Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы
мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру
қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық
бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi
мәселелердiң бiрiне айналып отыр.Технология
сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
- оқушының өз бетімен жұмысы;
- аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- қажетт і ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- экономикалық тиімділігі;
- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
- оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық
– коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде
көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық
технологияны пайдалану оқытудың тиімді
әдістерінің бірі деп ойлаймын.Электрондық
оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды
бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы,
анықтамалар, энциклопедиялар, карталар,
атластар, оқу эксперименттерін жүргізу
нұсқаулары, практикумға, курстық және
дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім
беруді басқаратын мемлекеттік органдар
тағайындаған арнайы статусы бар берілген
түрдегі баспаларды қамтитын электрондық
оқу басылымы.
Оқытушы үшін электрондық оқулық
– бұл күнбе – күн дамытылып отыратын
ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір
оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі
материалдармен толықтыра отырып, әрі
қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық
арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге
және тест тапсырмаларын орындауға болады.Қазіргі
таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға технология
сабағында электрондық оқулықты пайдаланған
тиімді деп ойлйамын.. Онда әр тарауда
тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары,
түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша
сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары,
жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары
қамтылған. Тараудағы оқу материалдары
бойынша берілген анимациялық тәжірибелер
оқушыларға технологиялық құбылыстарды
көрсете отырып, түсіндіруге ыңғайлы.
Сонымен қатар тақырыпты
қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген.
Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр
оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық
көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл
әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа
ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі
сөзсіз.
Электрондық оқулықтар мен
компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды
өз дәрежесінде қолдануды үйренген
оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді
жеке жұмыс істей алады. Оқытушының
жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан
құтқарады.Электрондық оқулықтың
бағалық – нәтижелік бөлігі тесттер
арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына
жауап бергеннен кейін оқушы
диаграмма түрінде өзінің білім
деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік
технологиясының оқу үрдісінде кеңінен
енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық
белсенділігін дамыта отырып, электрондық
оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс
түрлерін орындауға баулиды.Оқушы тұлғасының
дамуына ықпал жасайтын электрондық оқулықпен
сабақтар жүргізудің негізгі міндеттері
оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын
игеру жүйесін жетілдіру, оқыту үрдісінде
теориялық және өнімділік ой құрастыру
әрекеттері арқылы танымдық қабілеттерін
белсендіру, танымдық қызығулары арқылы
оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу
материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде
жете ұғынуға талпындыру, өзіндік жұмыстарының
ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру,
оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды
қолдану, әр түрлі шапшаңдықпен және әр
түрлі көлемді оқу материалын игерудің
мүмкіншілігін ашу. Осы міндеттер негізінде
дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы
дамуына жәрдемдесетін оқу тобында оқытушылар
мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін
оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік
жұмыс жағдайын қалыптастыру, оқушы мен
мұғалімнің қарым-қатынасы әрекеттестік
ұстанымы мен жеке тұлғалық түсінісушілік
негізінде іске асырылуы, шығармашылық
мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің
жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген
әр түрлі әдіс-тәсілдерінің кең қолданылуы
(диалог-сабақтар, есеп талдау, әр түрлі
тәсілмен шығару, кері есеп құрастыру,
есепті тексеру, пікірталас, іскерлік
ойын сабақтары, т.б), балалардың эмоционалды-сезімділік
және абстрактілі,қисынды ой құрастыруын
дамытуға ықпал етілуі, танымдық қызығуын
арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі
талдаудан өткізіп бағалау, өздерінің
жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік
бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы
сияқты ерекшеліктері де бар.Электрондық
оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті
дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік
жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының
шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін
арттыруына мол мүмкіндік береді.Білім
беру ұйымдарының даму болашағы қоғамның
даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат
көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.
Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын
қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау
заман талабына сай талап етілуде. Оқу
процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық
технологияларын тиімді пайдалану және
қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп
отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен
ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып,
шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің
мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын
ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай
туғызып отыр.Сонымен қатар электрондық
оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде
оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп,
өз бетімен шығармашылық тапсырмалар
орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып
бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша
тест жұмыстарын орындап, анимациялық
практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға
дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы
түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс
және музыка тыңдатып көрсетуге болады.
Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен
әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі
қиын сабақтарды компьютердің көмегімен
оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа
деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін.
Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық
оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда
жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ
игерілген білім мен біліктерді тестік
бақылауға арналған бағдарламалық құрал.Білім
– болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын
оқу орынның басты міндеттерінің бірі
– жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту.
Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын
қанағаттандыру мақсатындағы табысты
іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына
әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік –
оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты
игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық
құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі
ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны
жүзеге асыру жәнеақпараттық – коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты
қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті
құзіреттіліктері – білім берудің жаңа
нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән
бойынша игерген білім, білігінің жинағы
деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде
өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік,
дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті
болып табылатын жаңа сапа.Ақпараттық
құзіреттілікті қалыптастырудың басты
мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру,
түрлендіру және оны қолдану білімдерімен
қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны
өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана
алу қабілеттерін қалыптастыру.Пән оқытушылары
білім беру жүйесін ақпараттандыруды
дамыту бағытында кәсіптік лицейдің оқу
– тәрбие үрдісін ақпараттандыру мен
барлық пәндерге ақпараттық – коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктерін пайдалану
және өз пәнін оқытудың сапасын арттыру
жағдайында олардың ақпараттық құзырлылығы
қалыптасқан тұлға болуы қажет.Басқаша
айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп,
оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін
қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні
ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық
ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог
өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай,
коммуникативті және ақпараттық мәдениеті
дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана
алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау
әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.Ақпараттық
құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін
нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті
мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық
білімдерін іс жүзінде қолдана алатын,
информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра
алатын жеке тұлға қалыптастыру. «Қазіргі
заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа
білім беру жолында ақпараттық технологияны
оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін
арттырудың маңызы зор.Білім беру жүйесін
ақпараттандыру мен ақпараттық – коммуникациялық
технологияны оқу – тәрбие үрдісінде
пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы
мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық
шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып,
еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті
мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын
анықтайтыны сөзсіз.
2.3 Білім берудегі
ақпараттық технологиялар
Технология пәні мұғалімінің
оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне
баулуда үздіксіз педагогикалық білім
алуының маңызы мынадан көрінеді: кәсіби
даярлық кезеңінде оның бойына педагогикалық
тәжірибенің шынайы жағдайларында қажетті
білімдер мен дағдыларды өз бетінше алуға
мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыру;
өзінің кәсіптік-шығармашылық әлеуетін
жетілдіру; оқушылардың мектепте технологиялық
білім алу жағдайлары мен мазмұнын дамытуға
ықпал ету. Мұндай жағдайларда технология
мұғалімінің жетекші кәсіптік қасиеттеріне
мыналар жатады: шығармашылық ойлауын
дамыту; кәсіби белсенділік; ақпаратпен
жұмыс істеудің әдіснамалық білімдері
мен тәсілдерін меңгеру; іс-әрекеттің
жаңа түрлерін меңгеруге дайындығы мен
қабілеттілігі; кәсіби-тұлғалық даму мен
жетілуге деген қажеттілік. Осы үдеріс
педагог тұлғасын әлеуметтендіру мен
кәсіптендіруге, үздіксіз дамуға бағыттаудан,
барлық деңгейде (орта, жоғары) педагогикалық
білім беру мазмұнының өзара байланысы
мен сабақтастығын қамтамасыз ететін
білім беру бағдарламалары арқылы Қазақстанда
үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасын
әзірлеуден көрінеді.Оқушыларды сәндік-қолданбалы
өнеріне баулуда болашақ педагогтардың
кәсіби даярлығын жетілдірудің басты
заманауи үдерістерінің бірі педагогикалық
білім беруді ізгілендіру болып
табылады, ол өз пәнінің құралдары арқылы
оқушыны тәрбиелеу мен дамытуға, оқытудың
заманауи формалары, әдістері мен құралдарын
жүзеге асыруға кәсіптік деңгейде дайын
болып келетін болашақ маманның субъектілік
дамуы мен өзін-өзі дамытуын қарастырады .Ізгілендіру
бағытында педагогикалық білім беруді
дамыту тұлғаға бағдарланған ұстаным
негізінде, педагогтарды кәсіби даярлаудың
мақсаттарын, мазмұнын және шарттарын
жетілдіруден көрінеді. Оларды жүзеге
асыру бітірушінің кең мәдени, ғылыми-техникалық
және шығармашылық әлеуетке ие тұлға ретінде
