысы бұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқанқай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды 5-сыныпта «бөлшектерді көбейту» тақырыбын өткенде пайдаландым.
«Бәйге» ойынының шартында ең жүйрік, сәйгүліктер жарысады. Ал мен «бәйгені» «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты бағдарламаның ойында 9-сынып пайдаландым. «Тригонометриялық функциялардың қасиеттері»тақырыбын өткенде тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы пайдаландым.
«Жорға» Мұны математикалық кеште «Ұлы математиктер» атты виктариналық сұрақтар түрінде өткіздім.
Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.
Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.
Педагогтың бала ойынындағы рөлі
Педагог- ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы.
ІІІ.Қорыта айтқанда
Дидактиклық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.
Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезімәрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.
Көрнекті нидерланд оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дәлелдемесіне кең тараған еңбегінде: «ойын адамзат әрекетінің Жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің универсал категориясы» Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді.
Атақты француз ғалымы Луи де Брайль «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі» Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу-қуаныш. Міне, сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
(«Значение» 1949-90 стр)
Информация о работе Математиканы оқытуда дидактикалық ойындарды пайдалану