Оқытудың жаңа технологиялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:00, реферат

Краткое описание

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Файлы: 1 файл

mereige.docx

— 58.09 Кб (Скачать)

Кіріспе

Қазіргі заман талабы –  оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін  қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің  беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады. Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.

·  Тұтынушының қолдану сапасында;

·  Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.

 

Өзектілігі - қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.Ақпараттық   технологияны оқу – тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол. Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесуінің мәні өте зор болып отыр. Соған орай, ақпараттандырудың ықпалымен қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің, сонымен қатар, педагогикалық іс-әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық білімдерді пайдалану арқылы болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика жағдайына байланысты дамуда. Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты – білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын тереңірек меңгеру. Қазіргі уақытта іс-әрекетте жоғары сапаға жетуді, өз бетінше негізделген және ықпалды шешім қабылдай алуды ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес. 
Зерттеудің объектісі – бастауыш кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану үрдісі. 
Зерттеудің бұйымы  - оқытудың ақпараттық технологиясы арқылы оқушыларды және олардың білім деңгейін арттыруы.

Зерттеудің мақсаты –  ақпараттық технологияларды пайдаланып, кәсіптік мектеп оқушыларының  білімдерін кеңейту .

Зерттеудің міндеттері:

- білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздерін зерделеу; 
- жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктерін айқындау; 
- оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын технология  пәніне оқытуға қолданудың   әдістемелік жүйесін жасақтау.

 Зерттеу болжамы –  егер,оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы кәсіптік мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасасақ,онда  ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелей аламыз.

Қорғалатын жағдайлар – оқытудағы ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары.

Жаңашылдығы - кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Ақпараттық технологиялардың классификациясы

Ақпараттық  технологиялар бүтіндей объектті зерттеу көзқарасынан, сонымен қатар бөлек құрылыстық құраушылар көзқарасынан да классификациялануы мүмкін. Әдетте ақпараттық технологиялар классификациясына кіретіндер: ақпараттың материалды тасығыш типі, ақпаратты техниканың даму деңгейі, адамның интеллектуалды қызметінің автоматтандыру мәртебесі және де т.б. Осындай әдістеме сәйкестлігімен ақпараттық технологиялардың келесі түрлерін белгілеуге болады: жаратылысты-табиғи, қағазды-механизацияланған, автоматтандырылған. 
Жаратылысты-табиғи ақпараттық технология ақпараттың жаратылысты тасығышын (тастар, сөйлесу, адам миы), сонымен қатар жаратылысты каналдары мен оларды жіберу құралдарын (дыбыс, сәуле) қолданады. Мұндай технологияларда ақпарат субъекттен бөлінбеген, сондықтан олардың сақталуы мен жіберілуі қиын.Қағазды-механизацияланған ақпараттық технологияда ақпарат субъекттен бөлінген, оны сақтауға, жіберуге, өңдеуге болады. Ақпаратты сақтау негізінде қағазды тасығыштарда құжат ретінде өндіріледі. Ақпаратты өңдеу механизация элементтерін қолдану көмегімен жүзеге асырылады.Автоматтандырылған ақпараттық технология ЭЕМ-де қолдану, ақпараттық техника құралдарында және әр түрлі машиналық ақпаратты тасығыштарында негізделген. Берілген ақпараттық технология түріне білім деңгейіне дейінгі ақпаратт құрылымының жоғарғы деңгейі және адамның интеллектуалды қызметінің автоматизациясы тән болып келеді.

     Өз кезегінде автоматтандырылған ақпараттық технологиялар төмендегілерге бөлінеді: 
а) ЭЕМ-ді қолдану формасына қарай:

- жинақталынған, орталықтандырылған  мәліметтер өңдеуіне негізделген;

- локальды, ЭЕМ тікелей  маманның жұмыс орнында пайдаланылады;

- бөлінген немесе желілік,  ақпаратты-есептеуіш желілерде қолданылатын  есептеуіш техникасының құралдарының  бірігуіне негізделген;

б) машиналық ақпараттар организациясы формасына және мәліметтердің  қолданылатын құрылымы типтеріне қарай:

- файлдық жүйелерге негізделген  ақпараттық технологиялар;

- мәліметтер базасына  негізделген ақпараттық технологиялар;

- білім базасына негізделген  ақпараттық технологиялар;

в) мәліметтерді өңдеудің технологиялық  процесінің типтеріне қарай: 
- ақпаратты өңдеудің процесі функционалдық (операциялықпен) принцип (әр элементтің артынан бір операция бекітіледі) бойынша ұйымдастырылған ақпараттық технологиялар;

- ақпаратты өңдеудің процесі  пәндік принцип (тұйықсыз циклмен)  бойынша ұйымдастырылған ақпараттық  технологиялар;

г) адамның интеллектуалды қызметін автоматтандыру деңгейіне  қарай: 
- формальды модельдерді қолданумен тапсырмаларды автоматтандырылған шешім идеологиясына негізделген дәстурлі ақпараттық технологиялар;

- білім концепциясына  негізделген және есептеу ортасына, формулировкаға, қойылымына пайдаланушының  тікелей интеллектуалды рұқсатын  қамтамасыз ететін және пәндік  обласында тапсырмаларды орындайтын  жаңа ақпараттық технологиялар;

д) функционалдық тағайындауына  қарай: 
- өндірісті-технологиялық ақпараттық технологиялар; 
- организациялы-басқарулық ақпараттық технологиялар; 
- ғылыми-зерттеушілік ақпараттық технологиялар; 
- жобалы-құрылымдық ақпараттық технологиялар; 
- білім берушілік ақпараттық технологиялар және т.б. 
Практикалық қосымшалар сферасына байланысты глобальды, базалық және нақты ақпараттық технологиялар деп те бөледі. 
Глобальды ақпараттық технология модельдерді, қалыптастыру әдісі мен құралдарын және ұйымда ақпараттық ресурсты қолдануды қамтиды. Базалық ақпараттық технология белгілі бір мәселелік облысқа бейімделеді (өндіріс, ғылыми зерттеулер, жобалау, білім және т.б.). Нақты ақпараттық технологиялар нақты объекттердің ақпараттық қамтамасыздандыру қызметіне белгіленген.

Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.

·  Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;

·  Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;

·  Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;

·  Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;

·  Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;

·  Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.

Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға  бөлуге болады:

  • Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
  • Ақпарат іздеу жүйесі;
  • Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
  • Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
  • Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
  • Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.

Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған   бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.

Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:

1.ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;

2.жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;

3.оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;

4.білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.

Көбінесе қашықтан оқыту  бағдарламалары оған барынша мол қол

жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндеттіталаптар қатарын құрастыруға болады:

5.сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;

6.  Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;

7.желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;

8.оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.

 

 

 

 

 

 

2.1 Технология  сабағында оқытудың   ақпараттық  коммуникациялық технологияларын  пайдалану

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық   технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.Технология  сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Информация о работе Оқытудың жаңа технологиялары