Оқытудың жаңа технологиялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:00, реферат

Краткое описание

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Файлы: 1 файл

mereige.docx

— 58.09 Кб (Скачать)

Қазіргі заман талабы бойынша  білім беруді ақпараттандырудың  негізгі талаптарының бірі – оқу  үрдісіне электрондық оқулықтарды  енгізу. Өйткені бүгінгі таңдағы  білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықтарды  пайдалану заман талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды  пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту  үрдісін технологияландыру мәселесін  қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің  тәжірибесіне енуде.Жаңа технологияны меңгеруде тәрбиешінің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық  және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін — өзі дамытып, оқу — тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беріп жүр.Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр тәрбиеші алдында отырған бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат – мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Мектепалды даярлық сыныбында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кейбір стратегияларын қолдануға әбден болады. Бір технологияларының өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазақстан  Республикасының Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 өкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыру процесіне негіз қалады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстан білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Индустриалды ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі фокторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси –экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық – комууникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдастыру мен қоғамдық қатынастар процестерін айқындайды.Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызыметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген.Осыған байланысты ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютерде жұмыс істей білу кез – келген ақпарат көзін — анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедиаларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын т.с.с дұрыс пайдалана білу деген сөз. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабар (Интернетті) талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігін шектей білу.Жаңа ақпараттық технологияның келесі бағыттары бар: проблемалық оқыту, апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер ойындар. Проблемалық оқыту дәріс тапсырмаларды орындау, сұрақтар қою әдістері арқылы жүзеге асады. Еңбекке баулу пәндері бойынша проблемалық дәрістерде оқушылардың эстетикалық танымын тереңдету мақсатында әр түрлі әдістемелік тәсілдер пайдаланылады.. Көрмеге қойылған бұйымдар – қазақтың ұлттық салт – дәстүрін, ырым – жораларын бүгінгі ұрпаққа жеткізуде бірден – бір құрал. Оқушылардың өз беттерінше тың ақпараттар іздеулеріне талпындырады.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта  келгенде, бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – ақпараттық  технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде орта және кәсіби  мектептердің  алатын орны ерекше. Оқушыларға  білім берудің нәтижелі дамуын анықтайтын негіз –оларды ақпараттық ттехнологиялармен қамтамасыз ету  баршамызға мәлім. Қазірігі таңда Қазақстанда жаңа жүйелер мен оқыту құралдарын тарату жолына бөгет болатын мәселелер қатарына оқыту мекемелерінің техникалық жабдықталуы жеткіліксіздігі, педагогтардың мұндай құралдарды қолдануға дайын болмауы, оқу матриалының жоқтығы және т.б. кіреді. Педагогтардың, ЖОО түлектерінің ақпараттық жүйенің гармоникалық, әрі жан-жақты дамуына, республикада педагогтардың біліктілігін көтеру жүйесіндегі тыңдаушыларға берілген оқу әдістемесі қазіргі бар проблемалар туғызатын кері ықпалды азайтуға мүмкіндік береді деп үміттенем.

Сөзімді қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

  • кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен  және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;
  • кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.  Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.

2.   Информационные технологии. – Москва, 2005.

3. Бакирова Ү. Электронды  оқулықты пайдалану// Қазақстан тарихы  әдістемелік журнал. – 2005. - №10. 
4.Бәкірова Ш. Электронды оқулықтың маңызы зор// Қазақстан мектебі. – 2004. - №11.  
5.Жапарова Г. Ә. Информатика негіздері (Мәтін): оқу құралы / Алматы: Экономика, 2006.  
6. Жолдасбекова С., Махмудова Г. Болашақ мұғалімдерді дайындауда оқытудың ақпараттық технологиясын пайдалану жолдары (Мәтін)// Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2005. - №1.  
7. Нұрғалиева Г. Ақпараттандыру – білім беруді реформалаудың негізгі механизмі (Мәтін)

8. Нұрмұханова Г. Жаңаша  оқыту – уақыт талабы// Қазақстан  мектебі. – 2004. - №10

 


Информация о работе Оқытудың жаңа технологиялары