кәсіби қалыптасуын қамтамасыз етеді.Білімді гуманитарландыру ізгіліктендірудің
құралы бола отырып, ең алдымен, педагогикалық
білім берудің мазмұндық сипатын өзгертуге
қатысты болып келеді. Мұнда оқу жоспары
құрылымындағы гуманитарлық пәндердің
үлесі ұлғайтылмауы ескеріліп тұрған
жоқ, өйткені олардың саны барлық кезде
сападан артып түсе бермейді. Көбіне студенттерді
мәдениетке, өзінің кәсіби және шығармашылық
әлеуетін, педагогикалық тұлғааралық
қатынаста, педагогикалық іс-әрекетте
өз орнын тануға әкелетін алуан түрлі
ғылыми элементтерді, категориялар мен
деректерді енгізу арқылы оқу пәндерінің
мазмұнын жетілдіруді қарастырады. Педагогикалық
теория мен практикада әдіске ерекше мән
беріледі өйткені, атап айтқанда, әдіс
өз бойына білім берудің тиісті стратегиялық
доктриналарын жүзеге асыратын әдіснамалық
бағдарларын жинақтайды. Қазақстандағы
педагогикалық білімнің қазіргі даму
үдерістеріне жасалған талдау оқушылардың
сәндік-қолданбалы өнерін дамыту іс-әрекетіне
технология мұғалімдерін даярлаудың мазмұны
мен шарттарын жетілдірудің негізгі тәсілдері
туралы жалпы түсінік қалыптастыруға
көмектеседі. Технология мұғалімдеріне
кәсіби білім беру барысында осы әдістерді
пайымдау мен теориялық негіздеу үшін,
көрсетілген аспектіде кәсіби дайындықтың
шынайы ахуалына проблемалық-бағдарланған
талдау жасау қажет.Болашақ технология
пәні мұғалімдері отандық білім берудің
үздік дәстүрлері мен әлемдік тәжірибені
сақтау және оны арттыру негізінде еңбекке
баулу мен тәрбиелеу жүйесінде жаңару
идеяларының жаршысына айналуы керек.
Сондықтан, бүгінгі күнде технология мұғалімдерінің
отандық білім беру жүйесіндегі жаңа идеялар
мен өзгерістердің маңызын түсінуі және
оны жастардың еңбек дайындығы барысында
жүзеге асыруы ерекше сипат алып келеді.Компьютер,
телекоммуникациялық және желілік құралдар
ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді
өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді
ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі
оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды
мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі
ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын
электронды құралдар мен оларды функционалдау
тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім
беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық
құралдардың классификациялық белгілері
ретінде мыналарды айтуға болады:
- дидактикалық бағыт;
- бағдарламалық ұсыныс;
- техникалық ұсыныс;
- пәндік аумақта қолданылуы.
Дидактикалық бағыт бойынша
классификация
Бағдарламалық-аппараттық комплекстің
дидактикалық бағыты бойынша классификация
белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге
болады. Мысалы, үйренушілерге компьютер
арқылы берілетін білімді келесідей
классификациялау керек. Біріншіден, білімді
анықыталған және анықталмаған деп
бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек
жасанды интеллект аумағында
зерттеулердің дамуымен бұл білімдер
артикулденетін және артикулденбейтін
болып аталатын болды.
Білімнің артикулденетін
бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды
(мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше
бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын
және оңай құралатын білімдер.
Білімнің артикулденбейтін
бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде
құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі
үйренушілерге берілмейтін, практикалық
есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды
орындау кезінде қол жеткізуге болатын
іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің
басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай
классификациясына сүйене отырып, оқыту
бағдарламалық-аппаратық комплекстерді
классификациялауға болады. Осы комплекстер
негізінде құралған және білімнің артикулденген
бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар
декларативтік деп аталады. Декларативтік
технологияларға мыналарды жатқызуға
болады:
- компьютерлік оқулықтар;
- оқытылатын мәліметтер
қоры;
- үйренушілерге белгіленген
ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін
тексеретін, сақтауға мүмкіндік
беретін мәтіндік және бақылау
бағдарламалары мен басқа компьютерлік
құралдар.
Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді
құруда және білімнің артикулденбеген
бөлімін меңгеруде қолданылатын
технологиялар процедурлік деп
аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық
технологиялары білімнің ақпараттарын
бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді
және ақпарат бөліктерін қамтымайды.
Олар әртүрлі модельдер негізінде
құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік
ақпараттық технологияларға мыналар
жатады:
- қолданбалы бағдарламалар
пакеті (ҚБП);
- компьютерлік тренажерлер
(КТ);
- зертханалық практикумдер;
- ойындардың бағдарламалы;
- үйренушілерге зерттеу кезінде
оқытылатын пән бойынша білім алуына (қосуына)
мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері
(ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.
Бүгінгі күні білім беру
мекемелері мен педагогика ғылымы алдында
білім берудің философиялық негіздеріне,
білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына,
мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың
әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарас
қалыптасуда. Қоғам талабы мен әлеуметтік
сұраныстарға сәйкес жаңа технологиялар
көбеюде. Мақсат - өзін-өзі дамыта алатын,
өз бетімен білім алатын, өз бағыт-бағдарын
айқындай білетін, өзін-өзі үнемі
жетілдіре алатын қоғамның белсенді
азаматын қалыптастыру.
Білім беруді ақпараттандыру
қоғамды ақпараттандыру процесінің
басым бағыттарының бірі ретінде
оқытушылардың тек кәсіби сапасы
мен дайындық деңгейіне ғана емес,
сонымен қатар, оқытуда ақпараттық
технологияларды пайдаланудың ұйымдастырушылық
және әдістемелік аспектілеріне де жаңа
талаптар қояды.
Бүгінгі күні білім беру
саласындағы ақпараттық технологияларды
пайдалану бұл оқытушының білімі
мен іскерлігінің және кәсіптік педагогикалық
шеберлігінің элементі ретінде қарастыру
қажет. Қоғамдық мәні бар барлық адамзат
қызметінің түрлерінде шынайы қазіргі
білімді толық пайдалануды қамтамасыз
етуге бағытталған адамзат өркениетінің
ортақ, кезек күттірмейтін ХХ ғасырдың
50-жылдарынан бастап, ХХІ ғасырдың басына
дейінгі даму аралығын қоғамды ақпараттандыру
деп атайды.Білім беру үдерісін ақпараттандыру
бұл жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы дамыта оқыту, дара тұлға
бағыттап оқыту мақсаттарынжүзеге асыра отырып,
оқу тәрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен
сапасын жоғарлатуды көздесе, білім беруді
ақпараттандыру бұл танымдық іс-әрекетті
қайта құру үшін және білімгерлердің интеллектуалдық
мүмкіндіктерін күшейтуге арналған жағдайды
құру мақсатында микропроцессорлық техника
мен ақпараттарды тарату құралдарының,
сондай-ақ осы құралдарға негізделген
педагогикалық технологияның базасында
ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және сақтау
әдістері мен құралдарын педагогикалық
практикаға жаппай енгізу болып табылады.Білім
берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар
– адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін
өзіне жинақтаған және адамзаттың интеллектуалдық
қызметін, оның ішінде, білім беруді шынайы
күшейтуге қабілетті құрал.Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім
беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі -
білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін
жағдайлар жасау керек»- деп көрсетілген [2].
Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру
барысында дидактикалық және оқыту құралы
болып компьютер саналады. Қазіргі таңда,
әрбір жеке тұлға үшін компьютерді және
ақпараттық технологияларды игеру оқу
мен жазу қабілеті сияқты әрбір адам үшін
қажетті шартқа айналды. Қазіргі таңда
ақпараттық технологиялар білім беру
үдерісінде ең тиімді оқыту құралдарының
бірі болып табылады. Олай болса, ақпараттық
технологияларды және олардың негізінде
оқыту технологияларының қалай қалыптасатынын
бақылайық. Сонымен қатар, оқыту технологиялары
мен ақпараттық технологиялар арасындағы
байланысты да анықтау маңызды.Технология
ұғымы ақпараттық технологиялар саласынан
келіп шыққан. Нақ осы сала техникалық
тұрғыдан едәуір көбірек зерттелген сала
болып табылады. Оқыту технологиялары
мен ақпараттық технологиялардың бірдей
емес екенін ескерте кетейік. Себебі, біріншіден –
оқыту технологияларына ақпараттық емес
технологиялар (мысалы, сыртқы бөлімдегідей
оқытушының қатысуынсыз, дербес оқу жоспарына
сай оқулықтар бойынша оқыту технологиясы)
да жатады. Екіншіден –
ақпараттық технологиялар оқу үдерісіне
тікелей қатысы жоқ көптеген мәліметтерді
(мысалы, мәліметтерді кодтау және өңдеу,
желі бойынша мәліметтерді беру, магниттік
таратушыларға мәліметтерді жазу механизмдерін
және компьютерлік техниканың көптеген
басқа да ерекше элементтерін) қамтиды.
Сондықтан, ақпараттық технологиялар
мен оқыту технологиялары кішкене ауданда
өзара қиылысқан екі түрлі салалар болып
есептеледі.Қазіргі заманғы ақпараттық
технологиялардың жоғары деңгейде дамуы
оларды білім беру саласында да қолдануға
мүмкіндік берді. Ақпараттық технологиялардың
білім беру саласында қолданылуы маңызды
обьективтік себептермен дәйектелген.